Курстық жұмыс Тақырыбы: Сөз таптарындағы семантикалық тәсілдің қызметі



бет5/11
Дата20.06.2022
өлшемі204,5 Kb.
#146855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Êóðñòû? æ?ìûñ Òà?ûðûáû Ñ?ç òàïòàðûíäà?û ñåìàíòèêàëû? ò?ñ³ëä³? ?

2.2 Транспозиция түрлері Жалпы тіл білімінде сөз таптарының бір-біріне ауысуы конверсия, трансформация, транспозиция, субститутция т.б. атаулармен аталады. «Транспозиция (лат. transpositio – алмастыру, ауыстырып қою) ағыл. transposition, фр. Transp ositio, нем. lautversetzung – 1. Бір тілдік единицаны екінші тілдік единицаның орнына қолдану, мысалы, осы шақ формасының орнына өткен шақты, сұраулы сөйлемнің орынына хабарлы сөйлемді қолдану. Сол сияқты метафоралық және басқа да ауыс мағыналардың негізінде де транспозиция жатыр.
2. Сөздің басқа сөз табы функциясында қолданылуы, сөздің бір парадигматикалық кластан (сөз табы) басқаға ауысуы. Транспозиция сөзжасамның аффиксіз тәсілі және де басқа тәсілдердің көмегімен іске асады. Транспозиция түрлері: субстантивтену (зат есімге өту), адъективтену (сын есімге өту), вербалдану (етістік қатарына өту), адвербиалдану (үстеуге айналу), прономиналдану (есімдікке өту), конъюнктену (шылауға өту)» [6, 385]. Сөздікте келтірілген осы анықтамадан байқалып тұрғандай, лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдер, яғни субстантивтену тәсілі транспозициядан келіп шығады.

2.2.1 Субстантивтену (зат есімге өту)
Семантикалық тәсіл арқылы жасалған зат есімдер. Бұл тәсілге байырғы зат есімдер, сондай-ақ басқа тілдерден енген зат есімдер, бастапқы семантикалық мағынасы не кеңею, не тарылу, не ауысу арқылы туған жаңа зат есімдер мен субстантивтену арқылы пайда болған зат есімдер жатады. Субстантивтену деп сөз мағынасының заттануын, заттық тиянақтылық алуын айтады. Қазақ тілінде сөз таптарының субстантивтену дәрежесі бірдей емес. Мысалы, Аттыға еріп жаяудың таңы айырылыпты; Бөріктінің намысы бір; Көп қорқытады, терең батырады т.б. Осындағы жаяу, бөрікті, көп, терең сын есімдері субстантивтеніп тұр. Жалпыхалықтық сипаттағы субстантивтердің біріне -лар/лер, -дар/дер, -тар/тер көптік жалғауы жатады. Тіліміздегі көптеген сын есімдер көптік жалғауы жалғанғанда, сындық сапасын жаңа, заттық сапаға айналдырумен қоса өзінің көптік мағынасын түгелдей сақтап қалады. Мысалы: үлкендер, оқымыстылар, ақтар, көшпенділер, жалдамалылар т.б. -лас/лес, -дас/дес жұрнағы арқылы жасалған сын есімдер де субстантивтенеді. Мысалы: күндес, құрдас, замандас, әріптес, бәсекелес т.б. -лық және -ғыш тұлғалы зат есімдер субстантивтенеді: түстік, майлық, шайлық, мінгіш, жыртқыш т.б. Тілде семантикалық тәсілмен жасалған күрделі субстантивтер де бар. Мысалы: бойжеткен, атқамінер, еркек кіндікті, шүйке бас, қол жаулық т.б. Қазақ тілінде зат есімнен өзге сөз таптарының бәрі субстантивтенеді, көптеледі. Субстантивтену деп әдетте сөз мағынасының заттануын, заттық тиянақтылық алуын айтады. Егер зат есім емес сөз не септелуге келсе, не тәуелденуге жараса, не көптік жалғауын қабылдай алса, онда бұл оның субстантивтенуге жарамдылығын көрсетеді. Демек субстанивтенудің бірден бір белгісі – зат есім емес сөздердің жоғарыдағы жалғаулардың бірін қабылдауға қабілеттігі. Зат есім сөздер тілде белгілі мағынасының үстіне басқа мағына қосып алып, екі кейде одан көп сөздің мағынасын беріп, қызметін атқару лексика- семантикалық сөзжасамға жатады. Жұма – бір күннің аты, жұма – бір жетінің аты, тәсіл – айла мағынасында, тәсіл – ғылымындағы термин, түбір – ағаштың түбірі, түбір – термин.
Сондай- ақ зат есімнен басқа сөз таптарының сөз құрамын өзгертпей заттанып, зат есімге көшуі де зат есімнің семантикалық тәсіл арқылы жасалуына жатады (жетісін беру, ыстығы үлкен, ыстық тамақ, ақ молайды, туысы көп, шығысы артты, айтысқа түсті, жарыста жеңді).
Зат есімдерді өздерінің жасалу тәсілдеріне қарай үш түрге бөліп қарауға болады: туынды (жалаң) зат есім, күрделі зат есім және субстантив зат есім. Туынды зат есімдер жұрнақтық (морфологиялық) тәсілмен, күрделі зат есімдер аналитикалық (синтаксистік) тәсілмен, ал субстантив зат есімдер семантикалық тәсілмен жасалады.
Семантикалық тәсілмен жасалатын субстантивтер өздерінің құрамы жағынан негізінен екі түрлі болып келеді: жалаң құрамды субстантивтер және күрделі субстантивтер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет