Курсы: семестрі: Құрастырған: Тағабаева Л. М. Шымкент 2013



бет55/69
Дата22.06.2022
өлшемі261,23 Kb.
#146970
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69
Байланысты:
МІН-практика-2курс-4-сем-каз

Ұйқы артериясында. Артерияны қатты қыспай екі жақтан кезекпен пульсті тексеру керек. Артерия қабырғасын қатты басқанда жүрек қызметі күрт төмендейді, жүректің тоқтауы, естен тануы, бас айналуы, тырыспалар болуы мүмкін. Пульсті төстік – бұғана – емізік тәрізді бұлшықетінің жоғарғы және ортаңғы жоғарғы үштен бір бөлігінің арасынан, ілгері мойын жақ беткейінен сипап көреді.
Сан артериясында тамыр соғуы созылған сәл сыртқа бұрылған санның шат маңайында тексеріледі.
Тізе асты артериясында. Тамыр соғу науқас етпетінен жатқан жағдайда тізе асты шұңқырында тексеріледі.
Асықты жіліктің сыртқы артериясында тамыр соғу ішкі тобықты қысып отыра тексереді.
Табан сыртының артериясында тамыр соғу бірінші кеңістік аралық проксималды табанының сыртқы беткейінде тексеріледі.


Тамыр соғу қасиеттері.

              1. Ырғақ. Бұл белгілі уақыт интервалынан соң тамыр соғу толқындарының қайталануы. Егер уақыт интервалы біркелкі болса – тамыр соғу ырғақты. Егер уақыт интервалы біркелкі болмаса – тамыр соғу ырғағы дұрыс емес.

Жүрек ырғағының бұзылуы аритмия деп аталады.

  1. Экстасистолия – жүректің кезектен тыс жиырылуы.

  2. Аритмия – жүрек соғуы ырғақтылығының бұзылуы.

              1. Жиілік. Бұл 1минут ішіндегі тамыр соғу толқындарының саны. N 60-80; >80 – тахикардия 60-тан кем болса – брадикардия.

              2. Кернеулік. Бұл тамыр қабырғасына қанның басу күші. Тамыр соғу толқындарының өтуін толық тоқтатуға жұмсалатын күш деңгейімен анықталады. Ол қан қысымын өлшеміне тәуелді. Қан қысымы жоғарылағанда тамыр соғу қатты немесе кернеулі. Қан қысымы төмендегенде – тамыр соғу жұмсақ. Қалыпты қан қысымы – қалыпты орта кернеулі.

              3. Толу. Бұл тамырлардың қанмен толуы. Жүректің айдау өлшемімен ( яғни, қай тамырларға айдалатын қан мөлшерімен) анықталады. Систола кезінде жүректің жиырылуы күшіне тәуелді, артерияға айдалған қанның көлемімен анықталады.

Толық тамыр соғуы – жүрек жеткілікті қан айдаса, айналымдағы қанның көлемі азайса, жүрек жеткіліксіз қан айдаса – бос тамыр соғу.

              1. Көлемі. Кернеулік пен толымдық деңгейімен анықталады. Үлкен PS – толымдылығы жақсы, кернеулігі жеткілікті; кіші PS – кернеуі аз, жіп тәріздес PS – әрең сипап сезіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет