Байланысты: Курсты Ж мыс « ндірістік о ытуды йымдастыру ж не арнайы п ндер
Резисторлардытізбектеп қосу Электр тізбегінде әр түрлі кедергісі бар бірнеше энергия тұтынушылар болуы мүмкін.
Генератордың сыртқы тізбегі (5-сурет) R1, R2, R3 кедергілері бар үш энергия тұтынушыларынан тұрсын дейік. Әрбір тұтынушының тұйықталған бір электр тізбегіне бірінен соң бірін тізіп жалғауды тізбектеп қосу деп атайды. Мұндай тізбекте барлық тұтынушылардан бірдей ток өтетініне көз жеткізу қиын емес. Ал сыртқы тізбектің кедергісі тұтынушылар кедергісінің қосындысына тең болады. Біздің жағдайда Ом заңы формуласы мынадай түрде болады: І = Е/( R0 + R1 + R2 + R3).
Сонымен, тізбектеп қосылған үш өткізгіш болғанда, тізбектің жалпы кедергісі R = R0 + R1 + R2 + R3, ал сыртқы тізбектің кедергісі R' = R1 + R2 + R3. Энергия көзінің қысқыштарындағы кернеу, сыртқы тізбекке түсірілген кернеуге тең, яғни U = Е – ІR0 = І(R1 + R2 + R3), мұндағы R0 – энергия көзінің ішкі кедергісіне түсетін кернеу.
Тізбектеп қосылған энергия тұтынушыларының қысқыштарындағы кернеу, токпен қабылдағыш кедергісінің көбейтіндісіне тең, яғни U1 = IR1; U2 = IR2; U3 = IR3; U1 + U2 + U3 = U.
Сонымен, тізбектеп қосылған тұтынушылардағы кернеулер қосындысы энергия көзінің қысқыштарындағы кернеуге тең.
Тізбектеп қосылған тұтынушылардан тұратын тізбектің барлық учаскелеріндегі ток бірдей болғандықтан, кернеулер олардың кедергісін тура пропорционал немесе өткізгіштігіне кері пропорционал болады, яғни
U1 · U2 · U3 = R1 · R2 · R3 = 1/g1 · 1/g2 · 1/g3.
Тұрақты кернеу кезінде ток тізбек кедергісіне тәуелді болады. Сондықтан тізбектеп қосылған тұтынушылардың бірінің кедергісі өзгерсе, онда ол тізбектің жалпы кедергісі мен әрі ондағы токтың өзгеруіне алып келеді. Бұл кезде барлық тұтынушылардағы кернеулер де өзгереді.
Тізбектеп қосылған косымша резисторлар іс жүзінде кернеулерді төмендету үшін (іске қосқыш және реттегіш реостаттар) және де өлшеуіш аспаптардың, шегін кеңейту үшін қолданады.