Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын



бет11/19
Дата18.02.2017
өлшемі3,16 Mb.
#9818
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

Эволюция барысында (тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыптау, өзгергіштік және тұқым қуалау нәтижесінде ) насекомдарда әртүрлі қауіптерден сақтайтын ерекшелік: бүркеніш рең және мимикрия қалыптасқан.

Көптеген насекомдардың дене пішіні, реңі қоршаған ортаға түстес, біреулерінің пішіні бұтаққа, жапыраққа ұқсас келеді. Мыс: жасыл реңді, орман және далалықта - әртүрлі жолақты, теңбілді. Мүр көбелегінің жұлдызқұрты бұтаққа ұқсас т.с.с.

Улы және шағатын насекомдарға сақтандырғыш рең тән (қан қызы, қара қоңыздар, бал арасы т.с.с.)

Мимикрия (қорғаныш рең) – қауіпсіз насекомдардың реңі, пішіні қорғаныш қаруы бар насекомдарға ұқсас келеді. Гүл шыбындары түктермен жабылған, араларға, ал көбелектер (кейбір түр) мөлдір , шыны тәрізді қанаттарымен араларға ұқсас келеді.


3-сұрақ.

Биоценоздағы (экожүйе) насекомдардың орны.

Насекомдар – жерде жануарлар ішінде ең көпсанды және экологиялық алуантүрлі топ. Әсіресе құрлық биоценозындағы ролі ерекше.

Биогенді айналымда олардың маңызын бағалау өте қиын. Олардың арасында І-ші ретті консументтер - фитофагтар (жасыл өсімдік мүшелерімен қоректенетін: жапырақжегіш қоңыздар, біз тұмсық қоңыздар, жұлдызқұрт, тля, т.б.; ІІ-ІІІ-ші ретті консументтер (жыртқыштар, паразиттер, құмырсқа, есекара, шаншарлар, барылдауық қоңыздар, қанқызы т.б. жыртқыш насекомдар) өсімдік және жануартекті органикалық қалдықтарды ыдыратушы – редуценттер (сапрофагтар: алғашқы қанатсыздар, тарақандар, шыбын дернәсілдері, қоңыздар) бар.

Ағаш текті қорекпен ксилофагтар: термиттер, қабық жегіш қоңыздар мұртты қоңыз және бізтұмсық қоңыз дернәсілдері т.б. қоректенеді. Олардың көбінің ішегінде жасунықты қорытуға көмектесетін симбионттар (бактерия, талшықтылар) болады.

Жануар қалдықтарын өлексе қоңыздар, тері жегіштер, қосқанаттылар дернәсідері жейді. Жануар қиында қорекке пайдаланады (қи қоңыздары, қи шыбындары). Сапрофагтар, ксилофагтар топырақ түзілу процесіне қатысады. Насекомдардың көбі жыртқыштар (қоңыз, қандалалар) немесе паразиттер (шаншарлар, шыбынлар).

Насекомдар ірі жануарлардың (амф., репт., насекомқоректі құстар мен сүтқоректілер) қорегі. Японияда жылғалылар (ручейники) дерн., Қытайда мұртты қоңыз дери-дерік, Африкада шегірткелерді тамаққа пайдаланады.

Насекомдар-өсімдік пен жануарлардың сан-мөлшерін реттеуші фактор. Табиғи биоценозда әлсіз өсімдіктерді және бірлестікке бөгде түрлерді құртады. Ксилофагтарды кесілген немесе кепкен ағаштарда кездестіруге болады.

Жыртқыш және паразит насекомдар көптеген омыртқасыздардың санды реттейді.

Тозаңдатқыш насекомдардың гүлді өсімдіктердің айқас тозаңдануына ролі үлкен. Насекомдардың эволюциясы жабықтұқымды өсімдіктер эволюциясымен ілесті жүреді. Оларда өзара пайдалы байланыс (мутуализм). Көптеген насекомдар тұқым және өсімдік өскінін таратушы.


Насекомдар – адамға пайдалы өнімдерді өндірушілер

Өте ерте заманнан және насекомдар түрлері өнім көзі және өндіру дамыған.

1. Аралар және ара шаруашылығы.

Ертеде-ақ адам жабайы аралар балын жинаған. Қазір де кейбір аймақтарда бұл кәсіп сақталған. Бал, балауыз алу мақсатында ара шаруашылығымен айналысу өте пайдалы кәсіп. Бал арасын (Apis mellifera) әлемнің барлық елдері өсіреді. Селекционерлер араның көптеген тұқымдарын шығарды. Ара шаруашылығының өнімділігін жоғарлататын технологиялар жетілдірілді.

Ара шаруашылығының негізгі өнімі бал және балауыз (ұя салу үшін жұмысшы ара бөлетін өнім), сонымен қатар: бактерицидті қасиеті бар - прополис, ара уы медицинада , ал ара сүті – парфюмерияда пайдаланылады. Аралар - тозаңдатқыштар, гүлді өсімдіктер өнімділігіне әсер етеді.

2. Жібек көбелегі және жібек шаруашылығы.

Тұт жібек көбелегінің дернәсіл қуыршаққа айналу кезеңінде пілә тоқитын жібін – адам ертеден жіңішке, мықты дәке тоқу үшін пайдаланды. Жібек жібін алу мақсатында жібек шаруашылығы ертеде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде дамыған Қытайда, Жапонияда емен жібек көбелегінен жібек жібін алуды үйренген.

Тұт жібек көбелегінің (Bomlyx mori) отаны - Қытай, онда жібек шаруашылығымен 4,5 мың жыл айналысады. Олардың қорегі – тұт жапырағы. Оның жібі - өте жіңішке және мықты.

3. Насекомдар – лак, бояу және дәрі-дәрмек өнім көзі. Лак құрттары ( Homoptera) отр.) «Шеллак» табиғи лак алатын сөл болады. Ала гүлік қоңыздарын кептіріп, кантаридин – дәрі-дәрмек дайындайды. Кокцид түрлерінен қызыл бояу – кармин алады.

Өндірістік мақсатта организмдерді өсіру әдістерін өңдейтін ғылым бағытын – биотехнология деп атайды.

Ара және жібек шаруашылығы – насекомдар биотехнологиясының ертедегі бағыты. Ғалымдар бүгінгі күні т.б. бағыттарда жұмыстанады:

1) Эктомофагтарды өсіру. Эктомофагтар – адамға зиянды насекомдарды жоятын жыртқыш және паразит организмдер. Оларды өсімдік зиянкестерімен күресте пайдаланады. Мысалы: жұмыртқа жейтін шаншар – триъограмма – (Trichogramma) қоңыр бөлек, бұршақ және алма теміріне т.б. қарсы күреседі.

Колорад қоңызымен күресу үшін Америкадан жыртқыш кандала: подизус (Роdisus maculiventis) периллюс (Perillus bioculatus) әкелінді, оларды лабораторияда колорад қоңызының жұмыртқасында, дернәсілінде өсіреді.

Қан қызын – тля, червица, кокцидтермен күресу үшін өсіреді, өндіреді.

Болашақта жыртқыш қоңыздар – барылдауық қоңыз, стафилинидтер, қосқанаттылар, торқанаттылар дернәсілдерін, паразит жарғақ – және қосқанаттыларды өндіріп-өсіру тұр.

Орман зиянкестерімен күресу үшін құмырсқаларды көбейту, оалрдың илеулерін көшіру, т.с.с. жұмыстар жүргізу.

2) Фитофаг – насекомдарды өндіру. Лабораторияда өсімдік зиянкестерін өсіреді, олармен генетикалық күрес жүргізуде вирус препараттар өндіру және эктомофагтар өсіру үшін.

3) Нектрофаг – насекомдар өндіру. Некторофагтарға нектармен қоректенетін, өсімдік тозаңдатқыштары жатады. Мыс: маманданған тозаңдатқыш – жабайы араны өсіру – ғылым бағдарламасы құрылған.

АҚШ-та жапырақ қиғыш – араларды қолдан өсіреді (жоңышқаны тозаңдатыратын). Жоңышқаның өнімділігін жоғарлату мақсатында ара фермалары ұйымдастырылып, жаңа технология енгізілген (Ресейде). Түкті аралар – көптеген ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өнімділігін жоғарлатуда үлкен орын алады.

4) Биоорганикалық қалдықтарды өңдеу үшін сапрофаг насекомдарды өсіру. Соңғы кезде қиды өңдеу, биотыңайтқыш және азық белогын алу үшін капрофаг, сапрофаг насекомдарды пайдаланады.

Синантропты шыбындар (қи және бөлме) органикалық заттарды ыдыратушылар және өздерінің биомассасына айналдырады. Бір жұп шыбын ұрпағы маусымда 625 – 1800 тонна биомасса береді. Бөлме шыбының бір аналығы максималды өнімділігі - 250 жұмыртқа салады, дернәсіл биомассасы 1 т субстратта 92 кг-ға жуық. Шыбынның тірі дернәсілдерінен белок азығын алып, үй жануарларының комбикормына қосады. Өңделген шыбынның биоқалдығы - органикалық тыңайтқыш.

5) Насекомдарда ғылыми және эстетикалық мақсатта өсіру және пайдалану. Биологияның көптеген проблемаларын (генетика, физиология, эмбриология, экология, биогеография, эволюциялық ілім салаларында) шешуде насекомдар өте қолайлы объекті. Оларда лабораторияда ұстау жеңіл, тіршілік циклі қысқа.

Аквариум балықтарына азық ретінде насекомдарды өсіреді. Соңғы кезде зоопарктерде әдемі насекомдарды ұстайды.

Ұлттық парктерде сирек және жойылып кету қаупіндегі насеком түрлері қалпына келтіру шаралары қаралуда, жүргізілуде. Насекомдарды мектеп тірі бұрыштарында, биологиялық лабораторияларда ұстау және биологиялық бақылау жүргізуге ыңғайлы.

Зиянкес насекомдар және олармен күрес жолдары.

Мыңдаған насеком түрлері адамға үлкен зиян келтіреді. Олар ауыл шаруашылығының, орман шаруашылығының зиянкестері, адам және жануар паразиттері құрылыс материалын бүлдірушілер, қауіпті ауру қоздырғыштарын таратушылар (СОӨЖ-де).

Зиянкес насеком түрлерінің жоғарғы тығыздығы өнімділікке қауіп төндіргенде, олардың сол мөлшерін төмендету үшін шаралар қолданылады. Насекомдармен күрес шаралары: механикалық, химиялық, биологиялық, агротехникалық ( СӨЖ – де).

Әдебиет: Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А.2005, 2 кітап 390-422 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 368-380 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999, 453-465 б.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Насекомдардың көбею жолдары және даму ерекшелігі.

  2. Метаморфоз, оның биологиялық маңызы.

  3. Насекомдарда метаморфоздың пайда болуы.

  4. Насекомдардың тіршілік циклі.

  5. Насекомдар эволюциясының нәтижелері.

  6. Насекомдардың филогениясы.

  7. Биоценоздағы насекомдардың ролі. Насекомдарды қорғау проблемалары.

  8. Насекомдар биотехнологиясының негізгі бағыттары.

  9. Зиянкес насекомдар, олармен күрес жолдары. Насекомдардың сандық мөлшерін реттеу әдістері.

19 дәріс

Тақырып: Бунақтыденелілердің классификациясы.

Дәріс мақсаты: Бунақденелілердің (насекомдардың) көптүрлілігі, классификациясы туралы, алуантүрлі отрядтардың құрылыс ерекшелігі, биологиясы, экологиясы туралы түсінік беру.

Тірек сөздер:

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1. Насекомдардың жіктелу принциптері. Алғашқы қанатсыз (Apterygota). 2.Қанатты насекомдар (Pterygota). Жартылай түрленіп дамитын бунақденелілер.

3. Толық түрленіп дамитын бунақденелілер.

4. Буынаяқтылар типінің филогениясы .



Техникалық оқу құралдары: сызба-кестелер (жануарлар филогениясы, отряд өкілдері ), коллекциялар, бейне фильмдер
1 -сұрақ.

Насекомдар қанатының, ауыз аппаратының құрылысына, эмбрионнан кейінгі даму типі тұрғысына сәйкес ірі систематикалық категорияларға (класс тармағы, инфракласс, отряд) бөлінеді. Туыс және түрді сипаттауға толық морфологиялық белгілер (қанаттың жүйкеленуі, ауыз аппараты, аяқтары, гениталь тағы басқа мүшелер құрылысындағы вариациялар), соңғы кезде микроморфологиялық белгілер: қылтандар құрамы және құрылысы (хетом), сенсилл, кутикула құрылымы тағы басқа да белгілер қолданылады.

Қазіргі заман пікірлеріне сәйкес насекомдар класы екі класс тармағына бөлінеді: Алғашқы қанатсыздар-Apterygota және Қанатты насекомдар-Prerygota.

1. Алғашқы қанатсыз насекомдар (Apterygota) өте қарапайым топ. Қанаттары жоқ (алғашқы белгі). Ауыз аппараты кеміргіш. Тура дамиды (аметаболия). Дернәсілдің имагодан айырмашылығы: дене мөлшерінде, дене пропорциясы және хетомда. Ересек формада да түлеу процесі жүреді.

Қылқұйрықтылар (Thysanusa) отряды. Мөлшері 8-20мм., бунақты үш құйрық жібі бар ұсақ қанатсыз насекомдар. Дене жабыны жұқа, нәзік, кейде қабыршақты (кейде қабыршақтылар деп те атайды). Көздері қарапайым, кейде күрделі. Құрсағында бірнеше жұп грифелькалары (құрсақ аяқ рудименттері) бар. Діңдерде, орман төсенішінде жасырын тіршілік етеді. Дамуы-аметаболия (протоморфоз). Адам тұрғындарында қант қабыршақтылары (Lepisma sacharina) кездеседі.



3 отряд жатады: Протуралар (Protura), Коллемболалар (Collembola), Двухвостые (Diplura)
Протуралар топырақта жасырын тіршілік ететін, ұсақ (0,5-2 мм) жәндіктер. Басы конус пішінді, мұртша, көзі болмайды.Ауыз аппараты стилеттәрізді мандибула және кішкентай максилладан тұрады (жасырын). Алдыңғы көкірек аяғы ұзын, антенна қызметін атқарады.

Оларда қарапайым белгілер сақталған: құрсақ сегменттері – 12, алдыңғы үш құрсақ сегментінде рудиментті құрсақ аяқтары болады. Кейбір түрлерінде екі жұп тыныс тесігі бар, көбі терімен тыныс алады. Сперматофор арқылы көбейеді. Анаморфозды дамиды (дернәсіл түлеп құрсақ сегменттері көбейеді ).

Протуралар орман төсенішіндегі тіршілік етеді, ыдыраған органикалық қалдықтармен қоректенеді.

Коллемболалар (0,2-10 мм) топырақта және өсімдікте тіршілік етеді. 2000 түрі белгілі.

Басында 4-6 буынды антенна, жәй көздері болады. Ауыз аппарат кеміргіш, кейде стилеттәрізді, жасырын. Үш жұп көкірек аяқтары бар. Құрсақ 6 – буынды, құрсақаяқтың түр өзгерісі – секіргіш айырмасы және құрсақ түтігі болады, коллемболада мальпигиев тамырлары және кеңірдек жүйесі болмайды. Тура дамиды. Сперматофоралы көбейеді. Өсімдік қалдығымен, топырақ саңырауқұлақтарымен, балдырлармен қоректенеді, табиғатта зат айналымда және топырақ түзілуде маңызы бар.

Diplura – жасырын тіршілік етеді, соқыр, ұсақ және орташа жыртқыш жәндіктер. Тез қозғалады. Денесінің артында сезім өсіндісі – церки, кейбір түрлерінде қысқаштәрізді мүшеге айналаған. Ауыз аппараты ішкі, мандибула қылыш пішінді. Аяқтары ұзын, жүгіргіш. Құрсағы 10 буынды. Алғашқы құрсақ сегменттерде аяқ рудименттері – грифелькалар болады, олар қозғалыс кезінде тірек қызметін атқарады. Грифелькалар маңында терімен тыныс алуда маңызы бар қалта-коксаль мүшесі орналасқан. Кеңірдек жүйесі (көкіректе 3 жұп тыныс тесігі бар) дамыған. Сперматофоралы көбейеді. Тура немесе протоморфозды (метаморфоз элементтері бар) дамиды. 400 түрі белгілі.

2- сұрақ Қанатты насекомдар (Pterygota): қанаттары бар, кейбір ұшпайтын түрлердің қанаттары рудиментті-екіншіретті белгіге дәлел. Ауыз аппараты алуантүрлі. Метаморфозды дамиды (жартылай және толық). Бұл класс екі инфракласқа бөлінеді: 1). Ежелгіқанатты насекомдарға (Palaeoptera) бүгінгі насекомдардан Инеліктер мен Біркүндіктер жатады. Олардың қанаты арқасына жиналмайды, қарапайым торлы жүйкеленген. Ұшу кезінде қанаттары бір жазықтықта қозғалады. Ауыз аппараты-кеміргіш. Жартылай түрленіп дамиды. Дернәсіл суда дамиды, провизор мүшелері (кеңірдекті желбезек, тағы басқа мүшелері) бар. Біркүндіктерде ежелден сақталған белгі: имаго түлейді(дерижіл түлеп суб имаго, одан- имаго шығып, көбейеді).

Біркүндіктер отряды (Ephemeroptera) - қанатты имаго бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін өмір сүреді. Суға жұмыртқа салады да өледі. Ауыз аппараты-жетілмеген,үш ұзын құйрық жібі болады. Дернәсілі суда 2-3 жыл дамиды, өсімдік қалдықтарымен қоректенеді. Ауыз аппараты-кеміргіш, құрсақта орналасқан кеңірдекті желбезек арқылы тыныс алады. Ымыртта өзен, көл жағасында тобымен ұшады. Кәдімгі біркүндіктер-Ephemera vulgata кең тараған түр.

Инеліктер (Оdonata)- денесі ұзын, ашық реңді, мөлдір қанатты жүйкесі-торлы, басы қозғалғыш, жақсы ұшқыш. Мұртшалары қысқа, ауыз аппараты-кеміргіш. Ауада қоректенеді. 4500 түрі белгілі. (СОӨЖ-де қаралады).

2). Жаңа қанаттылар (Neoptera):

а). Жартылай түрленіп дамитын насекомдар (Hemimetabola).

Даму фазалары: жұмыртқа-нимфа-имаго. Ауыз аппараты- кеміргіш, немесе шаншып - сорғыш насекомдар.



1. Ортоптероидты топқа ауыз аппараты кеміргіш, жұмыртқа салғыш және толық жүйкеленген насекомдар жатады: (Тура) Тікқанаттылар, Тарақандар, Дәуіттер, Термиттер, Таяқшалылар, Теріқанаттылар (уховерткалар).

2. Гемиптероидты топқа жартылай қатты қанаттылар (қандалалылар) жатады. Ауыз аппараты: кеміргіш-сорғыш, шаншып-сорғыш. Сонымен қатар мамықжегіштер, биттер, трипсалар, теңқанаттылар тағы басқалары жатады.

3-сұрақ. Толық түрленіп дамитын насекомдар (Holometabola).

Даму фазасы жұмыртқа-дернәсіл-қуыршақ-имаго. Дернәсіл, имаго әртүрлі экологиялық қатарға ие болған. Әртүрлі тіршілік орта, қорек және қоректену тәсілі ерекше.



Дернәсіл - қоректенетін, қорек қорын жинайтын, өсетін фаза.

Қуыршақ - метаморфоз (түрлену) жүретін стадия.

Имаго - таралатын, көбейетін фаза.

Торқанаттылар (Neuroptera) отряды.

Қаттықанаттылар немесе қоңыздар (Coleoptera) отряды.

Жарғаққанаттылар (Hymenoptera) отряды.

Қосқанаттылар (Diptera) отряды.

Торқанаттылар (Neuroptera) отряды.

Жылғалықтар немесе түктіқанаттылар (Triehoptera) отряды.

Бүргелер (Aphaniptera) отряды.

Қабыршаққанаттылар (Lepidoptera) отряды.

(СОӨЖ-де қаралады).



4-сұрақ.

Буынаяқтылардың арғы тегі ежелгі полимерлі көпқылтанды буылтық құрттар (Polychaeta). Олардың ұқсас белгілеріне сүйеніп

(асқорыту, қан айналу, жүйке, нефрийдий, дене метамериясы, эмбрионды дамуы т.б.) 1817 ж. француз ғалымы Ж.Кювье буынаяқтылар мен көпқылтанды буылтық құрттарды Articulata (буынды) типіне жатқызған болатын.

Ұзақ эволюция нәтжесінде қарапайым құрылысты буылтық құрттар бірте-бірте күрделі құрылысқа жеткен: жұқа кутикула – қатқыл сыртқы қаңқаға ауысты; тері – бұлшықет қабы жекеленген бұлшықеттерге ауысты; целом – аралас (миксоцель) дене қуысына; параподиялар – буынды аяқтарға ауысады; арқа қан тамры – жүрекке , гомономды сегментация гетерономды сегментацияға ауысады; күрделі көздер дамиды; алдыңғы дене сегменттері қосылып – бас бөлім түзіледі, т.б. осылар жоғарғы дәрежелі құрылысты – буынаяқтылардың қалыптасуына себепші болды.

Кейбір суда тіршілік ететін буынаяқтыларды сыртқы тері желбезектер сақталған. Полихеттердің желбезегі параподияда орналасуына байланысты төменгі сатыдағы буынаяқтылардың да желбезегі алғашқы қалпын сақтаған. Арғы тегінің пальпалары мұртта бастамасын берген.

Қарапайым Branchiata және Trilobitomorpha тип тармағы шығу тегі жағынан ұқсас белгілері бар , бірақ бір-бірінен айқын ажырайды.

1. Шаянтәрізділердің аяқтары ежелгі 2 тармақтылығын сақтаған, ал трилобиттерде бір тармақты және жіктелмеген. Шаянтәрізділерде аяқтар морфологиялық және қызметі тұрғысынан жіктелген.

2. Трилобиттерде цефализация процесі жақсы дамыған, басы денесінен айқын бөлінген. Осы ерекшеліктері трилобиттәрізділер мен желбезектыныстылардың ертеде бір тектен шыққанын және әрқайсысы жеке филогенетикалық бөлім екенін көрсетеді.

Branchiata – буынаяқтылардың кембрийден белгілі тобы.

Branchiata мен Tracheata тип тармағы тығыз байланысты, ұқсастықтары көп: миы – прото-, дейто- , тритоцеребрумнан тұрады; ауыз мүшелері – мандибула, І, ІІ жұп максилладан құралған, екеуінде де антеннула бар, Tracheataда антенна дамымаған (екінші ретті жойылған, себебі ұрығында антенна бастамасы табылған).

Осы ұқсас белгілер - Branchiata мен Tracheata тип тармағының шығу тегі бір екеніне дәлел.

Трилобиттер палеозой эрасының соңында өмір сүрген, Chelicerata тип тармағының бастамасын берген.

Алғашқы хелицерлілер ( семсерқұйрықтылар ) су жәндіктері, өрмекшітәрізділер – құрлық фаунасы. Олардың антенналары редукцияға ұшыраған бас аяқтарының І -ші жұбы хелицерге, ІІ-ші жұбы педипальпаға ( қармалауышаяқ) айналған.

Хелицерлілер өзінің арғы тегі полихеттер мен трилобиттер арқылы байланысты.

Буынаяқтылар типінің әрбір тармақтаының эволюциясын қарастырып, қатар жүретін процестерді байқауға болады. Мысалы: сегменттерінің мүшелерінің олигомеризациясы, яғни гомономды сегментаризацияның герерономды сегменттерге ауысуы, олардың жіктелуі нәтижесінде бөлімдер ( тагмалар) қалыптасады, аяқтары, мүшелері жіктеледі.

Әдебиет: Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А. 2005, 2 кітап 433-495 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 387-399 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 466-514 б.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Жасырын жақты насекомдардың ұйымдасу ерекшелігі.

  2. Ашықжақты насекомдар, олардың отрядтарының морфобиологиясы, экологиясы, маңызы.

20 дәріс



Тақырып: Опихофора типі. Соңғы ауыздылар. Тікентерілілер( Echinodermata) типі.

Дәріс мақсаты: Опихофора типі, Соңғы ауызды жануарлар Тікентерілілердің морфологиясы, дене симметриясы, мезодермальды ішкі қаңқа, көбеюі, дамуы, филогениясы туралы түсінік беру

Тірек сөздер:

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1. Опихофора типінің ұйымдасу ерекшелігі.

2. Соңғы ауызды жануарларға сипаттама.

2. Тікентерілілер типінің ұйымдасу ерекшелігі, биологиясы, классификациясы, филогениясы.



Техникалық оқу құралдары: сызба-кестелер (теңіз жұлдызы, теңіз кірпісі, голотурия т.б.) коллекция: теңіз жұлдызы, теңіз кірпісі, ылғалды препараттар
1-сұрақ Опихофора типі – Onychophora

Опихофоралар құрлықта, ылғалды жерлерде, орман жамылғысында, ағаш, жапырақ, тастар астында, мүктерде және топырақта тіршілік етежі. Әсіресе тропикалық, субтропика аймақтарында кең тараған. 70-ке жуық түрі бар, ұзындығы 15 см-ге дейін.

Олардың құрылысында буылтық құрттардың буынаяқтылардың, көпаяқтылардың белгілері байқалады.

Опихофораларды 1825 ж. Р.Гильдинг ашқан, бірақ бақалшақсыз моллюскалар деп ашты. 1874 ж. Т.Белт «қырықаяқ» деп, екіншілері көбелек жұлдызқұртына және құрттарға ұқсатты.

Қазіргі заманда құрылысының , эмбрионалды дамуының ерекшелігіне байлансыты опихофораларды жеке типке бөлді.

Оның негізгі белгілері: денесі бөлінбеген, мұртшалары бар, денесі бас және гомономды тұлғадан тұрады. Тұлға сегменттерінде 15 жұптан 43-ке дейін ұшында екі тырнақшалары бар аяқтар орналсқан; жабыны нәзік, жұқа, хитинді кутикула; тері – бұлшықет қабы тегіс салалы бұлшықеттерден түзілген; дене қуысы – миксоцель; қанайналу жүйесі ашық; жүрегі арқасында орналасқан; зәр шығару жүйесі барлық сегменттерде метамерлі целомодуктар; тыныс алу жүйесі кеңірдек түтікшелері.

Бір класс Алғашқы кеңірдектілер – Protracheata жатады.

Тропикада кең тараған ( Орталық, Оңтүстік Америка, Орталық, Оңтүстік Африка, Жаңа Зеландия, Австралия).

Олар полихеттермен де буынақтылармен де ұқсас. Олардың арғы тегі көпқылтанды буылтық құрттар, ал эволюциясы буынаяқтылар эволюциясымен қатар жүрген.
2 - сұрақ. Соңғы ауызды жануарлар

Соңғы ауыздылар целомды жануарлардың ерекше филогенетикалық бұтасы. Бұл типүстіне Тікентерілілер (Echinodermata),Жартылай хордалылар (Hemichordata), Хордалылар (Chordata) типтері жатады. Бұл типтер тобы трохофоралы (алғашқы ауызды) жануарлардан ерекше.


Соңғы ауыздыларға тән ерекшеліктер:

1. Терісі екіқабатты, эктодермальды эпителийден және мезодермальды дәнекер ұлпа қабаты кутистен тұрады. Трохофоралы жануарлар терісі – эктодермальды клеткалар қабатынан тұрады.

2. Қаңқасы – мезодермальды ізбестен тұрады, терінің дәнекер ұлпа қабатынан пайда болады. Трохофоралы жануарларда қаңқа – эктодермальды туіынды.

3. Соңғы ауыздыларда эмбриогенезде ауыз екінші ретті, бластопораның алғашқы ауызынан аналь тесігі қалыптасады, ал трохофоралы жануарларда ауыз негізінен бластопорадан пайда болады.

4. Мезодерма – энтодермальды алғашқа ішектен энтероцельді жолмен қалыптасады, трохофоралы жануарларда – мезодермадан телобластикалық жолмен немесе аралас ұрық – энтомезодермадан пайда болады.

Соңғы ауыздылардың алғашқы даму фазасына үш жұп целом қабы тән. Бұл олардың тегінің метамерлі құрылысты болғанына дәлел, олардың басқа метамерлі целомды жануарлармен жақындығын көрсетеді.


3-сұрақ. Тікен терілілер типінің морфологиясы, дене симметриясы, биологиясы, филогениясы

Тікен терілілер өте ертедегі бекініп немесе баяу қозғалып тіршілік ететін теңіз жануарлары. 6 мыңға жуық түрі белгілі, ал қазба түрлер одан да көп. Морфоэкологиялық алуан түрлілігіне қарамастан тікен терілілердің құрылыс жоспары ұқсас және төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

1. Арғы тегі билатеральды, бірақ екінші рет радиальды (бес сәулелі) симметрияға ие болған. Онтогенез процесінде билатеральды симметрияның сәулелі симметрияға ауысуы байқалады, бұл типтің эволюциялық бағытын көрсетеді.

2. Тікен терілілерге терінің борпылдақ ұлпа қабатында түзілген ішкі ізбестілі қаңқа тән. Қаңқа қорғаныш және ішкі мүшелерге тірек қызметін атқарады. Теңіз кірпісінің инелері жауынын қорғайды және қозғалысқа қатысады. Қаңқа туындысы – педицеллярии денені жабысқан түйірлерден тазалайды.

3. Тікен терілілердің дене қуысы – целом түр өзгерістері: ішкі дене қуысы-нағыз целом, амбулакраль және псевдогемаль жүйелері, сонымен қатар жыныс синусы және гонады қуысы. Ішкі мүшелер орналасқан целом қуысы ішкі орта гомеостазын сақтап, тірек (әсіресе жабыны жұмсақ түрлерде) және тасымалдау қызметін атқарады. Амбулакраль жүйесі – негізінен қозғалыс және тыныс алуға, ауызға қорек беруге қатысады. Псевдогемаль жүйесі қорек заттарын жүйке клеткаларына жеткізеді. Жыныс синусы және гонады жыныс қызметін атқарады.

4. Лакунарлы қан айналу жүйесі нашар дамыған.

5. Тікен терілілер негізінен тері беті арқылы тыныс алады. Тері желбезектері, амбулакраль аяқтары, қармалауыштар тыныс алу процесін жүзеге асырады. Көптеген голотурияларда артқы ішек туындысы-«су өкпесі» болады.

6. Арнайы зер шығару мүшесі болмайды. Ось мүшесінің бездерінен өнетін ерекше клеткалар – амебоциттер целомнан экскреттерді сіңіріп, тері арқылы бөлінеді.

7. Жүйке жүйесі қарапайым, үш бөліктен тұрады. Әрбіреуі жүйке сақинасынан және одан басталатын радиальды жүйке өсінділерінен тұрады. Сезім мүшелері қарапайым.

8. Көбі дара жынысты. Жыныс диморфизмі нашар байқалады. Ұрықтану сыртқы ортада жүреді.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет