СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР: 1. Науқастың тамыр соғуын санау кезінде, мейірбике науқастың ырғақсыз тамыр соғуын анықтады. Мұндай жағдайда пульсті қалай дұрыс анықтап температура парағын жазу керек. Тамыр соғуын анықтау үшін қанша уақыт қажет.
2. Мейірбике науқастың қан қысымын –өшеу кезінде тонды есітпеді. Манжеттен ауаны шығармастан 10 секунд өткеннен кейін мейірбике қан қысымын қайта өлшеді. Және де тондарды естімеді. Үшінші рет қайта өлшегенде тондарды есітті. Мейірбикенің іс-әрекетін бағалаңыз.
12. Сабақты қорытындылау:6 мин (2%) оқытушымен кері байланыс, практикалық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
13. Үйге тапсырма беру:6 мин (2%)
12-САБАҚ Тақырыбы: Тахикардия және брадикардия түсініктері. Тамыр соғуды зерттейтін жерлері. Кәріжілік артериясындағы тамыр соғуды есептеу.
Сағат саны: 270мин (100%)
Сабақ түрі: тәжірибелік
Сабақтың мақсаты:
оқыту: Оқушыларды кәріжілік артериясынан тамыр соғуды есептегенде күтім көрсету принциптерімен таныстыру.
тәрбиелік: Оқушыларды кәріжілік артериясынан тамыр соғуды есептегенде күтім көрсету кезінде кішіпейілділікке тәрбиелеу.
дамыту: Оқушыларды науқастарға күтім жасау қабілетін дамыту.
Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.