1.3 Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында тиімді әдістер мен жаттығуларды пайдалану
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерды, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда. Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын, ағылшын тілінде өз ойын ауызша жеткізе алатын, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалай қалыптастыруға болады? деген сұрақ туындайды. Менің тәжірибе кезінде байқап бақылағаным бойынша оқушылардың сөйлеу дағдысы алғаш сабақ басталғаннан бастап қалыптаса бастайды. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділіген арттыру мақсатында жүргізілетін жұмыстарға төмендегідей әдістерді жатқызуға болады:
1. Ауызша әдіс – теория және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады.
Көрнекі әдісті – бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру және оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.
3. Практикалық әдіс – практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады. Оқушылардың белсенді жұмыстануына жақсы септігін тигізеді.
4. Іздену әдісі – өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады.
5. Индуктивтік әдіс – қорытынды жасау қабілетін дамыту күрделендіре оқыту үшін, ойлау қабілетін қалыптастыру үшін пайдаланылады.
6. Өзіндік жұмыс әдісін – оқу әрекетінде жұмыс істеуде қабілетті дамыту және оқу еңбегінде дағдыны қалыптастыруда жеңіл тақырыптарды өз бетінше дайындауға, дидактикалық материалдармен тиімді жұмыс жасай білуге баулу үшін қолданылады
7. Ойын әдісі – оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу-білік дағдыларын қалыптастырады
Тапсырмалары:
1. Мәтінді тыңда және қатесіз, дауыс ырғағын сақтай отырып қайтала;
2. Мазмұнын суреттерге қарап түсіну;
3. Мазмұнын түсінуі бойыншы сурет салып, суреттеу;
Келесі жаттығу түрі сөйлеуге үйрету. Диалогты сөйлеуде – оқушылар сұрақ–жауап, өтініш айту, нұсқау беру және тағы басқа жұмыстары ретінде қарапайым іс - әрекеттерді жасай алуы тиіс. Балалар тұтас жағдай құрай алуы керек. Оқушылар жалпы арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр – түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтіндігін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру қажет және әр оқушы сөйлегенде екі репликадан айтуы қажет.
Қазіргі кезеңде пән мұғалімдерінің кеңінен қолданып жүрген тілдік жаттығуларының біріне «Warming up» жаттығуын кіргізуге болады. Тілдік жаттығудың мақсаты – сабаққа деген бетбұрыс туғызу. Тілдік жаттығу барысындағы мұғалімнің жылы дауысы, сұрақтардың алдын ала ойластырылып тапсырмалардың дұрыс жоспарлануы мұғалім мен оқушының арасындағы жақсы қарым – қатынас туғызып, алдағы сабақтың нәтижесін жоғарылата түседі.
Сурет арқылы шағын шығарма жазу оқушылардың тек жазу, тілді тусіну, сөйлеу қабілеттерін арттырып қана қоймай әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына себеп болады. Бұндай шығармаларды көп уақыт алмай 5 минуттық жазу ретінде өткізу әбден мүмкін немесе үй тапсырмасына беруге болады. Баланың іздену қабілеті дамиды. Тексеру кезінде баланың жіберген қателеріне көңіл бөлмей, оның идеясына, өмірлік тәжірибесін сипаттай білу қабілетіне, өз бетінше жұмыстанан мәтіннің құрылымына көбірек назар аударған жөн. Аталған әдістерді пайдалана отырып түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады.
Сонымен қатар оқушылырадың ағылшын тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту бағытында түрлі іс-әрекет ұйымдастыруға болады. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже мен ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық білімді шыңдауға болады. Қорыта келе оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістерді пайдалана отырып, жаттығулар орындатудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік сөйлеу дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру – мұғалімнің ой ұшқырлығына, шеберлігіне,комуникативті құзіреттілігіне байланысты. 1-сыныпқа қабылданатын оқушылар да қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін сәйкесінше осы тілдерде оқиды. Мектеп табалдырығын енді аттаған балаға да, оның ата-анасына да бұл оңай іс емес. Балаға тіл үйретерде қандай қате жібермеу керек? Қандай онлайн сервистердің көмегіне жүгінген жөн?
1-сыныпқа енді баратын балаға, әрине, грамматиканы, жазуды үйрете алмайсыз. Бұл жаста олардың мына қабілеттерін дамытуға үлес қосу қажет:
тыңдау, түсіну;
сөйлеу;
оқу (ата-анасымен бірге және өзі иллюстрациялы кітаптарға қарап оқып, сипаттауы керек).
Егер өзге тілдегі мультфильмді бала түсінбейді деп ойласаңыз, қателесесіз. Балалардың тіл түйсігі ерекше болады. Олар сөзді ұғынбауы мүмкін, алайда кейіпкерлердің эмоциясы, қимылы, мультфильм әуені оқиғаны “айтып” береді. Мультфильмді тамашалағаннан кейін бала автоматты түрде сөздерді қайталай бастайды, әні ұнаса, бірге қосылып шырқайды.Мәселен, Bilimland.kz сайтындағы “Мектепке дайындық” курсында анимациялық видеолар бар. Сюжеті қызық сабақтарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тамашалауға болады. Видеоны бірінші ана тілінде, одан кейін қалған екі тілде қайталатып көрсетсеңіз, балаңыздың тілді қабылдауына едәуір көмектесер едіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |