II.2. Кәсіпорнының жалпы сипаттамасы
2-бап. Коғамның мәртебесі
4. Коғам «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамын бекіту туралы» Мемлекеттік мүлік жөніндегі Солтүстік Қазақстан аумақтық комитетінің 1993 жылғы 24 желтоқсандағы No18/1 қаулысына сәйкес құрылды.
5. Қоғам өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлга болып табылады. Қоғамның меншік нысаны-жеке.
6. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікке ие және оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сиякты акционер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялар құны шегінде қоғамның кызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Қоғам өз мүлкі шегінде өз міндеттемелері бойынша жауапты болады.
7. Қоғамның дербес балансы, банктік шоттары, мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы керсетілген мөрі бар.Қоғамның фирмалық атауы, тауар белгісі бар. Қоғамның сондай-ақ үлгілері белгіленген тәртіппен бекітілетін және тіркелетін корпоративтік логотипі, жалауы және баска дараландыру құралдары болуы мүмкін.
8. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
занды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға құқылы.
9. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен қоғам өзі орналасқан жерден тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын және олар туралы ереженің негізінде Қоғамның атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін филиалдар (өкілдіктер) құруға құқылы.
II.3. Кәсіпорынның міндет мақсаты
Кәсіподақтың негізгі міндеті - зауыттың жастарын кәсіби шеберлікке, өнімнің сапасына деген сезімге тәрбиелеу және корпоративті еңбек мәдениетін арттыру үшін ұжымдық жауапкершілік жүйесін құру.
5-бап. Қоғам қызметінің мақсаты, негізгі бағыттары мен түрлері
14. Қоғам қызметінің мақсаты дербес шаруашылық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде таза табыс алу болып табылады.
15. Қоғам қызметінің негізгі түрлері болып табылады:
1) Мұнай-газ, темір жол, энергетика, ауыл шаруашылығы және экономиканың өзге де салаларының қажеттіліктері үшін машина жасау өнімдерін жобалау, дайындау, монтаждау, өткізу, жөндеу және оларға қызмет көрсету;
2) оқ-дәрілерді, кару-жарақты, әскери және ғарыш техникасын, олардың қосалкы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу;
3) ғылымды қажетсінетін өнім жасау женіндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
4) ғылыми-техникалық және технологиялық даму, оның ішінде өндірісті
кеңейту, қайта кұру және техникалық қайта жарақтандыру
жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;
5) Қазакстан Республикасында, ТМД елдерінде және алыс шет елдерде өз өндірісінің түсті және кара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау),сақтау, қайта өңдеу және сату;
6) медициналық мақсатты бұйымдарды әзірлеу, өндіру, дайындау және өткізу;
7) негізгі қызмет шеңберінде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін кызметтердің экспорты, кері экспорты, импорты және кері импорты;
8) өндіріске қосылмаған негізгі кұралдарды жалға беру;
9) қоғам негізгі қызмет шеңберінде шығаратын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндіру және өткізу;
10) қоғам активтерін қайта құрылымдау бағдарламасы мен жоспары шеңберінде активтерді іске асыру;
11) өз қажеттіліктері үшін қоғамдық тамақтану қызметтерін ұсыну;
12) шарттық міндеттемелерді орындау үшін көлік қызметтерін көрсету;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған негізгі қызмет шеңберіндегі сырткы экономикалық қызмет;
14) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың шарттарын орындау үшін қызмет түрлерін жүзеге асыру;
15) құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, өз қажеттіліктері үшін материалдарын ендіру.Тізбесі заң актілерінде айкындалатын жекелеген қызмет түрлерімен Қоғам лицензия негізінде ғана айналыса алады.
16). Қоғам өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, іскерлік этиканың жалпы қабылданған қағидаттарына (дәстүрлеріне), Жарғыға, өзінің шарттық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |