Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда қазақ тіліндегі жалғауларды оқытудың тиімді жолдары»
177385.pptx
Бұл көрнекілікті түсіндіру жолы мынадай: Алдымен көптік жалғау деген тіркеске түсінік беріледі. Көптік жалғауы жалғанған сөзіне көптік мағына беріп, оны екінші бір сөзбен жалғастыратын болғандықтан, бұл қосымшаға берілген атау өзінің атқаратын қызметіне толық сай келіп, өзінің мазмұнының қандай екенін бірден-ақ аңғартып тұрғанын ескертеміз. Екінші ретте, көптік жалғауының арнаулы –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер тұлғалы жалғауының барын және бұлардың буын үндестігіне байланысты жуан, жіңішке вариантта айтылатынын, сол тұлғада жазылатынын балалар, кемелер, көлдер, кітаптар, мектептер сөздері арқылы түсіндіреміз. Үшінші ретте, көптік жалғауының қосымшаларының басқы дыбыстарының л, д, т, дыбыстарынан басталатын септерінің сырын ашамыз. Бұл жайды мұғалім көрнекіліктегі үшкіл сызық арқылы түсіндіреді. Көптік жалғауы жалғанатын сөздердің соңы дауысты, сонор р, у, й дыбыстарының біріне аяқталса, көптік жалғауы үнді л дыбысынан басталып, -лар, -лер тұлғасында жалғанатындығын сұрақ-жауап әдісімен өздеріне жинақтатып, осы тәрізді мысалдар айтқызамыз. Міне, осындай жолмен көптік жалғауының д, т дыбыстарынан басталатын себебін түсіндіріп, мысалдарды өздеріне тапсырамыз Осы жолмен түсіндірілген жаңа материалды оқушылардың қаншалықты дәрежеде түсінгендіктерін байқау үшін, магнитофонды пайдалана отырып, мынадай жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады: Біріншіден, оқушыларға мынадай мазмұнда жазылған кеспе қағаздарын үлестіріп береміз: Дауысты дыбысқа біткен екі сөз ойлап, оған көптік жалғауын жалға. Өнерпаздар, егіншілер сөздеріндегі көптік жалғауы неліктен –дар, -лер болып тұр? Күректер, кілемдер сөздеріндегі көптік жалғауының түрлеріне талдау жаса. Көптік жалғауы қандай жағдайда д дыбысынан басталады, мысал келтір. Зат есімнің тәуелдік категориясын түсіндіру көптік категориясына қарағанда, күрделі де, қиынырақ. Сондықтан тәуелдік категориясын түсіндіруде мұғалімнің үлкен шеберлігі керек. Мұны мұғалім шеберлігіне байланысты әр түрлі жолмен түсіндіруге болады. Зат есімнің тәуелдік категориясы да сөздері өзара байланысқа түсіретін категория екенін ескерте отырып, нақтылыдан нақтысызға, белгіліден белгісізге қарай үйрету, таныту әдістері арқылы баяндалады. Мұғалім күні бұрын өзіне тән кітабын, қарындашын, дәптерін ала келуі керек. Ол күндегі әдетінше, сабақтың мазмұнын бірден ашып кетпей, ең алдымен, меншік және тәуелді деген сөздердің ұғымын оқушыларға түсіндіргені дұрыс. Оқытушы өзінің алып келген заттарын көрсете отырып, бұл заттың иесі өзі екенін, заттың басқаға емес өзіне ғана тән, меншікті екенін балалардың көру қабілеті арқылы, әрі ойландыру процесі арқылы түсіндіргені жөн. Мұнан соң заттың иесін менің, сенің, сіздің, оның деген ілік жалғаулы сөздер білдіретінін, жеке тәуелді заттар кітабым, кітабың, кітабыңыз, кітабы деген тұлғада айтылатынын айтып, тақтаға: жүктеу/скачать 2,78 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |