Курстық ЖҰмыс пәні: Педагогика Тақырыбы:«Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту даму ерекшеліктері» Студенттің аты- жөні: Есенгелдиева Нұргүл Мамандығы 1140100- «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі»



бет11/14
Дата26.06.2024
өлшемі167,53 Kb.
#203483
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Курсовой Нұргүл

д) көп мағыналы сөздермен жұмыс;
Көп мағыналы сөздерді оқушылар жиі қолданады, бірақ ол сөздердің көп мағыналы екенін олар саналы түрде аңғара бермейді. Алғашқы кезде бір сөздің бірнеше мағынасы болатыны оқушыларды таңғалдырады. Бірақ оқушылар бір сөздің бірнеше мағынасын тез үйренеді. «Ана тілі» оқулықтарындағы мәтіндерде көп мағыналы сөздер жиі кездеседі. Мысалы, түс – түс көру; заттың түсі; аттан түс, т.б. Ай – аспандағы ай; ай - бір ай мерзімі; күн – күннің көзі; күн – бір күнгі мерзім; күнкөріс, т.б. 
Мысалы, (2-сынып, ана тілі,212-б) 
Наурызда күлімдеп,
Күн көзі жылында.
Өзгеше бүгін леп,
Қыс тауға тығылды,-
деген өлеңде (Ө.Ақыпбеков) асты сызылған сөзді былайша түсіндіреміз.
1.көз (адам мүшесі)
2.көз (тіршіліктің көзі)
3.көз (заттың не құбылыстың көзі).
Немесе, (2-сынып, ана тілі, 11-б) Жүсіпбек Аймауытовтың «Ыстық қой, шіркін, туған жер!» атты шығармасындағы «Қас қарайды. Қой қотанға келді. Арбаны төңіректеп, сүйкеніп сиырлар тұр. Үй басы есік алдына от жағып, кешкі сиырдың сүтін пісіріп жатыр» деген сөйлем қатарындағы бас сөзі бірнеше мағынада қолданылатынын айтып, оқушылардан осы мәтіннен көп мағыналы сөздерді табуға тапсырма береміз. 
е) қанатты, нақыл сөздермен жұмыс;
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқитын мәтіндерінде тұрақты сөз оралымдары көп кездеседі. Қанатты сөздер – метафоралық түрде, жанама мағынада айтылады. Мысалы, «Оқуына тастай» дегенді тапсырмасын бұлжытпай орындап, жақсы оқитындарға айтады. Қанатты сөздер 1-сынып- тағы «Тарыдай болып кіремін, таудай болып шығамын», - деген сөзден басталады. Міне осыкезден-ақ балаларға қанатты сөздерді танытып, үйрету басталады. Мәтінде кездескен қанатты сөзді оқушылардан қалай түсінетіндерін сұрап, қандай басқа қанатты сөздерді білесіңдер? Балалар әртүрлі жауап береді. Сабақ барысында түсіндірілген қанатты сөздерді және өздері айтқан қанатты сөзді «Қанатты сөздерге» арналған дәптерлеріне жаздыру. 
ж) мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды үйрету;
Балалардың тілін, ойын дамытуда мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштардың маңызы жөніндегі мәселе өз алдына зерттеуді қажет етеді. Оқушылардың сөздік қорын арттырып, сөз мәдениетін қалыптастыруда мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың, жаңылтпаштардың орны орасан зор. «Атамұра» баспасының 2-сыныпқа арналған ана тілі оқулығында 29-мақал-мәтел, 23-жұмбақ, 22-жаңылтпаш берілген. 
Орналасу жүйесі жағынан ана тілі оқулықтарындағы мәтіндердің соңынан беріліп, әрбір тарау мақал мәтелмен ашылады. 
Мақал-мәтелдердегі терең мағыналы оц-пікірлер мәтіндердің мазмұнымен байланысып, тақырып тынысын күшейте түседі. Мысалы, (2-сынып, ана тілі, 121-б) «Еңбекпен ел көгерер» ертегісін оқығаннан кейін, «Кім еңбек етсе, сол – тоқ», «Еңбектің наны тәтті, 
Жалқаудың жаны тәтті» 
мақал-мәтелдер беріліп, талданып, мән-мағынасы түсіндіріледі. Мұнда еңбек сөзін, тек бейнетпен, маңдай термен келетін жақсылық екенін, арманыңа, мақсатыңа жетудегі адал іс-әрекет екені ұғындырылады. Балаларды еңбек етуге тәрбиелесек, осы арқылы сөздік қорына сөз қосылады. Мақал-мәтелдің мән-мағынасын ұғыну үшін, оқушылар біраз ойланады, мидың үлкен жарты шарының аналитикалық-синтетикалық қызметі іске асады және жаңадан сөздер үйренеді, бірқатар сөздердің мағыналарын түсінуге мүмкіндік жасалады. 
Мақал-мәтелдерде поэзияға тән ырғақ, саз, интонация, дыбыс үндестігінің үйлесімі де бар. Мысалы, «Еңбек еткен - емеді», «Ер дәулеті – еңбек» сияқты бірыңғай жіңішке, езулік дыбыстар үйлесімдігі немесе «Ақыл – жастан, асыл – тастан» сияқты бірыңғай жуан дыбысты дыбынстардың үйлесімділігі жеке сөздерді, сөз бен сөздің байланысын дұрыс оқуға көмегін тигізеді. 
Бастауыш сынып оқушыларына мақал-мәтелдерді үйрету арқылы олардың сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз, кездейсоқ іске асырылмайды.Бастауыш сынып кезеңі – баланың сөдік қоры байитын, мәдениетті де, шебер сөйлеуге қалыптасатын кезең. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келе жатқан үлгілерінің бірі.
Мақал-мәтелдер мен жұмбақ, бір жағынан, балалардың өмірге көзқарасын кеңейтсе, екінші жағынан сөздік қорын байытады. 
К.Д.Ушинский бастауыш сынып балаларына мақал-мәтел үйретудің пайдасын айта келіп, оның қысқада болсын табиғат немесе адам тұрмысының шындық құбылысын сипаттайтынын көрсетеді.
Мақал-мәтелдер және жұмбақтар бойынша жұмыстар жүргізу үшін, кейде сиректеу болса да, жеке сабақ арнаудың да пайдасы мол.
Жұмбақтар бойынша жұмыс, негізінен, оның шешуін табу бағытында жүргізіледі. Ол үшін нәрселерді, құбылыстарды жұмбақтап айтылған белгілеріне қарай іздестіру жолымен табу әдісі ұсынылады. Мұндай жағдайда жұмбақталған нәрсенің жалпы қай салаға жататыны, қандай бағытта ізделетіні айтылады. Мысалы, «Іздесем, ізі жоқ, бауыздасам, қаны жоқ» жұмбағын шешу керек делік. Бұл нәрсені өзеннен, көлден іздеу керектігі, оның суда болатыны ескертіледі. Мұндай бағыт берілмеген жағдайда балаларға қиындық түседі. 
Ал жұмбақтың құрамындағы метафоралық бейне сол жұмбақталған нәрсені іздестіріп табу барысында өз-өзінен ашылады. Мысалы, жоғарыда айтылған жұмбақты шешу барысында өзен, көлде болатын балық, бақа-шаян сияқтыларды айтады. Олардың ізі болмағанымен, қаны болатыны, ал біздің жұмбағымыздағы нәрсенің қаны да, ізі де жоқтығы айтылады.
Жұмбақтыңшешуі табылғаннан кейін, сұрақ-жауап арқылы метафоралық бейне ашылады.Жұмбақта қандай із жөнінде айтылады? Мұндағы бауыздау сөзінің мағынасын қалай түсінуге болады? (қайықтың тұмсығымен су толқынын кесуі), т.с.с. Немесе, «Аяғы біреу, қолы жоқ, шиыр-шиыр жолы көп» жұмбағының құрамындағы сөздердің де әуелі тура мағынасы талданады: кез келген нәрсенің салған ізінің сөйлей алмайтындығы, салған іздің сөйлеуі дегеннің не екені сұралады. Осы арқылы бұл жұмбақталып отырғанды оқу құралдарының төңірегінен іздестіру керектігі айтылып, олардың ішінде қозғалатын, жүретін қандай нәрселердің бар ойластырылады. Егер балалар оны таба алмайтындай болса, «Оқу құралдарының ішінде қайсыларында жол бар?» деген сияқты сұрақ арқылы дәптер мен кітапта жол болатыны анықталады. Сонан соң дәптердегі сызық жолдың сөйлей алмайтыны, сөйлейтін жол – жазу екені, жазу жолын қалам, қарындаш салатыны айқындалады.
Бастауыш сыныпта мақал-мәтел, жұмбақтармен қоса жаңылтпаштарда үйретіледі. Әсіресе, бала тілін түзетудегі рөлі зор. Мұнда: 1) тіл мүкістігін жоюға; 2) сөздерді анық айтуға жаттықтырады.
Оқушы меңгерген жаңылтпаш қорын әрбір сыныпта оқу жылы аяғында жарыстар өткізу арқылы айқындауға болады. «Кім жаңылмайды?», «Жаңылтпаш жаңылдырады», т.с.с. атпен жарыстар өткізу оқушылардың жаңылтпаш жаттауына септігін тигізеді. 
А.Байтұрсынов «Төмендегі сөйлемдерді үш қайтара айтқызу арқылы жаңылтпаш жасауға болады» деп, мына сөйлемдерді берген:

  1. Назар нараз.

  2. Нан арзан, нар арзан.

  3. Назар, нараз, нар арзан.

  4. Назар,нараз, нан арзан.

  5. Он нан онанарзан.

  6. Назар, нанар.

  7. Назар, азар, нар азар.

Жалпы оқушылардың қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиял ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларға мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштардың қандай түрлері қандай жүйемен, қалайша берілу керектігі анықталуы қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда ертегілерді оқыту
өте маңызды. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.
Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау, т.б. жұмыстарды 2-3 – сыныптар орындай алады. Ертегіні балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда, жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады.
Оқушының қиялын жетілдіре отырып, тілін дамытуда мысалдардың алатын орны өзгеше. 
Әдеби шығармалардың басқа түрлерінен мысалдың мынадай өзгешіліктері бар:

  1. аллегориямен айтылатыны:

  2. мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән болатыны:

  3. оның оқылу ерекшелігі.

Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда, суреттелген оқиғаның тартымдылығына қызығады, оны шындық деп қабылдайды. Сондықтан мысалды оқып шығысымен, автордың ондағы суреттеп отырған жан-жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер? Дегендей сұрақ қою қателік болар. Өйткені жұмысты мұндай әдіспен жүргізу – оқушылардың мысалды оқығанда алған әсерін жояды. Сондықтан одан алған әсерлері әлсіремей, қайта күшейе түсетіндей, мысалдағы кейіпкерлердің іс-әрекетін тереңірек ұғына түсуіне жағдай жасайтын әдіс-тәсілдер қарастырылады. Ол үшін алдымен мысалдағы суреттелген оқиғаны, қатысушы кейіпкерлерді шындық, өмірде болатындай етіп түсіндіру қажет. Ал мысалда суреттелгендер балаларға шындық, болмыс жөнінде қате түсінік береді, өйткені қарға, түлкі сөйлемейді ғой деген сияқтылардан қауіптенудің қажеті жоқ. Олардың сөйлемейтінін балалардың өздері де жақсы біледі, сонда да оны шындық сияқты қабылдайды.
Мысалдарды оқығанда көңіл қоятын жай – оқушыларға олардың мазмұнын қабылдащту және олардағы кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау.
Қорыта айтқанда, мысалды төмендегідей жолдармен оқытуға болады:

  1. Оқылатын мысал жөнінде мұғалім алдын ала әңгіме өткізеді; онда балаларға түсінігі ауырлық келтіретін сөздердің (сол мысалдың ішінде кездесетін) кейбіреулерін кірістіре отырып, олардың мағыналарын аша кетеді.

  2. Мұғалім мысалды әуелі нақышына келтіре өзі оқиды, сонан кейін оқушыларға оқытады.

  3. Мысалдың мазмұны талданылады.

  4. Мысалдың кей жерлерінен үзінді келтіріле отырып, ондағы негізгі ойдың не екені қорытындыда әңгімеленеді.

  5. Мысалдың мазмұнына ұқсас өмірде кездесетін іс-әрекеттерден мысалдар келтіріледі.

  6. Рөлге бөліп оқытылады.

Ертегі, мысалдар арқылы баланың қиялына шығармашылық бағыт бере отырып, тілін ұстартуға зор септігін тигізеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет