9. Метаморфозды дамиды. Алғашқы дернәсіл – екі жақты симметриялы офидиплеврула. Кейін әртүрлі: теңіз жұлдызында-бипиннария, офиурларда-оплутеус, теңіз кірпісінде- эхиноплутеус, голотурияда-аурикулярия.
Тікен терілілерге қоректенудің 4 типі тән: зоофаг, фитофаг, детритофаг және сестонофаг. Зоофагтар (жыртқыштар) - моллюскалармен т.б. баяу қозғалатын омыртқасыздармен қоректенетін теңіз жұлдыздары. Фитофагтарға балдырларды су асты тастарынан қырып қоректенетін теңіз кірпілері жатады. Детритофагтар (голотурия, офиурлар) су түбіндегі органикалық түйірлермен, ұсақ организмдермен қоректенеді. Сестонофагтар су түбіне шөккен ұсақ организмдермен, кейде плактонмен (сестон - өлексе қалдықтары) қоректенеді.Сестонмен теңіз лилиялары, кейбір офиурлар мен голотуриялар қоректенеді.
Жануарлар дүниесінде амбулакраль жүйесі - қозғалыс қызметін атқаратын құнды жүйе. Ол целом туындысы.
Псевдогемаль немесе жалған қанайналу жүйесі (целом туындысы) тікен терілілерде қан айналу жүйесінің нашар дамуына байланысты, тасымалдау қызметін атқарады.
Қан айналу жүйесі псевдогемаль жүйесі сияқты тасымалдау қызметін атқарады.
Тікен терілілер тері арқылы тыныс алады. Теңіз жұлдызы мен кірпіде денесінің абораль бетіндегі тері желбезектері және амбулакраль аяқтар да газ алмасуға қатысады.
Зәр шығару қызметін тидеман без өнімі-амебоцит клеткалары атқарады. Амебоциттер целомдағы экскреттерді қармалап,тері, тері желбезектері арқылы сыртқа шығады. Сұйық зәр өнімдері амбулакраль, псевдогемаль жүйелеріне өтеді.
Жүйке жүйесі радиалды құрылысты. Дененің ораль бетінде эктоневраль, тереңірек нашар дамыған гипоневраль, ал абораль бетінде периневраль жүйке жүйесі орналасады ( олар жүйке сақинасынан және басталатын жүйке өсінділері – сәулелерден тұрады). Сонымен олардың жүйке жүйесі 3 қатарлы, әрбіреуі жеке қызмет атқарады. Эктодермальды жүйе –қолдың, амбулакраль
аяқтарының қозғалысын, гипоневраль – ішкі мүшелер, ал периневраль – сезім мүшелерінің қызметін реттейді.
Тікен терілілердің терісінде сипап-сезу, химиялық сезім клеткалары шашыранды орналасқан. Жрық сезгіш клеткалар да болады, арнайы көру мүшесі-көз аздаған формаларға тән. Теңіз жұлдызында көз қолдарының ұшында , кірпілерде абораль бетінде анустың айналасында 5 көз тақтасында орналасқан.Терең су голотурияларында тепе-теңдік мүшесі – отоцисттер болады.
Тікен терілілердің көбі дара жынысты, бірақ жыныс диморфизмі нашар байқалады.
Ұрықтану процесі сыртқы ортада жүреді. Ұрпаққа қамқорлық байқалады.
Олар регенирацияға және аутомияға (қауіп төнгенде мүшесін үзіп кетеді) қабілетті.
Дамуы метаморфозды жүреді. Жұмыртқа радиальды бөлшектенеді. Мезодерма энтероцельді жолмен қалыптасады. Ішектің екі жағында орналасқан 3 жұп целом қаптары түзіледі. Вегетатив полюсіндегі бластопорадан – анус, ал анималь полюсінде эктодерма майысып ұдықтың энтодермальды ортаңғы ішегімен жалғасып алдыңғы ішек және ауыз қалыптасады. Сүйтіп алғашқы дернәсіл стадия – диплеврула пайда болады. Диплевруланың пішіні ұзынша-сопақ, арқа беті дөңес, бауыр беті –ойыс, билатеральды симметриялы. Бұл тікен терілілердің арғы тегі билатеральды-симметриялы, метамерлі целомды жануар болғанына дәлел.
Кейінгй дернәсіл стадиялары әртүрлі клстарда түрліше: теңіз кірпісінде –эхиноплутеус, офиурларда –офиуплутеус, жұлдызда – бипиннария, голотурияларда –аурикулярия, лилияларда –долиолярия. Барлығы да сәулелі симметриялы.
Метаморфоз кезінде құрылыс жоспары, симметрия типі, сыртқы пігіні, ішкі құрылысы өзгереді.
Эктодермадан эпителия, жүйке жүйесі, сезім мүшелері, алдыңғы және артқы ішек пайда болады. Дернәсіл мезенхимасынан терінің дәнекер қабаты, қаңқа және бұлшық ет, ал энтодермадан ортаңғы ішек және оның туындылары түзіледі.
Целом күрделі өзгеріске ұшырайды. Артқы целом қаптарынан ересек форманың целом қуысы пайда болады, ал екі алдыңғы оң жақ целом каптары редукцияға ұшырайды. Алдыңғы сол жақ целом қабы амбулакраль жүйесіне (гидропор ) айналады. Ортаңғы сол жақ қап иіліп алдыңғы ішекті қоршап, амбулакраль жүйесінің сақиналы каналын түзеді. Оның 5 қалта тәрізді өсіндісі кейін созылып амбулакраль аяқтарымен радиальды каналдарға айналады.
Тікен терілілердің эмбриогенезіне радиальды детерминирлі бөлшектену, энтероцельді мезодерма және екінші ретті ауыздың қалыптасуы тән. Эмбрионнан кейінгі дамуында билатеральды симметриялы диплеврула дернәсілі радиальды симметриялы дернәсілдер стадиясына ауысады.
Басқа жануарлар арасында тек тікентерілілердің онтогенезінде алғашқы фазада (бластула, гаструла) радиальды симметрия билатеральды симметрияға (диплеврула), кейін ересек формаларда қайтадан радиальды симметрияға ауысу жүреді.
Тікен терілілердің морфофункциональды ерекшеліктерінен прогрессивті белгілермен қатар қарапайым құрылысты (қан айналу, жүйке, жыныс жүйелері) көреміз. Арнайы тыныс алу, зәр шығару мүшелері болмайды. Сонымен қатар қуысты ас қорытумен қатар клетка іші ас қорыту және жыныссыз көбею байқалады.
Бұл типке ерекше мүшелер жүйесі: амбулакраль, псевдогемаль жүйесі, тері қаңқасы тән. Баяу қозғалып тіршілік етуге мамандану радиальды симметрияға, қорғаныс (қаңқа, улы бездер, аутотомия), амбулакраль аяқтарымен қозғалу, қоректеуге бейімділік, даму кезіндегі таралуға қабілетті стадияда көрінеді.
Тип екі тип тармағына, 5 класқа бөлінеді.
Тікен терілілердің дамуындағы – диплеврула дернәсіл стадиясында соңғы ауыздыларға тән ерекшкліктер: екі жақты симметрия, екінші ретті ауыз, мезодерманың энтероцельді қалыптасуы, екі қабатты тері, 3 жұп целом қаптары көрінеді. Бұл тікен терілелірдің арғы – тегі қарапайым соңғы ауызды жануарлар болғанына дәлел.
Қазіргі заманғы және өліп – біткен тікен терілілердің морфологиялық ерекшеліктері алғашқы формалардың баяу қозғалған билатеральды симметриялы, дене осі горизонтальды, тік ішекті, бөлек-бөлек тақталардан тұратын тері қаңқалы болғаны көрінеді.
Бекініп тіршілік еткен формалар су түбіне тұнған органикалық тұнбалармен қоректенуге маманданған (сестонофагтар), сондықтан ауыз бен анус дененің жоғарғы бетіне ауысқан. Бұл жағдайда ауыз маңындағы амбулакраль аяқтары қоректі жинау қызметін атқарған.
Қозғалғыш формалар су түбіндегі органикалық қалдықпен қоректенуге маманданған. Олардың ауыздары дененің астыңғы ( ораль), ал анус үстіңгі бетінде (абораль) орналасады. Амбулакраль аяқтары негізінен қозғалыс қызметін атқарады.
Қозғалғыш форма голотурия кембрийден белгілі. Олар тегінен дененің горизонтальді қалпын сақтаған.
Кейінгі эволюция барысында мамандану және радиальды симметрия дамып, ол барлық мүшелер жүйесіне тараған. Тікен терілілер эволюция нәтижесінде маманданған топтар: жыртқыштар, фитофагтар, детритофагтар пайда болды.
Экологиялық радиация тіршілік формалар мысалында көрінеді.
Тікен терілілер теңіз биоценозының 3 ярусын мекендейді: теңіз түбінің беті, грунт қабатында, сирек су қабатында кездеседі. Грунт бетінде қозғалып тіршілік ететін түрлер бірнеше тіршілік формасын түзеді: шар тәрізді фитофагтар, су тастарына жорғалап шығуға қабілетті (кірпілер, жұлдыздар), жұлдыз тәрізді зоофагтар, детритофагтар (жұлдыздардың көбі, офиурлар), жалпақ детритофагтар (бұрыс кірпілер), қап пішінді детритофагтар (голотурия, кейбір кірпілер). Қазғыш, құрт тәрізді голотурия, жүрек пішінді кірпілер. Бірлі-жарымды пелагикалы формалар: шатыр тәрізді және жылан тәрізді голотуриялар.
Қазып, көміліп тіршілікке көшу- радиальды симметрияны бұзды.
Әдебиет:
Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2005, 2 кітап 636-709 б.
Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 522-560 б.
Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 539-562 б.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Соңғы ауызды жануарлардың ерекшелігі.
Тікентерілілер типінің ұйымдасуындағы қарапайым белгілер.
Баяу қозғалып тіршілік етуге тікентерілілердің бейімділіктері.
Тікентерілілер онтогенезінде симметрия типінің ауысуы және бұл процестің маңызы.
Тікентерілілердің экологиялық радиациясы.
Тікентерілілердің шығу тегі және оның кластары арасындағы филогенетикалық байланыстар.
6.
7.Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ 1 Лабораториялық сабағы
Тақырыбы: Техникалық құралдар.
Мақсаты: Лабораторияда қауіпсіздік сақтау ережелерін игеру. Оптикалық приборлардың құрылысымен танысып, жұмыс әдісін меңгеру. Лабораториялық сабаққа қажетті құралдармен, уақытша микропрепарат дайындау жолдарымен, зоологиялық сурет т.б. танысу. Саркомастигофора типінің құрылысын, негізгі өкілдерін зерттеп, танып білу.
Техникалық оқу құралдары: Микроскоп, қол және штатив лупасы, микропрепараттар, құрал-жабдықтар (пинцет, скалпель, қайшы, пипетка, шыны түтік, заттың және жабын шыны, препирал ине, түйреуіштер, салфетка т.б.) қарапайымдылар тұнбасы, сызба-кест: микроскоп, амеба, эвглена т.б.
Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны.
1. Қауіпсіздік сақтау ережелері.
2. Оптикалық приборлар (микроскоп, лупа т.б.), уақытша микропрепарат дайындау әдістері, тірі және фиксацияланған материалдар, микропрепараттар, олармен жұмыс әдістері.
3.Зоологиялық сурет.
4. Саркомастигофора типінің Жалғанаяқтылар мен талшықтылар мысалында құрылыс ерекшелігі.
Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы.
1. Лабораториялық сабақ барысында қауіпсіздік сақтау ережелерімен танысып, «Қауіпсіздік сақтау» журналына меңгергендігін растап, қол қою.
2. Оптикалық прибор-микроскоптың құрылысы, танып-біліп, жұмыс жасап үйрену. Уақытша микропрепарат дайындап үйрену. Тірі және фиксацияланған объектілермен, микраопрепараттармен жұмыс әдістерімен танысу.
3. Зерттеген объектілерінің сызба-суретін альбомға салу. Зоологиялық сызба-сурет ерекшелігі.
4. Жануарлар патшалығы – Zoa
Қарапайымдылар патшалық тармағы – Protozoa
Саркомастигофора типі – Sarcomastigophora
Жалғанаяқтылар класы – Sarcodina
Амебалар отряды - Amoebina
Кәдімгі амеба – Аmoeba proteus
Амебаның дене пішінін, құрылысын, тіршілік ортасын анықтап, танып-білу.
- Тұнбадан амебаның уақытша препаратын дайындап, микроскоптың кіші, үлкен үлкейткіштері арқылы маебаның қозғалысын бақылап, пішінін, экто-, эндоплазмасын, ас қорыту және жиырылғыш вакуольдерін, жалған аяқтарын анықтап, суретін салу
5. Жасыл эвгленаның құрылыс ерекшелігі
Талшықтылар класы – Mastigophora
Өсімдік тектес талшықтылар класс тармағы – Phytomastigophora
Эвгленалар отряды – Euglenida
Жасыл эвглена – Euglena viridis
Тұнбадан уақытша препарат дайындап, микроскоп арқылы эвгленаның дене пішінін, реңін танып-біліп, қозғалысын анықтау.
Дайын микропрепараттан микроскоптың кіші және үлкен үлкейткіші арқылы эвгленаның құрылысын (ядро, хромотофоралар, талшық, пелликула т.б.) анықтап, суретін салу.
Лабораториялық жұмысты қортындылау
Қорытынды сұрақтары:
1. Оптикалық приборлар, олардың түрлері және куту
2. Микро-, макропрепараттар
3. Зоологиялық суретке қойылатын талаптар
4. Саркомастигофораларға тән белгілер
5. Саркодылардың құрылысы, тіршілік әрекеті
6. Жануарлар эволюциясында талшықтылардың ролі
7. Талшықтылардың құрылысындағы прогрессивті белгілер
8. Талшықтылардың қоректену тәсілі
Лабораториялық жұмыс ОЖСӨЖ – де жалғасады
Әдебиет: Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының
практикумы» Орал-2005 4-14 бет
Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007
Зеликман А.Л. «Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1969 4-24 б.
Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1985 4-27 б.
№ 2, 3 лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Споралылар, кірпікшелілер типі.
Мақсаты: Грегаринаның және кебісшенің мысалында споралылар мен кірпікшелілер типінің құрылысымен, даму циклі, тіршілік ортасымен танысу.
Техникалық оқу-құраладары: микроскоп, қарапайымдылар тұнбасы, жауын құрты, ұн қоңызы, микропрепараттары, құрал-жабдық жиынтығы, сызба-кестелер (грегарина, кебісше) т.б.
Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны.
1. Грегаринаның, т.б. өкілдерінің морфологиялық құрылысы, даму циклі, жұғу жолдары.
2. Кебісшенің, т.б. өкілдерінің құрылыс ерекшелігі, қозғалысы, тіршілік ортасы.
Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы
1. Грегаринаның құрылысы, даму циклі
Апикомплекс типі – Арісоmplexa
Споралылар классы – Sporozoa
Нағыз грегеариндер отряды – Eugregarinina
Грегарина – Yregarina sp.
- Жауын құртының жыныс без (ұн қоңызының , ішек сұйықтығы) сұйықтығынан уақытша препарат дайындап микроскоптың кіші үлкейткіші арқылы (дайын микропрепарат) грегаринаның сыртқы құрылысымен дене бөліктерін танып-білу, суретін салу.
- Эймериямен зақымдалған кролик ішегінің кесіндісін дайын микропрепараттан микроскоптың кіші және үлкен үлкейткіші арқылы қарап, оның даму циклінің стадияларын (шизонт, микро-, макрогамет, т.б.) тауып, суретін салу.
- Безгек плазмодиясымен зақымдалған адам қанының микропрепаратын микроскоптың кіші және үлкен үлкейткішімен қарап, шизонт, микро-, макрогамонтты айырып, суретін салу.
Оқулықтан, сызба-кестеден грегарина, эймерия және безгек плазмодиясының толық даму циклін зерттеп, меңгеру, суретін салу.
2. Инфузориялар типі – Ciliophora
Кірпікшелілер инфузория класы – Ciliata
Тең кірпікшелі инфузория класс тармағы – Homotricha
Хименостоматида отряды – Hymenostomatida
Кірпікшелі кебісше – Paramecium caudatum
Кебісшенің, т.б. кірпікшелілер өкілдерінің құрылыс ерекшелігі, экологиялық топтары, тіршілік әрекеті, көбею жолдары.
- Инфузория тұнбасынан дайындалған уақытша препараттан ( суын сорғыш қағазбен сорып), кебісшенің дене пішінін, құрылысын анықтап, қозғалысын, қоректенуін және зәр шығару вакуольдерінің жұмысын бақылау, суретін салу.
- Сызба-кестеден, оқулықтан кбісшенің морфологиялық құрылысын қарап, прогрессивті белгілерін анықтау.
- Қарапайымдылар тұнбасынан кірпікшелі инфузориялардың түрлерін анықтап, олардың құрылыс ерекшелігін, тіршілік әрекетін, экологиялық топтарын анықтап, суретін салу.
Лабораториялық жұмыс ОЖСӨЖ жалғасады.
Қорытынды сұрақтары:
1. Споралылардың тіршілік әрекеті
2. Паразитті тіршілікке байланысты споралылардың қоректену және құрылысындағы ерекшеліктер.
3. Споралылардың даму циклі, жұғу жолдары.
4. Жоғары сатыда ұйымдасқан қарапайым – инфузориялардың құрылыс ерекшелігі.
5. Қарапайымдылардың қозғалыс органеллалары, тіршілік ортасы6 к-бею жолдары
6. Инфузория типіндегі эволюция бағыттары.
Әдебиет: Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005 14-23 б.
Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007
Зеликман А.Л. «Практикум по зоологии беспозвоночных »М.,1969 24-52 б.
Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных »М.,1985 29-46 б.
№ 4 лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Губкалар, ішекқуыстылар
Мақсаты: Төменгі сатыдағы көпклеткалылар. Екі қабатты, сәулелі симметриялы ішекқуыстылардың ұйымдасу ерекшелігімен, тіршілік тәсілімен, биологиясы туралы мағлұмат беру.
Техникалық оқу-құраладары: сызба-кестелер (губка, гидра, обелия, медуза т.б.) микроскоп, фиксацияланған губка, гидра, аурелия, обелия,актиниялар, ылғалды препараттар, микропрепараттар, аквариумдағы тірі гидралар, бадягалар, құрғақ препараттар (бадяга).
Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны.
1. Губкалардың қаңқа элементтерімен, клеткалық құрылысын танып білу, суретін салу.
2. Гидра мен аурелияның морфологиясын, клеткалық құрылысын, дене симметриясын анықтау, сурет салу.
Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы.
1. Көпклеткалы жануаралар патшалық тармағы – Metazoa
Губкалар типі – Spongia
Кәдімгі губка класы – Demospongiae
Бадяга – Spongilla sp.
Губканың клетканың құрылысын, қаңқа элементтерін танып білу.
- Құрғақ бадяга коллекциясынан губканың коллониясын қарап, пішінін анықтау, оқулық және таблицалардан клеткалық элементтермен танысу.
2. Ішекқуыстылар типі – Coelenterata
Гидралылар класы – Hydrozoa
Гидралылар класс тармағы – Hydroida
Гидралылар отряды – Hydrida
Тұщы су гидрасы – Hydra Vulgaris
Гидра мен аурелияның морфологиясын, клеткалық құрылысын, дене
симметриясын анықтап, зерттеу.
Аквариумнан тірі гидраны бақылау (қоректендіру, қозғалысына назар аудару), дене бөліктерін , тіршілік формасын анықтау.
Микропрепараттан денесінің екі қабатын (экто-,энтодерма) , гастраль қуысын дене симметриясын танып-білу, суретін салу.
Сызба-кестеден, оқулықтан клеткалық элементтермен танысу
Фиксацияланған аурелияның ораль, обараль полюсін, гастроваскуляр жүйесін, сезім т.б. мүшелерін зерттеп білу, суретін салу.
Көбею және даму циклі, басқа өкілдерінің құрылысы ОЖСӨЖ-де қаралады.
Қорытынды сұрақтары:
1. Губканың тіршілік әрекеті
2. Губканың морфологиясы, клеткалық элементтері, қаңқа элементтері
3. Жануарлар жүйесінде губканың орны.
4. Полип- гидраның ұйымдасу ерекшелігі.
5. Медузоидты форма – аурелияның морфологиясы.
6. Ішекқуыстылардың прогессивті белгілері.
Әдебиет:
Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005 24-39 бет
Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007
Зеликман А.Л. «Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1969 53-85 б.
Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М., 198547-71 б.
№ 5 лабораториялық сабақ
Тақырыбы: Сорғыш құрттар (Trematoda) Бауыр сорғышы, т.б. өкілдері.
Мақсаты: Эндопаразитті тіршілік етуіне байланысты бауыр сорғышының, т.б. өкілдерінің морфофизиологиялық ерекшеліктері, даму циклі, инвазия стадияларын танып-білу.
Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны.
1. Бауыр сорғышының паразитті (ланцет тәрізді сорғыштың) тіршілік етуіне байланысты сыртқы құрылысы.
2. Тері-бұлшықет қабы.
3. Ас қорыту, зәр шығару және жыныс жүйелері .
Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:
1. Макро- микропрепараттан бауыр сорғышының (ланцет тәрізді сорғыштың) паразитті тіршілік етуіне байланысты сыртқы құрылысымен танысу.
2. Сызба-кестеден, оқулықтан тері-бұлшықет қабының құрылысын қарап, суретін салу.
3. Микроскоптың кіші үлкейткіші арқылы бауыр және ланцет тәрізді сорғыштың ас қорыту, зәр шығару және жыныс жүйелерін иелдап, суретін салу.
4. Сызба-кестеден, оқулықтан сорғыш құрттардың даму циклімен танысып, паразитизмге және ұрпағын сақтауға бейімділіктерін анықтау. Микропрепараттан олардың жұмыртқасын қарап, суретін салу.
Техникалық оқу құралдары: микроскоп, фиксацияланған және тоталь
препараттары , микропрепараттар, сызба-кестелер
Әдебиет: Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005 40-45 бет
Зеликман А.Л. «Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1969 86-90 б.
Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М., 1985 74-85б.
№6 Лаборатория сабағы
Тақырыбы: Таспа құрттар ( Cestoda)
Мақсаты: Эндопаразитті тіршілік етуіне байланысты таспа құрттардың құрылымды-функциональды адаптациясын танып-білу.
Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны.
1. Шошқа (өгіз) солитерінің, т.б. өкілдерінің дене бөліктері, сколексі және проглотидтерінің құрылысы.
2. Шошқа (өгіз) солитерінің ( жалпақ сақиналы құрттардың, эхинококктың т.б. өкілдерінің) даму циклі, паразитизмге бейімділіктерін танып-білу.
Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:
1. Шошқа (өгіз) солитерінің сколексін, гермофродитті және дамып жетілген проглотидтерін микроскоптың кіші үлкейткішімен дайын микропрепараттан қарап, құрылысын меңгеру, суретін салу.
2. Сызба-кестеден, оқулықтан шошқа (өгіз) солитерінің, жалпақ сақиналы құрттардың, эхинококктың даму циклі, микропрепараттан финканың , жұмыртқаның құрылысы және паразитизмге бейімділіктерін танып-білу, суретін салу.
Техникалық оқу құралдары: микроскоп, шошка, сиыр цепенінің сколексі, финкасы, бунақтарының, жұмыртқасының фиксацияланған және тоталь препараттары, микропрепараттары, сызба-кестелер
Әдебиет:
Байдулова Л.А., Болатова Қ.Б. «Омыртқасыздар зоологиясының практикумы» Орал-2005 45-51 бет
Зеликман А.Л.«Практикум по зоологии беспозвоночных »М.,1969 104-115 б.
Фролова Е.Н.т.б.«Практикум по зоологии беспозвоночных » М.,1985 88-98 б.
№7 Лаборатория сабағы
Тақырыбы: Нематодтардың құрылысы.
Мақсаты: Эндопаразитті тіршілік етуіне байланысты нематодтардың құрылымды-функциональды сипаттамасын зерттеу.
Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны.
1. Аскариданың сыртқы құрылысы (құрылысын қарап, жыныс дараларын анықтау).
2. Аскариданың анатомиялық құрылысы
Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:
1. Фиксациаланған аскариданың сыртқы құрылысын қарап, дененің алды және артқы ұшын, жыныс дараларын анықтау.
2. Аскариданы сойып, ішкі құрылысын танып-білу, микропрепараттан тері-бұлшық ет, схизоцель және ішкі мүшелерінің көлденең кесіндісін қарап, суретін салу. Аскариданың жұмыртқасы, даму циклін, жұғу жалдарын зерттеу.
Техникалық оқу құралдары: Сызба-кестелер (аскариданың сыртқы, ішкі құрылысы, көлденең кесіндісі) фиксацияланған аскарида, микропрепараттар (аскариданың көлденең кесіндісі), микроскоп , құрал-жабдықтар, балауыз астауша, т.б.
Әдебиет: Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007
Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2004 52-60 б.
Зеликман А.Л. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 116-129 б.
Фролова Е.Н. және б. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 99-110 б.
№8 Лаборатория сабағы
Тақырыбы: Нематодтар - адам паразиттері
Мақсаты: Адам паразит-нематодтарының морфологиясы, даму циклін және жұғу жолдарын танып-білу.
Лабораториялық жұмыстың жоспары, мазмұны.
1.Үшкір құрт, түк басты құрт, трихинелланың морфологиялық құрылысы
2.Олардың даму циклі.
Лабораториялық жұмыстың әдістемелік нұсқауы:
1.Ылғалды препараттан, микропрепараттан үшкір құрт, түк басты құрт, трихинелланың морфологиялық құрылысымен танысып, суретін салу.
2. Микропрепаратан, сызба –кестелер және оқулықтан адам паразит-нематодтарының жұмыртқасын, даму циклін қарастырып, суретін .
Техникалық оқу құралдары: Сызба-кестелер (үшкір құрт, түк басты құрт, трихинелла т.б.) фиксацияланған түкбасты құрт, микропрепараттар (острица, трихинелла), микроскоп.
Әдебиет: Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007
Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2004 52-60 б.
Зеликман А.Л. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 116-129 б.
Фролова Е.Н. және б. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 99-110 б.
№9 Лаборатория сабағы
Тақырыбы: Көпқылтанды құрттардың құрылыс ерекшелігі
Мақсаты: Тіршілік ортасына және тіршілік тәсіліне байланысты көпқылтанды құрттардың құрылыс ерекшелігін зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |