Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын


Тақырып: Төменгі сатыдағы шаяндардың морфологиясы



бет137/214
Дата05.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#12199
түріБағдарламасы
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   214
Тақырып: Төменгі сатыдағы шаяндардың морфологиясы.
Мақсаты: Төменгі сатыдағы шаяндардың ұйымдасу ерекшеліктері, тіршілік әрекетімен танысу.
Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны
1.Желбезекаяқтылардың (желбезекаяқты, артемия) сыртқы құрылыс ерекшелігі.
2. Жапырақаяқтылардың (Дулығардың, Бұталы мұртты шаян – дафнияның) морфофизиологиялық сипаттамасы.
3. Ескекаяқты шаян-циклоптың ұйымдасу ерекшелігі.
Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:
1. Бинокуляр лупасының көмегімен желбезекаяқтының (артемия) сыртқы құрылысын қарап, дене бөліктерін анықтап, антенна және көкірек аяқтарының құрылысын танып-білу, суретін салу.
2. Ылғалды препараттан дулығардың сыртқы құрылысы, дене бөліктерін талдап, аяқтарының құрылысын зерттеу, суретін салу.
Аквариумдағы дафнияның қозғалысын бақылау. Бинокуляр лупасымен дафнияның дене пішінін, қалқанын, дене бөліктерін анықтау. Микроскоптың кіші үлкейткішімен дайындалған уақытша микропрепараттан антеннула, антенна және аяқтың құрылысын қарап, суретін салу.
3. Циклоптың уақытша препаратын дайындап, микроскоптың кіші үлкейткішімен дене бөлімдерін, онда орналасқан мүшелерді, фурканы, қол-аяқтарын қарап, жоғарыда қарастырылған түрлерден ерекшелігін анықтап, суретін салу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет