Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Құрт өнімдерінің сапасын бағалау және басқару. Орындаған: Жұматаева Н. Тобы: хт-09-6к Жетекшісі: Қалдыбаева б шымкент – 2011 жыл Мазмұны


Қазіргі квалиметрияның тұжырымдық ережелері мен міндеттері



бет3/20
Дата24.08.2020
өлшемі296,34 Kb.
#76723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
stud.kz-19533
stud.kz-80931
2. Қазіргі квалиметрияның тұжырымдық ережелері мен міндеттері

Қазіргі талаптардан қазіргі квалиметрияның мынадай бастапқы тұжырымдық ережелерін қалыптастыруға болады:



  1. Квалиметрия орнату үшін жарамды сандық және сапалық түрде өнімнің тіршілік циклының кез келген кезеңінде бағаланатын объектінің сапасы туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

  2. Квалиметрия объект сапасын бағалауды динамикалық категория ретінде қарастырады, өйткені нарық конъюктурасының өзгеруі кезінде объект сапасының өзгеру мүмкіндігін, эксплуатациялау тәжірибесін ескеріп жоба сапасын қолдануды, техникалық процестер мен өндіріс құралдарын жетілдіруді ескереді.

  3. Квалиметрияның негізгі әдістемелік принциптері:

  • жеке алынған қасиеттер деңгейінде, сонымен қатар барлық деңгейде объект сапасын бағалау және қасиетін өлшеу принципі;

  • объект сапасын және жеке алынған эталондық үлгі сапасын салыстыру немесе олардың жиынтық принципі;

  • бір түрдегі объектілердің әртүрлі орындаудағы бәсекелес нұсқаларының сапасын салыстыру принципі;

  • объективті өлшеулер жолымен іске асырылатын өлшеу және бағалау нәтижелерінің сенімділігі кезінде. Бағаланатын үлгі және таңдалынған эталондық үлгілер сапасын салғастыру және салыстыру.

  1. Квалиметрия екі өзара байланысты салаларда қалыптасады және дамиды, теориялық квалиметрия саласында әртүрлі табиғатты бағалау үшін бірегей болып табылатын сапаны бағалаудың жалпы принциптері, әдістері мен құралдары қалыптасады; қолданбалы квалиметрия саласында теориялық квалиметрияның ережелерін ескере белгілі бір объектілерді бағалау үшін жұмысшы құралдар қалыптасады, сонымен бірге сапаны бағалау әдістері мен құралдары осы объектілердің табиғатын және олардың сапасының нақты көріну жағдайларын ескереді.

  2. Әрбір қарапайым және күрделі қасиет сапа көрсеткіші мен тұтқырлық коэффициентінің абсолютті және (немесе) салыстырмалы мәнмен бағалауы мүмкін.

Сапа көрсеткішінің абсолютті мәндерін орнату физикалық тәжірибелер (метрология әдістерімен) негізінде, психологиялық тәжірибелер (тәжірибелік психология әдістерімен) негізінде, объектілердің қызмет ету аналитикалық модельдерін құру негізінде эстетикалық және эргономикалық қасиеттерін сараптамалық өлшеу (техникалық және экономикалық ғылымдарда жасалынған тиімділікті анықтау әдістері). Сапа көрсеткішінің салыстырмалы мәні қоғамдық қателік деңгейі уақытында өзгеретінді сипаттайтын көрсеткіш мәндерін салғастырумен анықталады. Сапа деңгейінің мәні Кj сапа көрсеткішінің және салмақтылық коэффициентінің Мj салыстырмалы мәнінің К=f(Кj, Мj) функциясы ретінде ұсынылуы мүмкін.

f функциясы әртүрлі тәуелділікті (орташа есептелген шамалар және т.б.) сипаттауы мүмкін. К скалярлы емес, n – кеңістікте өлшемді вектор түрінде берілуі мүмкін.



  1. Квалиметриядағы бағалау объектілері: белгілі бір сапалы, санды және құнды өнімге сұранысты анықтайтын тұтынушы талабына нақты орындалған немесе белгілі бір дайын өнім түрінің сапасы, берілген түр немесе нақты орындалған өнімге қолданыстағы әзірленген немесе жаңғыртылған стандарт талаптары, берілген өнімді дайындаушы кәсіпорында қызмет ететін сапа жүйесі.

  2. Квалиметрия позициясынан өнім сапасын бағалау жағдайына қолдануға болатын өнім сапасының классификациясының белгілері болып табылатын негізгі факторларға осы өнімді дайындау және іске асыру саласы, тағайындалуы бойынша өнімді қолдану әдістері мен формалары жатады. Бұл факторлар әрбір өнім түріне сәйкес оның қасиеттерінің құрамын, бағалау көрсеткіштерін, сапаны бағалау міндеттері мен әдістерін таңдауды анықтайды.

Соңғы он жылдықта өндірістің әртүрлі салаларына қолданылатын ғылыми-техникалық қатынаста дамыған елдерже әртүрлі өнімдердің сапасын сандық өлшеу және бағалау көптеген тәсілдері мен әдістері ұсынылып жатыр. Автомобиль және тауар қорабы, тұрғын үйлер және ракеталық қарулар, тамақ өнімдері және электромоторлар, аяқ киімдер және қалалық тұрғын кешендері және көптеген өнімнің басқа түрлерінің сапасын бағалайды.

Алғышқы көзқараста барлық осы әдістер өзара байланысты емес болып көрінуі мүмкін. Іс жүзінде, мысалы автомобиль және ер аяқ киімінің сапасын бағалау арасында қандай байланыс?

Бұл жағдайда мынадай жалпы бағалау принциптері мен әдістерін қарастыру қажет. Егер автомобиль және ер аяқ киімінің арасында тікелей байланысты ешнәрсе болмаса, онда автомобиль сапасын бағалау принциптері мен аяқ киім сапасын бағалау принциптері арасында көптеген ортақтық бар және бір классты құбылыс ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін, екі мәселенің принципиалды ұқсастығы туралы сұрақ қоюға болады.

Математикадан белгілі приципиалды белгілі бір зат немесе процесс қасиеттерінен абстракцияланады және олардың тек қана идеалды математикалық модельдері және осы модельдер арасындағы байланыс қарастырылады. Сондықтан, сапаның математикалық моделі әртүрлі күрделілік дәрежесі бар қасиеттердің жеке абстрактілі жүйесі ретінде қарастырылуы мүмкін. Сапаның бұл моделі өзінің абстрактілі сипатында приципиалды қатынаста әртүрлі өнім түрлері үшін бірдеу болады.

Сонымен бірге, осы модельге белгілі бір өнім түрінің нақты сапа қасиетінің көрсеткіштерінің мәнін қою жалпы сапаның абстрактілі моделінен нақты бар өнім түрінің белгілі бір сапа моделіне өтуге мүмкіндік береді.

Сонымен, қазіргі уақытта әртүрлі еңбек өнімдеріне іс жүзінде кең қолданылатын зерттеу қызметінің саласы қалыптасуда. Бұл саланың математикалық, физиологиялық және әлеуметтік сипатты өзінің спецификалық зерттеу объектісі (сапаны бағалаудың жалпы принциптері мен әдістері), өзінің спецификалық зерттеу пәні (адам еңбегі өнімдерінің қасиеттерінің жиынтығы), өзінің спецификалық математикалық аппараты, өзінің спецификалық мәселелері бар.

Бұл жүйенің басқа ғылыми пәндерден айырмашылығы оның атауын білдіретін терминнің жоқытығы болған.

Қойылған мәселені шешу үшін жаңа ғылыми терминдердің пайда болу оңайлығы және жеңілдігі тұрғысынан ежелгі грек және латын тілдері жарамды болды. Сонымен бірге, термин салааралық ғылымды білдіруі тиістігін ескере көптеген мамандарға түсінікті болғаны дұрыс. Бұл оны құру кезінде ғылым және техника саласында әдетте қолданылатын ежелгі грек және латын тілдерінің тамырын алу керектігін білдіреді.

Аталған талаптарды ескере, ғылымның бұл саласын «квалиметрия» деп атау ұсынылды, латын тілінің «квали» (qualitas – сапа, қасиет, сипаттама және qualis – қандай сапада) және ежелгі грек тілінің «метрео» - өлшеу сөздерінен алынды.

«Метрео» түбірі халықаралық ғылыми лексиконда жаппай қолданылатын болды. «Квали» түбіріне қатысты орыс тілінде туынды сөздер (квалификация, квалифицировать және т.б.) жасалды және көптеген әлем елдерінде «сапа» мағынасын білдіреді. Мысалы, ағылшынша – quаlity («кволити»), испанша – cualidad («квадидад:»), французша – quаlitе («калите»), итальянша – quаlitа («квалита»), голландша – kwaliteit («квалитайт»), немісше – quаlitаt («квалитет»).

Сонымен, «квалиметрия» термині өте ыңғайлы: локальді және «сапаны өлшеу» түсінігің мазмұнын толық сипаттайды; әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар үшін құрамдас бөліктері түсінікті; термин сипаттамасы кез келген туынды сөздерді жасауға мүмкіндік береді: мысалы, квалиметриямен айналысатын ғалым, зерттеуші – квалиметролог, сапаны өлшеу тұрғысынан бір пәнді зерттеуге тәсіл – квалиметриялық тәсіл және т.б. Термин логикалық байланысты түсініктер мен терминдер жүйесінің құрамдас бөлігі – мысалы, сапа туралы ғылым – квалиномия; сапаны өлшеу және бағалаумен айналысатын байланысты пән – квалиметрия. (бұл жерде басқа ғылымдармен ұқсастық бар: экономика – эконометрия; биология – биометрия; психология – психометрия).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет