«Қымбат ақша» саясаты өндірісті дамыту үшін несие алу мүмкіндіктерін шектейді, бұл инвестицияның азаюына, өндірістің құлдырауына және жұмыссыздықтың өсуіне әкеледі. Жеке секторда халықтың жинақ ақшасы мен тұтынуға тартылған несиелердің қысқаруы сияқты процестер жүріп жатыр. Нәтижесінде тауарлар мен қызметтерге сұраныс төмендейді, бұл да өндірістің дамуын тежейді.
Ұлттық банк мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асыруда құралдар жиынтығын қолданады. Ақша-несие реттеудің тікелей және жанама құралдарының арасындағы айырмашылық екі жақтан қарастырылуына болады. Тікелей құралдар тауарлардың бағаларын немесе көлемін орнату немесе шектеуді қарастырады, ал жанама нарық арқылы әсер етеді және сұраныс пен ұсынысқа әсер етеді.
Тікелей құралдар негізінен несиелік лимиттер түрінде коммерациялық банкілердің балансына қатысты қолданады, ал жанама құралдар ұлттық банкі балансының хал-ахуалын жақсарту үшін қолданады.
Тікелей құралдар өтпелі кезеңде, ақша нарығының әлсіз кезеңінде қолданған тиімді болып табылады. Жанама құралдары қолдану ақша қаражаттарының несие – қаржылық институттарын қарыз қапиталының ұйымдастырылмаған нарығына ағуын тоқтады. Ұлттық банк жанама құралдарды қолдана отырып, резервтік қорлардың ұсынысын анықтай алады, сонан соң ұсыныс пен сұранысты резервтік қорлардың қалдықтарына теңестіре отырып банктердегі ликвидті қаражаттарға ықпал етеді, сөйтіп банктік және банкаралық ақша нарықтарындағы пайыздық ставкаларды өзгертеді.
Енді ұлттық банкінің коммерациялық банктерге қатысты өзінің жүргізетін саясатына көмекші болатын негізгі құралдарды қарастырайық. Оларға ең алдымен қайта қаржыландыру мөлшерінің өзгеруі, резервтік талаптар нормаларының өзгеруі, ашық нарықта бағалы қағаздармен және шетелдік валютамен операциялары, сонымен қатар қатаң әкімшілік шаралары жатады.
а)Резервтік талаптар саясаты. Міндетті резерв – бұл коммерациялық банктердің Ұлттық Банкте арнайы шотта сақтайтын ақша қоры. Ол негізгі екі қызмет атқарады:
1) коммерациялық банктердің өз салымшылары алдында міндеттерін орындау кепілдігін беру;
2) ақша массасын реттеу құралы.
Қазақстан Ұлттық Банкң банктердің депозиттері мен заемдары бойынша сыйақы мен ставкаларын реттеу мақстаында ең төменгі талаптардың нормативтерін пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық Банкі ең төмеңгі резервтік талаптардың нормативтерін банктер міндеттемелері сомасының проценті ретінде есептейді.
Банктердің есеп айырысу үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгі резервтік талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртібін, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін Қазақстан Ұлттық банкі белгілейді.
Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Ұлттық Банкі тарату комиссиясына өзінде резервтелген қаражатты он күндік мерзімде қайтарады.
Қазіргі кезде минималды резервтік талаптар – бұл барлық несие мекемелерінде болуы қажет өте ликвидті активтер болып табылады, әрине міндетті түрде олар банктердің кассаларында қолма-қол ақша түрінде, немесе орталық банкі белгілейтін жоғары ликвидті формаларында сақталынады. Резервтік талаптардың нормативі өз алдында заңдық ретте минималды резервтер сомасының пассивті (депозиттердің) немесе активті (несиелік салымдардың) операциялардың абсолютті (көлемді) немесе салыстырмалы (өсімше) көрсеткішетріне пайыздық қатынасын көрсетеді. Нормативтерді қолдану тоқталады (барлық міндеттемелер мен ссудалардың сомасына белгілеу) және селективті (олардың белгілі бір бөлігіне) ықпал ету сипаттамалары бар.