36 кредит сабақ
№ 19 лабораториялық сабақ
Тақырып: Насекомдардың сыртқы морфологиясы.
Лабораториялық сабақтың мазмұны:
1.Қара тарақанның (зауза қоңызының) сыртқы құрылысы, бас бөлімі, мұртшасы және ауыз аппараты.
2.Көкірек бөлімі, аяқтары және көкірек өсінділері (қанаттар).
3.Құрсақ және оның өсінділері.
Техникалық оқу-құралдары: микроскоп, фиксацияланған қара тарақандар, әртүрлі насекомдар ауыз аппараттарының микропрепараттары, насекомдар коллекциялары, құрал-жабдық жиынтығы, сызба-кестелер (насекомның морфологиясы, ауыз аппарат, мұртша, аяқ, қанат құрылысы және түрлері), насекомның макеті, оны дайындауға қажетті жабдықтар.
ОЖСӨЖ мазмұны: Насекомдардың қоректену тәсіліне және қорегіне байланысты ауыз аппарат типтері.
Достарыңызбен бөлісу: |