1.4. Денсаулықтарында ауытқушылығы бар оқушылардың
дене тәрбиесі
Денсаулықтары және дене дайындығы деңгейіне байланысты мектеп оқушылары үш топқа бөлінеді: негізгі, дайындық және арнайы.(кесте)
Негізгі топқа денсаулықтары мықты дене дайындықтары жақсы, әр түрлі спорт түрлерімен тұрақты айналысатын не айналыспайтын, бірақ мектептегі дене тәрбиесі сабағына қатысатын оқушылар жатады.
Дайындық тобына денсаулықтары аздап қана нашарлаған және дене дайындығы төмен оқушылар жатқызылады. Олар негізгі топтағылармен бірге дене тәрбиесі сабағына қатыстырылады. Бұл топқа жататын оқушыларға жүктеме қарқыны мен көлемі аздау беріліп, сынақ жаттығуларын тапсырғанда дайындық тобында екендігі ескеріледі. Оларға тапсырма топтық және жеке әдіс түрлерінде берілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |