3-бап. Когамнын атауы жоне орналаскан жері 10. Қоғамнын толык және кыскартылган атауы:
1) мемлекеттік тілде:
- «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» Акционерлік қоғамы;
- «ПЗТМ» АК;
2) орыс тілінде:
-Акционерное общество «Петропавловский завод тяжелого машиностроения»;
-АО «ПЗТМ».
11. Қоғамның аткарушы органынын орналасқан жері:
150009, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Я. Гашек қысқа көшесі, 1
II.8. Компания лицензиясы Кәсіпорын шығарылатын өнімнің барлық түрлерін өндіру құқығына қажетті лицензиялар пакетіне ие.
Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, тау-кен-шахталық, энергетикалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, қазандарды, ыдыстарды және қысыммен жұмыс істейтін құбырларды жобалауға, дайындауға, монтаждауға, жөндеуге арналған 16.06.2009 ж. №002896 мемлекеттік лицензия (ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен берілген).
12.08.2011 ж. № 0002680 рентген жабдықтарын пайдалану құқығына мемлекеттік лицензия (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитетімен берілген.)
2003 жылдың сәуірінен бастап кәсіпорын TUV CERT "TUV Thuringen Е.V." компаниясымен сертификатталған. ҚР СТ ИСО 9001-2009 мемлекеттік стандартының және EN ISO 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесі әзірленді және енгізілді.
Зауыттық сынақ зертханасы ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген. № KZ.И.15.1058 сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты 09.12.2010 ж. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығымен берілген. Сынақ зертханасын және метрологиялық қызметті аккредиттеу тікелей кәсіпорында шығарылатын өнімнің барлық түрлерін сертификаттауды жүргізуге мүмкіндік береді.
Калибрлеу және сынау құралдарын, сондай-ақ мемлекеттік метрологиялық қадағалауға жататын өлшеу құралдарын тексеру және аттестаттау «НаЦЭкС» АҚ филиалдарымен жасалған шарттарға сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.