1.2 Конверсия тәсілі бойынша сөз тудыру мәселесінің зерттелуі Белгілі ғалым Ысқақаов А. «Сөз тудыру дегеніміз- жаңадан сөз жасау заңдары мен ерекшеліктерінің жиынтығы» десе, Жақсыбай Сарбалаев «конверсиялық тәсіл арқылы сөз тудыру тілдегі сөз таптарының бір- біріне ауысуына сүйенеді» деп көрсетеді[4, 26]. Конверсия тәсілі, әдетте, тілдегі сөз таптарының арасында болатын сан қилы сөз алмасуларды білдіретін процесс болып табылады да, жалпыламалық қасиетке ие болады. Ал, оның жекеленген сөз таптарындағы көрінісі жеке термин сөзбен аталады да (мысалы, субстантия, адвербиализация, промонолизация және т.б.), бір жағынан конверсиялық тәсілдердің бір түрі немесе бір формасы болып танылады. Екінші жағынан, олар сол сөз табын жаңа сөздермен толықтыратын бір көз есебінде яғни сол сөз табының сөзжасамының бір амалы, тәсілі ретінде қабылданады. Конверсиялық тәсіл арқылы сөз тудыру тілдегі сөз таптарының бір- біріне ауысуына сүйенеді. Тілдің даму барысында белгілі бір сөз таптарындағы сөздер өзінің бастапқы бастапқы лексика- грамматикалық категориясынан қол үзіп, екінші бір лексика- грамматикалық категорияға ауысады. Басқа сөз табынан ауысып келген сөздер уақыт өте келе өзі енген сөз табының категориальды мағынасы мен грамматикалық ерекшеліктерін қабылдап, сол категорияға сіңіп кетеді.Бірақ олар өздерінің бастапқы мағынасы мен грамматикалық ерекшеліктерін жоғалтқанымен, тұлғалық қалпын сақтап қалады. Сөйтіп, тілдің грамматикалық жүйесінде тұлғалануы бірдей болғанымен, категориальды мәні мен грамматикалық сипаты әр түрлі сөз табына қатысты болып келетін лексика- грамматикалық омонимдер пайда болады. Мысалы: 1. Зат есім: Үлкен жүректі Ана бар жерде түр мен тілдің бөлектігі адырам қалады екен. Есімдік: Үлектің үстінен жасаураған көзіме ана жақтан да, мына жақтан да құжынай көшкен қалың ел көрінеді. 2. Сын есім: Осы бір қаны қызба, ақыл- айласы кем тобырдың қолымен талай рет от көседі, мамыражай тіршілігіне мажырап, бейқам жатқан орыс, қазақ ауылдарын шапты. Етістік: -Жә, мырза, қызба! Өз ақылың кем болса, тыңдап үйренген жөн. 3. Зат есім: Бірақ көзінен жас шыққан жоқ, егіліп іштей жылады. Сын есім: Малдас құрып үнсіз отырған жас жігіт мырс етіп, күліп жіберді. 4. Етістік: Жаңағы жаңғырық өшкенше Айбек сол тістенген күйі қалшиып қатты да тұрды. Сын есім: Әлден соң иегі кемсеңдеп, тамағына тастай қатты зат кептелді. Мұндай тұлғалануы бірдей лексемалар тілде лексика- грамматикалық омонимдер деп аталады да, өзара омонимдік қатар құрайды. Бұлардың әрқайсысы дербес сөз ретінде танылады да, лингвистикалық сөздіктерде өз алдына бөлек, жеке сөз ретінде беріледі. Тіл білімінде сөздердің бір лексика- грамматикалық категорияда екінші лексика- грамматикалық категорияға ауысулары «конверсия» (ағылшын тілінен алынған термин: conversion- айналу) деп аталады да, ол сөзжасамның бір жолы (түрі) ретінле танылады. ««Проблема перехода частей речи в другую, - дейді академик В.В.Виноградов, - тесно связано с проблемами выделения частей речи в языкознанию. Оно такде имеет отношение к словообразованию, так как конверсия представляет собой один из способов словообразования». Белгілі түрколог А.А.Юлдашев та конверсиялық процестің сөзжасам жүйесінде алатын орны жайында осыған ұқсас пікір айтады: «Конверси должна рассматриваться как один из функционирующих в современных языках словообразования». Молдаван тілінің зерттеушісі Н.Г.Корлэтяну болса, конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудыру дүние жүзіндегі көптеген тілдерде ұшырайтынын, оның тілдердің бір тобында актив (мысалы, ағылшын, француз, неміс және т.б.), ал енді бір тілдерде пассив түрде келетінін айта келіп, оны сөздік құрамды жаңа лексемалармен байытатын маңызды факторлардың қатарына жатқызады. Конверсиялық тәсіл- ағылшын тілінің жасам жүйесіндегі ең өнімді, актив тәсілдердің біріне жатады. Л.А.Уримцеваның деректеріне қарағанда, қазіргі ағылшын тілінің лексикалық құрамындағы конверсияланған сөздердің саны (яғни бір сөз табынан екінші сөз табына ауысқан) 7- мыңнан асып жығылады» [4, 3]. Е.А.Куриловичтің түсінуінше, сөз тудырудың морфологиялық- синтаксистік тәсілі (конверсия) морфологиялық және синтаксистік дервацияның нәтижесі. Е.А.Раевская мен Н.Б.Гвигани сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуын лексикалық единицалардың көп функциялылығы деп бағалайды. М.Д.Степанованың пікірінше конверсия сөз тудырудың арнайы бір жолы емес, ол тек грамматикалық құбылыс болып табылады. Сөз таптарының бір- біріне ауысуының нәтижесінде пайда болатын лексикалық- грамматикалық омомнимдерді И.П.Иванов «модельденген омонимдер» деп атаса, В.Д.Аракин оларды «жұрнақсыз сөз тудыру» деп қарайды (безаффиксальное словообразование). Сонымен бірге, жалпы тіл білімінде кейбір зерттеушілердің сөз тудырудың конверсиялық тәсілін мойындамайтынын, тіпті, оны жоққа шығаратынын да айта кету қажет. Мысалы, Адмони, Б.С.Жаров, В.С.Ярцева, И.А.Антипова т.б. сықылды ғалымдардың тілдің синтаксистік жүйесінде сөз таптарының бір- бірінің орнына қолданылуын, яғни басқа сөз таптарының функциясында жұмсалған сөздерді «орынбасар- сөздер» (слово- заместитель) деп атауды ұсынады. Десек те, отандық ғалымдардың көпшілігі (А.И.Смирницкий, А.Н.Тихонов, Н.К.Дмитриева, А.Н.Кононов, Н.А.Каламова, Б.О.Орузбаева, Н.М.Шанский, В.В.Виноградов, Н.Г.Карлэтяну, Ю.А.Жлуктенко, А.А.Ғаниев, А.А.Юлдашев, С.А.Бегляров, И.Н.Павлов және т.б.) сөз таптарынң бір- біріне ауысуын конверсия деп атайды да, оны сөзжасамның бір жолы деп санайды. Түркологияда конверсия жайында үш түрлі көзқарас қалыптасқан. Оның бірі- белгілі түрколог Э.В.Севортянның пікірі. Э.В.Севортян конверсияның қазіргі түркі тілдерінде ағылшын тілдеріндегідей сөз тудырушы ролі жоқ екенін айта келіп, оны түркі тілдерінің көне дәуірінде болған синкретизмнің лексика- морфологиялық көрінісі деп қарайды. Алайда түркологтардың бәрі Э.В.Севортянның пікірін қолдайды деп айта алмаймыз. Қазіргі түркі тілдеріндегі әрі етістік, әрі есімберетін синкретизм сөздердің (мысалы, қазақ тіліндегі ақ, көк, көне, той, жон, күй, аз, бос және т.б.) тарихи қалыптасуын конверсия процесінің нәтижесімен байланыстырып қарайтын көзқарастар жоқ емес. Мысалы, Г.Рамстедт кезінде түркі тілдеріндегі есім- етістік омонимдердің тарихи қалыптасуын «конверсия» деп таныған болатын. Осындай сан түрлі көзқарастарды саралай келе ғалым Ж.Сарбалаев «конверсия» тәсілі жайлы: « Біз де қазіргі қазақ тіліндегі синкретикалық жұп сөздерді яғни етістік- есім омомнимдерді конверсия аясында қарастыру қажет деген пікірді қолдаймыз. Себебі конверсиялық процесс Э.В.Севортян айтқандай, түркі тілдерінің көне дәуірінде болып өткен процесс емес, ол да ағылшын тіліндегідей дамудағы, қазіргі кезде кемеліне келген тілдік процесс.Тілдің бір бөлшегі- сөз таптарының өзге де тілдік құбылыстар сияқты даму, қозғалыс күйінде болатынын ескерсек, онда ешкім де конверсиялық тәсілді жоққа шығара алмайды. Өйткені сөздерді белгілі бір сөз таптарына байлап қоюға болмайды. Конверсия тәсілін мойындамау – бұл ең алдымен сөз таптарының дамуын, басқаша айтқанда, тілдің жалпы дамуын мойындамаумен бірдей. Сөздер де тілдің даму барысында түрлі өзгерістерді басынан өткізеді. Олар тілдің даму процесінде кейде өзінің семантикалық мәні мен синтаксистік қызметінен қол үзіп, көмекші сөздерге не болмасаграмматикалық фарманттарға айналып отырады, енді бірде сөздер өздерінің категориялық мағынасы мен парадигмімен жекешеленіп, өзге бір грамматикалық топтардың қатарына ауысып, тілдегі лексикалық- грамматикалық омонимдердің түзілуіне себепші болады» деп тұжырымдайды [4, 9]. Сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуы өте ұзаққа созылатын процесс. Олар бір лексика- грамматикалық категориядан басқа бір лексика – грамматикалық категорияға ауыса салмайды. Бір сөз табынан екінші сөз табына ауысқан сөз әуелі «аралық категорияда» өмір сүреді де, екі сөз табына ортақ синтаксистік қызметте жұмсалады. «Аралық категорияда» өмір сүретін сөздің бойында, сондай- ақ, өзінің бұрынғы категориальды мағынасы да жарым- жартылай сақталады. Конверсия туралы теріс түсінік , өкінішке орай, 1989 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» деп аталатын іргелі еңбекте де орын алыпты. Бұл туралы белгілі ғалым Жақсыбай Сарбалаев былай тұжырымдайды: «Аталған монографияда конверсиялық тәсіл «сөзжасамның лексика –семантикалық тәсілі» деп аталыпты. Оған «белгілі бір сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, көп мәнді, ең бастысы омонимдік қатарда келуі арқылы жасалады» (?). Сондай- ақ «осы жол кейбір сөздердің ол бастағы мәнін жоғалту (?) не болмаса әлсірету барысында басқа бір сөз тобының қатарынан танылуға жол береді» (?). «Тіл білімінде мұндай құбылыс промонализация (сөздердің бір сөз табынан екіншісіне айналуы) деп аталып жүр»(?) деген анықтама беріліпті. [1, 99]. Біріншіден, сөздердің жаңа мағынаға ие болуы, авторлар айтқандай, «сөздердің омонимдік қатарда» келуі арқылы жасалмайды. Керісінше, сол сөздердің омонимдік қатарда келуі, сөйтіп, олардың тілде жаңа сөз болып танылуы, ең алдымен, сол лексика- семантикалық тілдің нәтижесі емес пе? Екіншіден, кейбір сөздердің о бастағы мәнін жоғалтуы не болмаса, әлсіреуінің олардың басқа сөз табында танылуына негіз бола алмайды. Сөздердің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысуына басты себеп, біріншіден, «белгілі бір сөз табындағы лексемалардың жеткіліксіздігінен» болса, екіншіден, сөздердің өзіне тән әуел баста орныққан функциясын өзгерту болып табылады» [4, 16] деп тұжырымдайды. Сондай-ақ ғалым «Зерттеушілер, әсіресе, конверсияның субстантивация, адективация, адвербиализация сияқты формаларына ерекше ден қойған, бағалы пайымдаулар жасаған, нақты тұжырымдар түйген (Бахараев А.И., Удалова Л.И., Соколов С.А., Корлэтяну Н.Г., Ғаниев А.Ф., Беглярова С.А., Абдурахманов Г.А. және т.б.). Дегенмен ғалымдардың конверсиялық процесс жайындағы айтқан ой- пікірлеріне бажайлап қарайтын болсақ, онда олардан бірізділікті байқау қиын. Олардың конверсиялық тәсіл арқылы сөз тудыруды бір ғана аспектіде емес, түрлі аспектіде қарастыруы әр түрлі байламдардың тууына себепші болды. Кейбір ғалымдар лексика- грамматикалық категориялардың бір- біріне ауысуын, соның нәтижесінде пайда болған «жаңа тұлғалы транспозициялық құбылыс» (Ш.Балли, Л.Соколова) деп атаса, енді біреулері мұны тілдегі «трансляциялық құбылыс» (Л.Теньер) деп таниды» дегенді айтады [4, 5]. Үшіншіден, бір сөз табының екінші сөз табына ауысуы «прономинализация» деп аталмайды. Жалпы тіл білімінде сөз таптарының бір- іріне ауысуы конверсия, трансформация, транспозиция, субститутция, декорреляция т.б. атаулармен аталады. Бірақ бұлардың ішінде лингвистикада жиі қолданылатыны – конверсия термині. Ал прономинализация болса, басқа сөз таптарының есімдіктердің қатарына ауысуы болып табылады да, ол конверсиялық бір формасы болып саналады. Конверсиялық тәсіл арқылы яғни сөз таптарының бір- біріне ауысуы негізінде жаңа сөз тудыру дүние жүзіндегі көптеген тілдерде, атап айтқанда, ағылшын, неміс, француз, молдаван және т.б. тілдерде кең тарағана құбылыс. Аталған тәсіл бойынша сөз тудыру амалы қазақ тіл білімінде енді- енлі зерттеліп, ол жайында ғылыми- ой тұжырымдар бірте- бірте орнығып келеді. Ғалым Жақсыбай Сарбалаев «Сөзжасамның сөз болып отырған амалын «лексика- грамматикалық тәсіл» немесе «конверсиялық тәсіл» деп атаған орынды» дейді [4, 15]. Себебі «лексика- граммтикалық тәсіл» немесе конверсиялық тәсіл» деп тану сөзжасамның бұл түрінің табиғаты мен мазмұнына толық сай келеді. Конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудыруға сөзжасамның жалпыға кеңінен танылған лексикалық, морфологиялық және синтаксистік амалдары қатысады. Бірақ конверсия бойынша сөз тудыруда сөзжасамның атаған түрлері қалыпты (нормативті) грамматикадағыдан мүлде басқаша сипатта көрінеді. Мысалы, қалыпты грамматикада, әдетте, лексика- семантикалық тәсіл- полисемантизмді сөздердің мағыналық жақтан дамып, олардың белгілі бір сөз табына жататын омонимдес сөздерге жіктелінуінен көрінсе, конверсиялық амалда лексика-ссемантикалық тәсіл сөздердің функциясын өзгертіп, олардың басқа бір сөз табының мағынасын қабылдауынан және оның жаңа лексема ретінде сөздік құрамға енуімен ерекшеленеді. Сол сияқты, қалыпты грамматикада морфологиялық тәсілде жаңа сөз жасау сөздің түбіріне не негізіне сөз тудырғыш аффикстердің жалғануы арқылы жүзеге асатын болса, мұнда, конверсиялық тәсілде жұрнақтардың айрықша ролі жоқ, қайта конверсиялық тәсіл оған антонимдік сипатта болады. Конверсиялық тәсіл бойынша сөз тудыруда морфологиялық тәсіл сөздердің түрлену жүйесінің (парадигінің) өзгеруінен, яғни белгілі бір сөз табындағы сөздің парадигмі өзгеріп, екінші бір сөз табының парадигміне ауысуынан көрінеді.
Қазіргі түркология ғылымында аталған процестердің сөзжасамға қатысы барлығын, оның ішінде конверсиялық тәсіл арқылы сөз тудырудың белгілі бір формалары болып табылатынын А.А.Юлдашев, Ф.А.Ганиев, А.А.Павлов, А.Джафаров және т.б. зерттеушілер өз еңбектерінде айтып та, жазып та жүр. Жалпы тіл білімінде сөз таптарының бір-біріне ауысуы конверсия, трансформация, транспозиция, субститутция, декорреляция т.б. атаулармен аталады. Бірақ бұлардың ішінде лингвистикада ең жиі қолданылатыны - конверсия термині. Сөздер тілдің даму барысында түрлі өзгерістерді басынан өткізеді. Олар тілдің даму процесінде кейде өзінің семантикалық мәні мен синтаксистік қызметінен қол үзіп, көмекші сөздерге не болмаса грамматикалық форманттарға айналып отырады, енді бірде сөздер өздерінің категориялық мағынасы мен парадигмінен жекешеленіп, өзге бір грамматикалық топтардың қатарына ауысып, тілдегі лексикалық-грамматикалық омонимдердің түзілуіне себепші болады.