Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Қазақстанның ақша-несие саясатының мақсаттары, құралдары мен ерекшеліктері



бет1/4
Дата16.02.2023
өлшемі348,11 Kb.
#168932
  1   2   3   4
Байланысты:
курсовая Кенесарова А (копия)


Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрілігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті КеАҚ

«Экономика және аудит» жоғары мектебі




КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстанның ақша-несие саясатының мақсаттары, құралдары мен ерекшеліктері


Орындаған: Кенесарова Ә.С.


БАН-11 тобының студенті
Тексерген: Кенжин Ж.Б.
PhD докторы, доцент м.а.

Орал 2021


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………3


1. АҚША-НЕСИЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ……………………………………


1.1 Ақша-несие саясатының мәні мен мақсаты....................................................4
1.2 Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары.................................................7

2. МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ................................................................


2.1 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының жүргізілу барысы....................................................................................................................12
2.2 Елдегі ақша-несие саясатының қалыптасуындағы және оның іске асуындағы мәселелерді талдау.............................................................................15

3. МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ТИІМДІ ЖҮРГІЗУДІҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ..........................................................................................


3.1 Қазақстандағы ақша-несие саясатының даму болашағы.............................21
3.2 Мемлекеттің ақша-несие саясатының заңдық реттелуі және жетілдіру бағыттары...............................................................................................................22

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................25




КІРІСПЕ

Экономикада ақша-несие саясаты атты ұғымды көп кездестіреміз. Ақша-несие дегеніміз – банк жүйесінің жұмысын шешуге бағдар алған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының басты көздеген мақсаты -инфляцияны қысқарту және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып саналады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты: ақша-несие саясатының мәні мен мақсатын көрсету, түрлері мен құралдарын анықтау. Елімізде ақша-несие саясатының жүргізілу барысын, қалыптасуын және іске асыру кезіндегі мәселелерді талдау мен болашағын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: ақша-несие саясатының жалпы сипаттамасын анықтау және Қазақстанда ақша-несие саясатын жүргізу мен қалыптастыру.
Курстық жұмыстың өзектілігі: елдегі ақша-несие саясатының жүргізу мәселелерін қарастырып, экономикалық рөлін көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Бірінші тарау: Ақша-несие теориялық негіздері. Бұл тарауда ақша-несие саясаты туралы жалпы түсінік қалыптастырып, түрлері мен қолданылатын құралдарын анықтау.
Екінші тарау: Мемлекеттің ақша-несие саясатының қазіргі жай күйін талдау және оның мәселелері. Бұл тарауда Қазақстан Республикасында ақша-несие саясатының жүргізілудегі және оның іске асу кезіндегі туындаған мәселелерін талдап, шешу.
Үшінші тарау: Мемлекеттің ақша-несие саясатын тиімді жүргізудің жеілдіру жолдары. Бұл тарауда елдегі ақга-несие саясатының даму болашағын және оның заңдық реттелуі мен жетілдіру бағыттарын талдау.
Курстық жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы -экономикалық жоғарғы оқу студенттеріне ақша-несие саясатының мәні мен мақсатын және қазіргі жай күйін практикалық тұрғыдан да, теориялық тұрғыдан да талдап, қызығушылық туғызады.

1. Ақша-несие теориялық негіздері


1.1 Ақша-несие саясатының мәні және мақсаты

Ақша-несие саясаты – бұл бағаның тұрақтылығын, халықтың толық жұмыспен қамтылуын және нақты өнім көлемінің өсуін қамтамасыз ету мақсатында айналыстағы ақша көлеміне әсер ететін мемлекеттік саясат.


Кез келген билік қоғамдағы экономикалық жағдайды жақстартуға бағытталған саясат жүргізуі керек. Онсыз ол әртүрлі әлеуметтік қолдау ала алмас еді. Көптеген елдер үшін негізгі экономикалық проблемалар инфляция, жұмыссыздық және экономикалық құлдырау ықтималдығы болып табылады. Үкіметтің күш-жігері осы мәселелерді шешуге бағытталған.
Макроэкономикалық процестерге (инфляция, экономикалық өсу, жұмыссыздық) ақша-несиелік реттеу әсер етеді. Орталық банк ақша-несие саясатының негізгі қозғаушы күші және ақша-несиелік реттеуге жауапты орган болып табылады. Оның негізгі міндеті – кәсіпорындар мен халықтың жинақтарын қалыптастыру және кейіннен өнімді инвестицияға айналдыру үшін объективті алғышарттар жасау. Орталық банктің құзіретіне жататын осы объективті алғышарттар кезінде инфляцияның тұрақтылығын, ұлттық валюта бағамын және пайыздық мөлшерлеменің төмен деңгейін түсіну қажет.
Ақша-несие саясаты жиынтық өнім көлемін (тұрақты өсу), жұмыспен қамтуды және баға деңгейін тұрақтандыру мақсатында ақша массасын өзгертуге бағытталған.
Коммерациялық банктердің реттелмейтін қызметі іскерлік белсенділіктің циклдік ауытқуларына әкелі мүмкін. Инфляция кезеңдерінде олар үшін ақша массасын ұлғайту тиімді, ал депрессия кезеңдерінде – қысқарту, сол арқылы дағдырысты ұшықтыру. Сондықтан ақша айналымын реттеудің теңгерімді мемлекеттік саясаты қажет. Елдің бүкіл ақша жүйесінің негізгі үйлестіруші және ретттеуші органының бұл рөлін орталық банк атқарады.
Орталық банктің ақша-несие саясатының негізгі мақсаты – ұлттық валютаның тұрақты сатып алу қабілетін қолдау және төлемдер мен есеп айырысулардың икемді жүйесін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге, орталық банктің саясаты мемлекеттің бүкіл экономикасын реттеудің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады.
Ақша-несие саясаты ақшаның жалпы экономиканың жағдайына әсерін зерттейтін ақша теориясына негізделген. Экономистер арасында екі қарама-қарсы көзқарас бар: кейсиандық және монетаристік теория.
Джон Мейнард Кейнс және оның ізбасарлары экономиканың нарықтық құрылымының ішкі «кемшіліктері» бар, ол өзін-өзі реттеуге қабілетсіз деп есептеледі. Бұл атап айтқанда, жұмыссыздықтан, инфляциядан, жиі экономикалық дағдырыстардан көрінеді. Кейнстиандықтар дағдырыстардың алдын алу және тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін мемлекет экономикаға белсенді араласуы керек, қатаң фискалдық және ақша-несие саясатын жүргізуі керек деген қорытындыға келді. Олар ақша массасының өзгеруі номиналды ЖҰӨ-ге әсер ететінін мойындады, ал ақша-несие пайыздық мөлшерлеме деңгейіне негізделуі керек (өйткені пайыздық мөлшерлемені өзгерту арқылы біз инвестициялық белсендікті, ал мультипликатор әсер арқылы - номиналды ЖҰӨ-ды өзгертеміз).
Негізгі кейсиандық теңдеу:
ЖҰӨ = C+I+G+NX

Мұнда C – халықтың тұтыну шығыстары; I – инвестиция; G – тауарлар мен қызметтерді сатып алуға мемлекеттік шығындар; NX – таза экспорт.


Кейсиандықтар ақша-несие саясатына қарағанда фискалдық немесе бюджеттік саясат экономикалық дағдырыс кезінде тиімдірек деп есептейді. Олардың пікірінше, ақша айналасының жылдамдығы өзгермелі және болжау мүмкін емес. Кейсиандық позиция: ақша тек «транзакциялар» жасау ғана емес, сонымен бірге оларды актив ретінде иелену де қажет. Тек транзакциялар үшін ақша қозғалады, ақша – активтер айналымға қатыспайды. Демек, операциялар үшін қолданылатын ақшаның салыстырмалы құны неғұрлым көп болса, соғұрлым ақша айналасының жылдамдығы жоғары болады. Ақша массасының кеңеюі пайызыдық мөлшерлемені төмендетеді. Актив ретінде ақшаға ие болу шығыны азая бастағанда, халық айналым жылдамдығы нөлдік ақша активтерін көбірек ұстайды. Сондықтан ақша айналымының жалпы жылдамдығы төмендейді. Сонымен, ақша айналысының жылдамдығы пайыздық мөлшерлемені тура пропорционалды және ақша ұсынысына кері пропорционалды өгереді. Егер олай болса, онда ақша массасы мен таза ұлттық өнім арасында тұрақты байланыс болмайды, өйткені ақша айналымының жылдамдығы ақшаның өзгеруіне байланысты өзгереді.
Жоғарыда инфляциямен күресу үшін ақша айналыммын шектеу қажет екендігі атап өтілді. Бұл жерде кейсиандықтардың пікірі басқаша. Олардың пайымдауынша, ақша массасының азаюы сұраныстың төмендеуіне әкеліп соғады, бұл өндірістің құлдырауына әкеледі, бұл өз кезегінде инфляцияны арттырады. Кейсинадықтар мемлекеттік реттеудегі басты мәселе инфляциямен күресу емес, тиімді сұранысты ынталандыру деп есептейді.
70-ші жылдар кейсиандық дағдырысты көрді. Бұл мектептің идеяларында монетаризм идеялары басым, оның негізгі теоретигі атақты американдық экономист Милтон Фридман.
Монетаристер нарықтық экономиканы ішкі тұрақты жүйе деп есептейді. Барлық қолайсыз сәттер - мемлекеттің негізсіз араласуының салдары, оны барынша азайту керек.
Монетаризм ақшаға назар аударады. Бұл мектептің өкілдері ЖҰӨ мен ақша ұсынысы арасындағы байланыс инвестиция мен ЖҰӨ арасындағы байланысқа қарағанда күштірек деп есептейді. Бұл тұжырым И.Фишер теңдеуінен шығады:
M x Y=P x G
Мұнда M – ақша массасы; Y – ақша айналасының жылдамдығы; P – баға индексі; G – тауар саны. Шынында да, егер ЖҰӨ = P x G, ал Y тұрақты (немесе оның өзгерістерін болжауға болатын) деп алсақ, онда ЖҰӨ айналымындағы ақша көлеміне тікелей баланысты.
Қорытындылай келе, ақша-несие саясатының заманауи үлгілері кейсиандық та, монетаристік идеяларға да негізделген.
Ақша-несие саясатының экономика жағдайына әсер ету механизмі біршама күрделі. Сондықтан Орталық Банктер ақша-несие саясаты бойынша шешім қабылдағанда көрсеткіштердің үш тобын қарастырады:

  1. Ақша-несие саясатының ақырғы мақсаттары;

  2. Ақша-несие саясатының аралық мақсаттары;

  3. Ақша-несие саясатының құралдары.

Ақырғы мақсаттар – нарықтық экономикасы бар елдің экономикасы үшін тұрақты болып табылатын жаһандық макроэкономикалық мақсаттар болып табылады. Ақырғы мақсаттарға:

  • Экономикалық өсу;

  • Толық жұмыстабылық;

  • Бағалардың тұрақтылығы;

  • Тұрақты төлем балансы жатады.

Аралық мақсаттар – ағымдағы ақша-несие саясатында белгіленген неғұрлым нақты және қолжетімді мақсатттар. Олар түпкі мақсатқа жетудің құралы болып табылады. Аралық мақсаттарға:

  • Ақша массасы;

  • Пайыздық қойылым;

  • Айырбас бағамы жатады.

Аталған көрсеткіштер ақырғы мақсатқа жету үшін ақша-несие саясатынның құралдарын пайдалана отырып, аралық мақсаттар қою және шешу қажет болатын өзіндік иерархиялық құрылымды құрайды.
Аралық мақсаттарды қою қажеттілігі келесі жағдайлармен түсіндіріледі:

  • ақырғы мақсаттар (мысалы, төлем балансы немесе жиынтық ұлттық өнім) ақша-несие саясатының құралы қолданылған сәттен үлкен артта қалумен мерзімді түрде өлшенеді;

  • ақша-несие саясатының ақырғы мақсаттары тұрғысынан ақша-несие саясатының тиімділігін бағалауды қиындатады.

Аралық мақсаттар әдетте нарыққа қатысушыларды Орталық Банктің шешімдері туралы хабардар ету және ақшалай құндылықтардың болашақтағы қалпына (ақша массасының өсу қарқыны, пайыздық мөлшерлемелер, инфляция) қатысты нарықты бағдарлау үшін жарияаланады.
Аралық мақсаттарды таңдау критерийлері:

  • қойылған мақсаттың бір немесе бірнеше ақырғы мақсаттармен тұрақты байланысы;

  • мақсаттың бақыланатындығы, яғни оған орталық банкте қол жетімді ақша-несие саясатының құралдары әсер етуі және ақырғы мақсаттарға жету үшін талап етілгендерге қарғанда қысқа мерзімде жұмыс істеуі керек;

  • осы мақсатқа жету құнын бірден немесе шамалы лагпен өлшеу мүмкіндігі.

1.2 Ақша-несие саясатының түрлері, құралдары.

Ақша-несие саясатының екі түрі болады: рестрикциялық және экспанцондық. Ақша-несие саясатының әрбір түрі өз құралдарының жиынтығымен және реттеудің экономикалық және әкімшілік әдістерінің белгілі бір жиынтығымен сипатталады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет