Шетел тілі сабағында сөйлеуге үйретуге кездесетін қиыншылықтар, оларды шешу жолдарын зерттеудің тәжірибелік бөлімі 2.1 Зерттеу жұмысын ұйымдастыру және оны талдау
Өзім сабақ беретін мектептегі 4 сынып оқушыларының шет тілінен сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда аса мəн беріп отырамын. Тыңдап түсіну мен сөйлеуге үйретуде кездесетін қиындықтардың алдын-алу үшін сөз əрекетінің осы түріне арналған жаттығулар жүйесін құрдым. Аудиоматериалдарды тыңдап түсінуге, сөздерді айта білуге, сөйлеуге үйрету үшін, жалпы аудитивтік дағдыларды қалыптастыруға арналған жаттығулар қолдандым.
Бастауыш сынып оқушыларына «Шет тілі сабағында сөйлеуге үйретуге кездесетін қиыншылықтар, оларды шешу жолдарын зерттеу» бойынша эксперименттік жұмысымды №19 ЖББ МКК орта мектепте 4 «А» және 4 «Б» сыныбында жүргіздім. Оған 41 адам қатысты. 4 «А» бақылау тобында да, 4 «Б» эксперимент тобында да үлгерім және жалпы даму көрсеткіштері бірдей оқушылар болды