Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Құрт өнімдерінің сапасын бағалау және басқару. Орындаған: Жұматаева Н. Тобы: хт-09-6к Жетекшісі: Қалдыбаева б шымкент – 2011 жыл Мазмұны



бет9/20
Дата24.08.2020
өлшемі296,34 Kb.
#76723
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
stud.kz-19533
stud.kz-80931
Өнім қасиеті деп- оның объективті ерекшелігін айтады.

  • Аналог-үйлесімді функционалды мағынаға ие өнім.

  • Байыту - сүтке және сүтті қайта өңдеу өнімдеріне витаминдерді, микро- және макроэлементтерді, пробиотикалық заттарды, белокті, тағамдық талшықтарды, жартылай қанықпайтын майлы қышқылдарды, фосфолипидтерді, пробиотикалық дақылдарды енгізу процесі;

  • Биоөнім - ашытатын микроорганизмдерді пайдалана отырып, ашытқылау процесінде және (немесе) одан кейін монодақылдардағы немесе қауымдастықтардағы пробиотиктердің тірі дақылдарын және (немесе) пребиотиктерді қоса отырып дайындалатын сүтті қайта өңдеудің байытылған өнімі;

  • Зарарсыздандыру - микроорганизмдерді, олардың вегетативті жасушалары және спораларын жоюды қамтамасыз ететін тығыз жабылған ыдыстарда 100оС-дан жоғары температура кезінде сүтті термикалық өңдеу процесі;

  • Контаминант (ластағыш) - сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне немесе оларды тұтынудың жарамдылығына қатер төндіруі мүмкін кез келген биологиялық немесе химиялық фактор, тамақ өнімдеріне әдейі қосылмаған бөтен материал немесе басқа заттар;

  • Қайта қалпына келтіру - оның қоюлатылған нысандарына су қосу жолымен сүт өнімін дайындау процесі;

  • Қалыпқа келтіру - сүттегі немесе сүтті қайта өңдеу өнімдеріндегі сүттің құрама бөлшектерінің қамтылуы мен арақатынасын реттеу процесі;

  • Пастерлеу - өнімнің бастапқы құрамынан кемінде 99,0% микроорганизмдердің патогендік және вегетативтік жасушаларын жоюды қамтамасыз ететін 65оС-дан 100оС-қа дейінгі температура кезінде термикалық өңдеу процесі;

  • Пребиотиктер - тоқ ішектегі бір немесе саны шектеулі пайдалы бактериялардың өсуіне және (немесе) белсенділігіне оң әсер ететін қорытылмайтын тағамдық ингредиенттер;

  • Пробиотикалық микроорганизмдер - ас қорыту жолдарындағы микрофлоралардың құрамына және биологиялық белсенділігіне қалыпқа келтіру әсерімен адам организміне оң әсер ететін, тамақпен бірге келіп түсетін патогенсіз, токсигенсіз микроорганизмдер;

  • Сүтті қайта өңдеу өнімдері - сүт өнімдері, құрамдас сүт өнімдері, құрамында сүті бар өнімдер, қайталама сүт шикізаты;

  • Құрамдас сүт өнімі - өнім құрамындағы сүттің құрамдық бөліктері 50%-дан астамын құрайтын сүттің құрамдық бөлігінде, сүттің құрамдық бөлігін ауыстыру мақсатында енгізілетін, сүтті қайта өңдеудің жанама өнімдеріне және сүтке жатпайтын компоненттерді қоса отырып немесе қоспай сүттен және (немесе) сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдық өнім;



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет