Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



бет60/214
Дата05.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#12199
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   214
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1. Қарапайымдыларды жүйелеу принципі және классификациясы
2. Саркомастигофоралар, Апикомплекстер және Кірпікшелілер ұйымдасу ерекшелігі, биологиясы.
3. Қарапайымдылардың маңызы, экологиялық топтары, экологиялық радиациясы, филогениясы.


2-3 дәрістің мазмұны:
1- сұрақ Бір клеткалы жануарларға (қарапайымдыларға) теңізде, мұхитта, тұщы суда, ылғалды топырақта тіршілік ететін 70 мыңнан астам түрлер жатады. Оның ішінде 3 мыңға жуығы адам және жануарлар паразиттері.
Морфологиялық құрылысы тұрғысынан қарапайымдылар көпклеткалы жануарлар организімінің бір клеткасына ұқсас, ал физиологиялық әр дара – ассимиляция және диссимиляция процесінен тұратын зат алмасу, тітіркену, қозғалу, көбею, тіршілік ортаға бейімделу және т.б. тіршілік қасиеттері тән өздігінен тіршілік ететін жәке организм.
Қарапайымдылардаң денесі бір клеткадан тұрады. Белгілі қызмет атқаратын клетка құрылымы органоидтар деп аталады (көп клеткалы жануарлардың мүшелерінен айырмашылығы).
Қарапайымдыларға тән ерекшеліктер:

  • қозғалыс органоидтар: цитоплазмалық уақытша өсінділер – жалған аяқтар; цитоплазмалық тұрақты өсінділер – талшықтар мен кірпікшелер, жиырылғыш талшық – мионемдер;

  • жиырылғыш вакуоль – осмос қысымын реттейді және зәр шығару мен газ алмасуға қатысады;

  • ас қорыту органоидтары: ас қорыту вакуольдері, кейбір өкілдерінде клеткалық ауыз, клеткалық жұтқыншақ, қылауша болады.

  • көбею органоидтары – ядро аппараты

  • сыртқы орта тітіркендіргіштерін қабылдайтын органоидтар: көзше, кірпікше, түктер және т.б.

2- сұрақ Қозғалыс органнеласы жалған аяқ, талшық ылғалды ортада бентосты, планктонды тіршілік ететін қарапайымдылар. Бір немесе бірнеше ядросы бар, көбі жыныссыз, кейбіреуі жынысты жолмен көбееді. Ішінде адам , жануар парзиттері бар. Қазіргі заман систематикасына байланысты 3 тип тармағына жіктеледі.

  • 1. Саркодалар

  • 2. Талшықтылар

  • 3. Опалиналар

3-сұрақ Апикомплекстер типі – Apicomplexa
Бұл типке таза паразитті тіршілік ететін қарапайымдылар жатады. Олардың көбі адам мен жанурлардың қауіпті паразиттері. Олардың тіршілік циклінде жыныссыз (агамогония) және жынысты (гомогония) көбею кезектесіп отырады.
Паразиттердің агамонттар (шизогония) фазасында жыныссыз көбею нәтижесінде зақымдайтын жас формалар – мерозоидттар түзіледі.
Белгілі мерозоидттар (4 немесе 5 ұрпақтан кейін) жынысты жолмен көбеетін гамонттарға айналады. Гамонттар бөлініп гаметалар (гамогония) пайда болады, кейін аналық және аталық гаметалар қосылып зигота түзеді. Зигота қабықпен қапталып ооциста қалыптасады. Кейін спорогония процесі жүреді, нәтижесінде ішінде спорозоиттар болатын спора пайда болады. Ооциста мен спора – сыртқы орта жағдайларынан қорғайтын тығыз қабықпен қапталған. Иесінің клеткаларына енетін жас формаларға (мерозоиттар, спорозоиттар) арнайы апикальды органеллдер комплексі тән. Ол мерозоиттар мен спорозоиттардың алдыңғы жағында орналасқан, иесінің клетка қабығына механикалық әсер ететін – коноидтан және оны ерітетін сұйықтық бөлетін роптрииден тұрады. Сондықтан тип апикомплекс деп аталады.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет