Қостанай әлеуметтік - техникалық университеті
Педагогикалық факультет
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сын есімнің шырайлары
Ғылыми жеткшісі: Кенжебаева Р.С.
Орындаған: Құсаинова Г.Б.
Қостанай, 2007 ж.
МАЗМҰНЫ
1 Кіріспе..............................................................................................3-5
2 Негізгі бөлім...................................................................................6-21
2.1 Сын есімнің семантикалық топтары..............................6
2.2 Сын есімнің морфемалық құрамдары..............................9
2.3 Белгінің реңі және шырай категориясы...........................14
2.4 Шырай түрлері және жасалуы..........................................19
3 Қорытынды.......................................................................................22-23
4 Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................24-25
1 Кіріспе
Есімдер деп аталатын сөздердін, ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы — сын есім.
Семантикалық жағынан зат есім әр алуан заттық ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр-сипатпеп байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсіл (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфологиялық ерекшеліктерінен де, синтаксистік қызметтерінен де сараланып айқын көрініп отырады.
Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, өзге есімдерден басқаша ерекшеліктері бар. Мысалы, сын есімнің табиғн қызметі зат есімге анықтауыш мүше болса, зат есімге тіркесіп негізгі қызметін, атқарғанда сын есім ешқандай өзгеріске ұшырамайды: анықталатып зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, оны анықтайтын сын есім зат есімнің формасына үйлеспейді де, қиыспайды да. Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай, затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем т. б.) жағынан анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
Зат есімге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің де қызметтерін бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге (мысалы: салқын, көк, суық, жарық, жүйрік, терең т. б.) қажетінше жалғана берулерімен қатар, белгілі бір контексте қолданылу ыңғайына қарай субстантивтенетін сын есімдерге (мысалы: үлкенге үлкенше, кішіге кішіше қызмет ет; ескіге жаңа, жаңаға ескі — өлшеуіш т. б.) жалғана береді. Сын есімде көптік, тәуелдік, септік категориялары болмағынымен, оның өзіне тән ерекше шырай категориясы бар. Бұл ерекшелік те — сын есімнің зат есімнен бөлінерлік, өз алдына дербес категория екеніме дәлел.
Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін (Абай); Өлке бойындағы қалың тал мен қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды. (С. Сейфуллин). Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөәйлеп, семіз шық (мақал). Сөйтіп, кейбір зат есімдердің әрі субстантивтік (ауылдың сыртында қалың қамыс бар), әрі адъективтік (қамыс қора) қызметі болатыны сияқты, кейбір сын есімдер де әрі адъективтік, әрі адвербиалдық қызмет атқарады. Бұдан сын есімде шырай категориясымен қатар, адьективтік және адвербиалдық қызмет барлығы да көрінеді.
Сын есімде өзге сөз таптарымен (мысалы, зат есіммен, үстеумен т. б.) әрі ортақ, әрі формалас сөз тудыратын жұрнақтармен қатар, тек туынды сын есім ғана жасайтын арнаулы жұрнақтар бар; сын есімнен сын есім тудыратын шырай жұрнақтары бар. Бұлар да сын есімнің морфологиялық формалары болып есептеледі.
Сиптаксистік жағынан қарағанда, сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәнкес, үнемі зат есімге анықтауыш ретінде жұмсалуға лайық. Өйткені қандай белгі болса да, заттың қасында болады да, дәйім затқа иек сүйейді. Мысалы: Үш-ақ нәрсе — адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).
Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғ. Мүсірепов). Ол тапал, төртпақ екен де, мен ұзын, жіңішке екенмін (Ә. Әбішев).
Зат есім мен сын есімнің тіркесу қабілеттерінде де елеулі айырмашылық бар. Мысалы, зат есімге септеулік шылаулар тіркесе береді. Ал сол септеулік шылаулардың ішінен тек сияқты, секілді, тәрізді, сықылды дегендерден басқа бірде-біреуі тікелей өз мағынасында, өз қызметінде жұмсалғанда, сын есімге тіркеспейді. Керісінше, күшейту үстеулері (ете, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т. б.) сын есімге еркін тіркесе бергенімен, олар зат есімдерге тіркеспейді. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор деп айту қалыпты норма бола тұрса да, өте адам, тіпті жылқы, тым шөп деп айтуға болмайды. Сөйтіп, септеулік шылаудың сын есімге тіркеспей, зат есімге еркін тіркесуі, сондай-ақ, сапалық үстеулердің сын есімге тіркесіп, зат есімдерге тіркеспеуі бұл екі сөз табының — зат есім мен сын есімнің— синтаксистік жағынан бір-бірінен ажырайтын ерекшеліктері болып саналады.
Егерде екі я одан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады, демек, өздерінің қатыстары бар зат есімді анықтайды. Мысалы: Ызғырық суық сұр бұлт, Аспанды тегіс қаптаған (Б. Майлин); Ермек оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (Ғ. Мұстафин). Алғашқы сөйлемде суық және сұр деген сапалык сын есімдер біріне-бірі бағынбай, әркайсы-сы тікелей бүлт деген зат есімді әр тұрғыдан анықтап тұрғаны сияқты, екінші сөйлемдегі түзу, ұзын, биік, кең деген сын есімдер де бір-біріне бағынбай, жарыса жол деген зат есімнің әр түрлі сипатын білдіріп тұр.
2 Негізгі бөлім
2.1 Сын есімнің семантикалық топтары
Сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін тікелей де, басқа заттардың қатынастары арқылы да білдіреді. Осындай жалпы сипаттарымен байланысты, сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматнкалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай?(қалай?) деген сұрауларға жауап береді.
Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, қызыл, көк, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.) көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т. б.), дәмі мен иісін (ащы тәті, күлімсі) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.
Әдетте, сапалық сын есімдерге ешбір қосымша формаларсыз тұрыпақ, заттың әр қилы сыр-сипатын білдіретін түбір сөздерді жатқызу салты бар. Бірақ бұл қағиданы үнемі тапжылмайтын қағида деп қарамау керек, өнткені қазіргі кезде түбір сөз сияқтанып көрінетін көптеген формалар тарихи даму тұрғысынан қарағанда, тиісті қосымшалар арқылы я басқа тәсілдер бойынша жасалған туыпды сөздер болып келеді. Мысалы, ұзын, үлкен, қызыл, ащы, тұщы, момын, ашық, жабық, жалпақ сияқты сапалық (негізгі) сын есімдердің бәрі де ертеректе туынды сөздер болған, демек, олар ұзақ, үлкейген, қызғылт, ашыған, тұшыды, момақан, ашылды, жабылды, жалпайған сөздерімен түбірлес болған. Солай болса, мағынасы жағыннн сапалық сын есім деп, морфемалық құрылымы-жағынан негізгі сын есім деп есептелетін сөздердің саны да, сапасы да үнемі бір аяда қалмай, бірте-бірте ұдайы дамып отырады. Осыған сәйкес, ертеректе туған сындарды ғана емес, кейінгі кездерде жұрнақ (я басқа тәсіл) арқылы жасалған туынды есімдердің кейбіреулерінде де негізгі, сапалық сындардың грамматикалық қасиет-сипаттары болып отырады. (қараңғы — қараңғылау, қараңғырақ, қап-қараңғы; таныс — таныстау, танысырақ, тап-таныс т. б.).
Сапалық сындар жалпы сын есім деп аталатын сөз табының негізгі ұйтқысы есібенде қызмет етеді. Олай дейтін себебіміз—жалпы сын есімге тән негізгі категориялық ерекшеліктер мен сипаттардын бәрі де сапалық сынардың бойында болады. Осы ерекшеліктеріне қарай, демек, бүкіл сын есім категориясына өзек ретінде қызмет ететіндігіне қарай, өзге сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есімдер де, семантикалық даму процесі арқылы адъективтенген сөздер де бірте-бірте сапалық сын есімдердің сыр-сипаттарына ие болып, сол топқа кешіп отырады. Ал, сапалық сындардың сын есімдерге арқау болып қызмет ететін негізгі белгілері мыналар: біріншіден, сапалық сындарға тән сөздердің бәріне де ұлғайту, кішірейту жұрнақтары және әредік сынның әр қилы реңін білдіретін шырай категориясының жұрнақтары қосылады; екіншіден, оларға сындық белгіні күшейте я өсіре тусу үшін қолданылатын үстеме буындар жамалады; үшіншіден, олар аттрйбуттық семантикалық ерекшелігіне қарай (жақсы оқушы), адвербиалдықк (жақсы оқиды) қызмет атқарады. Міне, осы аталған ниегізгі үш белгі сапалық сын есімдердіңн әрі қатыстық сындардан ерекшелінетін, әрі жалпы сын есім атаулыға тән категориялық белгілері болып есептеледі.
Сөйтіп, сапалық сын есімдерге -рақ (-рек, -ырақ, -ірек), -лау, (-леу, -дау, -деу, -тау, -теу) жұрнақтары талғамай, жалғана беруімен (сарырақ, сарылау, жақсырақ, жақсылау, үлкенірек, үлкендеу т. б.) қатар, белгінің жетімсіздігін я бәсеңдігін білдіретін -ғыш (-қыш, -гіш, -кіш), -шыл, (-шіл), -ша (-ше), -ң (-аң, -ең) тәрізді жұрнақтар да бірен-сарандап (сарғыш, ақшыл, сұрша, қуан т. б.) жалғанады; сондай-ақ, сапалық сындарға күшейт-кіш үстеме буын да іркілмей (ап-анық, түп-түзу, күп-кү-рең т. б.) үстеле береді, Бұл формалар аласа, биік, кішкене, арық, семіз, жуан, жіңішке, толық, нәзік, қалың, жұқа, кең. тар, қою, сұйық, ыстық, суық, ащы, тұщы, көк, қара, қоңыр, жақын, кәрі, жас, сынық, бүтін, сирек, қызық сияқты сапалық сын есімдерге (бәсеңдік реңін білдіретін жұрнақтан басқалары) жатырқамай жамала береді.
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз. Осы ерекшелігіне қарай, қатынастық сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерлеп жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал) дегендегі балалы. баласыз деген туынды сын есімдер үйдің баласы барлығы мен жоқтығына қатысты белгілерді білдіреді. Сол сияқты, Шоқпардай кекілі бар (Абай); Бұл —жазғы жайлы қоныс. (М. Әуезов) ;Көтеріңкі күлкінің шыққан жеріне жұрт топырлай бастады (Ғ. Слаков); Өткір пышақ қол кесер (мақал) деген сөйлемдердегі шоқпардай, жазғы, жайлы, көтеріңкі, өткір деген туынды сын есімдер шоқпар, жаз, жай деген есімдерге, көтер, өт дегсн етістіктерге қатысты сындық белгілерді білдіреді. Ал, осы қатыстық сындардың сыртқы грамматикалық көрсеткіштері – -дай, -ғы, -лы, -іңкі, -кір жұрнақтары.
Сөйтіп, қатыстық сындар зат есім, үстеу, етістік сияқты басқа сөз таптарынан болатындықтан, олардың (қатыстық сындардың) нақтылы мағыналары да өздерінің жасалуына негіз болған сөздерімен байланысты. Осы себептен қатыстық сындардың мағыналары өздерінің төркіндес (жасалған) сөздерінің синопимі сияқты болып келеді. Мысалы: аталық борыш — атаның борышы; ауылдағы адам — ауылда тұратын адам; ауыспалы қызыл ту — ауыстырылып отырылатын қызыл ту. Өздерінің бастапқы төркіндерінен алшақтап кеткен ұзақ (әңгіме), тұнық (су), ашық (сөз) сияқты негізі сын есім делініп саналатын, бастапқы ұза (ды), тұн (тұнды), аш (ашты) деген етістіктерден жасалған я туған сындарды алсақ, олардың мағыналары да қаншалықты алыстады дегемімізбен де, өздерінің бастапқы төркіндерімен мағыналас (синонимдес) келеді.
2.2 Сын есімнің морфемалық құрамдары
Ақ, қара, сары, көк, сұр, биік, үлкен, аласа, жылы, жұқа, қалың, тік, ірі, кіші сияқты сапалық сын есімдерді алсақ, қазіргі кезде олардың қай-қайсысы болса да, тиісті морфемаларға бөлшектенбейтін түбір сөздер есебінде қабылданып, ежелден келе жатқан негізгі сын есімдер ретінде түсініледі. Ал, бойшаң, алғыр, білгір, өткір, ашпалы, жаппалы, қалалық, ауылдық, жазғы, күзгі, ұшқалақ, ұщқыр, ұйымшыл, уайымшыл, ұққыш, көнбісті, көнтерлі, башы, бастапқы, сөзшең, сөзуар, сияқты қатыстық сын есімдерді алсақ, олардын, бәрі де тиісті түбірлер мен жұрнақтарға мүшеленетін туынды сөздер есебінде қабылданып, белгілі қосымшалар арқылы жасалған туынды сын есімдер екені ақтарылып тұрады.
Сөйтіп, сын есімдерді морфемалық құрамдарына қарай, негізгі сын есімдер және туынды сын есімдер деп бөлуге болады. Бірақ оларды осылайша жіктеу шартты нәрсе екенін есте ұстау қажет, өйткені қазіргі кезде негізгі сын деп жүрген сөздердің көпшілігінің төркінін талдап қарағанымызда, туыңды сындар болып келеді. Мысалы: тұнық, суық, ұйық, сирек, жазық, толық, ашық, жабық, иік, жетік, тілік, сергек сияқты сындар бастапқы түн, суы, ары, сұйы, сире, жаз, тол, аш-жап, и, жет, тіл, сергі деген етістіктерден туған. Сондай-ақ, ащы, тұщы сияқты сындардың әуелгі формасы ашты, тұшты дегендер болған да, кейін белгілі дыбыстық өзгерістерге ұшырап, бөлінбейтін түбір сөздерге айналып кеткен. Ал, толы, пісі, кіші сындары да бастапқы толық, пісік, пішік, деген формалардан ықшамдалған, кебу (отын) сияқты сындар да көп деген етістіктерден туған. Әрине, мұның бәрі бір күнде емес, замандар бойы тілдің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қорынын қарым-қатынасынан туып, тілдің даму заңына лайық бірте-бірте қалыптасқан және сол заң бойынша орныққан.
Сын есімдер морфологиялық (синтетикалык), синтаксистік (аналитнкалық), морфологиялык-синтаксистік (семантнкалык) тәсілдер арқылы жасалады.
Морфологиялық (синтетикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы жасалады.
Синтаксистік (аналитикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер жалаң сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі арқылы (ақ сары, қызыл сары; қара көк, ал қара көк; ақ құба, ақ сұр, ақ шабдар, ақ шұбар, ақ көк т. б.), негізгі сындар мен туынды сындардың бір-бірімен тіркесуі арқылы (ақ көйлекті, қара пальтолы т. б.) зат есім мен туынды сын есімнің бір-бірімен тіркесуі арқылы (көп балалы, ауыз жолды, жібек көйлекті), негізгі және туынды сын есім-дердің кайталануы, қосарлануы арқылы (үлкен-үлкен, үлкен-кіші, таулы-таусыз, елді-күнді) жасалады.
Морфологиялық-синтаксистік (семантикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздің семантикалық жағынан бірте-бірте дами отырып, адъективтенуі арқылы (мысалы: басқа, өзге, шалажансар т. б.) жасалады.
Бұл тәсілдің ең негізгісі, әрине, синтетикалық және аналитикалық тәсілдер, ал семантикалык тәсіл тіпті өнімсіз.
1. -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнағы арқылы кейбір зат есім-дерден, есімдіктерде үстеулерден, сондай-ақ, жатыс септік формасындағы сөздер мен әредік шығыс септіктегі сөздерден туынды сын есімдер жасалады. Ондай туынды сын есімдер және олардың мағыналары мынадай:
1) Мекендік ұғым білдіретін кейбір зат есімдерге, үстеулерге, сондай-ақ, жатыс және шығыс (сирек) септік формаларындағы есімдерге қосылып, мағыналары солардың лексикалық мазмұндарына қатысты туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: ауызғы, төргі, түпкі, ішкі, төменгі, жоғарғы, соңғы, артқы, баладағы, мектептегі, кітаптағы, сөйлегендегі, орталықтағы, заводтағы, цехтағы, сендегі, киімдегі, көктегі т. б.
2) Мезгілдік ұғым білдіретін кейбір зат есімдер мен есімдіктерге, мезглдік үстеулерге жалғанып мазмұндары солардың нақтылы лексикалық мағыналарына қатысты туыңды сын есімдер жасалады. Мысалы: кешкі, түскі, күзгі, жазғы, көктемгі, түнгі, күндізгі.
2. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті қоеымшасы аркылы мынадай туынды сөздер жасалады:
1) Негізгі және туынды зат есімдерден, олардың нақтылы лексикалық мағынасына қарай (соган ,байланысты), белгілі бір заттың я басқа бір құбылыстың бар екенін (барлығын) я мол екенін (молдығын) білдіретін туыңды сын есімдер жасалды. Мысалы: арлы, атақты, әдепті, әсерлі, байыпты, икемді, инабатты, пайдалы, шөпті, ағашты, сулы, гүлді, сиырлы, балалы т. б.
2) Қосарланған зат есімнен де, сын есімнен де, сан есімнен де, үстеуден де мағына жағынан әрі қосарланған сол екі сөздің де мазмұндарымен тікелей байланысты, әрі екеуінің де мазмұндарын қоса қамтитын күрделі сын есімдер жасалады. Мысалы: ағалы-інілі, ойлы-қырлы, таулы-тасты, өзенді-сулы, үлкенді-кішілі, бұрынды-соңды, жоғарылы-төменді т. б.
3) Екі-үш сөзден құралып, суреттеме атаулар есебінде қызмет ететін әр алуан тіркестерден де күрделі сын есімдер жасалады. Мысалы: ақ басты, қаз мойынды, ай қабақты, теке сақалды т. б.
3. -сыз (-сіз) — есім сөздерден болымсыздық мағына білдіретін туынды сын есім жасайтын өте өнімді жұрнақтың бірі. Осы қосымша арқылы туатын сын есімнің мағынасы жоғарыдағы (-лы, -ты, -ті, -ды, -ді) формасы тіркесіп жасалатын сын есімнің мазмұнына қарама-қарсы, демек, заттың жоқтығын білдіретін сын есім (таусыз, сусыз, баласыз, ақылсыз, білімсіз т. б.) жасайды. Сонымен қатар бұл қосымша конкретті, абстракт зат есімдерге, өсімдіктерге, жалпы атау сөздерге жалғана береді. Мысалы: баласыз, кітапсыз, көліксіз, білімсіз, мұңсыз, түйсіксіз, ашусыз, ақылсыз, даусыз, сенсіз, бізсіз т. б.
4. -шыл, -шіл қосымшасы зат есім, есімдік, әр тарапты сөздерге жалғанып, олардың лексикалық мағынасына сәйкес, белгілі бір іс-әрекетке бейімділкіті, икемділікті, құмарлықты білдіретін қатыстық сын есім жасайды. Мсалы: ұйқышыл, сауықшыл, күлкішіл, шайшыл, зорлық-шыл, ұйымшыл, өзімшіл, турашыл, ойшыл т. б.
5. -дай (-дей, -тай, -тей) негізінде өзі жалғанған сөзден салыстыру, ұқсату мәні бар туынды сын есім жасайтын қосымша бола тұрса да, бұл форма бір алуан сөздерге жалғанып туынды үстеулер де жасайды.
Зат есімдерге жалғанады. Мысалы: аттай, әкедей, таудай, үйдей, судай, кісідей, самолёттей т. б.
2) Есімдіктерге жалғанады. Мысалы: мендей, сендей, ондай, біздей, өздеріндей, анадай, мынадай т. б.
3) Сан есімдерге жалғанады. Мысалы: жүздей, мыңдай, елудей, қырықтай, отыздай т. б.
4) Есімше формаларына жалғанады: жабысқандай, болжағандай, жылардай, өлердей, баратындай, оқитындай т. б.
6. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік.
1) Зат есімдерге жалғанып, олардан әр сөздің нақтылы мағынасына қатысты қасиеттерді білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: орталық, қоғамдық, қалалық азаматтық, жолдастық т. б.
2) Мезгіл атаулары мен әр қилы бұйым атауларына жалғанып олардан мезгіл, өлшеу мөлшерімен байланысты туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: айлық, жылдық, апталық, тәуліктік, көйлектік, пальтолық, бірер қайнатымдық екі-үш асымдық т. б.
3) Есімдіктерге жалғанып, олардан белгілі бір жаққа қатыстықты білдіретін туынды есімдер жасайды. Мысалы: өздік, сендік, мендік, қанайдайлық, қаншалық т. б.
7. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес екі морфемадан (-да+с) кұралған осы құранды қосымшалар бірде кұрамындағы компонепттері (белшектері) жеке-жеке бөлшектенетіп жұрнақтардың тіркесі есебінде жұмсалса, бірде ондай компоненттерге белшектенбейтін бір тұтас күрделі жүрнақ ретінде қолданылады. Мысалы: аралас, ыңғайлас, қадірлес, сыйлас сияқты сөздердегі -лас (-лес) косымшасын іштей жеке-жеке бөлуге болады; ал, құрбылас, дәмдес, пікірлес, көмектес, елдес, мұңдас дегендердегі –лас (-лес) формасын олай етіп ажыратуға болмайды.
Бұл омоним жұрнақтың я есімге тән, я етістікке тән кендігі сөйлем ішінде (контексте) қолданылу орнына, атқаратын кызметі мен беретін мағынасына қарай ажыратылады. Мысалы, Құнанбайдың көп уақыттан бергі сыйласы да, құдасы да, досы да осы кісі еді (М. Әуезов); Бір ананың егізіндей екеуміз жұп жазбадық, тату болдық, сырластық (Ә. Ахметов) деген сөйлемдердегі алғашқы сыйласы деген сөз — есім де, соңғы сырластық деген сөз — етістік, осыған сәйкес, олардың морфологиялық тұлғалары да басқаша түрленген, демек, алғашқы сыйлас деген сөзге тәуелдік жалғау қосылып тұрса, соңғы сырлас деген сөзге етістіктің өткен шақ формасы (ты) мен жіктік жалғаудың қосымшасы қосылып тұр.
-лас (-лес) жұрнағы арқылы жасалатын туынды сын есімдердің мағыналары жұрнақ жалғанатьш негіздердің мазмұндарыпа сәйкес бірлестікті, теңдестікті, ұластықты, қарымдастықты, мерзімдестікті білдіреді. Олардың негізгі түрлері төмендегідей:
1) Адамның алуан түрлі сыр-мінездерімен байланысты абстракт мағыналы зат ссімдерге жалғанып, ондай сипаттардыцң басқа адамдармен әріптес екендігіп білдіреді. Мысалы: ниеттсс, сырлас, тілеулес, пікірлес, көңілдес, қадірлес, ақылдас т. б.
2) Адамзат, жан-жануарлардың теркіп-тегімен байланысты ұғымды білдіретін зат есімдерге жалғанып, олардыц тұқым-туысы бір екендігін білдіретін сын есімдср жасайды. Мысалы: туыстас, аталас, тумалас, бауырлас, қарындас т. б.
3) Мекен атауларына жалғанады да, олардың нақтылы мағыналарына орай, мекен-орын, жай, қопыс астастығын білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: ауылдас, көршілес, жерлес, елдес, тумалас, ұялас, жап-сарлас, іргелес т. б.
4) Кейбір зат есімдерге жалғанып, олардын, нақтылы лексикалык. мағыналарына қарай, түрлі қарым-қатынас, мерзім-мөлшер жағынан сыбайлас келетін сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: жолдас, замандас, сабақтас, кәсіптес, қызметтес, мәжілістес, дәмдес, өкшелес, үзеңгілес, серіктес, істес, сөздес т. б.
8. -шаң, -шең.'
Киім-кешек атауларына бұл жұрнақ талғаусыз жалғана бергенімен, езге зат есімдерге талғап жалғанады.
Бүл жұрнақ арқылы жасалатын туынды сын есімдер мазмұн жағынан біркелкі емес. Бұған қарағанда, осы жұрнақтың қазіргі формасы тек бірыңғай -шаң (-шең) болғанымен, тарихи шығу төркіні жағынан басқа-басқа (екі я үш түрлі) формалар болған сияқты. Ал -шаң (-шең) жұрнағының сөз тудыру қабілеті мынадай:
1) Киім-кешек атауларына жалғанып, адамның бойындағы киімімен байланысты сыртқы бейне-көрінісін білдіретін сын есімдер жасайды. Мысалы: көйлекшең, етікшең, пальтошаңт.б.
2) Қейбір зат есімдерге жалғанып, адамға я затқа тән белгілі бір ерекше қасиетті білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Бұл сын есімдер мағына жағынан -шыл (-шіл) жұрнағы арқылы туатын сын есімдермен синонимдес болып келеді. Мысалы: ашушаң, сөзшең, бойшаң, тершең, кіршең т. б.
2.3 Белгінің реңі және шырай категориясы
Заттардың белгілері бірде тіпті анық, бірде тым күнгірт немесе сәл ғана артық я сәл ғана кем деген сияқты әр алуан дәрежеде болуы ақиқат. Әдетте, заттардың осындай белгілері көбінесе оларды бір-біріне салыстыру арқылы табылады. Мысалы, ащы мен тұщы, ақ пен қара, алыс пен жақын, қою мен сұйық, терең мен тайыз, ыстық пен суық, қатты мен жұмсақ, ауыр мен жеңіл және басқа да осылар сияқты сындық ұғымдарды білдіретін сөздерді алсақ, олар — айналадағы ақиқаттық құбылыстарды бірте-бірте танудан кейін пайда болған ұғымдар.
Сөйтіп, заттың түрі мен түсіне, сапасы мен сипатына, көлемі мен аумағына, салмағы мен нәріне байланысты әр алуан ұғымдарға сәйкес туып, солардың атаулары есебінде қолданылатын сөздер болады. Ол сөздер тек әр алуан түстер мен сапаларды ғана емес, бір ғана түстің я бір ғана белгінің не сапаның әр килы түрлері мен реңдерін де білдіре алады. Мысалы, ащы деген белгінің ашқылтым, ащылау, ап-ащы. ащырақ, тым ащы деген тәрізді әр алуан дәрежені білдіретін түрлері де бар. Сондай-ақ, сарғыш, сарғылт, сарылау, сарырақ, сап-сары, өте сары дегендер де — сары түсінің әр түрлі реңдерінің атаулары. Ендеше, бұдан бір түрлі белгінің өзінде бір-бірінен ерекшеленіп ажырайтын әлденеше килы рең дәрежелері болатыны айқындалады. Ондай түстің я белгінің реңі сәл кем болса (ашқылтым, сарғыш), екінші бір реңі сол артықтау (ащылау, сарылау) болуы, үшінші бір реңі едәуір артық (ащырақ, сарырак;) болуы, төртінші бір реңі күшті (ап-ащы, сап-сары) я тіпті күшті (өте ащы, тым сары) болуы мүмкін де және болатын да заңды құбылыстар.
Заттың белгісі я сипаты (түсі, түрі, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы, сыры т. б.) біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары ш ы р а й формалары деп аталады. Заттың сындық белгілерінің бәсеңдік, солғындық реңдері мен мәндерін білдіретіп формаларға -ғыл (-қыл), (-қылт), -ғылт, -ғылтым (-қылтым), -ғыш, ғана (-кене), -ілдер, -қай, -қан, -ақ (-ек), -шыл (-шіл -шылтым (-шілтім), -ша {-ше) қосымшалары жатады. Бұл қосымшалардың туынды формалар жасау қабілет' тері сондайлықты мардымды емес. Олардың кейбіреуі тек бір ғана сөзге (көгілдір, құба-қан), кейбіреулері екі-үш сөзге (кішкене, азғана, кішкентай, азғантай, қоңырқай, құбақай, ақшыл, көкшіл, ақшылтым, көкшілтім) ғана жалғанса, кейбіреулері бес-он сөздің аясында ғана қолданылады. Мысалы, сарғыш, бозғыш, қызғыш, сұрғыш, деген формалар -ғыш жұрнағы арқылы сары, боз, қыз(ыл), сұр деген түбірлерден жасалған. Ал, бозғыл қызғыл, сұрғыл, қуқыл, қатқыл, қышқыл деген сөздер -ғыл (-қыл) жұрнағы арқылы жасалған; осы сөздердің бәріне де әуелі -т жұрнағын (бозғылт, сұрғылт), одан кейін -ым жұрнағын тіркеп (сарғылтым, қызғылтым) жаңа формалар жасалады.
Өзге қосымшаларға қарағанда, жаңа формалар тудыру жағынан –ша (-ше), -аң (-ең, -ң) жұрнақтары әжептәуір құнарлы -ша (-ше) жұрнағы кейбір сапалық сын есімдерге еркін жалғана береді (ақша, сарыша, көкше, қызылша, сұрша, семізше, қысқаша т. б.). Бірақ бұл жұрнақ сын есімнің өзге түрлерінің бәріне жалғанбайды, бұл жұрнақ жалғанған сын есімнен сапаның олқы екені түсінілумен қатар, оған кішірею, бәсеңдеу реңі жамалғаны да білінеді. Мысалы: Ақ үйдің оң жағында кіші қоңырша үй, сол жағында қараша үй тұр (Ғ. Мүстафин). Ақша қар, көкше мұздар шағылысып, ғажайып бір суреттей жарқырасады (А. Тоқмағамбетов): Биікше тастақ тәбенің басында кешкі ауылдың тірлік тынысын тыңдап Абай отыр (М. Әуезов) т. б. Осы сөйлемдердегі қоңырша, қараша, ақша, көкше деген сөздерден атанған түстердің толық емес, жетімсіз екенін аңғарсақ, биікше дегеп сөзден тастың биік емес, шағын я сәл биік екенін бағдарлаймыз. Сын есімге жалғанып, сапаның я белгінің жетімсіздігін білдірстін осы жұрнақтың мағынасы мен қызметінде зат есімге тән -ша (-ше) жұрнағына ұқсастық та, құрылымдастық та бар. Бұл ерекшелік, мысалы, құдаша, бөлімше, құнанша, күрекше, кітапша, құрықша деген зат есімдер мен биікше, толықша, семізше, ұзынша, қызылша, тікше деген сын есімдерді салыстырғанда, айқын біліне қалады. Сондай-ақ қуаң, жасаң, босаң, бәсең, сидаң, қайқаң, ояң, жадаң, қысаң, қатаң, ашаң, қашаң сияқты сын есімдердің мағыналары мен формалары (тұлғалары) белең, жұтаң, кезең, қыраң, сору секілді зат есімдердің формалары мен мағыналарына ұштасып жатады. Бұл айғақтар зат есім мен сын есімнің өз ара қатынасында, олардың шығу төркіні мен даму заңдылықтарында тек сыртқы форма жағынан ғана емес, ішкі мағына жағынан да жалпының барлығын дәлелдеумен қатар, бұл қосымшалардың зат есімге жалғанғанда да, сын есімге қосылғанда да оларға толымсыздық, олқылық рең жамайтынын мойындатады.
Зат есімге де, сын есімге де жетімсіздік, солғындық, бәсеңдік реңдерін жамайтын жоғарыдағыдай қосымшалардың қатарына -дақ (-дек), -тақ (-тек) жұрнағын да қосуға болады. Өйткені осы жұрнақ жалғанған құмдақ, тастақ, шаңдақ, мұздақ деген зат есімдер мен жеңілтек, кентек, жуантық деген сын есімдердің формалары да, мағыналары да, қызметтері де жоғарыда талданған -ша (-ше), -аң (-ең) жұрнақтарына ұқсас.
Тіліміздегі сын есімдерге тән қосымшалардың ішінен салыстыру мәнін туғызатын да, салыстыру қызметін атқаратын да формалар: -лау (-леу), -дау (-деу), -тау (-теу) жәңе -рақ (-рек), -ырақ (-ірек) жұрнақтары ғана. Бұл екі жұрнақтың екеуі де тиісті белгіні салыстыру үшін қолданылады. Олардың формалары екі басқа болуларына қарай, үстейтін мағыналары мен атқаратын қызметтері де екі түрлі. Атап айтқанда, -лау (-леу), -дау (-деу), -тау (-теу) жұрнақтары өзі косылатын сындық белгіге (сын есімге) бәсеңдік, солғындық, шағындық рең жамаса, -рақ -(рек, -ырак, -ірек) жұрнағы, керісінше, басымдық, артықтық, молдық рең жамайды. Сөйтіп, бұл екі форма заттың сапасын (белгісін, аумағын, көлемін, қасиетін т. б.) атапқана қоймайды, ол сапа басқа бір салыстырылатын заттың сол сияқты сапасынан я кем (бәс), я артық (басым) екенін білдіру үшін қолданылады. Осыған сәйкес, олар салыстыру формалары (жұрнақтары) деп те аталады.
-лау (-леу...) жұрнағы негізгі және туынды сын есімдерге еркін жалғана береді. Мысалы: аласалау, ашықтау, алыстау, ақырындау, баяулау, биіктеу, әдемілеу, дептілеу, ескілеу, көкшілдеу, суықтау т. б.
Бұл жұрнақ кейбір зат есімдерге де, үстеулерге де жалғанады да, оларға бәсең, солғын рең жамайды. Мысалы: дөңестеу, балалау, кедейлеу, қарттау, қыраттау, ойпаттау, ызғырықтау т. б.
-рақ (-рек, -ырақ, -ірек) жұрнағы да негізгі және туынды сын есімдерге жатырқамай, еркін жалғана береді.
Мысалы: ащырақ, алысырақ, биігірек, жақсырақ, молырақ, шикірек, малдырақ, бойшаңырақ, толығырақ т. б. -рақ жұрнағы үстеу сөздер мен модаль (бейтарап) сөздерге жалғанып, оларға ұлғайту, молайту, көбейту, реңдерін үстейді. Мысалы: ілгерірек, жоғарыращқ, шеткерірек, алғарақ, ертерек, азырақ, көбірек, қажеттірек т. б.
-рақ жұрнағы кейбір зат есімдерге де жалғанады.
Мұнда да зат есімдердің семантикасына түрлі өсіңкі реңдер жамалады. Мысалы: баларақ, ұятырақ, аюырақ т. б.
Заттың белгісінің реңі сын есімге тән үстеме буып арқылы да беріледі. Мысалы, қызыл мен қып-қызыл, бір түрлі түсті білдіргенімен, бір-бірінен айырмашылығы бар екі түрлі реңді білдіреді: Мұндағы қызыл сөзі кәдімгі, қалыпты қызыл деген түсті білдірсе, қып-қызыл сөзі қан кызыл, өте кызыл деген тәрізді өсіңкі түсті білдіреді. Сондай-ақ, жақын мен жап-жақын деген көлемдік белгіде де, ауыр мен ап-ауыр деген салмақтық белгіде де, қышқыл мен қып-қышқыл деген дәмдік белгіде де, жақсы мен жап-жақсы деген сапалық белгіде де рең я дәреже жағынан өз ара азды-кепті айырмашылық барлығы даусыз. Солай болса, сын есімге тән үстеме (күшейтпе) буын бір заттың белгісін екінші бір затқа салғастырмағанымен де, сапаның күшті екенін білдіретін форма есебінде қызмет етеді.
Заттың белгісінің реңі күшейту үстеулерінің сын есімге қабаттасуы арқылы да өзгереді. Мысалы, үлкен мен аса үлкен дегендердең бір-бірінен басқашалау көлемдік белгі аңғарылатыны сияқты, тәуір мен тым тәуір дегендсрдің де сапасы бір болғанымен, олардың өз айырмашылығы. барлғы білінеді. Ендеше, күшейту үстеуі мен сын есімнің тіркесулсрі арқылы да бір заттың белгісі екінші бір заттың сондай белгісіне салыстырылып араларындағы реңді ажыратуға дәнекер болатынын көреміз.
2.4 Шырай түрлері және жасалуы
Жалпы зат атаулылардың белгілері басқа-басқа болулары былай тұрсын, бір түрлі белгінің өзінде (мыса-, лы, түсінде, сапасында, көлемінде, салмағында және басқа қасиетінде) әр алуан рең болатынын, ол реңдердің өздері әр қилы дәрежеде болатынын айқындағаннан кейін, сын есімнің шырайы деген не, тілімізде қандай-қандай шыранлар бар және олар қандай тәсілдер (формалар) арқылы жасалады деген мәселелерді де анықтау кажет болады. Мысалы, Жоғарғы Советтің мәжіліс залы кең де, биік те, жарық та, салтанатты да, сәулетті де екен деген сөйлемде бір залдың өзінде бес түрлі белгі аталып түр. Бұдан көптеген заттардың алуан түрлі белгілерін салыстырудан да, бір жеке заттың әр түрлі белгілерін салыстырудан да баска-баска белгілер анықталғанымен, әлденеше заттың бір түрлі я біркелкі белгісі-нің айырмашылықтары айқындалмайды. Солай болса, салыстырудың бәрі бірден бір түрлі сындық белгінің әр килы дәрежесін аша.алмайды.
Сын есімнің шырайы деп аталатын категорияның мазмұны да, формасы да әлденеше заттың (әр түрлі я біркелкі белгілерін емес) бір түрлі я біркелкі белгілерінің өз ара айырмашылықтарын, демек, сол біркелкі белгілердің бір-бірінен я артық, я кем екендігін анықтау аркылы туады. Екінші сөзбен антқанда, біреуі ақ, біреуі кызыл, біреуі қара, біреуі сары, біреуі қоңыр, біреуі кек түсті нәрселерді немесе біреуі үлкен, біреуі кіші, біреуі тік, біреуі сопақ, біреуі текше нәрселерді салыстырудан шырай категориясы тумайды. Шырай категориясы я бірыңғай ақ, я бірыңғай кызыл, я бірыңғай қара, я бірыңғай сары, я бірңғай қоңыр, көк түсті әлденеше (кемі екі) заттардың реңдеріндегі ерекшеліктерді немесе бірыңғай үлкен я бірыңғай кіші делініп танылған әлденеше заттардың көлем-аумақтарындағы артық, я кемдік дәрежелерін өз ара салыстыру арқылы туады. Әрине, ондай реңдер мен дәрежелер сан жағынан да, сапа жағынан.да салыстырылады. Өйткені, біркелкі белгінін, осындай сандық я сапалық айырмашылықтары, сайып келгенде, шырайларды бір-бірінен айыратын өлшеу де, тірек те, негіз де болып саналады. Осыған орай, әрбір шырайдың өзіне тән мазмұны мен формасы болады.
Сонымен тіліміздегі сын есімнің мынадай төрт түрлі шырайы бар:
1) Жай шырай, 2) салыстырмалы шырай, 3) күшейтпелі шырай, 4) асырмалы шырай.
Ж а й (н е г і з г і) ш ы р а й заттың белгісін, түсін (түрін), сапасын, көлемін, салмағын, аумағын, тағы басқа сондай негізгі сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есім жай шырай болып есептеледі. Мысалы: биік" тау, үлкен үй, жақсы қағаз, қызыл сия.
Жай шырай формасы шырайлардың басқа түрлерін мағына жағынан да, форма жағынан да салыстыратын негізгі форма болып саналады.
Салыстырмалы ш ы р а й бір заттың сынын екінші заттын сынына салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді.
Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар (формалар) мыналар:
а) -рақ, -рек, -ырақ, -ірек мысалы: Көкше көктен гөрі көгірек тау екен (С. Мұқанов); Қараойға қарағанда Сұлтөбе бойшаңырақ (Ғ, Мүсірепов).
ә) -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу мысалы: Ниетқабылдың отша жанған сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады (Ғ. Сланов). Сол ауылда таныстау бір шал бар еді (Ғ. Мүсірепов).
Бұл екі форма — өте өнімді формалар.
б) -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылі, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -аң. Бұлар өнімсіз жұрнақтар, мысалы, Дымқыл шалғынның арасында, бозғыл тұманның ішінде барлаушы бала да көрінбейді (В. Қатаев); Жігіттің сұрғылт жүдеу жүзі енді көкшіл тартқан сияқты (С. Мұқанов).
К ү ш е й т п е л і ш ы р а й заттың бастапқы сьндық касиетін күшейте түседі. Бұл шырай негізгі сьін есімдергс күшейткіш (үстеме) буынды қабаттастыру аркылы жасалатын өте өнімді форма. Мысалы: Үй іші жапжа-рық,ауыз үй тап-таза айнадай (С. Ерубаев); Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, қара шаш қызыл жүзді жасырғанда (Абай).
А с ы р м а л ы ш ы р а й заттың сындық қасиетін я тіпті асыра көтереді, я тым асыра төмендетеді. Асырма шырай сын есімдердің алдына аса, өте, тым (дым), тым-ақ (дым-ақ), тіпті, тіптен, шымқай, нағыз, нақ, ең, ал (ал қызыл, алқара көк), орасан, керемет сияқты күшейткіш үстеу сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Бұл да — ете Күмарлы тәсіл. Мысалы: Бұл іс — тым қиын да, абыройлы да іс (С. Ерубаев);Ол тіптен жаксы адам (А. Тоқмағамбетов); Абай — нағыз үлкен реалист ақын («С. Қ.»); Мғжіліске ең қадірлі, ең таңдаулы амдар келмек («С. Қ.»).
Шырай жұрнақтары бірінен кейін бірі үстеліп те жұмсалады. Оның ішінде басқа жұрнақтардың үстіне көбірек жалғанатыны -лау, -леу (-тау, -теу, -деу) жұрнағы. Мысалы: ақшылдау келген жүзіндегі кішкене мең ерекше өң беріп, безентіп тұр (Ғ. Мұстафин); Жүзі қуқылдау, күлім көз жігіт өзінен өзі жымиып қойды (Ғ. Сланов) деген сөйлемдерде -дау (-деу) жұрнағы кілең басқа шырай жұрнақтарының үстеріне қабатталып тұр.
3 Қорытынды
Сын есімдер мағына жағынан заттың сынын, белгісін білдіретін сездер болғандыктан, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Жіңішке ине мен жуан иненің аралығындағы жуантық инені бәсең ине дейді (Ғ. Мұстафин); Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр мылқау танымас тірі жанды (Абай); Тоты құс түсті көбелек жаз сайларда гулемек (Абай) деген сөйлемдердегі негізгі сын есімдер де, туынды сын есімдер де анықтауыш болып тұр.
Сын есімдер сөйлемде баяндауыш та болады. Ондайда, сөйлемнің бастауыштары жіктеу есімдіктерінен болса, сын есімнен болған баяндауыштарға жіктік жалғаулары косылады. Мысалы: Мен тіпті жүйрікпін (Ғ. Мүсірепов)і Ой желке, қамыс құлақ қара көкпін (С. Сейфуллин) 'деген сөйлемдегі жүйрікпін қара көкпін деген сын есімдер — баяндауыштар
Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студент жақсы оқиды дегендегі алғашқы жақсы анықтауыш та, соңғы жақсы— пысықтауыш, сол сияқты, жақсы оқу үшін көп оқу керек дегенде де, жақсы деген сөз пысықтауышты пысықтап тұр.
Сын есімдерге негізінде көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғанбайды, бірақ сөйлемде жүктелген міндетке қарай сын есімдер зат есімнің кызметіне де ие бола алады. Мұндай жағдайларда сын есімдерге не көптік, пе тәуелдік, не септік жалғауы (я олар қабаттасып) жалганады да, зат есім орнына жұмсалады. Мұны, әдетте,. сын есімнін, субстантивтенуі (заттануы я заттық мағынада қолданылуы) деп атаймыз. Мысалы: Жақсыдан үлгі ал (макал); Ескіге жаңа өлшеуіш ( мақал); Жаздым үлгі жастарға бермек үшін (Абай) дегендердегі жақсыдан сөзі жақсы адамдардан дегеннің орнына ескіге, сөзі ескі нарсеге деген орнына, жастарға деген жас адамдарға дегеннің орнына қолданылып тұр.
Сын есімдерге көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғанып заттанғанда (субстантивтенгенде), сын есім өзінің негізгі сындық мағынасының үстіне заттық мағынаны жамап алады. Мұндайда, сын есім атау тұлғада тұрып кім? не? деген сұрауға жауап берсе, сөйлемнің бастауышы болады да, бұрма жалғауларда тұрып (іліктен басқа) толықтауыштың сұрақтарына жауап берсе, толықтауыш болады. Кейде көптік, тәуелдік жалғаулары жалғанбай-ақ сын есімдер атау түріңде тұрып заттық мағына береді де, бастауыш бола береді. Мысалы: Бітер істің қасына жақсы келер басына (мақал) дегендегі жақсы деген сын есім кім? деген сұрауға жауап беріп, жақсы адам дегеннің орнына жүріп тұр Бұл сөйлемдегі жақсы — бастауыш мүше. Бірақ ондай сын есімдер тек сол сөйлемде ғана субстантивтенеді, біржолата зат есімге айналып кетпейді.
4 Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. С. Ж и е н 6 а е в. «Сөйлемнің тыныс белгілері» (1940).
2. Ә. Садуақасов «Сауат ашу методикасы» (1940).
3. С. Ж и е ң б а е в «Қазақ тілі методикасы» (1941).
4. С. Жиенбаев «Грамматикалық таблицалар» (1942).
5. С. Жиенбаев «Жаттығу емле мен тіл дамыту» (1944).
6. Ғ. Бегалиев «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» (1950).
7. Ш. С а р ы б а е в «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері (1-бөлім, фонетика және морфология). 1956.
8. И. Ұ й ы қ 6 а е в «Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері» (, (1957).
9. Э. Хасенов «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері» (1957).
10. Э. X а с е н о в «Пунктуацияны оқыту жолдары» у.957).
11. Ә. Е р м е к о в «Грамматикалық талдау» (1958).
12. А. Ысқақов «Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысының жайы мен міндеттері туралы» (1958).
13. И. Ұықбаев «Қазақ тілін оқыту мәселелері» (1959).
14. Ф. Мұсабекова «Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері» (1959).
15. Ф. Мұсабекова «Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы» (1973).
16. К. Жолымбетов «V—VIII класс оқушыларының ана тілінен өз бетімен жұмыс жүргізуі үшін қосымша тапсырмалар» (1961).
17. Е. Көшетабаев «Қазақ тілі сабақтарындағы қайталау» (1961).
18. Р. Сыздықова, Қ. Неталиева «Қазақ пунктуациясының ережелері» (1961).
19. Ш. Әуелбаев «Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясын оқытуға арналған құрылымдық схемалар» (1971).
20. М. Д ү й с е б а е в а «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері» (1973).
21. К. Жолымбетов «Қазақ орфографиясын оқытудың ғылыми негіздері» (1974).
22. Ш. Әуелбаев «Пунктуацияның қиын мәселелері» (1977).
23. Ә.Исабаев –Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. Алматы, 1993 жыл
24. С.Қазыбаев – Қазақ тілі методикасы. Алматы, 1990 ж.
25. А.Әбілқаев – Қазақ тілін оқыту, Алматы-1984 ж.
26. Х.Арғынов – Қазақ тілі методикасы. Мектеп –баспасы 1994 жыл.
27. Б.Құлмағамбетова – Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1988 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |