Курстық жұмыс Тақырыбы: «Ойын оқыту әдісі»


«Ойын арқылы оқыту» технологиясын қолдану тиімділігі



бет11/14
Дата28.04.2020
өлшемі98,65 Kb.
#65077
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
stud.kz-88009

2.3.«Ойын арқылы оқыту» технологиясын қолдану тиімділігі

«Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады.

Оқыту үдерісін түрлендіру, жаңашылдыққа үндеу үрдісі мұғалімдердің қызығушылығын, шығармашылық ізденісін, сабақтың сапалы, жүйелі, жоспарлы болуына алып келеді.

Қазіргі оқу үдерісін ұйымдастыру тек қана білім берумен ғана шектел-мей, оқушының жан-жақты дамуына, ақыл-ойы мен ойлау тәсілдерін үйрету, талдау жасау, салыстыру, байқау мүмкіндіктеріне баулу және қорытынды шығаруға үйрету, дағдыландыру – біздің басты мақсатымыз.

Сондай-ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақ-тарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі – «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. Балаларды оқытуда және тәрбие-леуде ойынның рөлі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айнала-дағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылық-тарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адамды балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас бала-ның ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында адамгершілік қасиет-тері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады.

Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықылас-тана әрі сапалы орындайтын болады.

Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Олай болса, ойындардың балаға қай сәттерде не мақсатпен пайдаланатынымызға тоқталып өткен жөн. Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Ойын түрлері: ұлттық, дидактикалық, грамматикалық, логикалық. «Ақсү-йек», «Көкпар», «Ханталапай», «Арқан тартыс», «Мың бір мақал», «Сергіту сәті», «Сөз құрау», «Жұмбақ есеп», «Әріпті кубиктер».

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.

- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.

- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.

- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Ұлттық ойын ойнау баланың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптас-тырады.Дидиктикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында - өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында – көңіл күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл-ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуда бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлы-ғын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі – грамма-тикалық ойынның түрлері.Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.

Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта-ықыласын, пәнге қызығушы-лығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі – сергіту сәті. Сабақта сергіту сәтін оқушы-ның шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар ауда-ру қажет. Мысалы: «Ұзын құлақ сұр қоян», «Тербеледі ағаштар», «Сырғанақ тебу», «Алып атам күрегін» т.б. сергіту ойындары. Мұндай сергіту сәттері баланың мейірімділікке, достыққа, сыйластыққа, еңбексүй-гіштікке тәрбие-лейді.

Қазіргі оқу үрдісінде әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге, оқып-үйренуге құштарлығын арттыра-тыны анық. Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да, мақсаты біреу – ол оқушы-ларға тиянақты да сапалы білім беру. «Алдыңа ұлы мақсат қойсаң, ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз айтпақшы, кез келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді, ойнай отырып білім көрсеткішіне өз үлесін қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет