Курстық ЖҰмыс тақырыбы: «Тәрбие технологиясы»


Мына тәрбие технологияларын ашып жазуың керек



бет2/10
Дата03.03.2023
өлшемі52,31 Kb.
#171000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Курсты Ж мыс та ырыбы «Т рбие технологиясы»

Мына тәрбие технологияларын ашып жазуың керек.
Диалогтық технологиялар (пікірсайыс, пікірталас, дебат)
Дебат
Пікірталас
Пікірсайыс (ғылыми айтыс)
«Миға шабуыл»
«Дөңгелек стол»
«Қатынас хаты» (
Аяқталмаған әңгіме
2. «Коллаж» технологиясы
3. Ұжымдық шығармашылық жұмыс технологиясы
4. Шоу-технологиялар
5. Топтық проблемалық жұмыс
6.Қатынас тренингі
7. «Ақпарат айнасы»
8.Денсаулық сақтау технологиялары


Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Жалпы педагогикалық үдерісте тәрбие жұмыстары да өз өрісін табады. Бұл үдеріс, әдетте, дербес сипатты құбылыс ретінде қарастырылады, себебі ол өз ерекшеліктеріне ие болуымен оқу үдерісіне де, даму үдерісіне де жанаса бермейді. Тәрбие барысын зерттеуші педагогика саласы тәрбие теориясы деп аталады. Егер оқу үдерісінің субъекттері мұғалім мен оқушы есептелетін болса, тәрбие үдерісінің қатысушылары - тәрбиеші мен тәрбиеленуші.Бастауыш мектепте оқуды да, тәрбиені де жүргізетін бір тұлға - маман педагог.
Тәрбие бірнеше ерекшеліктерге ие. Оның ең басты ерекшелігі - мақсатты бағытталуы. Тәрбие ұйымдасуынан күтілетін жоғары тиімділік оның алдына тартылған мақсаттың балаға жақын әрі түсінікті болуынан. Мақсат бірлігі, өзара қызметтестік осы заманғы тәрбие үдерісінің негізгі сипатын құрайды. Тәрбие үдерісі - көп жағдаятты, оның құрамында субъектив және шынайы себептер ықпал-әрекетке келеді. Ескеретін жәйт - тәрбиеші іс-әрекеті тек шынайы заңдылықтарымен анықталып қалмайды. Себебі тәрбие - өнер, ал өнер тәрбиеші тұлғасына, оның даралығына, тәрбиеленушілермен түзген қатынасына орай туындайды. Тәрбие үдерісінің күрделілігі одан күткен нәтиженің нақты ұстамға келмейоқу үдерісіндегідей дер мезетінде көрінбеуінде.
Тәрбиелік пен тәрбиесіздік қалыптардың жүз беруі аралығында қажетті тұлға қажеттерінің ұзаққа созылған қалыптасу кезеңі жатыр. Себебі бала әртүрлі ықпалдарға кезігіп, оң да, теріс те тәжірибе жинақтайды. Ал тәрбие осы жинақталған тұлғалық тәжірибеден келеңсіз сапаларды шығарып тастап, олардың орнын ұнамды қасиеттермен толықтырып барады. Тәрбиенің және бір күрделілік себебі оның өте қозғалмалы (динамичность) болуында, осыдан тәрбие үдерісі жылдам ауысады, тез өзгеріске келеді.
Нәтиже баламалылығы мен екіүштылығы да осы тәрбие үдерісін ерекшелейтін сипат. Бір жағдайда теңдей тәсілдерді қолданғанның өзінде қолға кірер нәтиже әрқилы болуы мүмкін. Мұның себебі - тәрбиеленушінің даралығы, әлеуметтік тәжірибесі мен тәрбиеге болған қатынасы. Тәрбиелеушілердің кәсіби дайындық деңгейі, олардың педагогикалық шеберлігі, тәрбиеленушілермен қатынас жасай білу ептілігі де - тәрбие барысы мен нәтижеге күшті әсерін тигізеді.
Педагогикалық әдебиеттер мен мектеп практикасына талдау жасау барысында мектеп мұғалімдерінің тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда көптеген қиындықтар да тап болатыны байқалады. Бұл тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен жеткілікті білімнің болмауынан және тәрбие жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастыру іскерліктерінің жетіспеушілігіне байланысты тұындайды. Мұндай кемшіліктерді жеңу педагогикалық теорияны әлдеқайда сапалы меңгерумен ғана байланысты емес, сонымен бірге төрбие қызметін ұйымдастырудың кешенді, жүйелі әрі мақсатқа ұмтылған әрекеттерін меңгеруге де байланысты. Мұндай қиыншьшықтарды практикалық іс-әрекеттен тыс жеңу мүмкін емес.
Зерттеу мақсаты: мектеп оқушыларының санасы мен белсенділіктерін арттыру, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы мен тәрбиелік мәні туралы мағлұмат беру. Мектепте тәрбиелік шараларды ұйымдастыру әдістемелерін қарастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет