Курсовой проект «пояснительная записка» По Теміржол көлігінде қозғалысты



бет3/4
Дата09.03.2022
өлшемі5,22 Mb.
#134734
түріКурсовой проект
1   2   3   4
1 + n4 және n2 + n3 яғни 30+40 > 10+1515.
1-нұсқа тиімділігі есептеусіз аныкталды.
A-N теліміндегі құрама пойыздардың графикке тиімді салынуы n1 n4 және мөңдерін салыстыру арқылы анықталады. 3.4-суреттен табамыз,
0 + 5 < 35 + 35/5,
яғни 1-сызба тиімді.
Пойыздардың жүріс графигіне тиімді нұска сызбасы бойынша құрама пойыздар салынады.

3 ТЕМІРЖОЛ ТЕЛІМДЕРДІ МЕН ПОЛИГОНДАРЫНДА ПОЙЫЗДАР ЖҮРІСІН БАСҚАРУ ЖҮЙЕЛЕРІ


3.1 Пойыздар жүріс графигі және оның маңызы
Телімдер мен полигондарда пойыздардың жүрісін басқару жүйелері пойыздар жүрісіндегі негізгі техникалық сигнализация және байланыс құралдарына байланысты. Соларға байланысты пойыздардың жүріс графигі мен телімдердің өткізу қабілеті әр түрлі болады. График телімдерде негізінде пойыздардың жүрісі іске асырылады. Осы тасымалдаудың ұйымдастырудың негізі бола отырып, темір жолдың бүкіл бөлімшелерінің жұмысын біріктіреді және темір жолдың барлық пайдалану жұмыстарының жоспарын көрсетеді.
Пойыздарың жүріс графигі – теміржол көлігінің барлық қызметкерлері үшін бұлжымас заң, оның орындалуы темір жол жұмысының ең маңызды сапалық көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Пойыздардың жүріс графигін «ҚТЖ»ҰҚ»АҚ басшылығы бекітеді.
Стансалардың, деполардың, тартым қосалқы стансаларының, техникалық тексеру қосындарының және темір жолдың басқа да пойыздардың жүрісіне қатысты бөлімшелерінің технологиялық жұмыс үрдісін дұрыс ұйымдастыру және дәл орындау арқылы пойыздардың графикпен жүрісі қатаң сәйкестікте қамтамасыз етіледі. Пойыздардың жүріс графигін бұзуға рұқсат етілмейді.

  • Жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қажеттілігін қанағаттандырылуы;

  • Пойыздардың жүріс қауіпсіздігін;

  • Телімдердің өткізу мен тасымалдау қабілетінің және стансалардың өңдеу қабілетін барынша тиімді пайдалануын;

  • Жылжымалы құрамның ұтымды пайдалануының ;

  • Локомотив бригадаларының белгіленген үздіксіз жұмыс істеу уақытының сақталуын;

  • Жолды СОБ, байланыс және электрмен жабдықтау құрылғыларын ағымды күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;

3.2 Пойыздар жүрісінің график торы


Жүріс графигі дегеніміз пойыздардың уақыт пен кеңістіктегі жүріс сызығының координаталар өстерінде графиктік бейнеленуі болып табылады.
Ресей Федерациясы ААҚ РТЖ, Қазақстан темір жолы Акционерлік қоғамы және ТМД елдерінің жолдарында пойыздардың жүріс графигі үшін абсциссалар өс бойына уақытты, ординаталар өс бойына қашықтықты түсіру қабылданған.

3.1-сурет. Пойыз жүрісінің графиктік бейнеленуі

Пойыздың t уақыт ішінде б – дан а – ға дейін жүріп өткен аралық қашықтығы l жолдың әрбір телімдерінде аялдаудан кейін екпіндеуге, жылдамдықты үдетуге және баяулатуға жұмсалатын уақыт аялдау алдында жылдамдықты азайтуға жұмсалатын уақытты ескергендегі пойыздың нақты жүрісі 3.1-суретте үзік сызықпен көрсетілген. Тартым күші есептеулерінде бұл сызық пойыз жүрісі уақытының қисық сызығы деп аталады. Сонымен қатар 3.1 суретте пойыз жүрісінің сызығы осындай жұмсалған уақыт пен ерекшеліктерді ескерместен, тұтас сызықпен көрсетілген, яғни пойыздың жүрісі шартты түзу сызықпен бейнеленген , ол бүкіл аралық бойымен біркелкі жүріс жасауға сай келеді. Жүріс графигін жасауда екінші нұсұауды пайдаланады. Пойыз жүрісінің сызығы мен жазық сызық арасындағы бұрыш соншама аз болса, пойыздың жүріс жылдамдығы соншама баяу және оның осы аралық арқылы жүру уақыты соншама көп болады.


Пойызыдың жүріс сызығының тиісті бөлім бекетінің осін қиып өтуіне қарай пойыздың әрбір бөлім бекетінен жүріп өту уақыты анықталады, ол тұтас ондықтан асатын минуты көрсетілген цифрмен белгіленеді. Пойыздардың келі, кеті немесе тоқтамай жүріп өту уақытын пойыздың жүріс сызығы мен бөлім бекетінің осі түзетін доғал бұрышқа жатады. Пойыздың стансаға қабылданған уақытының ондықтан артық бөлігі оның қабылданған жағындағы доғал бұрышқа қойылады. Пойыздың стансадан жөнелтілген немесе тоқтамай өткізілген уақытының ондықтан артық бөлігі, оның алдындағы аралықтағы доғал бұрышқа қойылады.

Пойыздың жүріс ізінің көлденең оське түсірілген проекциясы, оның аралықта жүрген уақытын көрсетеді. График сызығында пойыздың аралықтағы тоқтамай жүру уақытындағы, оның тоқтау кезіндегі баяулау t, жүру кезіндегі екпіндеуге t, қажет қосымша уақыт қосылады.
Дара жолды телімнің үш аралығы арқылы жұп және тақ пойыздардың жүріс сызығын график торында бейнелеу түрі 3,3 а – суретте көрсетілген. Пойыздардың бұлайша бейнелеу мынаны білдіреді: № 2201 тақ санды пойызы А стансасынан 0 сағат 00 минутта жөнелтілген, а бекетінен 0 сағат 25 минутта өткен, б бекетіне 0 сағат 46 минутта келген, осы бекетте 6 минут аялдап, № 2202 пойызымен кездесіп айырылысқан соң 0 сағат 52 минутта жөнелтілген және B бекетіне 1 сағат 17 минутта келген; №2202 жұп санды пойызы B бекетінен 0 сағат 28 минутта жөнелтілген, б және а бекеттерінен тоқтамай өтіп, А стансасына 1 сағат 33 минутта келген. Егер пойыздың осы бекетке келу, кету немесе жүріп өту уақыты сағаттық немесе 10 минуттық тік сызықпен сәйкес келетін болса, онда бұл сызыққа оны нөл шамасына үзіп 0 цифры қойылады.
Осы аралыққа бәр пойыздың келу және екінші пойыздың кету уақытын белгілеуде, 10 минуттық интервалдың бір аралығында цифрларды қатар жазу керек, егер бұл цифрлар қатар жазуға келмейтін болса, оларды вертикаль бағытта ығыстыра орналастыру қажет.
Он минуттық интервалдар аралығында цифрларды олардың шамасында қарай жазу керек. Мысалы № 2202 пойызы А стансасына 1 сағатта 33 минутта келді, 3 цифрын 30 минуттық вертикаль сызыққа жақындатып, бүкіл аралықтан шамамен 1/3 қашықтықта сағаттық периодтың 30 және 40 минуттық бөліктерін көрсететін тік сызықтардың арасында жазу керек. Осыған орай пойыздың жүріс сызығының жазық сызықпен қиылысу нүктелері график торында пойыздың белгілі бір бөлім бекетіне келу, кету немесе жүріп өту уақытына сай келетін жерде көрсетілуі тиіс.

3.3-сурет. Пойыздардың жүріс сызығын көрсету:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет