Курстық ЖҰмыс «Өндірістік оқытуды ұйымдастыру және арнайы пәндерді оқытудың әдістемесі» пәні бойынша Тақырыбы



бет9/13
Дата08.02.2022
өлшемі143,81 Kb.
#121284
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Курсты Ж мыс « ндірістік о ытуды йымдастыру ж не арнайы п ндер
Зерт жұмыс 4, Зерт жұмыс 4, Кур час, Протокол НИРС РУС 2020, Карта обеспеченности, Карта обеспеченности, Карта обеспеченности, химия лекция тапсырма, химия лекция тапсырма, 1 зертханалық жұмыс, Күн энергиясы, Күн энергиясы, Документ, Күн энергиясы, Күн энергиясы
Кирхгофтың бірінші заңы
Тізбектеп қосылған энергия көзі мен тұтынушылардан тұратын электр тізбектерінде барлық тізбектегі ток, ЭҚК және кедергі немесе қандай да болмасын тізбек участкесіндегі ток, кернеу және кедергі арасындағы қатынас Ом заңымен анықталады.
Бірақ, көбінесе іс жүзінде қолданылатын тізбектерде ток қандай да болмасын бір жерден шығып, әр түрлі жолменен тарап бір немесе бірнеше нүктелерде ұшырасады. Ұшырасу нүктелерінде бірнеше өткізгіш сымдар түйісіп ұштасады. Мұндай түйісу нүктелерін түйіндер (түйін нүктелері) деп атайды, ал қатар жатқан екі түйіндерді қосатын тізбек учаскесін тізбек тармағы деп атайды).
Тұйықталған электр тізбегінде электр зарядтары оның бірде бір нүктесінде жиналып қала алмайды. Өйткені бұл тізбек нүктелерінің потенциалдарын өзгертуге алып келер еді. Сондықтан қандай да бір түйінге белгілі уақыт бірлігінде келетін электр заряды, осы түйіннен сол уақыт бірлігінде кететін зарядқа тең.
Айталық, а түйінінде (6-сурет) тізбек төрт тарамға тармақталады да қайтадан б түйінінде қосылады. Тізбектің тармақталмаған бөліктеріндегі токты I арқылы, ал тарамдардағы токтарды І1, І2, І3, және І4 арқылы сәйкес белгілейік. Онда мұндай тізбектегі токтар арасында мынандай байланыс болады: І = І1 + І2 + І3 + І4.
Егер түйінде бағыттары әртүрлі тогы бар бірнеше өткізгіш сымдар ұшырасса, онда теңдіктің сол бөлігінде түйінге келетін токтардың қосындысы жазылады, ал оң жағында түйіннен кететін токтардың қосындысы жазылады. Бұл формула Кирхгофтың бірінші заңы болып табылады. Кирхгофтың бірінші заңын былай тұжырымдауға болады: электр тізбегіндегі түйінге (түйін нүктесіне) келетін токтардың қосындысы, осы түйіннен кететін токтардың қосындысына тең немесе электр тізбегінің түйін нүктесіндегі токтардың алгебралық қосындысы нольге тең. Бұл жерде түйінге келетін токтарды оң, ал түйіннен кететін токтарды теріс токтар деп қарайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет