4. Иллюстрациялық материалдар:
дәрістік материалды презентациялау;
Сабақ тақырыбына байланысты плакаттар;
Кестелер мен сызбалар.
5.Әдебиеттер: №1 қосымша ақпаратты қараңыздар.
6.Бақылау сұрақтары:
1.Симптоматикалық гипертонияға нелер жатады?
2. Гипретониялық аурудың дамуының этиологиялық факторы қандай?
3. гипертониялық аурудың сатыларын атаңыз.
4. АҚ-ның жіті төмендеуі қандай жағдайларға тән?
Дәріс №3
1. Тақырыбы: Сыртқы тыныс алу жүйесінің патологиясы
2.Мақсаты: сыртқы тыныс алу жетіспеушілігінің пайда болу және даму заңдылықтарын түсіндіру.
3. Дәріс тезистері
Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін қабылдап , көмірқышқылы газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратын өкпедегі өтетін үрдістердің жиынтығын айтамыз. Өкпеде негізінен үш түрлі үрдіс өтеді: 1) өкпе вентиляциясы;2) газдардың диффузиясы;3) өкпенің перфузиясы. Егер осы үш үрдістің біреуі бұзылса, тыныс алу жеткіліксіздігі дамиды.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігі деп артериялық қанның қалыпты газдық құрамын сақтап тұра алмайтын өкпе мен тыныс алу жолдарының патологиялық жағдайын айтамыз.
Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің жедел , жеделдеу және созылмалы түрін ажыратады. Жедел түрі бірнеше минут немесе сағат ішінде дамиды(бронх демікпесі, жедел пневмония). Созылмалы сыртқы тыныс жеткіліксіздігі бірнеше айда немесе жылда дамиды(өкпенің созылмалы обструктивтік эмфиземасы).
Гиповентиляцияның пайда болу себептеріне байланысты обструкциялық, рестрикциялық және аралас гиповентиляция болып бөлінеді.
Обстукциялық гиповентиляция тыныс алу жолдары тарылғанда немесе бітелгенде байқалады. Бұл кезде тыныс алу жолдарында ауа қозғалысына кедергі пайда болады. Ол мына себептерден дамиды: бронхоспазм, тыныс жолының қою қақырықпен бітеліп қалуы, тыныс алу жолдары сыртынан ісінген қалқанша безімен, айналасындағы тіндердің өспесімен қысылып қалуы.
Рестрикциялық гиповентиляция өкпенің тыныс алу бетінің азаюынан немесе өкпе тінінің серпімділігінің төмендеуінен дамиды. Ол өкпе тінінің өзінде болатын(өкпе ішілік) немесе өкпенің сыртынан әсер ететін(өкпе сыртылық) патологиялық өзгерістерден дамиды. Өкпе ішілік патологияларға мыналар жатады: өкпенің қабынуы; өкпе аурулары(пневмосклероз, эмфизема, туберкулез); өкпенің бір бөлігінің немесе тұтас бір өкпенің оталып тасталуы; түрлі себептерге байланысты сурфактанттың азаюынан өкпеде ателектаз дамуы. Ал өкпе сыртылық патологияларға мыналар жатады: плевра қуысына сұйықтық, қан , ауа жиналуы(гидроторакс, гемоторакс, пневмоторакс).
Газдардың диффузиясы өкпенің аэрогемдік бөгетін құрайтын альвеола-капиллярлық мембрананың құрылымдық өзгерістері нәтижесінде дамиды. Альвеолалық мембрананың қалыңдауы мына жағдайларда дамиды: склеротикалық үрдістердің пайда болуынан, интерстициялдық пневмония, өкпе эмфиземасы,өкпенің ісінуі және өкпенің тыныс алу бетінің азаюы.
Жүректің оң жақ бөлігінің жиырылу қабілетінің бұзылуы нәтижесінде өкпе қан айналымы нашарлайды. Содан өкпеге келетін қан көлемі азаяды. Өкпе перфузиясының төмендеуіне алып келетін себептер: туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары(өкпе артериясы сағасының стенозы), қан тамыр жетіспеушілігі, өкпе артериясының тромбозы немесе эмболиясы.
Брадипноэ - сирек терең тыныс алу.
Апноэ - тыныс алудың болмауы немесе уақытша тоқтауы.
Тахипноэ - жиі, беткей тыныс алу.
Гиперпноэ- жиі , терең тыныс алу.
Демікпе - тыныс алудың қиындауы.
Патологиялық тыныс алу түрлері:
Чейн- Стокс тынысы
Биот тынысы
Кусмауль тынысы
Гаспинг- тынысы
Агониялық тыныс
Достарыңызбен бөлісу: |