Курстық жұмыс Тақырыбы: «Бірінші сынып оқушыларынa ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы»


 Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін және жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігі



бет6/8
Дата14.12.2022
өлшемі98,21 Kb.
#162768
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Фарира Курс раб

2. Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін және жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігі
2.1 Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану


Ойын ойнау арқылы оқушылар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жетуге болмайды. Ойын арқылы ағылшын тілін үйрету барысында кездесетін қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады. Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушы құзыреттілігі дамиды. Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана білу, проблеманы шешу, дайындық сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Жаңа білім жүйесіндегі басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқушының құзыреттіліктер жиынтығы білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған. Тиімді қолданылған кез келген технология білім сапасын арттыратыны ақиқат.
ХVII-XX ғасырларда ойын әрекетін түсіндіруде жаңа көзқарастар, пайымдаулар орнығып, төмендегідей ғалымдар ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырды,олар: Г. Гегель, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюлер, В. Фриге, К.Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, Г.М. Мейес, В.М. Демин, М.А. Каган, т.б. ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын іс-әрекетінің әлеуметтік жақтарын анықтап, оның баланың қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған.
Ойын – күрделі биологиялық, психологиялық, педагогикалық ұғым. Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің психологиялық көзқарасы бойынша «ойын негізінде адамның барлықпсихикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туады . Ойын - адам іс-әрекетінің негізгі түрінің бірі. Ол адам іс-әрекет жүйесінің негізгі құрамдық бөлігіне кіреді. Ойын іс-әрекетінсіз адамдардың, қоғамның, жеке адамның дамуы мүмкін емес.
Қоғамдағы ойын іс-әрекетінің обьективті маңыздылығын білімді, шеберлікті, дағдыны қалыптастыру бағытынан көрінеді. Бұл туралы орыс педагогы А. Макаренконың айтылған сөздері орынды: «Оқушы өмірінде ойының маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Жеке адам ойында қандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады.
Ойын оқушылар үшін - айналадағыны танып-білу тәсілі» - деп тұжырымдайды . Бастапқы және кейінгі этаптарда ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.
Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1) үстел үсті ойындары
2) дидактикалық ойындар
3) қозғалыс ойындары
4) іскерлік ойындар
5) интеллектуалдық ойындар
І. Үстел үсті ойындары. Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта үстел үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
ІІ. Дидактикалық ойындар. Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.
ІІІ. Қозғалыс ойындары . Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
IV. Іскерлік ойындар . Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
V.Интеллектуалдық ойындар. Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:
-мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылыққа дайын;
-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;
-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;
-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы;
Бірінші сыныптан бастып оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын түрлерін дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы артып, сол тілді білуге қызығады.
Оқушының шаршауын сейілтіп,қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері болып саналады.Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді,іздендіруге дағдысына қалыптастыруына мүмкіндік туғызады.
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.

  • Алфавитті дұрыс меңгерту

  • Орфографияны дұрыс оқыту

  • Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру

  • Лексиканы меңгерту

  • Оқушылардың ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту,дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.

Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге қарым-қатынас жасауға шет тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде ойындарды қолданылып, сабақты қызықты өтуге, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде пайдалануға болады.
Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.

  • Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:

  • Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.

  • Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.

  • Ойынның ойналу түрі топ болып ойнау.

  • Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы.

  • Қолданылған сөздер,сөз тіркестері, өлең таңдау

  • Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.

Мұғалім алдымен оқушының оқуға қызығушылығын ояту қажет. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады,кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды.
Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады.
Сонымен бірге сынып ішінде ойнайтын ойындар мен іс-әрекеттер арқылы да оқытуға болады. Біз сынып ішінде ойындарды қашан қолдануымыз керек. Мысалы сабақ үстінде жаңа сөздерді қайталау үшін, өтілген жаңа сабақты еске түсіру үшін қолданған жөн.
Сынып ішінде мынадай ойындарды ойнауға болады:

  • What’s in the bag?

  • Around the world

  • Board Race

  • Order Race

  • Question race

  • Bingo

  • Go fish ойындарын қолдануға да болады. Бұл ойындар оқушылардың танымын кеңейтіп, білім мен білік шеберліктерінің жан-жақты дамуына, қалыптасуына, тілдік материалдарды жақсы біліп, сөз іскерліктерін меңгеруіне көп көмектеседі.

Ойындар оқушылардың танымын, ақыл–ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып,олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді,әрі пысықтауды көздейді.Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта–ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін,ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, және тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Ойын ұғымына түсінік берсек, бұл баланың мінез –құлқына өзі басқарумен қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір-біріне көмектесу, тез ойлау қабілетін, алға ұмтылу ісін дамытады. Сондықтан бағдарлама бойынша бекітілген оқыту үрдісінде ойын түрлерін сабақ үрдісінде үнемі пайдаланып отыру керек.
Ағылшын тілі пәнінде көбіне рольдік ойындар, грамматикалық ойындар, танымдық ойындар қолданылады. Ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Іс-әрекетті кесте түрінде қарастырсақ,оқушының белсенділігімен білім сапасын көрсетеді.
Білім алумен қатар ойын барысында баланың денесі демалады, оқушының қозғалысы жақсарады, қызығуы артады, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.
Танымдық әрекеттерді артады. Ұйымшылдық қабілеті жетілдіреді. Ойлау қабілеті артады, дамиды.
Осы іс – әрекеттер арқылы оқушыларды оқытуға да болады. Іс-әрекеттің мынадай түрлеріне тоқталсақ:

  • Matching

  • Categories

  • Fill in the blanks

  • Dialogues

  • Drawing

  • Singing осы іс-әрекеттің түрлерін сабақ үстінде қолданса өте тиімді нәтиже береді.

Ойынның өзіне тән мотивтері болады. Мысалы: мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатындығын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін дамытады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде сабақта пайдаланылатын танымдық ойындар, сөздік ойындар жан-жақты дамытып білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес келсе, оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығы артады.
Ойын сабақтың әр кезеңдерінде, тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Сондықтан осы баяндамада тілді меңгерту мақсатында бірінші сыныптармен сабақта қолданылатын түрлі ойындармен таныстыра кетуді жөн көріп отырмын.

1.What’s in the bag? Сумкада не бар ойыны.
Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкада не бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолданса болады. Әсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолдануға болады. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады.Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан What’s this? Сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: Pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке қайталатады.Сөздерді ұмытпау керек. Сосын оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады.Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек.Оқушылар тапса Janar has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының абаққа деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады.
2.Board race Тақта сайысы ойыны
Бұл ойынның шарты:
Мұғалім оқушыларды екі топқа бөліп, ойынның ережесімен таныстырады. Бұл ойында мұғалім түстер, сандар, сөздер айтады сол айтылған сөздерді, сандарды оқушылар қатесіз жазу керек. Келесі оқушы әрі қарай жалғасын жалғастырып отырады. Соңында оқушылардың жазғанын тексеріп қателерін жөндеп қай топтың жеңгенін анықтайды. Мысалы:
P-1 ----P-2
Red ----Red
Ten ---Ten
Stone ----Stone
Winter ----Winter
Book ------Book
Осылай рет-ретімен оқушылар жалғастырып болған соң қателерін жөндеп қай жақтын жеңгенін айтады. Бұл ойында оқушылар шапшаңдықты, дұрыс жаза білуді, есте сақтау қабілеттері артады.
3.Question Race Сұрақтар сайысы
Бұл ойынның шарты:
Мұғалім сол сабаққа қатысты сұрақтар қойылады. Осы сұрақтар оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар сол сұрақтарға дұрыс жауап беру керек. Мысалы жыл мезгілдерін өткен кезде суреттер арқылы да мынадай сұрақтар арқылы қолдануға болады.
1.How many seasons are there in a year?
2.What are they?
3.How many months are there in a year?
4.What are they?
5.What season is it now?
6.What month is it now?
7.How many days are there in a week?
8.What are they?
Осы сұрақтар арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттері артып, сөздік қорлары молайып, сабаққа деген қызығушылығы артады.
4. "Is it true or not?"
Ойынды доппен өткізуге болады. Допты кез келген ойыншыға лақтыруға болады және бір сөз тіркесін айтып:"Is it true or not?" деген сұрақ қояды,.Ойыншы допты қағып алып "Yes, it’s true", немесе "No, it’s not true" деп жауап береді. Сосын сол адам допты басқа ойыншыға лақтырады.
5. “Find the sixth.”
Ойыншылар дөңгелектеніп отырады. Ойынды бастаушы өткен лексика бойынша сөздерді атай бастайды. Мысалы, 5 спорттың түрі, 5 мамандық, 5 мектеп құралдары, 5 жануар т.с.с. Жалғастыруға ұсынған адам 6-шысын атайды. Егер тез айтса, сол адам жүргізуші болады.Біраз ойланып айтса,бұрынғы адам бола береді. Мысалы:a rubber, a desk, a ruler, a chair, a board…(a pen).
6. «Алфавит» (“Alphabet”) ойыны
Мақсаты: ағылшын тілі әріптерін қаншалықты меңгергендігін тексеру.
Шарты: Тақтаға «А», «В», «С» сияқты алфавиттің үлкен әріптерін іліп қоямыз. Ал, оқушылар осы әріптің кіші әріптерін үстелге шашылып жатқан әріптерінің ішінен тауып ілу керек.

7. «Ойлан, тап» (“Think and find”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың қиялын, сезім түйсігін дамыту.
Шарты: Ортаға түрлі заттарға толы дорбаны қоямыз. Оқушыларды екі топқа бөліп, бір бірден шақырамыз. Көзі байлаулы оқушы дорба ішіндегі затты табуы тиіс. Қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңіске жетеді.

8. «30 секунд» (“30 second”) ойыны
Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға дағдылау және тақырыпты бекіту
Шарты: Бір ойыншы тақырыпқа сай сөз айтады, келесі оқушы сол сөздің соңындағы әріптен келетін сөз айтуы тиіс. Егер оқушы 30 секунд ішінде айта алмаса ойыннан шығады.

9. «Дұрыс жаз» (“Write right”) ойыны
Мақсаты: жылдам ойлау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға екі сөз жазылады. Кімде кім сол сөздің әр әріпіне сөзді көп тауып жазса, сол топ жеңіске жетеді.
Мысалы: Swim – son, well, ill, mother

10. «Ширату» (“Brainstorm”) ойыны
Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын тексеру
Шарты: Тақтаға ұзақ сөз беріп, оның ішінен сөз шығару керек. Ескерту: сөз құрамында қанша әріп бар сонша әріпті қолдануы тиіс.
Мысалы: beautiful: eat, tea, but, fil, lie and so on.

11. «Шашу»(“Strew”) ойыны
Мақсаты: еске сақтау қабілетін тексеру.
Шарты: Сабақтың тақырыбына сай сөздердің жазылу ретін шатастырып жазып қоямыз. Оқушылар берілген уақыт ішінде сөздерді дұрыс жазуы керек.

12. «Менің заттарым» (“My things”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың еске сақтау, байқағыштық қабілетін жаңарту
Шарты: Оқушыларға күнделікті өмірдегі тұрмыстық заттардың атын қазақшаға аударып айтамыз. Мысалы: мен кеше бір «Перизат» үйге алып келдім. Әпкем маған сүйікті су сабыным «Көгершінді» сыйлады.

13. «Смайликтер»(“Smiles”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың интонациясын тексеру
Шарты: Оқушыны тақтаға шығарып, оған бір сөйлем беріледі. Мысалы: “I loveswimming”. Оқушы берілген сөйлемді бес түрлі смайликтердің суретін көрсетілген кейіпте айтуы тиіс.

14. «Сен болжай аласың ба?» (“Can you guess?”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың таным үрдісін тексеру және дамыту
Шарты: оқушыларды топқа бөліп, топ басшысын ортаға шығарамыз. Топ басшыларына атақты адамдардың портретін береміз. Әр топ осы тұлға жайлы ағылшын тілінде сұрақ қою арқылы кім екендігін табуы тиіс. Ескерту: 10 сұрақ қоюға болады.
Мысалы:
- Is it a man (a women)?
- Does he/she live in…?
- Does he/she singer (actor, writer)?
- Is he/she American, (English, Russian and Kazakh)?
- Does he/she wear glasses?
- When they think they know the person name, they say:
- Is he …(name)? or is she …(name)?

15. «Жалғастыр» (“Continue”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың сөздік қорын қаншалықты екендігін тексеру
Шарты: оқушылрға екі бағанда бөлінген бір сөз берілген, оқушылар соны табу керек. Мысалы:
arm washer
tele chair
win pet
dish phone
car ture
pic dow

16. «Мәтінді жалғастыр» (“Continue the topic”) ойыны
Мақсаты: оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту
Шарты: Тақтаға 3 - 4 оқушыны шақырып аламыз. Бір оқушыны ғана қалдырып, ал қалған оқушылар сыныптан шығара тұрады. Сыныптағы оқушы мәтін жазылған парақты оқуы тиіс. Оқып болған соң келесі оқушыны шақырып алып, әңгімесін ауызша келесі оқушыға айттырамыз. Солай жалғасады, соңында тыңдаған оқушы мен басында әңгімелеген оқушыны тыңдаймыз.

17. «Қызықты алаң» (“Cheerful place”) ойыны
Мақсаты: оқушыларды өзін - өзі еркін ұстауға, батылдыққа және көшбасшылыққа жетелеу
Шарты: Тақтаға бір оқушыны шығарамыз. Оған үш түрлі суреттер беріледі. Оқушы сол суретті ым - ишарамен, іс - қимылмен жасырады. Сыныптағы оқушылар сол заттың (жануар, мамандық иесі, жеміс, т. б) атын ағылшын тілінде табуы тиіс. Ескерту: дыбысын шығармайды.
Сыныптағы оқушылардың ішіндегі кім көп табады, сол тақтаға шығып көрсетуі тиіс. Солай ойын жалғасын табады.

18. «Сүйкімді шар» (“Better balloon”) ойыны
Мақсаты: оқушыларды жылдам ойлауға, ептілікке дағдылау
Шарты: Бұл ойынды ойнау үшін шар қажет. Тақтаға 2 - 3 не оданда көп шығаруға болады. Әрқайсысына бір шардан беріледі. Мұғалім тақырыпқа сай ортақ сөз айтады, ал ойынға қатысушылар сол тақырыпқа сай бір сөз айтады. Әр соз айтқан сайын шарды үрлеуі тиіс. Егер кімде кім сөз айта алмаса, шарды үрлемейді. Сөйтіп, кім бірінші өз шарын үрлеп болса, сол жеңіске жетеді.
Ойын – балалар үшін оқу да еңбек те. Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ойын балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа. ,ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады.
Қорыта келгенде, оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Ойын түрлерін пайдалану мынадай нәтижеге жеткізеді.
Нәтиже
1. Әр оқушының шығармашылығы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
3. Оқушының жеке қабілеті анықталады
4. Оқушы топ жаруға ұмтылады.
5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды.
6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет