Тақырып: Өрмекшітәрізділер
Мақсаты: Өрмекшітәрізділердің құрлықта тіршілік етуге морфо-функциональды адаптациясы және олардың алуантүрлілігін танып-білу.
Лабораториялық сабақтың мазмұны:
1. Алғашқы құрлық-жәндіктері ретінде өрмекшітәрізділердің ерекшеліктері.
2. Құршаянның, шаршы өрмекшінің, кененің сыртқы құрылысы
3. Эктопаразит-кененің морфологиясындағы ерекшелік.
Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:
1.Фиксациаланған шаршы-өрмекші, ала құршаянның дене бөліктерін, дене сегментациясын, сыртқы жабынын, аяқтарын зерттеп, өрмекшітәрізділердің құрлықта тіршілік етуіне байланысты ерекшелігін анықтау.
2. Арнайы ертіндідде сақталған материалдан, сызба-кестелерден, оқулықтан, микроскоптың кіші үлкейткішімен микропрепараттан құршаянның, шаршы өрмекшінің, кененің баскөкірек бөліміндегі мүшелерді: хелицер, педипальпа (қармалауыш аяқ), жүру аяқтарының құрылысын танып-білу, атқаратын қызметтерін анықтау.
Құрсақ бөлімдегі аяқ түрөзгерістері: жыныс тесігі, стигма, өрмек сүйелі және аналь тесігін табу.
Кененің эктопаразитті тіршілікке бейімділіктерімен танысу, суретін салу.
Өрмекшітәрізділердің басқа түрлерін фиксациаланған материалдан қарап, түрін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |