1.2 Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық – бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді. Ол өзімен бірге дәстүрлі формаларды қайта қарау және қайта құруға, дәстүрлі емес формаларды шығармашылыпен іздестіруге ықпал етеді. Сондықтан оқушылардың оқудан тыс әрекеттері нақты мақсатты көздейді. Белгілі бір нәрсеге қатысты нақтылы қарым-қатынасты дамыту: музыкаға, қылқалам, табиғат, кітап оқуға т.б. Осыған байланысты ұйымдастыру формасы таңдалады: тәрбие сағаты, пікірталас, оқырмандар конференциясы, лектория, саяхат, мектеп балы т.с.с. Содан кейін барып оқушылардың жас және дара ерекшелігіне, сынып жағдайына байланысты нақтылы тақырып атауы анықталады. Мысалы, «Адамға музыка не үшін қажет?» - пікірталас, «Оқуда менің жетістігімді кім анықтайды»- тәрбие сағаты, «Қоғамдағы өзгеріс, оған менің көзқарасым» - дөңгелек үстел, «Батыл да, күшті, ептілер» - спорттық ойын т.с.с. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы қаншалықты әртүрлі болған сайын соншалықты мақсатқа жету және тәрбие міндеттерін орындау жеңіл әрі жемісті болады.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының маңызы, тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы тәрбие жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін ұйымдастыру жұмыстарындағы іс әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілеттерін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдың мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастырылу тәсіліне байланысты.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В.А.Сухомлинский былай дейді: "Балалар әсемдік, ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлеміндс өмір сүруі міндетті". Оны таңдау негізінен тәрбиенің жалпы немесе жекелеген мақсат, міндеттеріне, қызметінің тәрбиелік маңызына және оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекелегсн оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мсн кемшіліктеріне байланысты атқарылады. Сондықтан оны жіктеуде белгілі бір дәрежеде қиындық туады. Яғни, нысанаға әсер етуге сай (жеке-дара топтық, көпшілікформалары) және төрбиенің бағыты мен міндеттеріне байланысты (ақыл-ой, адамгершілік, эстетика- лық, дене, еңбек, экологиялық, экономикалық, құқықтық жіктеу ұсынылады. Ол мынандай болады:
1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру қабырға газстін шығару, альбом жасау, плакаттар, ұрандар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.
2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазушылармен, әртістермен, еңбек азаматтарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және жауынгерлермен).
3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру тақырыптық, шолулық, жедел хабар,
4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды үйымдастыру.
5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жүмыстарына сай көрмелер өткізу.
6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.
7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікірталас әңгіме түрінде тәрбие жүмыстарын үйымдастыру.
8 .Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, баскетболэ футбол, шаңгы тебу т.с.с.
9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.
10. Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып оқырмаңдар конференциясын өткізіп отыру.
11. Мектепгегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері, қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлке тану, жас техниктер т.б.
12. Үйірме жүмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.
13. "Атамекен" бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.
14. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мерекелерін атап өту,
15. Сынып жиналыстарын өткізу.
16. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын үйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.
17. Мұражайларға, көрмелерге, демалыс-мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.
18. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызлікті қарттарға көмек көрсету жүмыстарын үйымдастыру.
19. Оқушылардың қысқы. жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын үйымдастыру.
20. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жүмысына қатысу.
Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыста әр шәкірттің ерекшелігі мен бейімі, талабы еске алынады. Олай болса сынып жетекшісі өзінің негізгі кызметін жүзеге асыруда оқушылармен сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының формасын таңдайды. Олар, ең алдымен оқушылардың әртүрлі әрекеттерін ұйымдастырумен байланысты болып келеді. Яғни, тәрбие жұмысының формасын әрекеттің түрлері арқылы бөліп қарастыруғаболады.
Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың практикалық әрекеттері теориялық аспектіге қарағанда басымдылық жағдайда болатындақтан, оның мазмұнын анықтауда баланың әлеуметтік тәжірибені меңгеруіндегіәрекеттің маңызына ерекше мән берген жөн. Оның бірнеше түрі бар: танымдық, көңіл көтерушілік, спорттық-сауықтыру, енбек, шығармашылық.
Сабақтан тыс тәрбие жүмысының танымдық әрекеті баланың танымдық қызығушылығын, оқуға жағымды тудыру, оқу дағдысын жетілдіруді көздейді. Ол оқу әрекетінің жалғасы ретінде тек басқадай формадақолданылады. Мысалы, "Не? Қашан? Қайда?"- викторина ойыны немесе мұражайға, көрмеге саяхат т.с.с.
Көңіл көтеру әрекеті. Ол балалардың құнды демалысын ұйымдастыру, жағымды эмоция тудыру, ұжымда жылы шырай көңіл күйі, жолдастық-ынтымақтастық жағдай орнату, жүйке шиеленісуін болдырмау үшін нәтижелі. Дегенмен де сабақтан тыс тәрбие жұмысының танымдық және көңіл көтерушілік әрекеттері өзара жиі байланыста болады. Мысалы: әртүрлі байқаулар, конкурстар, викториналарды атауға болады.
Спорттық-сауықтыру әрекеті. Балалар үшін сабақтан тыс тәрбие жүмысының осындай әрекеті олардың толыққанды денсаулығы хМен дене бітімінің үйлесімді дамуы үшін қажет. Спорттық-сауықтыру әрекеті табиғатқа саяхат жасау, спорттық, жылжымалы ойындар, спартакиада, туризм, жорықтар арқылы жүзеге асады.
Еңбек әрекеті. Ол еңбектің әр түрінің мазмұны арқылы көрініс береді: тұрмыстық, қол еңбегі, қоғамдық пайдалы, өзіне-өзі қызмет көрсету. Әрекеттің бүл түрі мүғалімдер үшін біршама қиындықтар туғызады. Дегенмен де оның күш қайрат жұмсауы оқушылардың әртүрлі жүйелі еңбек әрекетін ұйымдастырудағы тәрбие жүмысының нәтижесіне бағытталады. Нәтижесінде, балада еңбек ету қажеттілігін және өзін танып білуге деген құштарлығын қалыптастырады. Еңбек әрекеті көбінесе сыныпта кезекшілік ету, оның тазалығын сақтау, мектеп шеберханасында жұмыс істеу, сенбіліктерге қатысу, сыныптың, болмаса мектепті» күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу, сабақтар жүйесінде көрнекі құралдарын жасау, шефтік жұмыстарын атқару барысында атқарылады.
Шығармашылық әрекеті оқушылардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Шығармашылық әрекет концерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершіліқ, әсерленушілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады.
Адамгершілік сана адамгершілік түсінікті және мінез-құлық нормасын меңгеруде әңгіме, пікірталас, ойын, т.б. формалар арқылы қалыптасады.
Тәрбие жүмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт. Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді үйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оның элементтері мынандай болып келеді.
1. Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат —педагоггардың үйыңдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. Мысая.ы, "Жаңа жыл бал-маскарады", "Қайырымдылық акциясы", "Ғылыми апталық" т.с.с.
Мақсат – тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, ейткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды. Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді. Мысалы, "Адамға музыка неүшін керек?" тақырыбының мақсаты оқушылардың музыкалық мөдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне: 1) оқушылардың музыкалық талғамы жөне қызығушылығын айқындау (сауалнама, әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы т.с.с);
2) музыка жайында көзқарастарын және түсінікгерін қалыптастыру (кеш өткізу, кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдастыру); 3) әр түрлі музыка жанрларына белгілі бір қатынастарын орнықтыру (мүғалімнің сөзі, -оқушылардың пікірі, әңгіме жүргізу, мәдени жорық, кездесу өткізу).
2. Тәрбие жүмысының формасын таңдау, шараның тақырыбын анықтау. Мысалы, пресс-конференция, оқырмандар конференциясы, тақырыптық сағат, демалыс кеші, көңілділер мен тапқырлар клубы, пікірталас, кездесу, дөңгелек стол.
3. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жүмыстары, хабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық түрғыдан даярлау.
4. Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезендері:
-шараның басталуы, психологиялық кеңіл-күйді орнықтыру: әдеби-музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, күйтабақ иемесе үнтаспа ойнату;
-ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі, шараны ашу, мақсатын, барысын баяндау;
- негізгі бөлім: шараның міндеттері, жоспарына сай мазмұнының баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әрекеттері;
-қорытынды бөлім: шараны қорытындылау, оқушылардың алған әсерін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру т.с.с.
5. Педагогикалық талдау жүмысы: шараның өту нәтижесін және оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу т.с.с.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнына әсер ететін факторларға:
1. Мектептің ерекшелігі және ондағы қалыптасқан дәстүр. Мысалы, егер мектепте оқуда басымдылық берілген болса, онда сабақтан тыс тәрбие жүмысында таным аспектісі басым болады т.с.с.
2. Оқушылардың жас, жеке-дара және сынып ерекшелігі.
3. Мұғалімнің өзінің жеке басының ерекшелігі, қызығушылығы, бейімі т.с.с. Егерде мүғалім оқушыларды оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысса, онда оның мақсатына жетуге ықпал ететін сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмүнын таңдайды. Басқадай мұғалім үшін, мүмкін оқыту процесінде түлғаны қалыптастыру маңызды болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында еңбек және шығармашылық әрекетке басымдылық беріледі; оқушыларға спорттық-сауықтыру әрекеті арқылы ықпал ету, көбінесе спротты жақсы көретін мұғалім арқылы болады.
Оқу қызметі секілді тәрбие үдерісі де белгілі формада ұйымдастырылады. Бастауыш мектеп тәрбиесі сабақтағы оқу үдерісімен байланысты жүргізіледі. Дегенмен, сабақтан, сыныптан тыс ерекше жұмыс формалары да қолданылады - олар педагогикада тәрбиелік істер деп қабылданған. Тәрбиелік істер- тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекеттерін ұйымдастыру және оларды жүзеге келтіру формасы. Тәрбиелік істер - жарқын еңбек пен ойынға, шығармашылық пен жолдастық қатынасқа, өмірлік арман мен қуанышқа толы бірлікті қызметтің орындалу формасы. Бұл формада тәрбиешілердің өз оқушыларымен араласа әрекетке келу шарттары, құрал-жабдықтары мен тәсілдері бір-біріне ауысып, ажыралмас бірлік, тұтастыққа түсіп жатады. Тәрбиелік істердің басты ерекшеліктері - қажеттілігі, пайдалылығы, орындалу мүмкіндігінің болуы. Әрқандай тәрбие үдерісі үздіксіз өтіп жататын тәрбиелік істер тізбегінен құралады.
Тәрбиелік істер негізінде екі мүдде көзге түседі - іс-әрекеттік және кешендік. Алғашқысының тәрбие алдына қоятын талабы - оқушылардың әрқилы іс-әрекеттерін ұйымдастыру: танымдық, еңбектік, қоғамдық, көркемөнерлік, спорттық, құндылықты бағытталған еркін қарым-қатынас түзу, ал екіншісінің алға тартатыны - барша іс-әрекет түрлерін табиғи бірлікке келтіре пайдалану. Тәрбиелік іс бір мезеттің өзінде инабаттық, эстетикалық, еңбектік, сана-сезімдік ықпалдардың бірдей әсерінде болады.
Орындалатын нақты іс міндеттері басым келген тәрбие мақсаты (әдетте, бұл инабаттық тәрбиесі) анықтайды. Әрқандай істе тәрбиенің жалпы бағытымен (ақыл-парасәт, дене шынықтыру, еңбектік және т.б.) сәйкес өзекті тұжырым ажыралады. Тәрбиелік іс міндеттерінің мағынасын ұғу - оның тиімділігінің басты шарты. Ол міндеттер ептілікпен түсінімге келтіріліп, оқушылар санасына жеткізілуі қажет. Өз ой, көзқарасыңызды балаларға таңушы болмаңыз, қажетті шешім қабылдау керектігін балаларға ұқтырыңыз, шешімді балалар өз «еншісі» деп сезінетін болсын. Тәрбиелік істің қас жауы
- енжарлық. Оқушылар мінез-құлығына жіті назар салсаңыз, олардың өздері-ақ нені өзгерту керектігін жайып салады. Тәрбиелік істер ойсыз еліктеуді көтермейді, оларға тән ере-кшелік - икемшілдік пен кең әрекет өрістілігі. Сыныптардың, жеке балалардың бір-біріне ұқсамастығын, қайталанбас өзгешеліктерін молынша пайдалануға тырысыңыз. Қандай да істі жобалай отырып, есіңізде болсын - бір сыныпта оңды іске асырылған тәжірибе екінші топта жарамды қайталануы неғайбыл. Жағдайға байланыстырылып, ретке келтірілмеген жоспар, жоба еліктеумен қолданылса, істің нәтижесіз болары айтпаса да, түсінікті.
Тәрбиелік істердің көп түрлі болғаны жөн. Жарқын, тартымды істерді балалар есінде үзақ сақтайды, сондықтан бір істі көп мәрте қайталап, оқушыларды жалықтырудың қажеті жоқ, оның пайдасы шамалы. Тәрбиелік істер көңіл-күй көтерудің қуатты себепшісі. Сезім толғанысына түскен бала әрқандай ықпалды қабылдағыш келеді. Қай тәрбиелік істе болмасын, бала көңіліне жақын, оның жан әуенімен үндес жәйттерді ірік-тей білу шарт. Сол арқылы баланың ұнамды мінез бітістерін дамытып, орнықты өмірлікбағдарын қалыптастырып, қоршаған болмыс шындығын дұрыс тануға баулу қажет. Бұл тәрбиелік іс мәдениетінің басты шарты.
Тәрбиелік істі жоспарлауда педагог тәрбиеленушілердің дайындық деңгейін арқау етеді, олардың жас және даралық ерекшеліктерін барынша ескереді. Күрделі, балаларға түсініксіз педагог бастамасы, ненің, не үшін және неліктен олай істеу қажеттігін жөнді аңғармағандықтан, тәрбиелік іс формальды шараға айналады. Басты мақсаттары мен атқарар қызметтеріне орай тәрбиелік істер келесідей бөлінеді: этикалық, әлеуметтік бағдарлы, эстетикалық, танымдық, спорттық-дене шынықтыру, экологиялық, еңбектік ж.т.б. Әлбетте, мұндай ажыратуды шартты деп қарастырған жөн, себебі әрқандай тәрбиелік істің мақсаты кешенді, көп тарапты.
Достарыңызбен бөлісу: |