Зерттеудің практикалық мәнділігі:
мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды ойын арқылы білім беру ұсыныстары, үлгі жоспарлары жасалды;
балаларды оқуға тәрбиелеуде ата-аналармен жұмыс бағдарламасы құрастырылды.
Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Тараз қаласының №30 балабақшасының ересектер тобы балаларымен жүргізілді.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Кіріспе бөлімде зерттеудің өзектілігі, ғылыми аппараты, зертеудің мақсаты, нысанасы, пәні, міндеттері мен зерттеу болжамы, әдістері, кезеңдері көрсетілді.
Бірінші кезеңде зерттеу мақсатында мәселенің теория мен практикадағы жағдайы зерттелді, теориялық тұжырымдамалар талданды, зерттеудің ғылыми аппараты, болжамы мен жетекші идеясы нақтыланды.
Екінші кезеңде зерттеудің теориялық негізі нақтыланып, мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі зерттеу мәселесіне талдау жүргізілді, тәжірибелік жұмыс жасалынды.
Қорытындыда ғылыми жұмыстың нәтижелері негізінде әзірленген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |