Қорытынды
Қазір кез келген жасөспірім ұл-қыздан «ағылшын тілін меңгеруді қалар ма едің» деп сұраңызшы, ойланбастан «иә» деп жауап берері сөзсіз. Өйткені бұл заман талабы. Ал жастар заман ағымынан артта қалғысы келмейді. Бәрі дерлік ағылшын тілінде айтылатын әндерді тыңдайды. Ағылшын тілін үйренуге талпынады. Ағылшын тілін білген жастардың жақсы жұмысқа орналасу мүмкіндігі де әлдеқайда жоғары. Ағылшын тілін білгеннің артықшылығы көп. Тіл білсең шет елге барып оқу да проблема емес. Заманауи технологияны меңгеру үшін де ағылшын тілі қажет. Елбасымыздың өзі де осылай деген жоқ па?! Сондықтан ағылшын тілін балабақшадан бастап оқытуға қарсы болмауымыз керек. Өйткені, мамандар баланың жас кезде ақпарат қабылдау мүмкіндігі жоғары болатынын айтады. 5-6 жастан оқыған бала ағылшын тілін тез меңгеріп алады. Егер 6 сыныптан оқытамыз десек, кеш болатын сияқты. Естеріңізде болса, Кеңес үкіметі тұсында 6 сыныптан шет тілін оқытатын. Бірақ содан шет тілін меңгеріп шыққан бірде-бір адамды мен өзім көрген емеспін. Қазір қазақ тілінде өте жақсы сөйлей алатын өзге ұлттың балалары бар. Олар бірінші сыныптан қазақ мектебінде оқығандар. Яғни, қазақ тілін 1 сыныптан оқығандар. Олар өз ана тілдерін де ұмытқан емес. Ал, мектепте қазақ тілін пән ретінде оқығандардың қазақ тілін меңгергені жоқтың қасы. Ағылшын тілін де пән ретінде 6 сыныптан оқытатын болсақ, осындай жағдай қайталанары сөзсіз. Сондықтан қолды дер кезінде сермеу керек. Яғни, балаға тілді жастайынан үйрету қажет. Мен мұнымен қазақ тіліне қарсы шығып отырғам жоқ. Қазақ тілі қашан да бірінші орында тұру шарт. Өкінішке қарай, бізде ұрандатып кететіндер көп. Елбасы айтты деп бар күшті ағылшын тілін оқытуға жұмсап, соған жағдай жасаудың қажеті жоқ. Депутат ағамыздың сөзіне қарағанда, қазір мектептерде орыс тілі мен ағылшын тілі сабағы қазақ тілі пәніне қарағанда көп оқытылады екен. Мұндайға жол беруге болмайды. Керісінше, қазақ тілі сабағы көп болуы тиіс. Менің пікірім, қазақ тіліне басымдық бере отырып, ағылшын тілін бірінші сыныптан оқытқан абзал.
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI – ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді.
Шетел тілінде бірінші сынып оқушылар дұрыс қарым – қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Шетел тілінің қызметі – оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан – жақты дамыту. Шетел тілі пәні бойынша білім мазмұнына тақырыптар, қарым – қатынас ситуациялары, мәтіндер, тілдік материалдар; лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық біліктер, сөз әдептері, оқу әрекетінің тиімділігін іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары жатады.
Қандай тілде болмасын оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дұрыс іске асырғанда ғана мақсатқа жетуге болады емес пе? Мысалы, мәтін оқыған кезде ашық жауап, дұрыс – бұрыс жауап таңдау сұрақтары, кім? не? сұрақтары, тақырыпшаларды параграфтармен, суреттермен байланыстыру, мәтіннен қателер табу, бос жерлерді, таблицаларды толтыру, мәтіндегі сөздер мен тіркестердің мағынасына тоқталу, мазмұны туралы пікірін білдіру, байланыс тіркестерін табу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы кез–келген дәрежедегі мәтіндерді қызығушылықпен меңгеріп, еске сақтауға жағдай жасалады. Cонда ғана оқу стратегиясы жүзеге асырылады.
Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді іздеумен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асады. Фонетикалық материал бір қарағанда, жоғары сыныптарға керегі жоқ сияқты болғанымен, кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін түсіру сияқты нәрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Оның бәрі оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың әсерлі өтуіне септігін тигізеді.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Инновациялық технологиялардың көптігіне, олардың түрі мен әдістерінің сан – салалағына қарамастан, әр технологияның элементтері өзара бір– бірімен байланысып кірігеді.
Бірінші сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді әдістер өте көп. Оларды уақытылы тиімді пайдаланудың маңызы зор екендігін байқауға болады. Демек олардың іскерлік сөйлеу дағдыларын белсенді ұйымдастыра отырып, тиянақты білім беру – мұғалімнің ой ұшқырлығына, камуникативті құзіреттілігіне байланысты.
Ағылшын тілі сабақтарында компьютермен жұмыс істеу де ерекше орын алады. Қазіргі таңдағы техникалық оқыту құралдары – телефон, телевизор, магнитофон, мультимедиялық кабинет арқылы оқыту тілдерді меңгерту қызметіне жаңаша қарауды, бұл бағытта қол жеткізген табыстарымызды сын көзбен қарап, саралап ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізуді қажет етеді.
Қорыта келгенде шетел тілін үйретудегі мұғалімнің негізгі мақсаты әртүрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу, жазу іскерліктерін арттыру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.«Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу». Петров А.В. 2001.
2.«Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту». Калмыкова Е.В, 2007.
3.Ойын технологиясының ерекшеліктері // Интернет.
4.Креативтілікті дамытудағы ойын технологиясы // Интернет.
5.Колесникова И.Е. Игры на уроке английского языка. 1999 ж.
6. Мектептегі шет тілі, 2006 ж. №2
7. Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері. 2008 ж. №5
8.Қазақстан мектептерінде ағылшын тілін үйрету журналы. – Алматы:
9.Амандықова Г.Н,Мұхтарова Ш.Е, Баймұқанова Б.С «Шет тілін оқыту әдістемесі»,2003
Достарыңызбен бөлісу: |