Курстық жұмыс Тақырыбы: «Ойын оқыту әдісі»



бет13/14
Дата28.04.2020
өлшемі98,65 Kb.
#65077
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
stud.kz-88009

Қорытынды

Қорыта келсек, ойын арқылы оқыту балалардың жүйкесіне салмақ салмай, қызықтыра, ұғындыра оқыта үйретуді ұйымдастыруға тиімді. Оқу үдерісінің жаңаруына қажетті шарт кез келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл әр ұстаздық шеберлігіне, шығармашылығына байланысты.

Оқушылардың білімді толық меңгеріп, бір уақытта дамып, тәрбиеленіп отыруы үшін мұғалім өз сабақтарын түрлендіріп, түрлі әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолданып отырғаны жөн. Оқыту мен тәрбиелеу-үздіксіз бөлінбейтін процесс.

Сондықтан мұғалім қандай да әдістер мен тәсілдерді таңдаған уақытта біріншіден, тәрбиелік және тиімділік жақтарын ескеріп отырғаны жөн. Менің ойымша, осы әдістердің бәрі қимыл- қозғалыс арқылы жүзеге асатын ойындар.

Баршамызға белгілі, адамның тұлғалық қалыптасуы, қоршаған ортамен, болмыспен танысуы балалалық шағында өте қарқынды болады. Күннен-күнге өсіп келе жатқан жас организмнің ең негізгі қажет ететін факторларының бірі қимыл- қозғалыстар, ойындар.

Әрине, ең алдымен оқушылардың ойынның өткізілу түрі қызықтырады, ал содан соң ғана, егерде білмесе ойынға қатыса алмайтын, оқу материалы.

Ойын барысында оқушылар өздері де байқамай әртүрлі жаттығуларды орындай бастайды. Ойын баланы іздену жолына бағыттайды, жеңіске деген қызығушылығын оятады, ал осыдан шыға келе олар жылдам, жинақы, шапшаң, тапқыр болуға, ойын шартын сақтай отырып, тапсырмаларды нақты орындауға тырысады.

Ойындарда, әсіресе топтық ойындарда, жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері де қалыптасады. Балаларда жауапкершілік, толық сезімдері қалыптасады, тәртіп, күш- жігер, мінез-құлық тәрбиеленеді.

Көру, есту, қимыл-әрекет көрнекіліктердің әдістері, сұрақтың қызық та, тиімді түрлері, жұмбақтар, әзіл есептері, ахуал жағдайлары,сайыстар

балалардың белсенді ойлау әрекетін дамытуға көмектеседі. Ойын барысында бала ойы үнемі дамып, жетіліп отырады, ұшқырлана түседі.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін өзімнің сабақтарымда ойын элементтерін кең түрде пайдаланамын.

Сабақта тиімді қолданылған ойын элементтері- түсіндіріп отырған материалымды оқушыларым аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекшім екендігіне көз жеткізіп отырмын. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты кез келген ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам, дәл орындайды.

Ойын оқушылардың оқу материалын толық меңгеріп, тілін дамытуларына, ойлау қабілеттерін жетілдіруге мол мүмкіндік береді.Өз бетімен жұмыс істей білуге дағдыландырады. Ойланғыштық, іздемпаздық қабілеттерін арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.

Мұнымен қатар сабақ үстінде ойын элементтерін қолдану оқушылардың оқып отырған сабағына қызығушылығын арттырады, оған белсенді түрде қатысып түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады.



А.С.Макаренконың «Жақсы ойын- жақсы жұмысқа тең» деген сөзімен толық келісемін. Себебі, сабақтарымда ойын технологияларын немесе ойын элементтерін кіріктіріп, оқытылатын материалмен ұштастырған уақытта проблемалық жағдайлар туады. Ал сол дағдайларды шешу үшін оқушылар ойынның ережелерін сақтай отырып, ойынға бірден еніп кетеді. Қызығушылықтары артып қайтседе, басқалардан бұрын жеңіске жетемін деген оймен алдында тұрған міндеттерді орындауға құлшынады. Тапсырманың барлығы әр баладан ой қозғалысын, күш- жігер, талпыныс пен шығармашылықты талап етеді. Ал мұның барлығы- еңбек. Баланың бойындағы барлық қабілеттері бірдей жұмыс атқарса ғана ол жетістікке жете алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет