Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны. 1. Бауыр сорғышының паразитті (ланцет тәрізді сорғыштың) тіршілік етуіне байланысты сыртқы құрылысы.
2. Тері-бұлшықет қабы.
3. Ас қорыту, зәр шығару және жыныс жүйелері .
Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы: 1. Макро- микропрепараттан бауыр сорғышының (ланцет тәрізді сорғыштың) паразитті тіршілік етуіне байланысты сыртқы құрылысымен танысу.
2. Сызба-кестеден, оқулықтан тері-бұлшықет қабының құрылысын қарап, суретін салу.
3. Микроскоптың кіші үлкейткіші арқылы бауыр және ланцет тәрізді сорғыштың ас қорыту, зәр шығару және жыныс жүйелерін иелдап, суретін салу.
4. Сызба-кестеден, оқулықтан сорғыш құрттардың даму циклімен танысып, паразитизмге және ұрпағын сақтауға бейімділіктерін анықтау. Микропрепараттан олардың жұмыртқасын қарап, суретін салу.