Қорытынды
Тәрбие оқу проці секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процес. Егерде тәрби жұмысының формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «Тәрбие жұмысының формасы», «Тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т.б. Соған орай «педагогикалық энциклопедия» сөздігінде «форма» ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:
1. Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;
2. Белгілі бір мазмұнның сыртқы көрінісі;
3. Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;
4. Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу т.с.с.
Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы «тәрбие жұмысның формасы» деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процесінің мазмұнда өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (зияттық, құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық, адамгершілік) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым қатнастары ашық жарияланады.
«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін , дайындық және өткізу технологиясын, пндогоикалық талдауын анықтайды.
Оқу-тәрбие аймағындағы қайта құрулар, демократияластыру мен гуманизациялау идеялары мектеп өмірінен шынайы орын тауып, қарапайым адамилық сезімдердің - балаға қамқорлық, сүйіспеншілік пен мейірімділік - үстем болған күнінде ғана іске асуы мүмкін. Сондықтан бүгінгі таңдағы тәрбиеші алдында тұрған аса маңызды міндет-тәрбиеленушіні педагогикалық ықпалдарды шын көңілімен қабылдауға ойыстыру. Педагогикалық бағыттау өте әдіпті, жайбарақат, елеу-сіз, мүмкіндігінше баладан жәсырын жүргізілгені жөн. Бала тәрбиесіне төнген тоқпақ болмай, оған достық ниет, лебіз біл-діре тәрбиелеу қажет.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болуы-жас ұрпақтар тәрбие мәселелерін жаңаша ойлап жаңаша құруды талап етеді. Яки тәрбиенің мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңашалау қажеттігі туып отыр.
Тәрбие мазмұны бойынша халықтың ғасырлар бойы жинақталған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтарға беру, оның жас ұрпақтарға, қоғамға қажеттігін ескеру болып отыр.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Тәрбие - екі тарапты үдеріс. Мұның тосындылығы үдерістің екі бағытта бірдей - тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тура байланыс), тәрбиеленушіден тәрбиешіге (кері байла-ныс) қарай жүруінде. Үдерісті басқару, негізінен, кері байланыс арқылы орындалады, яғни тәрбиеленушілерден келіп түскен ақпараттар негізінде оқу, тәрбие нәтижесі анықталып барады. Кері байланыс ақпараттары неғұрлым көп болса, тәрбиешінің тәрбиелік ықпалы соғұрлым күшті болады.
Тәрбие үдерісі қарама-қарсылықты керек етеді. Осыдан тәрбие диалектикасы (дамуы) ішкі және сыртқы қайшылықтармен анықталады. Осы қайшылықтар тәрбие үдерісінің үздіксіз ағымын қамтамасыз етеді. Тұлға қалыптасуының барша сатысында көрінетін ішкі қайшылықтар жаңа қасиеттер мен оларды іске асыру мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтардан туындайды. "Білемін" және "білмеймін", "бар" және "жоқ" араларындағы сәйкессіздік баланы белсенді іс-әрекет орындауға, тәжірибе өрістетуге, жаңа білімдер мен қылық-әрекет формаларын игеруге, қалыпты талаптар мен ережелерді тануға ынталандырады. Тәрбие қызметі - тұлға қалыптасуын дұрыс бағытқа түсіру, ал бұл тәрбиеленушілерге қозғау салатын күштерді, олардың қажеттерін, сеп-түрткілерін, өмірлікжоспарлары мен құндылықты бағыт-бағдарларын терең білуге тәуелді.
Тәрбие үдерісінің бағыты мен нәтижесіне сыртқы қарама-қарсылықтар да күшті ықпал жасайды. Мысалы, мектеп пен отбасы, педагог пен ата-аналар арасындағы келіспеушіліктер осы сыртқы қайшылықтардың нақты дәлелі. Тәрбие барысында кезігетін көптеген қиыншылықтар астарында халықтың "молданың айтқанын істе, істегенін істеме" дегеніндей, адам аузынан шыққан лебіз бен оныңжасаған қылығыныңжарасым-ды болмауы жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |