ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасындағы шеберлігі»
Пәні: «Педагогикалық шеберлік»
Мамандық 050103 - «Педагогика және психология»
Таңжарықова А.Р.
Жоспар:
1. Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы. Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі және педагогикалық қарым-қатынас бағыттары
2. Қазіргі білім беру жүйесіндегі мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызы мен ерекшеліктері
3. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне қойылатын талаптар
1. Педагогикалық қарым-қатынас анықтамасы. Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі және педагогикалық қарым-қатынас бағыттары.
Вербалды қарым-қатынастың мазмұнына, функцияларына және ішкі құрылымына (деңгейлеріне) жүргізілген талдау жалпы түрде, осы аталған позициялардан және осы терминдерді пайдаланып, педагогикалық іс-әрекетті анықтауға мүмкіндік береді. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушылардың оқудағы өзара әрекеттесу, ынтымақтастық формасы. Бұл – аксиалды-ретиалды, тұлғалық және әлеуметтік бағдарланған өзара әрекеттесу. Педагогикалық қарым-қатынас вербалды, бейнелі, символдық және кинетикалық құралдардың бүкіл жиынтығын пайдалана отырып, бір мезгілде коммуникативтік, перцептивтік және интерактивті функцияларды жүзеге асырады.
Функционалды түрде – бұл білім беру процесінің барлық субъекттерінің қатынастарын орнатушы контакттік (дистанттік), ақпараттық, түрткі болушылық үйлестіруші өзара әрекеттесу. Ол көп объектті бағыттылықпен, көп ақпараттылықпен, көрнектіліктің жоғары дәрежесімен сипатталады. Онда құрылатын оның барлық сипаттамаларының арнайы ерекшеленген синтезі, білім беру процесінің субъекттерінің өзара әрекеттесуінің жаңа сапалық мазмұнынан көрінеді, ол осы субъекттер қатысатын қатынастар жүйесінің немесе «педагогикалық жүйе» ерекшеліктерімен анықталады.
Н.В. Кузьминаның көрсетуінше, педагогикалық жүйе – қоғамдық –тарихи түсінік және педагогикалық жүйенің әр тарихи типі белгілі бір мемлекеттік, педагогикалық пен тарихи мақсаттарға жетуге бағытталған. Бұл жүйе педагогикалық ұжым ұйымдастыратын (өзінің маңызды элементі сияқты) үйренуші тұлғасын оған мақсатты, жүйелік және ұзақ мерзімді әсер ету процесінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Педагогикалық жүйенің өзінің мақсаты, міндеттері, мазмұны, құрылымы бар және мұның өзі ары қарай қарым-қатынасты, құрылымдық, функционалдық, мазмұндық сияқты түрлі бірліктерді талдау үшін айрықша маңызды [99; 100].
Осы кең контексте пеадгогикалық қарым-қатынас «...оқушылар-дың мотивациясының дамуы мен оқу-іс-әрекетінің шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең жақсы жағдай жасайтын, оқытудың эмоционалдық қолайлы климатын (жеке жағдайда, «психологиялық кедергінің» пайда болуына кедергі жасайды) қамтамасыз ететін мұғалімнің (кеңірек алсақ– педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы» ретінде анықталады [106, 20 б.]. Осыған педагогикалық қарым-қатынастың оқудағы әріптестік формасы ретінде оқыту мен оқушылардың өзінің тұлғасының дамуын оңтайландыру шарты екенін қосайық.
Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі
Пеадгогикалық қарым-қатынастың екінші сапасы оның оқытушы функциясымен шартталады, ол өзіне тәрбиелеуші функцияны қамтиды, өйткені білім беру процесі, бұрын көрсеткендей, тәрбиелеуші және дамытушы сипатқа ие. Қарым-қатынастың оқытушы функциясы А.А. Брудный бойынша, жалпы тұрғыда тасымалдаушымен теңестірілуі мүмкін. Оқытушы функция тасымалдаушылықтың көрінісі сияқты, ол адам үйренуінің барлық формаларына тән (ойын барысында, басқа адамдармен күнделікті тұрмыстық өзара әрекеттесуде), білім беру жүйесінің кез-келген деңгейінде – мектепке дейінгі, мектептегі, жоғары оқу орнында арнайы ұйымдастырылған процесте жүзеге асады Педагогикалық қарым-қатынастың оқытушы функциясы жетекші болғанмен де, ол өктемдік жүргізуші емес, бұл - мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың өзара бір-бірімен жан-жақты әрекетте-суінің органикалық бөлігі. А.А. Брудный атап көрсеткендей, «... мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы инструменталды, өйткені оның мақсаты оқу процесіндегі бірлескен іс-әрекетті үйлестіру. Бұл жерде қарым-қатынас тасымалдаушы функцияны орындайтыны орынды. Нағыз педагог үшін шәкірттермен қарым-қатынас жасау бұл қашанда өзін-өзі көрсету (самовыражение) екені де табиғи...» (өзімнің бөліп көрсеткенім. – И.З.) [33, 34-35 б.].
Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас Е.А. Климов бойынша, «Адам-Адам» схемасымен суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу сипатының өзгешелігін де бейнелейді. Еске салайық, бұл схема мұғалім мен оқушылардың, тұрмыстық қызмет көрсету жұмысшылары мен клиенттердің, дәрігер мен пациенттердің, психотерапевт пен клиенттердің және т.б. кез-келген кәсіби өзара әрекеттесін анықтайды. Педагогикалық қарым-қатынас жоғарыда аталған өзара әрекеттесудің барлық түрлерімен ұқсас сипатқа ие, алайда оған психотерапевт пен клиенттердің қарым-қатынасы ең жақынырақ. «...Шынында да, мұғалім қай пәнді жүргізсе де, ол оқушыға ең алдымен адамзат ақыл-ойының күшіне сенімді, танымға деген қарымды ұмтылысты, ақиқатқа деген махабатты және жанқиярлық қоғамдық пайдалы еңбекке деген ұстанымды береді. Мұғалім, сонымен бірге шәкірттерге тұлға аралық қатынастың жоғары және кемеліне жеткен мәдениетін, кіршіксіз әдеппен бірге әділеттілікті, парасатты қарапайымдылықпен үйлескен көңіл-күй серпілісін көрсете алса, – онда, осындай педагогқа еріксіз еліктей отырып, кіші ұрпақ рухани үйлесімді, өмірде жиі болатын тұлға аралық қақтығыстарды адамгершіліктік тұрғыда шеше алуға қабілетті болып қалыптасады...» [68, 4 б.].
Өзара әрекеттесудің осы түрлері үшін ортақ болып табылатын К. Роджерс белгілеген, қарым-қатынасты жеңілдету, фасилитациялау функциясының маңызы бар. Бұл функцияның маңыздылығы соншалықты болғандықтан, К. Роджерс мұғалім, ең алдымен, қарым-қатынас фасилитаторы деп атайды. Бұл - мұғалім оқушыға өзін көрсетуге, өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін көрсетуге көмектесетінін білдіреді. Педагогтың оқушы табысына қызығушылығы, қарым-қатынас ахуалының жайлылығы, байланысты қолдаушылығы педагогикалық өзара әрекеттесуді жеңілдетеді, оқушының өз маңыздылығын көтеруіне және оның ары-қарай дамуына ықпал етеді [191].
Осылайша, педагогикалық қарым-қатынас жайлы айта отырып, онда оқытушымен қатар тәрбиелеуші және фасилитативті функцияның бар екенін белгілеуге болады.
Педагогикалық қарым-қатынастың бағыттылығы
Педагогикалық қарым-қатынастың өзгешелігі ең алдымен, оның көп объектті бағыттылығынан көрінеді. Ол тек үйренушілердің өзара әрекеттесуінің өзіне олардың тұлғалық дамуы мақсатына бағытталмаған, сондай-ақ, педагогикалық жүйенің өзіне негіз болып табылатын, оқу білімдерін игеруді ұйымдастыруға және осы негізде шығармашылық іскерліктерді қалыптастыруға бағытталған. Осыған орай, педагогикалық қарым-қатынас кем дегенде үш бағыттылықпен сипатталады: оқудағы өзара әрекеттесудің өзіне, үйренушілерге (олардың қазіргі жағдайлары, дамудыңболашақтағы бағыттары) және игеру пәніне (меңгеру).
Сонымен қатар, педагогикалық қарым-қатынас оның субъекттеріне үш жақтық бағдарлануымен де анықталады: тұлғалық, әлеуметтік және пәндік. Мұғалім (оқытушы) қандай да бір оқу материалын игеруде бір ғана үйренушімен жұмыс істей отырып, үнемі оның нәтижесін сыныпта отырғандарға бағдарлайды, және керісінше, сыныппен, яғни фронталды жұмыс істей отырып, әр үйренушіге әсер етеді. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі аталған сипаттамалардың бүкіл жиынтығымен айқындала отырып, тұлғалық бағдарланған, әлеуметтік бағдарланған және пәндік бағдарланған қарым-қатынас элементтерінің органикалық үйлесімінен көрінеді. Бұл жерде аталған элементтердің бәрін қамтитын, педагогикалық қарым-қатынас, аддитивті құралу емес ол принципиалды жаңа сапаға ие (Л.А. Хараева).
Қарым-қатынас көпжақты және көпфункционалды құбылыс, оның сипаты өзара әрекеттесудің өзін анықтайды. Қарым-қатынасты қарастырудағы түрлі келістерді талдау негізінде қарым-қатынастың неғұрлым сәйкес стилі іс-әрекетшіл, демократиялық, достық стилі болып табылды.
2. Қазіргі білім беру жүйесіндегі мұғалімнің кәсіби шеберлігінің маңызы мен ерекшеліктері.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі парадигмалар жағдайында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру маңызды болып отыр. Кәсіби шеберлікті арттыруда мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне, жаңа технологияның ғылыми негіздерін үйреніп, насихаттауына жол ашу керек. Кәсіптік шеберлігін жүзеге асыруда мұғалім тиімді нәтижеге жеткізетін жоспарлы жұмыс атқаруы тиіс. Атап айтқанда, диагностика қояды, алдын ала болжайды, жаңа технологияны қолданады, нәтижені тексереді, сараптап баға қояды. Мұғалімнің кәсіби білім деңгейіне қойылатын талаптар, өз еңбегінің нәтижелілігіне жауапкершілік күрделене түсуде. Бұл жағдайда педагогикалық шеберлікті жетілдіру, мұғалімнің шығармашылық потенциалын дамыту мәселесі әлеуметтік талап қана емес, сонымен бірге мұғалімнің кәсіби қарым-қатынасын шыңдауға деген талапқа ұласады. Білім беру мекемелерінде негізгі психологиялық-педагогикалық дайындықты игерген, өз пәнін жете меңгерген, әдістемелік құралдармен қаруланған, студенттерді түсінетін және олармен жоғары деңгейде қарым-қатынасқа түсе алатын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, еңбекке құлшынысы бар шебер мұғалімдер қажет. Жоғары мектептегі тұтас оқыту-тәрбиелеу процесінің табысты болуы мұғалімнің жеке басын жетілдірумен байланысты болып отыр.
Болашақ маман әрекеті құрамын саралау негізінде кәсіби бағыттылықта оқытудың мақсаты анықталатыны мәлім. Сондықтан кәсіби бағыттылықта оқыту әдістемелік жасау мен жетілдіру салаларында көптеген еңбектер өздеріне кәсіби әрекет құрамдарын: професиограммалар, мамандар моделдері, квалификациялық сипаттамаларды саралауларды қосады. «Мамандық моделін жасауда, біздер сонымен елеулі қасиеттерін (сапаларын) танимыз және оларды қалыптастыруға бағытталған әрекетін, яғни, оның оқыту мен тәрбиелеуге байланысты екендігін түсінеміз. Маман иесін елеулі суреттеуде және қай тілде іске асыруда, оның қандай сапаларын таңдауымызға байланысты оқу үрдісін жетілдіру мүмкіндіктері мен бағыттары анықталады» деп жазады ғалымдар Д.Б.Богоявлинская мен Н.Менчинская. Ал В.Сластенин маман моделі өзіне кәсіби бағыттылық, психология-педагогикалық және әдістемелік даярлықтарды қосады деп санайды.
2007 жылғы «Білім туралы» жаңа Заңда педагог қызметкерлердің кәсіби құзырлығын дамытуда ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, электрондық және оқулықтарды, интерактивті тақтаны оқу үрдісін тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру арқылы нысанға алынып отыр. Осы күнге дейін интерактивті тақтаны пәндерді оқытуда пайдаланудың тиімді жолдарын пайдалануда.
Пән бойынша берілетін білім мазмұнының меңгерілуі, сол білімді пайдалану арқылы оқушының өмірлік дағдысы мен іскерлігі өлшенеді, ендігі жерде білімінң сапасы нәтижеге бағытталады, іскерлік қатынасы көтеру мақсат етіледі.
Қазіргі заман педагогтары тек пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі.
Мұғалімнің кәсібилігі алдымен мұғалімнің адамды сан қилы етіп қалыптастыратын кәсіби іс-әрекетінің жан-жақтылығымен байланысты. Мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын өлшемдердің арасында ең басты орынды, ұстаздық қызметтің қорытындысы - оқушылардың тәрбиелілігі мен дүниеге көзқарас деңгейі алуы керек... Сөз жоқ, мұғалімнің кәсіби деңгейін оның оқушыларға тиісті дәрежеде білім беру, біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру тұрғысынан бағалау қажет.
Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты.
Педагогика тарихында педагогикалық қарым-қатынас мәдениетінің мазмұны әлеуметтік бейімделу, орта және оның коммуникативтік сапалығына байланысты. Әлеуметтік орта-дәл тарихы бар, бұрыннан өмір сүріп келе жатқан өзіндік ерекшелігі, ережесі анықталған қоғамдық ұйым, тайпа. Қарым – қатынастағы мәдениеттілік болашақ мамандардың бойынан табылуы тиіс.
Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті – міндетті түрде «мәдениет» ұғымымен тығыз байланысты. Педагогикалық ойлау мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас барысында әңгімелесушінің түр - әлпетіне көңіл бөлу, тыңдау мәдениеті, педагогикалық әрекет жасау мәдениеті және қарым – қатынас барысында қолдау көрсету мәдениеті.
Педагогикалық қарым-қатынасқа тоқталатын болсақ, оқу үрдісінде ол төмендегідей сатыдан тұрады.
Дайындық сатысы, оқыту қарым – қатынаста болмас бұрын алдын ала сөздік әрекеттерді ойша тағайындау және оны жобалау.
Бейімделу сатысы, дәл сол уақыттағы жағдайды бағалау, яғни, оқытушы аудиторияны өзіне қаратып дәл қазіргі жағдайда коммуникативтік міндет бойынша шешімін табу.
Жекелік қарым – қатынасты эмоциялық ескере отырып басқару, қарым – қатынасты тұрақтандыру.
Қайтымды байланысты сатасы,педагогикалық тиімділікті бағалау және талдау жасау.
Ең тиімдісі төртінші саты, себебі студенттермен байланыс жасау барысында сөздік қарым – қатынастың әсерінен алынған ақпаратқа жауап беріледі, дәл осы кезде оқу әрекетінің негізгі мақсатын қабылдау мен жаңа ақпаратты меңгереді.
Қарым-қатынас барысында жеке адамның әлеуметтену үрдісі жүреді, соның нәтижесінде оның қоғамдық рухани және материалдық құндылықтарға жақындау және дәстүрлермен танысу жағдайы қалыптасады. Адам қарым-қатынас үрдісінде жеке тұлғалық ерекшелігін көрсетеді, өзі үздіксіз қарым-қатынаста болатын қоғамға енеді. Коммуникация әрбір адамның әрекет барысындағы субъектісіне айналып, табиғат пен дүниені таниды, олармен қарым – қатынасты дамытады. Сөйтіп, іс - әрекет барысында тұлғаның ішкі мәдени дамуы бірте-бірте қалыптаса бастайды.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің педагогикалық қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесі ұлттық мәдениетімізді дамытуға, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраларымыздың мәнін түсіну, тарихты зерделей отырып жан-жақты дамыған, рухани мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеуде маңызы зор. Осыған байланысты жоғары оқу орындарында болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерін даярлау барысында педагогика идеялары негізінде педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру қажет.
Бүгінгі таңда кез-келген оқу орындарында оқу үдерісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады.
«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы және т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан үдерістердің технологиясына түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.
Педагогикалық техника бағыттылықпен, білімдермен және қабілеттер мен қатар педагогикалық шеберлік компоненттерінің бірі болып табылады.
Мұғалімнің педагогикалық техниканы меңгеруі шынайы практикада оның шеберлігін және қабілеттерінің даму деңгейін көрсетеді.
Педагогикалық техника мұғалім қызметінің ішкі мазмұны мен оның сыртқы көрінісін үйлесімді біріктіретін тәсілдердің жиынтығы.
Педагогикалық техника компоненттері бірнеше топтарға бөлінеді. Бірінші топ педагогтың шеберлігіне байланысты өзін-өзі басқару;
өзінің денесін иелеу (денсаулығы, шыдамдылығы, мәнерлі дене қозғалысы мен ым-ишарасы арқылы өзінің көздеген тәрбиелілік мақсатына жету);
көңіл-күйін басқару (нақты эмоционалды көңіл-күйінің жағымды түрі, теріс эмоционалды көңіл-күйді туындатпау шеберлігі);
әлеуметтік перцепция (назар аудару, елестету, әлеуметтік сезіну – басқа адамдардың көңіл-күйін анықтау және оны сезіну шеберлігі);
сөйлеу техникасы (дауыс ырғағы, демі, сөйлеу тембрі мен темпін бақылау).
Педагогика техника компоненттерінің 2-ші тобы білім беру мен тәрбиелеу процестерінде ұжым мен жеке тұлғаның өзара қимыл көзқарасының байланыс шеберлігін анықтайды.
ориентациялық шеберлік;
мобилизациялық шеберлік;
дидактикалық шеберлік;
ұйымдастырушылық шеберлік;
коммуникативті шеберлік.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық даярлығын қамтамасыз ететін барлық оқу пәндері үшін оқу үдерісін жобалаудың бірегей алгоритмі жаңа оқу мақсатын құрып, соған сәйкес оқу пәндерінің жаңа мазмұнын, оқытудың жаңа технологияларын жасауды көздейді
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауына сүйенсек, білім беру реформасының басты өлшемі тиісті білім, білік алған еліміздің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі керек. Ал бұл міндетті өз пәнінің білікті маманы, кәсіби компоненттілігі дамыған, мықты шеберлігімен таң қалдырар педагог қызметкер ғана жүзеге асыра алады деген болатын.
3. Педагогикалық шеберлікке қойылатын талаптар.
Қазіргі жеделдету, демокрияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарга терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту жане жетілдіру. "Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы ... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқынын келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын ... Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. "( Ы. Алтынсарин ). Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясынын кеңеюі, қазақ мектептері санының кобеюі бүгінгі талапқа сай кадрларын әзірлеу, жас педагогтарға өзиндик бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді кутуде. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог - мамандардың кажеттігін мойындап отыр. Себебі адам тағдырында мектептік кезеңі аса маңызды. Балалардың өмірлік бастауында жетесіз педагог тұрса, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.
Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Қазіргі заман Мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады деп ойлаймын.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.
Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу - мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер, мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қортылындай білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге назар аударса, келесі бір сабақтың тұрмыс, салт- сана көрінісіне, кәзіргі жеткіншек жете білмейтін ұғым- түсінігін бүгінгі өмір салтына жинастыра көңіл аударса, сол арқылы танымдық мақсат қояды. Сөйте отырып, ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға өзінің жетістігін жете білуге, өзбетімен іздене білуге дағдылары қалыптасады. Оқушылар арасында ынтымақтастық, сенім ахуалы қалыптасып, өзара силастық орнайды. Міне, осыларды педагогикалық шеберлікті аша түсудің тағы бір қыры деп есептейміз.
Мұғалімге қойылатын талап – жауапкершілік, жүктелген үлкен міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан – жақты терең біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық қабілеттілікті талап етеді.
Бұдан нені байқауға болады? Мұғалімнен жан – жақты терең білім-біліктілікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған жоқ па?
Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан – тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.
Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы.
Төртінші қыры – байқағыштық сезімі – көрегендігі.
Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.
Алтыншы қыры – жан – жақты дарындылығы.
Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.
Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп – этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.
Мұғалім – Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан – қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: бірінші: балаға үлгілі болуы, және үлгі көрсетуші болуы керек.
Шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам.
Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. Жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным, педагогикалық техника мен озат тәжірибе, осы педагогикалық шеберліктің негізі деп ойлаймыз. Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым – қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.
Өз ойымызды қортындылай келе:
- озат мұғалімдер тәжірибесін бақылау;
- үздіксіз біліктілік көтеріп отыру;
- арнайы әдебиеттерді оқу;
- өз оқу істерінде оқытудың жаңа әдістерін ендіріп отыру;
- өзіндік сарап жүргізіп отыру шеберлікке жетудің негізгі кезеңдері деп санаймыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Мәмбетов Мұталхан. Педагогикалық қарым – қатынас мәдениеті, // Қазақстан мектебі №8.
2. Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987.
Омарова Р.С. Жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. Автореферат: п.ғ.к. Алматы. 2002 ж. 26б.
Есенғұлова М.Н. Студенттердің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары. Пед. ғыл.кан. ...дисс. Түркістан 2007 ж. 57б..
6. Леонтьев А.А. Педагогическое общение. М., 1996.
Достарыңызбен бөлісу: |