Курстық ЖҰмыс «Өндірістік оқытуды ұйымдастыру және арнайы пәндерді оқытудың әдістемесі» пәні бойынша Тақырыбы



бет8/13
Дата08.02.2022
өлшемі143,81 Kb.
#121284
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Курсты Ж мыс « ндірістік о ытуды йымдастыру ж не арнайы п ндер
Зерт жұмыс 4, Зерт жұмыс 4, Кур час, Протокол НИРС РУС 2020, Карта обеспеченности, Карта обеспеченности, Карта обеспеченности, химия лекция тапсырма, химия лекция тапсырма, 1 зертханалық жұмыс, Күн энергиясы, Күн энергиясы, Документ, Күн энергиясы, Күн энергиясы
Резисторларды тізбектеп қосу
Электр тізбегінде әр түрлі кедергісі бар бірнеше энергия тұтынушылар болуы мүмкін.
Генератордың сыртқы тізбегі (5-сурет) R1, R2, R3 кедергілері бар үш энергия тұтынушыларынан тұрсын дейік. Әрбір тұтынушының тұйықталған бір электр тізбегіне бірінен соң бірін тізіп жалғауды тізбектеп қосу деп атайды. Мұндай тізбекте барлық тұтынушылардан бірдей ток өтетініне көз жеткізу қиын емес. Ал сыртқы тізбектің кедергісі тұтынушылар кедергісінің қосындысына тең болады. Біздің жағдайда Ом заңы формуласы мынадай түрде болады: І = Е/( R+ R1 + R2 + R3).
Сонымен, тізбектеп қосылған үш өткізгіш болғанда, тізбектің жалпы кедергісі R = R0 + R+ R2 + R3, ал сыртқы тізбектің кедергісі R' = R+ R2 + R3.
Энергия көзінің қысқыштарындағы кернеу, сыртқы тізбекке түсірілген кернеуге тең, яғни U = Е – ІR0 = І(R+ R2 + R3), мұндағы R0 – энергия көзінің ішкі кедергісіне түсетін кернеу.
Тізбектеп қосылған энергия тұтынушыларының қысқыштарындағы кернеу, токпен қабылдағыш кедергісінің көбейтіндісіне тең, яғни U1 = IR1; U2 = IR2; U3 = IR3; U1 + U2 + U3 = U.
Сонымен, тізбектеп қосылған тұтынушылардағы кернеулер қосындысы энергия көзінің қысқыштарындағы кернеуге тең.
Тізбектеп қосылған тұтынушылардан тұратын тізбектің барлық учаскелеріндегі ток бірдей болғандықтан, кернеулер олардың кедергісін тура пропорционал немесе өткізгіштігіне кері пропорционал болады, яғни
U1 · U2 · U3 = R1 · R2 · R3 = 1/g1 · 1/g2 · 1/g3.
Тұрақты кернеу кезінде ток тізбек кедергісіне тәуелді болады. Сондықтан тізбектеп қосылған тұтынушылардың бірінің кедергісі өзгерсе, онда ол тізбектің жалпы кедергісі мен әрі ондағы токтың өзгеруіне алып келеді. Бұл кезде барлық тұтынушылардағы кернеулер де өзгереді.
Тізбектеп қосылған косымша резисторлар іс жүзінде кернеулерді төмендету үшін (іске қосқыш және реттегіш реостаттар) және де өлшеуіш аспаптардың, шегін кеңейту үшін қолданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет