Курстық ЖҰмыс «Өндірістік оқытуды ұйымдастыру және арнайы пәндерді оқытудың әдістемесі» пәні бойынша Тақырыбы


Резисторларды (параллель) қатарлап және аралас қосу



бет10/13
Дата08.02.2022
өлшемі143,81 Kb.
#121284
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Курсты Ж мыс « ндірістік о ытуды йымдастыру ж не арнайы п ндер

Резисторларды (параллель) қатарлап және аралас қосу
Қатарлап (параллель) қосылған деп электр тізбегіндегі элементтердің тек бір ғана кернеу астында болуын айтамыз. Параллель қосылған резисторларда (6-суретті қараңыз) ток төрт тармаққа тармақталады. Мұндай жағдайда тізбектің жалпы кедергісі азаяды немесе жеке тармақтар өткізгіштіліктерінің қосындысына тең тізбектің жалпы өткізгіштілігі көбейеді.
Бұл айтылғандарға оңай көз жеткізуге болады. Ол үшін параллель қосылған өткізгіштердің санының көбеюін өткізгіштің көлденең қима ауданының өскендігіне бара-бар деп караса болғаны. Сонымен барлық өткізгіштер жиынтығының өткізгіштілігін g әрпімен, ал әрбір жеке өткізгіштердің өткізгіштілігін g1, g2, g3 және g4 деп белгілесек, мынадай теңдеу аламыз: g = g1 + g2 + g3 + g4.
Өткізгіштілік кедергіге кері шама болғандықтан бұл формуланы мынадай түрде жазуға болады: 1/R = 1/R1 + 1/R2 + 1/R3 + 1/R4.
Бұл формулада R параллель қосылған төрт резисторлардың жалпы немесе балама кедергісі. Балама кедергінің мәні берілген төрт резисторлардың қай-қайсысынан болса да кіші болады.
Алынған теңдеулерді дәлелдейік. Тармақталмаған тарамдағы токты I, және тарамдардағы сәйкес токтарды — І1 І2, І3, І4а және в нүктелері арасындағы кернеуді – U, осы нүкте аралығындағы жалпы кедергіні – R әріптерімен белгілейік. Ом заңы негізінде мынадай теңдіктерді жазайық: І = U/R; I = U/R1; I2 = U/R2;
I3 = U/R3; I4 = U/R4.
Кирхгофтың бірінші заңы бойынша: І = І1 + І2 + І3 + І4 немесе U/R = U/R1 + U/R2 + U/R3 + U/R4.
Алынған өрнектің екі жағын да U-ға қысқартып біржолата U/R= U/R1 + U/R2+U/R3+U/R4, теңдегін аламыз, дәлелдеу керегі де осы.
Алынған формула параллель қосылған резисторлардың кез-келген санына дұрыс келеді. Дербес жағдайда, егер электр тізбегінде параллель қосылған екі резисторлар R1 және R2 болса, онда мынадай теңдеу жазуға болады: 1/R = 1/R1 + 1/R2. Бұл теңдеуден параллель қосылған екі резисторларды алмастыруға болатын кедергіні R табамыз: R = R1R/(R1 + R2).
Алынған формула іс жүзінде кеңінен қолданылады. Оны былай тұжырымдауға болады: параллель қосылған екі энергия тұтынушының кедергісі осы тұтынушылар кедергісінің көбейтіндісін сол кедергілердің қосындысына бөлгенге тең.
Егер параллель қосылған бірдей резисторлардың R саны п болса, онда мұндай тізбектің жалпы кедергісі бір резистордың кедергісінен п есе аз болады, яғни R жалпы = R/п.
Жоғарыдағы 6-суретке оралып мыналарды жазуға болады:
I1R1 = U; I1R2 = U; I3R3 = U; I4R4 = U.
Бұл теңдеулердің оң жақтары бір-бірімен тең болғандықтан, олардың сол жақтары да тең: I1R1 = I2R2 = I3R3 = I4R4.
Келтірілген теңдеулерден мынадай катынастарды аламыз:
I1/I2 = R2/R1; I2/I3 = R3/R2. т.б.
Бұл қатынастар параллель қатар қосылған резисторлары бар тізбектердегі токтар осы кедергілерге кері пропорционал немесе өткізгіштер өткізгіштілігіне тура пропорционал болып таралатындығын көрсетеді. Сонымен, параллель қосылған резистордың мәні көп болған сайын, ондағы ток мөлшері аз болады және керісінше болады.
Егер түйіндер арасындағы кернеу өзгермейтін болса, онда осы түйіндер арасына қосылған резисторлардағы токтар, оларды тізбектеп қосқаннан өзгешелігі, бір-бірінен тәуелсіз болады. Тізбектен бір немесе бірнеше резисторлар алынып тасталынса, қалған резистор жұмысына олар әсерін тигізбейді. Сондықтан көпшілік жағдайда жарықтандырғыш электр шамдары, электр қозғалтқыштар, тағы басқа электр энергиясын қабылдағыштар электр торабына қатар қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет