Қорытынды............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................
Кіріспе
Қазіргі балалардың физиологиясы, ой-өрісі, санасы жақсы дамыған. «Заманына қарай адамы» демекші, олардың зейіні жоғары. Сондықтан, менің ойымша, олардың 5-6 жастан үш тілді меңгеріп кетуге қабілеті жетеді. Әрине, қазіргі мектеп бағдарламасы ауыр. Егер оқыту методикасын дұрыс қолданса, балалар ол жүктемені алып жүре алады.
Қазіргі таңда өркениетті ел ретінде көптеген шет елдермен қарым – қатынасымыз күннен–күнге нығайып келеді. Бұл шетел тілін оқытуды жақсартуды, оны терең меңгертуді қажет етеді. Ал, оқытуды жақсарту дегеніміз, біздіңше, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Бүгінгі күннің талабы, шет тілі оқытушысының алдына қойған мақсаты тіл үйренушілерді шет тілінде еркін сөйлету болғандықтан, оқытушы шет тіліне үйретудің түрлі әдістерін сұрыптай келе, оның ішіндегі ең тиімдісін өз сабағында қолдануды керек деп біледі. Дегенмен, шетел тілін меңгертуде көптеген қиыншылықтар кездеседі. Солардың бірі – оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын дамыта отырып мәтін мазмұнын баяндау немесе шет ел тілінде өз ойын айту. Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі – сөздік жұмысын жүргізу. Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы– оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптасады.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда.
Зерттеу өзектілігі. Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым-қатынас тілі және де дүние жүзіне кең таралған тіл болып танылады. Қазіргі кезде ағылшын тілі Америка Құрама штаттары, Ұлыбритания, Канада, Австралия сияқты көптеген дамыған мемлекеттердің ресми тілі, БҰҰ алты тілінің біреуі. Ағылшын тілін білген адамға болашақта мүмкіндігі зор, сондықтан оны көптеген елдерде үйретудің маңызы зор. Қазіргі таңда дамыған елу елдің ішіне кіру үшін бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған маман дайындауға көп мән беруде. Қазіргі кезде бәсекеге қабілетті маман дайындау үшін үш тілді жетік меңгеру керек, сондықтан елімізде ағылшын тілін үйретуде көптеген жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап оқытудың маңызы зор себебі, бала жастайында тез қабылдайтын болғандықтан оған тілді үйрену жеңіл болады.
Қазіргі кезде 1 сынытан бастап мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің кажет екендігінін жақсы түсінеді. Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шет тілін оқуға деген қызығушылығын дамыту және еркін сөйлеуге дағдыландыру. Сондықтан бүгінде шетел тілін түрлі жаңа технологияларды қолдана отырып оқушы қызығушылығын арттыруға және шет тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады. Сондықтан мұғалім оқушыны ынталандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты төмендегідей жолдармен өткізуіне болады:
- сабақта тақырыпқа байланысты схемаларды, кестелерді, суреттерді кең көлемде қолдану;
-интерактивті тақтаны қолдану арқылы тақырыпқа қатысты слайд-шоу, бейнетаспаларды көрсету;
-сабақты ойын түрінде өткізу;
-сабақта техникалық құралдарды тиімді қолдану;
Пәнге деген қызығушылықты арттыруда ең көп қолданылатын тиімді тәсіл сабақты ойын түрінде өткізу болып табылады . Сабақты ойын түрінде өткізу оқушылардың грамматиканы, лексиканы тез меңгеруге, сөйлеу және есту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар ойынды сүйіспеншілікпен мұғалімдер де, оқушылар да ойнайды. Себебі ойын балалар үшін еліктіргіш сабақ болып табылады. Ойын кезінде жақсы оқитын оқушылар да, нашар оқитын оқушылар да тең. Сол себепті ойын кезіндегі теңдік сезімі, оқушының тапсырманың қолынан келетінін сезінуі, еркін атмосфера әрбір оқушыға өз бойындағы ұялшақтық сезімін жеңуге, өз ойын еркін білдіруге, топта бірлесе жұмыс істеуге көмектеседі. Ойындар келесідей маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады:
1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға;
2. Балалардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге;
3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтырады.
Сонымен қатар сабақта электронды кітаптарды пайдаланудың да маңызы өте зор. Қазіргі балалар жаңатехнологияға жақын. Себебі ол оқушының танымдық көзқарасын қалыптастыруға, ізденісін ұлғайтуға, шығармашылық қабілетін арттыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға көмектеседі. Шыныменен жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолдану үлкен рөлге ие болып, барлық сфераларда қолданылуда. Интернет-технологиялар ақпаратты іздеуге, халықаралық ғылыми жобаларды әзірлеуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен мүмкіндіктер туғызады. Ағылшын тілі сабағында оқушының оқу-танымдық көзқарастарын дамыту үшін, ең алдымен ағылшын тіліне деген қызығушылығын артырудың жолдарын іздестіруіміз керек. Сондықтан, тіл үйренушілердің тілге қызығушылығын арттыру ең біріншіден ұстаздарға байланысты.