Курстық жұмыс Тақырыбы: «Ойын оқыту әдісі»


Ойын- оқыту әдісі ретінде



бет7/14
Дата28.04.2020
өлшемі98,65 Kb.
#65077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
stud.kz-88009

1.3.Ойын- оқыту әдісі ретінде

Тәжірибелер жинақтала келе жаңадан жаңа ой туындайтын сияқты. Америкалық ұстаз Линданың «Оқытудың бұрынғы әдіс-тәсілдері бүгінгі әдістеріміздің ата-анасы» дегеніндей, жаңа технологияларды меңгеру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ендеше дәстүрлі әдістер мен әлемдік деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесіне ұштастыра отырып білім беру, білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету-әрбір оқытушының міндеті.

Адам тәжірибесінде ойын іс-әрекеттілігі мынадай қызметтерді орындайды:

көңіл көтеруіші (бұл ойынның негізгі қызметі – шаттану, ләззәт алу, қызығушылық ояту);

- комуникативті – қарым-қатынас диалектикасын меңгеру;

- өзіндік жүзеге асыру;

- ойынды терапевтикалық – өмір іс-әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әртүрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу;

- диагностикалық – өзін-өзі тану ойын үрдісі (ережеге сай мінез құлықтан ауытқушылықтың пайда болуы);

- коррекция қызметі – тұлғаның құрылымдық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу;

- ұлтаралық коммуникация қызметі – барлық адамға ортақ әлеуметтеу-мәдени құндылықтарды меңгеру;

- әлеуметтендіруші: адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне бекіту.

Ойындардың мынадай төрт басты қырлары болады:



  • еркін дамуыш іс-әрекеттілік нәтижесінен немесе іс-әрекеттілік нәтижесінен процесінің қамы үшін ғана емес, тек баланың тілегіне байланысты қабылданады (процедуралық қанағаттану);

  • шығармашылық, белгілі деңгейдегі импровизациялық осы іс-әрекеттіліктің өте белсенді мінездемесі (шығармашылық «жолы»);

  • эмоционалды көтеріңкілік, қарсыластық, бәсекелестік, аттрактaция және т.б.(ойынның табиғи сезімділігі «эмоциялық кернеулік»);

  • түзу немесе жанама ережелердің бар болуы, ойын дамуындағы логикалық мазмұнды ашу.

Оқытудың ойындық түрлері білімді игерудің барлық деңгейлерін пайдалануға мүмкіндік береді: өндеуден қайта жасауға, одан әрі негізгі мақсат – шығармашылық-ізденімпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе оқушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере алады.

Ойынның функциясы өте көп: дидактикалық, танымдық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік.

Ойындар технологиясының, соның ішінде рөлдік ойынның мақсаты – бір жағынан, оқушының болашақ таңдап алған мамандығына сүйіспеншілігін арттыру, екінші жағынан, жауапкершілігін арттыру.

Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Сондықтан ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн.

Оқушының қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рөлдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Біраз уақыттан кейін рөлдік ойын ереже бойынша жүргізілетін ойынға ауысады.

Бала белгілі бір рөлді ойнағанда ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана қоймайды,өзін-өзі байытып, ой өрісін кеңейтеді, тереңдетеді, мамандыққа деген сүйіспеншілігі және жауапкершілігі артады.

Ойын әдісі арқылы олардың пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады.

Ойынға қойылатын талаптар мыналар:



  • Ойынның мақсаты нақты болуы керек.

  • Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек.

  • Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек.

  • Оқушылар түгел қамтылуы тиіс. Дұрыс шешім қабылдауға дайын болуы керек.

Тұлғаның әрекеті ретінде ойын құрылымына келесі:

- Мақсаткерлік;

- Жоспарлау;

- Мақсатты іске асыру;

- Тұлға өзін субъект ретінде толық көрсететін нәтижелерді талдау сияқты кезеңдер жатады.

Ойын әрекетінің түрткісі оның еріктілігімен, таңдау мүмкіндігі, жарыс элементтері болуымен қамтамасыз етіледі.

Үдеріс ретінде ойын құрылымына:

- Ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері;

- Сол рөлдерді іске асыру құралы ретіндегі ойын элементтері;

- Нәрселердің ойындық қолданылуы, яғни шынайы нәрселердің шартты түрде не ойын түріне ауыстырылуы;

- Ойнаушылар арасындағы шынайы қарым-қатынастар;

- Сюжет (мазмұн) – ойын барысында шартты түрде алынатын шындық саласы.

С.А.Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады:

- тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат);

-елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»);

- әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоцио-налдық қуат»);

- ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.

Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:



  • Әлеуметтендіру қызметі.

  • Өйткені, ойын – баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.

  • Ұлтаралық қатынас құралы қызметі.

Себебі, ойын – балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады. Өйткені ойын – әрі ұлттық әрі интернационалдық, сонымен бірге жалпы азаматтық.

Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді.

Ойынның қатысымдық қызметі – балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетіледі.

Ойынның диагностикалық қызметі педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын – баланың өз күшін нақты сезінетін, өзін-өзі бағалау, еркін әрекеттегі мүмкіндіктерін танитын өзін-өзі көрсету аймағы болып табылады.

Ойынның емдік қызметі – баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д.Б.Эльконин аса жоғары бағалайды.

Ойынның түзеу қызметі деп – баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.

Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.

Сонымен бірге, ойын – баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын, қызығушылығының ұйымдастырылған мәдени стратегиялық-кеңістігі.

Педагогикалық ойындардың ойыннан негізгі айырмашылығы – дәл айқын қойылған оқыту мақсатына және оған сәйкес педагогикалық нәтижемен негізделуінде және оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталатын мәнді белгілерге ие болуында.

Педагогикалық ойындар:



  • Мақсатына қарай;

  • Ұйымдастырылу құрылымына қарай;

  • Олардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сай пайдалануына қарай.

Мазмұнының өзіндік ерекшелігіне қарай жеткілікті дәрежеде алуан түрлі болып келеді. Әсіресе, ойынды қолдану халықтық педагогикада, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен тараған. Соңғы жылдарға дейін оқыту үрдісінде ойынды қолдану аса кең таралмады. Қазіргі мектептерде, ересектерді оқыту барысында, мектептен тыс тәрбиелік шараларда ойынды тұлғаның белсенділігін көтеру мақсатында қолдану орнығып келеді. Оқу үрдісінде ойын технологиясын қолдану орнын анықтау, ойын элементтерін кіріктірудің оңтайлығы мен тиімділігі оқытушының педагогикалық ойындар қызметі мен классификасын түсінумен, қолдану шеберлігімен тығыз байланысты.

Белгілі педагог ғалым Г.К.Селевко педагогикалық ойындарды төмендегідей классификацияға жіктейді:

– Әрекет саласына қарай:

– Дене;


– Интеллектуалдық;

– Еңбек;


– Әлеуметтік;

– Психологиялық.

Педагогикалық үрдіс сипатына қарай:

– білімділік, тренингтік, бақылаушылық, қорытындылау;

– танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;

– қатысымдық, диагностикалық, кәсіптік бағдарлық, психотехникалық деп;

Ойын әдістемесіне қарай:

– пәндік;

– сюжеттік;

– рөлдік;

– іскерлік

– иммитациялық;

– драмалық;

Пәндік саласына қарай:

математикалық, химиялық, биологиялық, физикалық, экологиялық;

– музыкалық, театрлық, әдеби;

– еңбек, техникалық, өндірістік;

– дене шынықтыру, спорттық, әскери-қолданбалы, туристік, халықтық;

– қоғамтану, басқарушылық, экономикалық, коммерциялық деп.

Ойнау ортасына қарай:

– нәрселік-нәрсесіз;

– үстел үстінде, бөлмеде, көшеде ойналатын, жергілікті;

компьютерлік, теледидарлық, ОТҚ;

– техникалық қозғалыс құралдарымен ойналатын ойындар деп жіктеледі.

Осы ойындардың ішіне орта буын оқушысынан басқа педагогикалық ұжым мүшелерімен де ұйымдастырылатын ойындардың тиімділерінің бірі – бұл іскерлік ойындар деуге толық негіз бар.

Іскерлік ойындарды педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлы-лығын анықтауда пайдалану арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге бола-тынын күнделікті тәжірибенің өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бір-неше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.

Психодраманың туып, дамуына ерекше үлес қосқан Джекобу Леви Морена болды. Классикалық психодрама – топтық жұмыстың өте айқын, ең эмоционалды бай бағыттарының бірі. Ол жүргізушіден жоғары кәсіби біліктілік пен зор шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Өйткені ол бір мезетте режиссер, терапевт және сарапшы рөлін атқарады. Бұл әдістің мәні жүргізуші режиссер басқаруымен топ мүшелерінің арнайы ұйымдастырыл-ған кеңістікте арнайы тәсілдер көмегімен спектакль қоюында.

Дәстүрлі театрландырылған қойылымдардың ерекшелігі – қатысушы-ларға бейтаныс жағдай емес, керісінше олардың өздерінің өмірлік тәжіри-бесі, жеке проблемалары немесе өзіндік әлеуметтік рөлдердің ойналуында болып табылады. Сондықтан сахналандырылатын қойылымның авторы қатысушылардың өздері болады. Оларға режиссер мен топтың басқа мүше-лері көмектеседі. Мұнда суырып салмалық пен аяқ астынан туған, шын жүректен шыққан ойлар мен пайымдауларға ерекше мән беріледі, ал қойылымның сәтті шығуына кедергі келтіруі де ғажап емес. Әдетте, топта кәсіби актер режиссердің көмекшісі болуы міндетті емес. Психодрамалық сессияларды топтастырудың негізгі кезеңдері төмендегілер болып есептеледі.

– сергіту сәті (драмалық фазасы)

– психодрамалық әрекет фазасы (қойылымның жүзеге асуы)

– кіріктіру фазасы, қатысушылар өз пікірлері мен әсерлерімен алмасады.

Психодрамалық әрекеттер кульминациялық нүктесіне жеткенде, топ-тың эмоционалдық қуаты шарықтау шегіне жетіп, «катарсис» – жан дүние-сінің тазаруы жүзеге асады. Эмоционалдықты қабылдау сәтінде жағдайды басқаша бағалау, қабылдау жүзеге асқандықтан, тұлға аралық қақтығыстарды жағымды шешуге ықпал етеді. Психодрамалық әрекетке режиссер, протогонист (қойылым негізіне тәжірибесі алынып отырған адам), оның әріптестері және аудитория (рөлі жоқ көрермендер) қатысады.

Психодрамаға қатысушылар әрекетке түсу барысында ішкі қайшы-лықтар мен маза бермейтін ойларынан арылып, емдік терапия жүреді. Сонымен қатар көрермендер де терең эмоцианалдық қою алжуды бастан кешіретіндіктен, топ мүшелерінің өзара сезіммен бөлісуі жүзеге асады. Рөлдік ойын барысында қатысушылар өз тәжірибесін басынан қайта кешіп қана қоймайды, оны талдап, мінез-құлықтың жаңа моделін сынап көреді.

Психодрамаларда сезімге қатысты мәселелер қарастырылса, әлеуметтік драмаларда өзара қатынас деңгейіндегі мәселелер қарастырылады.

Бастауыш сынып балаларын ойын технологиялары арқылы дамыту оқушыларға білім беру және тәрбиелеумен тығыз ұласуда. Тұлға педагоги-калық субъект ретінде меңгерілетін, қалыптасатын, білім мазмұнына ендірі-летін, қызметтік формаға ие болатын адам тәжірибесі .

Білім беру саласында оқушылардың әр пәнді игеруге деген құлшыны-сын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді Анықтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құралы ретінде пайдаланамын.

Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да сабақ үстінде ойындарды көп пайдалануды қажет етеді. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығар-машылық ізденіспен өткізеді. Білім беру субъектісі ретінде оқушыны қалай дамытамын? Не арқылы дамытамын? деген сұрақ туындады. Әрі білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келді. Сол технологиялардың бірі – ойын технологияларын сабақтарда тиімді пайдалану.

Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың таным-дық қызығушылық сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:

Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;

Қимыл қозғалыс ойындары: «Ақ серек, көк серек», «Ұшты-ұшты», «Аңшылар», «Сиқырлы таяқ», «Мысық пен торғайлар», «Бақташы мен қозылар», «Соқыр теке», «Мысық пен тышқан».

Дидактикалық ойындар: орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.

Құрылыс ойындары: лото, констукторларды пайдалану.

Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.

Ойын технологиясын қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушы-лығын, тілін, зейінін де дамытудың құралы болып табылады.

Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?



  • қисынды ой-қабілетін дамытады;

  • өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;

  • сөздік қоры баиды, тілі дамиды;

  • зейіні қалыптасады;

  • байқампаздығы артады;

  • өзара сыйластыққа үйренеді;

  • ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;

  • бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды;

  • сабаққа қызығушылығы артады;

Ойын-балалар үшін күрделі әрекет те бола алады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тереңдетіп, ой-өрісі кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.

Жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасында оқыту-дың ойын технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық сипат-тағы дидактикалық және сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабі-летін үйренуге, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Рөлдік, сю-жеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын қарапайым тілдік жағдаяттарда білім алушыларды қарым-қатынас мәде-ниетіне тәрбиелейді», – деп атап көрсетілген.

Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын, зейін, тілін дамыту үшін грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге дағдылан-дырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекше-ліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіргенде, өткенді қайталауда, пысықтау сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық жасап, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық тренинг, грамматикалық гимнастика т.б.

Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды қолдануға болады. Олар: «Синтаксистік касса», «Сөйлем қуаласпақ», «Құсбегі», «Кедергіден өту», «Кім болам?», «Асауды ұстау», «Аударыспақ», «Вагондарды құрау», «Қай әріп жоғалды», «Лоторея ұту», «Жасырынбақ», «Атын айт», «Түсін таны» т.б. ойындар. Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады.

«Оқу құралдарының мінезі – мектеп мінезінің айнасы» - деп атақты ұлы педагог-психолог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің берер білім, тәрбие жолына пайдаланатын технологиялар мәнді, жұмыр болу керек. Ол үшін бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріп, ойын ұйымдас-тыру қажет. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.

Оқушылардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту – жетіл-діру – мұғалімнің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Ойын – бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшіп нақты қарым-қатынас барысында біледі.

Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша айтқанда, түрлі заттар мен құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым-қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.

Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталады, оның негізі болашақ өмірінде жалғасын табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет