2.2. Дәрігерлік және педагогикалық бақылауды ұйымдастырудағы сабақтың тығыздығын анықтаудың жолдары
Дене тәрбиесі сабақтарының негізгі сипаты – қатаң уақыт тәртібіндегі жаттығуларды оқушылардың орындау әрекеттері және жүктемені мөлшерлеу.
Жүктеме дегеніміз – жаттығушының ағзасына белгілі бір мөлшерде дене жаттығуларымен әсер ету, күш түсіру. Сабақ кезіндегі жүктеме оқушылардың жасына, жынысына, дене қуаты дайындығына сай, үйлесімді болуы керек. Жүктемені мөлшерлеу дегеніміз оның көлемін және қарқындылығын өзгерту[20].
Жүктеме көлемі дегеніміз – орындалған дене қуаты жұмысының саны (өтілген қашықтық, орындалған жаттығулар саны, жаттығуды қайталау саны, ауырлық салмағы т.б.). Оқушының жаттығуды қандай жылдамдықта, қарқында орындап жатқанына қарап жүктеменің қарқынын білеміз[20].
Жүктеме қарқыны – орындалған жұмыс көлеміне жұмсалған уақыт немесе жаттығуды орындау жылдамдығы. Орындалған жұмысқа байланысты ағзада болған өзгерістер арқылы қарқындылық анықталады. Жүктеменің негізгі қарқындылық көрсеткіші – жүрек соғу жиілігі[20].
Аз жүктемелер оқушылардың дене дайындығының жоғарылауына күшті әсер бермесе, дұрыс берілмеген өте үлкен жүктемелер балалардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Жаттығуларды орындау кездерінде оқушыларда шаршау белгілері байқала бастаса (қозғалыс шапшаңдығы азайып, қимыл үйлесімділігі бұзылса, тыныс алу жиілесе, бет әлпеті қуара бастаса), жүктемені азайтып, оқушыларды тынықтыру керек. Дене тәрбиесі тәжірибесінде жүктемені реттеу – жаттығуларды қайталау саны, жаттығуды орындау қарқыны, амплитудасы арқылы, жаттығуды орындағанда сыртқы ауырлықты, сыртқы ортаны пайдалану, жаттығу арасындағы тынығу аралығы уақытын өзгерту арқылы іске асырылады.
Дене тәрбиесі сабағында жүктемені реттеу мен сабақтың тиімді, дұрыс өткізілгенін бағалау, сабақ тығыздығын анықтау үшін, оқушының сабақтағы әрекеттерін хаттама жүргізіп тіркеу тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл орыс тіліндегі арнайы оқулықтарда «хронометраж» – әрекеттерді тіркеу деп аталады.
Сабақтың бүкіл ұзақтығы кезінде жүктеменің қалай берілгенін, оның мөлшерін анықтау үшін тамыр соғысын есептеу, өлшеу, оны хаттамаға тіркеу тәсілі қолданылады. Ол тәсіл орыс тіліндегі арнайы оқулықтарда «пульсометрия» - тамыр соғыстарын тіркеу деп аталады.
Д ене тәрбиесі сабағының тығыздығы, ол оқушыларға мүмкіншілік болғанынша көбірек жаттығулар орындату, оларды бос, тыныштық жағдайында көп қалдырмау. Дене тәрбиесі мен спорт тәжірибесінде сабақтың жалпы және қозғалтатын тығыздығы болады.
Сабақтың бүкіл ұзақтығы кезінде педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытты сабақтың жалпы тығыздығы дейміз[22].
Педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытқа жататындар: дене тәрбиесі жаттығуларын орындау, мұғалімді тыңдау, көрсетілген жаттығуды бақылау, түсінгенді ұғыну, сабақ өтер орынды дайындау, тынығу және т.б.
Педагогикалық тұрғыдан ақталмаған уақытқа жататындар: мұғалімнің немесе оқушылардың сабаққа кешігуі, снарядтарға ауысқан кездерде болатын ұзақ бос тұрып қалушылықтар, тәртіп бұзуға байланысты үзілістер, құрал-жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің спорт залдан себепсіз шығуы және т.б. Бұл кемшіліктер ұйымдастыру түрінің нашарлығына жатады. Толық дұрыс өткізілген дене тәрбиесі сабағының жалпы тығыздығы 100% болуы керек, сондықтан да уақытты тиімді пайдаланған дұрыс.
Сабақтың жалпы ұзақтығы кезінде дене тәрбиесі жаттығуларын орындауға кеткен уақытты қозғалтатын тығыздық дейміз.Қозғалтатын тығыздық – сабақтың негізгі бір өнімділігін, сапасын көрсететін көрсеткіш. Біз оның жоғары болуына ұмтыламыз. Қозғалтатын тығыздық жаттығу сабақтарында – 70-80%, оқу сабақтарында – 60-70% болуы керек. Сабақтың қозғалтатын тығыздығын көбейту үшін мұғалімдер түсіндіру мен көрсетуді біріктіреді, жаттығуларды толассыз орындау әдісін, айналмалы жаттығу әдісін қолданады, сыныпты топтарға бөледі, барлық оқушы бірден жаттығуға мүмкіншілігі бар жабдықтарды пайдаланады, сабақта сынып белсенділерін көмекке тартады[10].
Сабақтың тығыздығын анықтау хаттамасы сынып оқушыларының ішіндегі белсенді, тәртіпті, дене тәрбиесі сабағында орташа үлгеретін оқушының қимыл- әрекеттерін тіркеу арқылы жүргізіледі. Сабақ тығыздығын анықтауға қатысар алдында біз қағазға толық дұрыстап жазып, сызып хаттаманы дайындап алуымыз керек. Хаттама жүргізген кезде хаттама жүргізуші жазып, келесі бақылаушы адам секундомерді қоса отырып, бақылаудағы оқушының орындаған барлық іс-әрекеттерін айтып, жазып отырады. 1-бағанаға оқушының әрекеттерінің мазмұны, 2 бағанаға секөнд бойынша қимыл-әрекеттердің аяқталған уақыттары жазылып отырады (хаттама үзіндісі келесі бетте).
Оқушының мынандай қимыл-әрекеттері хаттамаға тіркеледі[15]:
1. Жаттығуды орындауы. Барлық жаттығуларды орындау уақыттарын секундомермен дәл анықтау. Уақыт 4-бағанада көрсетіледі.
2. Жаттығуды орындағаннан басқа ретте оқушының жағдайлары: мұғалімнің көрнекі құралдарды, жаттығуларды көрсетуін бақылау, тыңдау, тынығу, келесі орындалатын тапсырманы тосу, қайта сап құру, сабақ орнын дайындау т.с.с. Уақыты 3-бағанада көрсетіледі.
3. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылмаған іс-әрекеттер: мұғалімнің немесе оқушылардың сабаққа кешігуі, снарядтарға ауысқан кездерде болатын ұзақ уақыт бос тұрып қалушылықтар, тәртіп бұзуға байланысты үзілістер, құрал-жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің спорт залдан себепсіз шығуы және т.б. Бұл әрекеттер арқылы уақыттар хаттаманың 5-бағанасында тіркеліп, олар мұғалімнің кінәсінен болған бос уақыттар деп аталады.
Сабақта белсенді, тәртіпті, дене тәрбиесі сабағында орташа үлгеретін бір оқушының тамыр соғуын әрбір 3-5 минөт сайын 9-16 рет есептеп, хаттамаға тіркеп отырамыз. Тамыр соғысын сол қолдың немесе мойындағы күре тамырдың қан тамырын ортаңғы үш саусақтың ұшымен ақырын басып санау арқылы есептейміз. Тамыр соғысы 10 секөнд бойы есептеледі де 6-ға көбейтіліп, бір минөттағы жүрек соғу жиілігі анықталып отырады. Ол көрсеткіш хаттаманың № 2, № 3 бағанасына жазылады. № 4 «Қимыл-әрекет түрлері» бағанасына тамыр соғысын есептеу алдында оқушының орындаған әрекет түрі жазылады. Тамыр соғуын өлшеу мәліметтері хаттамада көрсетілген.
2-кесте. Дене тәрбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау хаттамасы
Күні ...
Сынып...
Сабақ міндеттері ...
Сабақ жүргізуші ...
Хаттама жүргізуші ...
Бақылаудағы оқушы ...
Тамыр
соғысын
есептеу уақыты
|
Ж С Ж
--- -----
|
Қимыл-әрекет түрлері
|
Ескертулер
|
10 сек---1 мин
|
Сабаққа дейін
|
12
|
72
|
Тыныштық күйінде
|
|
3
|
14
|
84
|
Сапқа тұру, сабақ міндетін хабарлау
|
|
6
|
16
|
96
|
Жүру жаттығулары
|
|
9
|
20
|
120
|
Жүгіру жаттығулары
|
|
12
|
21
|
126
|
ЖДДЖ орнында тұрып орындау
|
|
15
|
22
|
132
|
ЖДДЖ қозғалыста орындау
|
|
18
|
19
|
114
|
Оқушыларға жаттығу
техникасын түсіндіру
|
|
21
|
24
|
144
|
Допты қос қолмен жоғарыдан қабылдау
|
|
24
|
26
|
156
|
Допты қос қолмен төменнен қабылдау
|
|
27
|
20
|
120
|
Допты торға түсіру әдісін түсіндіру
|
|
30
|
28
|
168
|
Жүгіріп келіп допты торға түсіру
|
|
33
|
31
|
186
|
«Баскетбол» ойынын ойнау
|
|
36
|
25
|
150
|
Орнында тұрып допты торға лақтыру
|
|
39
|
22
|
132
|
Орнында тұрып допты торға лақтыру
|
|
42
|
19
|
114
|
Босаңсыту жаттығулары
|
|
45
|
14
|
84
|
Қорытындылау, баға қою
|
|
Әрбір 3 мин сайын тамыр соғысын өлшеулер орындалып, хаттама толық толтырылып, сабақ біткеннен кейін біз алынған мәліметтер бойынша оқушы ағзасындағы физиологиялық жүктеме өзгерістерінің қисық сызықтары графигін сызамыз.
190-
180-
170-
160-
150-
140-
130-
120-
110-
100-
90-
80-
70-
3 6 9 12 15 18 21 24 27 30 33 36 39 42 45
1-сурет. Жүктеменің физиологиялық өзгерістерінің қисық сызығы
Осы қисық сызықтарды қарау арқылы біз дене тәрбиесі сабағының кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерінде сабақ жүктемесі қалай берілгенін білуімізге болады.
Дұрыс өткізілген сабақтың кіріспе бөлімінде жүктеме біртіндеп көтеріледі, жүрек соғу жиілігі 130-140 соғу/минөт деңгейіндегі, кіші және орта жүктемеде орындалады.
Сабақтың негізгі бөлімінде жүктеме жоғарылап екі-үш жүктеме шыңдарымен өткізіледі.
«Жүктеме шыңдары» дегеніміз – жоғары жүктеме беру көрінісі. Біздің графигімізде ол 24-ші және 33-ші минөттарда көрініс беріп тұр. Дұрыс өткізілген қорытынды сабақ бөлімінде жүктеме төмендетіліп, жаттығушылар ағзасы бастапқы қалыптарына жақындаулары керек. Үлгі ретінде көрсеткен суретте дене тәрбиесі сабағының дұрыс өткізілген көрінісін көріп отырсыздар (1-сурет) [21].
Дене тәрбиесі мұғалімі осы қисық сызықтар суреті арқылы сабақ бөлімдеріндегі жүктеме нәтижелерін айқын көруіне, сол арқылы келешек жұмыстарына өзгерістер енгізулеріне болады.
Достарыңызбен бөлісу: |