Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Тәрбие технологиясы»


Тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандары



бет5/10
Дата03.03.2023
өлшемі52,31 Kb.
#171000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Курсты Ж мыс та ырыбы «Т рбие технологиясы»

1.3 Тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандары

Тәрбиенің күрделі және әрқырлы міндеттерін педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын кешенді пайдалану жолымен шешуге болатынын белгілі ғалым П.И.Пидкасистый атап көрсетеді.


Тәрбие нысандары (тәрбие жұмыстарының формасы) — бұл нақты тәрбие үрдісін ұйымдастыру нұсқалары; тәрбие шараларының композициялық құрылысы (построение). Олар әрқашан да тәрбие мазмұнымен байланысты болып отырады.
Нысан (форма) дегеніміз — үрдістің, құбылыстың, заттың тіршілік ету бейімінің мәні мен мазмұндық көрінісі. (Философиялық сөздік, М.,1989, с. 595) В.И.Дальдың “Толковый словарь живого великорусского языка” (М., 1991, с. 537) атты сөздігінде “форма”, яғни нысан — образ сияқты белгіленген тәртіп деген анықтама берілген.
Мектеп тәжірибесінде кейде тәрбиенің ұйымдастыру нысандары деп те айтады. Яғни, бұл сонымен бірге тәрбие үрдісін ұйымдастыру тәсілдері, оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыру тәсілдері деген түсіндіреді де қамтиды.
Тәрбиенің бір ғана ұйымдастыру нысанын үнемі пайдаланып отырудың өзі тәрбиенің тиімділігін әлсіретіп жібереді. Тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандары мазмүны жағынан неғұрлым бай әрі әрқырлы болып келсе, солғұрлым ол тиімдірек болмақ.
Мұғалім оқушылармен өткізетін төрбие нысандарын қаншама көп қырлы етіп тандағанмен, ақылды, әсерлі, ойлы да өткір тілмен жүргізген оның әнгімесіне ешнәрсе жетпейді.
Белгілі педагог В.А.Караковский соңғы жылдары ізденімпаз энтузиаст мұғалімдердің оқушылардың бос уақыттарын өткізуге арналған тәрбие шаралары нысандарынан төрт мыңға жуық түрлерін ойлап тапқандарын атап көрсетеді. (Қараңыз: Караковский В.А. Любимые мои ученики. М.,1987, с.27).
Сондай-ақ тәжірибеде тәрбие шаралары деген анықтама да кеңінен қолданьшып жүр. Шаралар — белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған ұжымның ұйымдастырылған әрекеті.
Тәрбиенің күрделі үрдісін мүғалімнің бір ғана нысанға бағыттай жүргізуіне болмайды. Кезінде А.С.Макаренко тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру нысаны өздігінен не жақсы, не жаман бола алмайтынын айта келіп “Никакое средство педагогическое, даже общепринятое…, не может быть признано всегда абсолютно полезным… Никакое средство нельзя рассматривать с точки зрения полезности или вредности, взятое уединенно от всей системы средств… никакая система средств не может быть рекомендована как система постоянная” (Макаренко А.С. Проблемы школьного советского воспитания. Соч. т. V. с. 117) дейді.
Тәрбие жұмысы нысандарының көпқырлылығы, олардың жүйесі жеке тұлғаның ішкі жан дүниесінің көпқырлылығына, оның жан-жақты дамуына сәйкес келеді.
Педагогикалық әдебиеттерде тәрбие жұмысының нысандарын классификациялауда бірыңғай бағыт жоқ. Оқушылардың қалай ұйымдасқанына байланысты тәрбиенің ұйымдастыру нысандарының неғұрлым кеңірек таралған классификациясына мыналар жатады: бұқаралық сипатты нысандар, (бүкілсыныптық немесе бірнеше сыныптық), үйірмелік сипатты нысандар (топтық), жекеше сипатты нысандар (жеке балалармен өткізілетін). Сол сияқты тәрбие әдістеріне байланысты оларды шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады: сөз арқылы өткізілетін нысандар (лекциялар, оқырмандар конференциялары, диспуттар, кездесулер, ауызша журналдар, т.б.); практикалық нысандар (саяхат, экскурсиялар, спартакиадалар, конкурстар, үйірмелер, еңбекке қатысты жұмыстар және т.б.); көрнекі нысандар (мектеп музейлері, тақырыптық стенділер, көрмелер және т.б.).
Соңғы уақытга көптеген жаңа ұйымдастыру нысандары пайда болды. Солардың ішіндегі сынып жетекшісінің (тәрбиешінің) тәрбие жұмыстарының бағыттарымен сәйкес келетін тәрбие үрдісін ұйымдастыру нысандарын анықтауға әрекет жасауы көңіл аударарлықтай. Мысалы, оқушылардың танымдық — дамытушылық қызметін ұйымдастыруға мынадай нысандар лайықты: викторина, білім аукционы, “Бәрін де білгім келеді” деген клубтың отырысы, жобалар конкурсы, эрудиттер конкурсы, интеллектуалдық конкурс, іскерлік ойындары, білім байқауы, оқушылардың ғылыми конференциялары, тапқырлар мен фантазерлар конкурсы, шешендік өнер сайыстары, кітаппен жұмыс істеудің әртүрлі нысандары (оқырмандар конференциялары және т.б.), ауызша журнал, практикалық сабақтар, оқушылардың ғылыми ұйымдары, т.б.
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде және өзін-өзі тәрбиелеуінде мынадай тәрбие нысандары кеңінен қолданылады: дөңгелек стол, баспасөз конференциясы (пресс-конференция), ауызша журнал, диспуттар, сұрақ-жауап кештері, әдеп, өзін-өзі төрбиелеу тақырыбындағы әнгімелер, әдеби — музыкалық композициялар, “Қарым-қатынас мәдениеті”, “Құқық пен міндеттер бірлігі” типіндегі практикалық сабақтар, телекөпір, сырттай саяхаттар, мейірімділік акциялары, ізденіс әрекеттері және т.б.
Педагогикалық тәжірибе оқушыларға кәсіптік бағдар беруде төмеңдегідей тәрбие нысандарының лайықты екенін танытып отыр: “Мамандықтар әлемінде”, “Мамандықты қалай таңдау керек?” деген тақырыптарда әртүрлі мамандық иелерімен кездесулер ұйымдастыру, өндіріс орыңдарына саяхаттар жасау, “Кімнің мамандығы ең жақсы мамандық?” деген тақырыпта конкурс — ойын өткізу және т.б.
Эстетикалық тәрбие беруде әдеби-музыкалық кештер, Поэзия сағаты , өнер адамдарымен кездесулер өткізу, музей, театр, көрмелерге экскурсиялар жасау, табиғатқа саяхат, музыка мен сурет әлемі туралы әңгімелер, “Туған табиғаттың сұлулығын танып, бағалай білейік” атты сыныптык дискокеш ұйымдастыру, көркемөнер тақырыбындағы мерекелер өткізу, журналдарға шолу жасау, қолжазба журналдар шығару, т.б. тәрбие нысандарын кеңінен қолдануға болады.
Сол сияқты дене тәрбиесіне байланысты жан-жақты қолдануға болатын ойын типтерін де атауға болады: “Көңілді старттар”, кіші олимпиадалық ойындар, туристік саяхаттар мен эстафеталар, әртурлі спорт өкілдермен кездесулер, спорт тақырыбындағы кештер, гигиена, денсаулық және дене мәдениеті туралы әнгімелер мен сұхбаттасулар және т.б.
Тәрбие нысандарын таңдау. Тәрбие жұмысының нысандарын таңдау тәрбиенің ғылыми ұстанымдары негізінде анықталады. Әрбір балалар ұжымы үшін неғүрлым ынғайлы, лайықты нысандарды таңдаған жөн. Жалпы тәрбие жұмысының нысандарын таңдау педагогикалық мақсатқа сәйкес анықталады. Өйткені, тәрбие қызметін ұйымдастыру нысандарын таңдау көптеген компоненттерге байланысты. Бұл ең алдымен оқушылардың жас ерекшеліктерінің тәрбие міндеттерінің бағыттары мен мазмұнына сәйкестігіне, олардың тәрбиелік деңгейі мен жеке тұлғалық әлеуметтік тәжірибесіне, балалар ұжымының ерекшеліктері мен оның дәстүрлеріне, аймақтың ерекшеліктері мен дәстүрлеріне, мектептің техникалық және материаддық мүмкіндіктеріне, мұғалімнің кәсіби деңгейіне байланысты болып келеді.
Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың неғұрлым мақсатқа сәйкес нысанын анықтау — бұл мұғалімнің тәрбие міндеттерін шешудегі жетістігінің алғашқы қадамы. Қолданьшатын кез-келген нысанның тиімділігі көп жағдайда осы міндеттердің ғылыми негізде жүзеге асырылуына байланысты. Оған мыналарды жатқызуға болады: алда тұрған шараны өткізу дайындығына оқушыларды барынша көп қатыстыру және оны өткізу; шараларды өткізуге дайындық пен оны өткізуге оқушылардың белсенді, өзіндік іс-әрекетіне ықпал ететін эмоционалдық және рационалдық факторлар; оқушылар бойында іс-әрекеттін маңызды мотивтерін қалыптастыру жатады.
Мектеп тәжірибесінде бір ғана тәрбие жұмысын ұйымдастыру нысандарын қолдану әдетте трафаретке айналып кетеді де және оның бірте-бірте сапасы әлсірейді. Тәжірибелі педагогтар тәрбие нысандарының көпқырлылығын шебер пайдаланып отырады. Сондықтан да, әрбір сынып жетекшісі тәрбие нысандарының көпқырльшығы мен тәрбие үрдісі технологиясының барлық ерекшеліктерін меңгергені жөн.
Жеке тұлғаны дамытудың негізгі құраддары. Жеке тұлғаның дамуына тәрбие құралдары маңызды әсер етеді. Ғалым П.И.Пидкасистыйдың педагогикалық тұжырымдарына сүйенер болсақ, онда материалдық мәдениет құралдары баланың практикалық интеллектісін дамытуға барынша әсер етсе, ал рухани мәдениет құралдары ойлау қабілеттері мен басқа да жоғары психикалық функцияларын дамытуға зор әсер етеді екен. Л.С.Выготский дамудың қызмет құралдарын меңгеруге қатысты төрт сатысын атап көрсетеді. Біріншісі — мінез-құлықтың қарапайым нысаны — табиғи қарапайым саты, екіншісі — таңба және ауызекі сөз нысанында берілген мәдени мінез-құлық құралдарын меңгеру, үшіншісі — таңба нысанындағы құралдарды пайдалану тәжірибесін жинақтау және мәдени мінез-құлық әдеттерінің көрініс бере бастауы, төртіншісі — сыртқы таңба нысаны ішкі мазмұнмен ауыстырылғанда өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік мәдени дамуында рухани қажеттілік көріне бастайды.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы дегеніміз — бұл адамзат баласы жасаған материалдық және рухани мәдениет құралдарын меңгеру үрдісі, «бала мәдениеттен бірнәрсе алып қана қоймайды, сонымен бірге мәдениеттің өзі де баланың бойындағы табиғи атаулының барлығын қайта түлетіп, оның даму жолын түгелдей жаңаша өлшеп-пішеді» (Л.С.Выготский).
Рухани мәдениеттің таңба нысанды құралдары тәрбиеде екі функция атқарады. Біріншіден, олар тәрбие ұжымыңдағы коммуникация мен ақпараттық айналымды қамтамасыз ететін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасын байланыстыратын құрал ретінде қызмет етеді. Тәрбиеші байланыс құралдарын оқушының еркіне, ынта-ықыласына, түсінігіне ықпал ету үшін қолданады. Келешекте олар өзін-өзі бақылау мен өзіне өзі әсер етуде көрініс бере отырып, балалардың өзін-өзі тәрбиелеу құралдарына айналады. Екіншіден, олар тәрбие міндеттерін бірлесе отырып шешудегі қызмет құралдары ретінде қолданылады. Сөзбен байланысты материалдық және бейнелі құралдар күрделі жүйені құрайды, оның ішіндегі бейнелі құралдар оқушьшардың іс-әрекетін басқару мен жоспарлауға бағытталған. Жеке тұлғаның абстрактылы-бейнелі ойы, санасы, моральдық, эстетикалық және тағы да басқа сапалары осындай іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Таңбалық құраддар ойды дамытуда мәнді қызмет атқарады. Олар интеллектуалдық қызметте сананы тәрбиелеу үшін пайдаланылады (ғылыми, эстетикалық, адамгершілік, тұрмыстық және т.б.). Сана таңбалық құралдардың екеуімен де тәрбиеленеді. Коммуникация құралдары (және де ең алдымен сөз) тәрбиеленушінің әлеуметтік ортада дұрыс бағыт алуы үшін, олардың табиғат пен қоғам арасындағы тығыз байланысты дұрыс түсінуі үшін, мәдени мінез-құлықтың сенім, әдет, дағдыларын тәрбиелеу үшін өте қажет. Бұл құралдар тәрбиеленушілердің бірлескен және жеке-дара іс-әрекетінде қолданылады.
Жасөспірімдік шақта тәрбиенің ықпалы арқылы сана жүйелілік, жинақылық жөне әрекеттілік сипат алады. Әрбір осындай сипатты тәрбиелеу үшін өзіне төн құралдар қолданылады. Сананың жүйелілігі балалар энциклопедиясының, мектепте оқытылатын пәндерге қатысты ғылыми-көпшілік әдебиеттердің, ғылыми білімнің әр түрлі жүйесін көрсететін графикалық құралдардың көмегімен тәрбиеленеді.
Сананың жинақтылығы теориялық білімнің түпнұсқалылығын, солардың графикалық немесе кестелік нысанда берілген білім қорының нақтылығы мен оқып, біліп отырған құбылыстың жүйелілігін пайдаланумен қалыптасады.
Сананың әрекетгілігі өмірлік мәселелерді (үлкендердің беделін мойындау, дос таңдай білу және т.б.) шешуде бірнеше рет теориялық тұрғыдан тану нәтижесіңде құрылады.
Ересек жаста негізінен өзін-өзі тәрбиелеуде сана жаңа сипатқа ие болып дами түседі: рефлексия, антиципация мен ассимиляция. Рефлексия арқылы сана жеке түлғаның өзіндік сапаларына талдау жасайды, тәрбиенің өткені мен өзін-өзі тәрбиелеудегі кемшіліктерін танытады. Рефлексияны төрбиелеуде үлкендердің өнегелі өмір жолдары, классикалық көркем әдебиет, өзіне-өзі баға берудің логикалық құралдары маңызды рөл атқарады.
Антиципация санада жоспарланған істердің дайындық кезеңіндегі және келешегіндегі нәтижесін көру қабілетін танытады. Антиципация әр.түрлі балалардың мінез-құлқы мен әрекетіне, (соның ішінде жеке қателіктеріне, қате жіберу арқылы үйренуіне) логикалық талдау жасау арқылы қалыптасады, (алғашқыда беделді адамдардың ; талқылауы, сосын өз достарының талқылауы, содан кейін өзін-өзі талқылау арқылы).
Ассимиляция өз халқының рухани құндылықтарын мен туысқан басқа халықтардың мәдени құндылықтарын ‘ меңгеру мүмкіндіктерін жоспарлаудағы сананы сипаттайды, соның негізінде жеке тұлғаның мінез-құлқындағы сенім, әдет, т.б. сапаларды дамытады. Мәдени құндылықтарды ассимиляциялау қабілетін дамыту үшін тұлғааралық қарым-қатынас, моральдық және эстетикалық тақырыптардағы әңгімелер, ұстаздар мен ата-аналардың өнегелі үлгісі, саяхаттар, көркем әдебиет шығармаларын оқып талқьшау сияқты әрекеттер пайдаланылады.
Оқушылар әр алуан ерік іскерліктерді тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланьшады: шараларды өткізуді басқару, өзін-өзі басқару әдістерін пайдалану, бұйрықтар беру, бұйрықтарды орындаудың, нақты, бірқалыпты болуы, мектеп ұжымын басқарудың күрделі мәселелерін талқьшауда өзін-өзі ұстай білуге тәрбиелеу т.т.
Жоғары сыныптарда жеке тұлғаның өзі таңдаған ерік сапаларын өзінің тәрбиелеуі өте маңызды болып табылады. Өз еркін өзі тәрбиелеу жеке тұлғаның сезімдік және интеллектуалдық сфераларымен бірлікте жүзеге асырылады. Сондықтан да оның құралына рефлексия мен антипацияны біріктіре қамтитын танымдық және практикалық іс-әрекет жатады.
Өз еркімен танымдық және практикалық қиын міндеттерді шешу жоғары сынып оқушыларына ерік, табандылық, мақсаттылықты өз мұратымен сәйкестендіре дамытуға мүмкіңдік береді. Рефлексия мен антипация арқылы жоғары сынып оқушылары өзін-өзі тәрбиелеуді өмірлік мақсаттарымен, дағдылы мұраттарымен мезгіл-мезгіл салыстырып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет