Курстық жұмыстық жұмыстың титулпарағының үлгісі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
С.Сәдуақасов атындағы Аграрлық – экономикалық институт
«Өсімдік шаруашылығы және топырақтану» кафедрасы
Егіншілік пәні бойынша курстық жұмыстың атауы:
Солтүстік Қазақстан облысының ЖШС «Шатило и К» шаруашылығының 4 танаптық ауыспалы егісі
Орындаған:студенттің аты-жөні Серікбай А.Қ.
Топ АГК-71, 3курс
Курстық жұмысты тексерген __________________________
« » 20 г
Баға _________
Көкшетау2019
Мазмұны
№
|
Кіріспе
|
1
|
Әдебиетке шолу
|
2
|
Шаруашылықтың топырақ-климаттық жағдайлары
|
2.1.
|
Солтүстік Қазақстан облысының топырағы
|
2.2.
|
ЖШС «Шатило и К» сипаттамасы
|
3
|
Ауыспалы егіс сызбалары
|
4
|
Ауыспалы егіске көшу жоспары және ротациялық кесте
|
5
|
Егістіктің ластану картасы
|
6
|
Топырақты өңдеу жүйесі
|
7
|
Арамшөптермен күрес шаралары
|
8
|
Ауыспалы егісті бағалау
|
9
|
Қолданылған әдебиеттер тізімі
|
10
|
Қосымша
|
Кіріспе
Тақырып өзектілігі.Ауыл шаруашылылығында ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мақсаты егіншіліктің жоғары мәдениетіне жеткізіп, механикаландыру,химияландыру,әрбір дақылдың өнімділігін арттырып, тиімді түрлерін көбейту, өсімдіктер дүниесін жақсарту болып саналады.Республикамыздың ауыл шаруашылығында қызмет ететін ғылыми мекемелердің бірі-тәжірбе станциялары, әр аймақтың ерекшелігіне сай ауыспалы егіс жүйесін енгізудің негіздерін анықтап, топырақ эрозиясына қарсы күрес жүргізіп, тыңайтқыштарды, өсімдікті қорғайтын химиялық құралдарды игеру арқылы басқа да салалардың интенсивті әдістерін қолдану шараларын анықтайды. Ауыл шаруашылығы ғылымында, оның ішінде егіншілік саласында ауыспалы егістің алатын орны ерекше.Бұл бағытта кезінде Шортандыдағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары егіншіліктегі топырақ қоғау жүйесін ғылыми негізінде зерттеп,Солтүстік Қазақстан аймағының топырақ-климат жағдайлары ерекшеліктеріне сәйкес қысқа танапты (айналымды) ауыспалы егіс жүйесін өндіріске енгізді. Ауыспалы егіс – топырақ құнарын сақтау және арттыру, тұрақты мол өнім алу мақсатында дақылдарды және танаптарды алмастырып отыру жүйесі. Ауыспалы егістің б.з.б. қолданылуы туралы мәліметтер Рим шежірелері (Катон, Варрон, Вергилий, т.б.) арқылы жеткен. Қазақстанда қара топырақты, ылғалдылығы жеткілікті аймақтарда 5 танапты және 8 танапты Ауыспалы егістің кеңінен қолданылады. Ауыспалы егістің жүйесі ауыл шаруашылығында өндірілетін өнім түріне қарай егістік, мал азықтық және арнайы болып үш түрге бөлінеді. Егістік ауыспалы егістің жүйесі бойынша ылғалдылығы мол жерлерде егістік дақылдарды (бидай, сұлы, арпа, жүгері, қызылша, күнбағыс, картоп, т.б.) себердің алдында танапқа 2 – 3 жыл жоңышқа егіледі. Ал қуаңшылық аудандарда сірі жер танабын бос қалдырады. Мал азықтық ауыспалы егіс жүйесі бойынша көп жылдық жоңышқа өсіруден кейін оның орнына отамалы дақылдар (бір жылдық, көп жылдық шөптер, сүрлемдік жүгері) өсіріледі. Арнайы ауыспалы егіс жүйесінде көкөністерді, мақтаны, темекіні, күрішті т.б. жыл сайын орын ауыстырып егеді. Сондай-ақ арнайы ауыспалы егіс жүйесін қолдану үшін жер құнарлығы жоғары, ылғал, температура жеткілікті болуы керек. Ауыспалы егіс мол өнімді дақылдар егіп, халықты азық-түлікпен, малды жемшөппен және техниканы жыл бойы жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Дақылдар алмастырылып егілгенде, өнім көрсеткіштері жақсарады, жердің құнарлылығы артады, топырақ эрозиясы төмендейді, егістіктің ластануы, зиянкестер мен ауру қоздырғыштардың көбеюі азаяды. [1]
І бөлім.Әдебиетке шолу
Ауыспалы егiс деп – ауыл шаруашылығы дақылдарының, керек жағдайда сүрi жердiң, танаптарда және уақыт кезеңiндегi, немесе тек уақыт кезеңiндегi ғылыми негiзделiп алмасуын атайды. Дақылдарды алмастыру туралы жазбаша деректер римдiк жазушы – аграрилердiң еңбектерi арқылы бiзге жеттi. Осыдан екi мың жыл бҚрын ертедегi агрономдар қсiрiлетiн дақылдарды алмастырудың тиiмдi екенiн атап көрсеткен. Мысалы, Варрон (б.э.д. 116-27 ж.) ”кейбiр дақылдарды тек жоғары өнімділігі үшiн ғана емес, келесi жылғы алынатын өнім үшiн де өсіруге болады” – деген екен. Римдiк басқа бiр агроном Катон (б.э.д. 234-149 ж.) егiншiлерге “жердi жыл өткен соң... оның сөлiн аз алатын, жеңiл егiске қалдыру керек” – деп кеңес берген. Дақылдарды кезектестiрудiң пайдасы туралы Вергилий (б.э.д. 70-19 ж.) бұдан да нақты жазды: “Жемiс алмастыру арқылы танаптар дем алады”.
Ауыспалы егiстiң бiр жақсы алғы егiсiнен басталып, екiншi жақсы алғы егiстiң алдында бiтетiн бөлігін буыны деп атайды. Буынның атын ол басталатын негiзгi алғы дақылға байланысты бередi: сүрi танапты, отамалы, шөптi. Бiр буын 2-4 танаптан тұруы мүмкiн. Бiр буынды ауыспалы егiстiң сұлбасының мысалдары
1.Ықтырмалы сүрi танап
2.Жаздық бидай
3.Жаздық бидай
4.Арпа.
Ауыспалы егiстердi жiктеу. Егiншiлiк аймақтарының топырақ-климат ерекшелiк-терiнiң және қсiрiлетiн дақылдардың түрлерiнiң көптiгi ауыспалы егiстiң сұлбасының алуан түрiн бередi. Сондықтан оларды жiктеудiң өзіндiк қиындықтары бар. Сонымен қатар арнайы, танаптық, шөптанаптық деген түсiнiктер де көңілге қона қоймайды. Арнайы (мамандандырылған) ауыспалы егiстер дәндi, мақталы, күрiштi, көкөністi, мал азықтық т. б. болуы мүмкiн. Барлық ауыспалы егiстер танаптарға орналасатын болғандықтан танаптық деген атаудың да берерi шамалы. Профессор Роктанэн Л.С. және Томилов В.П. (62) ауыспалы егiстердiң төмендегi белгiлерi бойынша бұрыннан белгiлi жiктеулердiң (13,71) жаңа редакциясын ұсынды дақылдардың кұрамы немесе негiзгi дақылы бойынша; буындарының аталуы бойынша; танаптарының санына қарай; қосымша (арнайы) белгiсi бойынша.
Дақылдарының құрамы бойынша ауыспалы егiстер дәндi, мал азықтық, көкөністiк, күрiштiк, мақталық т. б. немесе дәндi мал азықтық т.б. болуы мүмкiн. Танаптарының саны бойынша - үш, төрт, бес, алты т. с. танапты болып бұлiнедi. Төртiншi белгiсi бойынша ауыспалы егiстiң аталуы толықтандырылуы мүмкiн. Мысалы, топырақ қорғайтын, мал фермаларының маңайына орналасқан, көп жылдық шөптерден тұратын шықпа танапты.Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада ауыл шаруашылығы саласының бәсекелестік мүмкіндігін арттыру,еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен өнім экспортын ұлғайту тұрғысында біршама шаралар қарастырылған.Еліміз 2011жылдан бастап өзінің индустриялық-инновациялық дамуын белсенді іске асыра бастады.Өткен жылдың соңына қарай еліміз Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орайластырып Алматыда елбасынын қатысуымен өткен ғалымдар форумында индустриялық-инновациялық дамудың іргетасы қаланғаны атап өтілді.Елбасы осы жиында ғалымдарға ғылымның қәзіргі жаңа жетістіктері де назардан тыс қалмауы керек деді.Ауыл шаруашылығы ғылымында, оның ішінде егіншілік саласында ауыспалы егістің алатын орны ерекше.Бұл бағытта кезінде Шортандыдағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары егіншіліктегі топырақ қоғау жүйесін ғылыми негізінде зерттеп,Солтүстік Қазақстан аймағының топырақ-климат жағдайлары ерекшеліктеріне сәйкес қысқа танапты (айналымды) ауыспалы егіс жүйесін өндіріске ергізді.Алайда өткен ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңында А.И.Бараев атындағы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының сол кездегі директоры.ВАСХНИЛ-дің корреспондент мүшесі М.Қ.Сүлейменов ауыспалы егіс зертханасы деректерінің қорытындысы бойынша егіншілікті таза сүрі жер танабынсыз-ақ жүргізудің мүмкін екендігін дәлелдейтін жаңа тұжырымдама ұсынды.Ол тұжырымдама Солтүстік Қазақстан аймағындағы құрғақ далалы өңірлерде егіншілік мәдениеті өте жоғары деңгейде болғанда, жаздық жұмсақ бидайды бір орында үзіліссіз ұзақ өсіруге болатыны ғылыми деректерге сүйене отырып дәлелденді.Қазіргі таңда еліміз нарықтың экономика бағытын таңдап,нәтижесінде жер қатынастарында қолайлы өзгерістер жасалынып, жер жекеменшік иелігіне көшті және ұзақ мерзімге жалға берілді.Өкінішке орай,елімізде нарықтық қатынастар жағдайында жаңадан құрылған фермерлік (қожалық) шаруашылықтарда,жауапкершілігі шектеулі серіктестерде және үлкен астық өндіруші компанияларында ғылыми негізделген ауыспалы егістіктерді танаптарда орналастыру жүйесінің сақталмауы әсерінен астық дақылдары көлемінің өсуі біршама орын алуда және тек қана дәнді дақылдарды егіп өсіру өңірде тиімді болмай тұрғаны байқалуда.Енді егін танаптарында басқа да ауылшаруашылық дақылдарын енгізу немесе өсімдік шаруашылығы өндірісінде ауыспалы егісті әртараптандыру міндеті тұр.Сондықтан көп жылдар бойы өңірдегі өсімдік шаруашылығында дәнді дақылдар, әсіресе, оның ішінде жаздық бидайдың көлемі әлі де басым болып келеді.Егіс алқаптарының құрылымын пайдаланудың 2011 жылғы деректері бойынша Ақмола облысындағы барлық егіс көлемінде дәнді дақылдар 93,5%-ға шоғырланған, ал оның ішінде жаздық бидайдың үлес салмағы 86,9%-ды құрады. Ал керісінше басқа ауылшаруашылық дақылдарының егіс көлемінің үлесі өңделген дерлерде біршама азайған.Мысалы, майлы дақылдардың егіс көлемі-3,8%,дәнді –бұршақты дақылдар-0,4%, ал жарма дақылдар үлесі-0,01% болды. Алайда дүниежүзілік және отандық тәжірбе нәтижелері көрсеткендей, тек қана бір дақыды өсіру және соған тірек арту ауыл шаруашылығына астық өнімін өндіру тұрақты арттыра бермейді, ал кейбір қолайлы жылдарда өсірілген бидайдан жоғары өнім алынуы және оның бағасының тұрақсыздығымен байланыстыруға болады. Қазіргі таңда жергілікті табиғи климат, топырақ және экологиялық жағдайларды ескере отырып ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін алқаптарды барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін бірден-бір жолы ауыспалы егісті әртараптандыру болып табылады.Әсіресе, таза сүрі (парлы) астықты ауыспалы егістер орнына өнімді дақылдармен алмастыру жүйесі арқылы өңірдегі егіс алқаптарының құрылымын оңтайландыру қажет.Осы айтылған мәселеге байланысты осыдан 25-30 жыл бұрын, яғни 1988 жылдан бастап ауыспалы егіс зертханасы көпжылдық стационарында ауылшаруашылық дақылдарының 20-шақты түрі ауыспалы егіс танаптары кестесіне енгізіле бастаған еді.Ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін қазіргі заманғы топырақ үнемдеу технологияларына көшу маңызды шара. Егістік жер құрылымында ағымдағы жағдайда жүргізіліген талдау нәтижесі мен өңірдегі топырақ-климаттық аймақтардағы деректер осыны көрсетті және оны одан әрі қарай жетілдірудің мол мүмкіндіктері бар екені анықталды.
А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында бір орында үзіліссіз ұзақ мерзімде жүргізілген ғылыми жұмыстардың деректері бойынша Ақмола облысының Сандықтау, Шортанды, Атбасар аудандарындағы жеке шаруашылықтарда өңделген егістік жер танаптарын тиімді пайдалану арқылы өсімдік шаруашылығын әртараптандырғанда өсімдіктің биологиялық бір-біріне ұқсас әр түрлі дақылдардың тиімділігінің әсері байқалды. Әсіресе жемазықтық дақылдар (арпа, сұлы) жоғары әлеуетті өнімділігімен ерекшеленеді және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланады. Таза сүрі жер танабының орнына жемазықтық дақылдарды өсіру өңделген жерлердің тиімділігін жоғарлатады және парлы ауыспалы егіспен салыстырғанда 4-танапты астықты ауыспалы егістің түсімділігі 24%- ға артып, ал осы дақылдардың ауыспалы егістегі көп жылдардағы орташа өнімділігі 23,8 ц/га құрады.
Ал енді ауыспалы егіс дегеніміз не деген сұраққа жауап бере кетсек:Ауыспалы егiс деп – ауыл шаруашылығы дақылдарының, керек жағдайда сүрi жердiң, танаптарда және уақыт кезеңiндегi, немесе тек уақыт кезеңiндегi ғылыми негiзделiп алмасуын атайды. Дақылдарды алмастыру туралы жазбаша деректер римдiк жазушы – аграрилердiң еңбектерi арқылы бiзге жеттi. Осыдан екi мың жыл бұрын ертедегi агрономдар қсiрiлетiн дақылдарды алмастырудың тиiмдi екенiн атап көрсеткен. Мысалы, Варрон (б.э.д. 116-27 ж.) ”кейбiр дақылдарды тек жоғары өнімділігі үшiн ғана емес, келесi жылғы алынатын өнім үшiн де өсіруге болады” – деген екен. Римдiк басқа бiр агроном Катон (б.э.д. 234-149 ж.) егiншiлерге “жердi жыл өткен соң... оның сөлiн аз алатын, жеңiл егiске қалдыру керек” – деп кеңес берген. Дақылдарды кезектестiрудiң пайдасы туралы Вергилий (б.э.д. 70-19 ж.) бұдан да нақты жазды: “Жемiс алмастыру арқылы танаптар дем алады” (Ауыспалы егiстiң бiр жақсы алғы егiсiнен басталып, екiншi жақсы алғы егiстiң алдында бiтетiн бөлігін буыны деп атайды. Буынның атын ол басталатын негiзгi алғы дақылға байланысты бередi: сүрi танапты, отамалы, шөптi. Бiр буын 2-4 танаптан тұруы мүмкiн. Бiр буынды ауыспалы егiстiң сұлбасының мысалдары 1.Жаздық жұмсақ бидай 2.Тары 3.Арпа 4.Қарақұмық 5.Түйежоңышқа[2]
2.бөлім. Шаруашылықтың топырақ-климаттық жағдайлары
Солтүстік Қазақстанның басқа да көп аймақтарында сияқты жазық ауыл шаруашылық аймағында температуралық режим ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі қалыптасу кезіндегі басты фактор болып табылады. Жазғы мерзім жағдайының термиялық шарты туралы жалпы түсінікті +100C-дан жоғары орташа тәуліктік температура жинағын береді. +100C-дан жоғары сомамен күндер саны оңтүстіктен солтүстік аймаққа қарай 155 күннен 130 күнге дейін өзгереді. Қолайлы температура жиынтығы күннен 130 күнге дейін өзгереді. Қолайлы температура жиынтығы 17000С құрайды. Аса жоғары ауытқу жылдар бойынша қыратты және орманды дала ауыл шаруашылық аймақтарда байқалды. Түрлі дақылдарды өндіру мүмкіндіктерін бағалау үшін +50С жоғары температуралы кезеңнің басталу және аяқталу уақыты аса қызығушылық тудырады. Көктемде +50С температураға көшу солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай бағытталады. Жазық далалы ауыл шаруашылық аймақтарына белсенді температура кеш жетеді.
Солтүстік Қазақстан климатының ерекшелігі күзгі суықтың ерте түсуі. Егін орудан қалған қалдықтардан егістікті тазарту кезеңінен кейін тұрақты температураға ауысу 00С арқылы 40-45 күн ішінде қолайлы температура 400-4500С ауысады. Топырақтың беткі қабаты ғана ылғалданумен, орташа көп жылғы ылғал 30-40 мм жоғарыламайды. 00С температураға ауысу 20-25 қазан аралығында өтеді. Бірінші үсік түсетін түндер тамыз айының соңғы бескүндігінде немесе қыркүйек айының басында болуы мүмкін. Сондықтан үсіктен кейінгі кезең +50С-дан жоғары температура қосындысы 450-5000С аралығына жетеді, ол арамшөптердің өсуіне әсерін тигізе алмайды. Тұрақты қар қабаты қараша айының бірінші жартысында жатады, ал сәуірдің бірінші жартысында ериді. Сондықтан, қараша және наурыз айлары қыс айларына жатады. Сәуірде жылы температура тез тұрақталады. Жыртылатын қабаттары сәуірдің екінші жартысында жыртуға даяр болады.
Ең қолайлы ай шілде айы, ауылшаруашылық аймақтың жазығы бойынша температура 18,5...19,50С жетеді. Аязсыз кезең 100-120 күнді құрайды. Жеке атайтын жылдарда бұндай айырмашылықтар көктемнің кеш түскен аяздары мен ерте күзде түскен суық температура есесін толтырады. +100С-дан жоғары белсенді температура күндер қосындысы 1900-20000С құрайды. Мұндай жылу саны тұқым және азықтық бұршақ дәнді дақылдардың пісуіне жеткілікті. Солтүстік Қазақстанда көктемде жоғары температураның белсенді өсуі бақыланады, өз бірқалыпсыздығымен ерекшеленетін климаты, тез ысып тез сууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстанда жер қабатына сінетін ылғал 10м тереңдікке дейін жетеді, бұл басқа аймақтарға қарағанда өзгеше, олар өсімдіктердің суарылуына зиянды әсерлерін тигізбейді. Өз кезегінде ылғалдың жылдық қосындысы жоғары және тұрақты егін өнімін өсіруге өз әсерін тигізеді, температураның тез құбылуының арқасында. Жазық далада жылдық ылғал қосындысы 250-300 мм дейін ауытқиды. Максималды ылғал көлемі шілде айында түседі. Вегетация кезеніндегі көлемі 170-230мм-ге дейін ауытқиды. Ең тиімді ылғал маусым айында түскен ылғал, Бадана гүлдену фазасы биомассасының қалыптасатын кезеңі.
Бірақ та, маусымдық ылғал топырақтың жоғарғы қабатын терең суармайды, гүлдену фазасы және жемістің қалыптасуына жеткіліксіз мөлшерде, бұл кезеңде өсімдікке ылғал көп мөлшерде қажет. Сондықтан, шілденің бірінші онкүндігінде түскен ылғал өте пайдалы. А.П. Агаркова СҚО-ның климаттық ерекшеліктерін талдай келе, шілдеде оңтүстіктен солтүстікке қарай және шығыстан батысқа қарай заңды өсуін атайды. Шілделік климат режимі Солтүстік Қазақстан үшін, оның үлкен материктің ортасында орналасуының заңдылықты белгісі. Бұл заңдылықтың мәні жоғары қысым, континенттің қысқы сууымен байланысты, оның орталығында тек шілде айының басында төмендейді. Бұлттың пайда болуы және ылғалдың түсуі қысымның төмендеуінің міндетті бөлігі.
Сонымен қатар, жазғы ылғал қалдықтарының түсуін жазғы үлестіруі жер рельефіне де әсер етеді. Б.А. Федорович былай деп есептейді, ылғалдың түсуіне Қазақстанның ұсақ қыратты жер бедері әсер етеді. Қыраттарға орталық азиядан келетін ауа массалары жоғарғы шоқыларға көтерілер алдында салқындайды, ол ылғалдың концентрациясына ұшырап жауын шашын тудырады. Жазық аудандарда, Солтүстік Қазақстан егістік даласы және басқа да, Торғай жазығына қысылатын жазықтар, ұсақ шоқылы жерлері жағымды әсерлі аумаққа жатады. Оған қарағанда солтүстік-шығыс, шығыс аудандар, көкшетау ұсақ шоқылы далаларына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, Көкшетаудың оңтүстік-шығыс беткейіндегі егістік дала, онымен қоса павлодар облысының солтүстік жотасы құрғақ аумақтар.
Қыркүйек және қазан айларында ылғал 40-60мм дейін жетеді. Қатты ылғал қалдығы жазық далада 80-100 мм құрайды. Ондай ылғал санын қар тоқтату жұмыстарын жүргізу арқылы жинауға болады. Таза бу бойынша олар 40-60 мм құрайды.
2.1.Солтүстік Қазақстан облысының топырағы
Солтүстік Қазақстан аудандарының негізгі аймақтары жай қаратопырақты және оңтүстік карбонатты қаратопырақты жерлер. Жай қаратопырақ жыртындысында 5,5-6,8 пайыз қарашірік; 0,3-0,5 пайыз жалпы азот; 0,1-0,2 пайыз фосфор құрайды. А.М. Дурасова және Т.Т. Тазабековтің мәліметтері бойынша қаратопырақ Солтүстік Қазақстан егістерінің көп бөлігін алып жатыр, жоғары тұздалған механикалық құрамы және жоғары карбонатты жерлер бар.
Егер тамыр терең бойлайтын егістікті айтатын болсақ, қарашірік жай топырақта 5-тен 6 пайызға дейін ауытқиды, ал оңтүстік карбонатты қаратопырақта 3-4 пайыз. Ондай топырақта калий және азот мөлшері жоғары. Оларға әлсіз қышқылды реакция бейім, рН су қалдығы 7,0-7,4 фосфор құрамында кездеседі. Сондықтан мұндай топырақта фосфор жеткіліксіз және қосымша ендіруді қажет етеді. Е.Д. Волков анықтағандай, зерттеу нәтижесі бойынша дала дақылдары азот және калийді қабылдамай, фосфор тынайтқышын жақсы сіңіргені дәлелденді. Сондықтан, осы тынайтқышты қолдану тиімді агротәсіл.
Агрохимиялық көрсеткіштері бойынша ауылшаруашылық егіс даласының қаратопырағы: механикалық құрамы бойынша қышқыл топырақты; қышқылдың физикалық мөлшері (фракция < 0,01 мм) 77,0-93,6 пайызды құрайды; гумус массасы В1 -3,81 пайыз.[3]
2.2. ЖШС «Шатило и К» сипаттамасы
Ғылыми – өндірістік практика Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Миролюбово округі «Шатило и К» ЖШС-де өтті. Бұл өнеркәсіп орны 2004 жылы ауыл шаруашылық астық дақылдарын, бұршақ дақылдарын, жалпы тұқым шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылық салалары бойынша қосымша қызмет көрсету мақсатында құрылды.Жалпы негізде бұл өнеркәсіп орнында жазғы жұмсақ бидайдың 40 түрлі сорттары, жазғы қатты бидайдың 5 сорты, жасымық, зығыр, бұршақ дақылдар, күнбағыс, жүгері будандары, көп жылдық шөптер өсіріледі және сорттарды зерттеу негізінде тәжірибелер жүргізіледі.. Барлық аумақ ауданы 20мың гектар жер, жаңа тракторлар, комбайн, сепкіштер, жер жыртатын қондырғылар, минералды-тыңайтқыштар сепкіштері, және ауылшаруашылық техникалар бар. Ауылшаруашылық мамандығының студенттері орталықта аграрлы өндірістің практикалық дағдыларын алады, ғылыми зерттеулердің қыр-сырын таниды.
Миролюбово округінің климаты жергілікті дала климатқа байланысты жауын-шашын мөлшері айтарлықтай көп мөлшерді құрамайды. Ең құрғақ ай – Наурыз, жауын-шашын мөлшері 9 мм. Жауын-шашынның көп мөлшері шілдеге түседі, орташа 68 мм. Жылдың ең жылы айы – Шілде, орташа температурасы 19,8ºС. Қаңтардағы орташа температурасы – 16,1ºС. Ең құрғақ және ылғалды айлар арасында жауын-шашын айырмашылығы – 59 мм. Орташа температура бір жыл ішінде 35,9 ºС – қа ауысып тұрады.
3 бөлім.Ауыспалы егіс сызбалары
Егiншiлiк аймақтарының топырақ-климат ерекшелiктерiнiң және қсiрiлетiн дақылдардың түрлерiнiң көптiгi ауыспалы егiстiң сұлбасының алуан түрiн бередi. Сондықтан оларды жiктеудiң өзіндiк қиындықтары бар. Сонымен қатар арнайы, танаптық, шөптанаптық деген түсiнiктер де көңілге қона қоймайды. Арнайы (мамандандырылған) ауыспалы егiстер дәндi, мақталы, күрiштi, көкөністi, мал азықтық т. б. болуы мүмкiн. Барлық ауыспалы егiстер танаптарға орналасатын болғандықтан танаптық деген атаудың да берерi шамалы. Профессор Роктанэн Л.С. және Томилов В.П. ауыспалы егiстердiң төмендегi белгiлерi бойынша бұрыннан белгiлi жiктеулердiң жаңа редакциясын ұсынды дақылдардың кұрамы немесе негiзгi дақылы бойынша; буындарының аталуы бойынша; танаптарының санына қарай; қосымша (арнайы) белгiсi бойынша.Дақылдар мен сүрі жердің ауыспалы егістің барлық танаптары арқылы өтуі олардың аумақта кезектесуін білдіреді. Дақылды бір танапта ұзақ уақыт өсіруді ауысымсыз, ал шаруашылықтағы негізгі дақылды дара дақыл деп атайды. Ауыспалы егістерде, кейде бір дақылды бірнеше жыл бойы қатарынан егеді, сосын оны басқа дақылмен ауыстырады. Мұндай егістіктерді қайталама егістік деп атайды. Ауыспалы егістің әр танабында әдетте бір дақылды өсіреді, кейде бір танапта биологиясы және өсіру технологиясы ұқсас бірнеше дақылды орналастырады. Ауыспалы егістің мұндай танаптарын құрама деп атайды.Ауыспалы егістің жақсы алғы егіспен басталып, келесі жақсы алғы егістің алдында аяқталатын бөлігі ауыспалы егістің буыны деп аталады.Дақылдарды егіп-өсіруден белгілі бір уақытқа дейін босатылған және арамшөптерден таза қалпында ұсатылатын танапты пар деп атаймыз. Егіншіліктегі топырақтың тыңаюында болатын уақыты біртіндеп екі жылға дейін қысқартылғаннан соң, пар өңдеудің қажеттілігі пайда болды. Мұндай жағдайда тыңайған жер арамшөптерінің жойылуын, қоректік заттардың жинақталуын толық қамтамасыз ете алмайды. Егер танапты екі жыл бойы өңдеуден өткізіп тұрсақ, әрине, мұндай міндетті орындауға болар еді. Тыңайған жердің осыған өту сатысы, яғни бір жылдық, пардың екі жылдық парға ауысуын немесе оны қайта парлау деп атайды.Өңдеу жұмысын жетілдірген сайын, парлауды бір жылдың ішінде аяқтайтын болды. Парды енгізумен егіншілікті тыңайту жүйесі – дәнді-парлы жүйесіне айналды, оның негізі – екі танапты ауыспалы егіс – пар-күздік бидайдан тұрады. Күздік бидайдан кейін топырақты жаздық дәнді дақылдардан өнім алу үшін өңдеуге мүмкіндік болады, сөйтіп жетілдірілген формаға – дәнді үш танапқа (пар, күздік дақылдар, жаздық дақылдар) ауысу осылай басталып еді. Бұл көптеген елдерді қамтып және жүздеген жылдар бойы сақталып келді. Ауыспалы егіс дегеніміз - ғылымға негіздеп дақылдар мен орналасу орнына және белгілі бір мерзімге қарай кезектестіріп орналастыру.
Жүйелі түрде дақылдарды және сүрі жерді кезектестіріп орналаластыруын ауыспалы егістің тәсімі деп атайды. Мысалы, Солтүстік Қазақстандағы ең кең тараған дәнді-сүрі жер ауыспалы егісінің тәсімі:
1-сүрі жер,
2-жаздық бидай,
3-жаздық бидай,
4-арпа.
Дақылды ұзақ уақыт бір танапта ғана өсіруі ауыстырылмайтын егіс деп, ал шаруашылықта бір ғана дақылды ауыстырмай еге беру дара дақыл деп аталады.
Ауыспалы егістерде кейде бір дақылды бірнеше жылдар бойы егіп, содан соң оны басқа дақылға ауыстырады. Ондай егістерді қайталама егістік деп атайды. Мысалы, жаздық бидайды, жүгеріні, мақтаны және басқа дақылдарды қатарынан 2-3 жыл бойы себеді де, содан кейін басқа дақылға ауыстырады.
Ауыспалы егістің әр бір танабында әдетте бір дақылды өсіреді, өйткені осындай жағдайда ауыл шаруашылық техниканы тиімді пайдалануға, жұмыстарды жақсы ұйымдастыруға және қарқынды технологияларды пайдалануға мүмкіншілік туады. Бірақ егіс аудандары кішігірім болғандықтан бір танапта биологиясы және өсіру агротехникасы ұқсас дақылдарды орналастыру қажет болады. Ауыспалы егістердің осындай танаптарын құрама танаптар деп атайды. Әр бір ауыспалы егіс бірнеше буындардан тұрады. Буын деп жақсы алғы дақылдан басталып келесі топырақ құнарлығын жақсартатын дақылдың алдында аяқталатын ауыспалы егістің бөлігін атайды. Ауыспалы егісте буынды бастайтын жетекші алғы егістің аты буынға беріледі. Көбінесе ауыспалы егістерде келесі буындар кездеседі: сүрі жер, шөпті, отамалы және бұршақты. Мысалы, сүрі жер және бұршақ буындарынан құрастырындған ауыспалы егістің тәсімі:
сүрі жер
жадық бидай сүрі жер буыны
жаздық бидай
ас бұршақ бұршақ буыны
мал азықтық дақылдар (арпа, сұлы)
Ауыспалы егісте отамалы және шөпті буындарының тәсімі
Жүгері
Арпа шөптермен бірге себілген отамалы буын отамалы буын
Көпжылдық шөптер
Көпжылдық шөптер шөптік буын
Арпа
Ауыспалы егістің тәсімі бойынша барлық дақылдардың және сүрі жердің толық айналып өткен кезеңі ауыспалы егістің айналымы деп аталады. Оның ұзақтығы ауыспалы егістегі танаптың санына әдеттегідей тең болады. Төтенше орынды танапта дақылдармен сүрі жері кезектесіп орналасып, ал олардың айналым кезеңі такаптардың егі есе кебейген санына тең болған топырақ қорғау ауыспалы егістер және тыс танабы бар айналымы немесе толық емес ауыспалы егістер алады.
Ауыспалы егістің тыс танабы бұл ауыспалы егістің тәсімінен шығарылып бірнеше жыл бойы бір ғана дақыл өсірілетін танабы. Көбінесе тыс танаптарда көп жылдық шептер, жүгері өсіріледі.
Алғы дақыл деп өткен жылы осы танапта өсірілген дақылды немесе сүрі жерді атайды. Ауыспалы егісте әрбір дақыл немесе сүрі жер соңғы дақылға алғы егіс бола алады. Ауыл шаруашылық тәжірибеде ауыспалы егістерге түзетулерді енгізу, дақылдармен сүрі жердін, кезектесуін өзгерту қажет болады. Мысалы, сүрі жердің жағдайы жақсы болған кезде (арамшөптері жоқ, топырақтың физикалық қасиеттері оңтайлы болуы және т. б.). Осындай жағдайда бұл танапта дақылдарды сеуіп, ал сүрі жерге арамшөптермен қатты ластанған немесе физикалық қасиеттері нашар ауыспалы егістердің танаптарын бөліп шығару қажет. Дақылдардың және сүрі жердің алмасуына түзетулерді енгізген кезде олардың ауыспалы егістегі орналасу принциптерін бұзбау керек. Дақылдардың және сүрі жердің кезектестіру принциптерін бұзбай, олардың ауысу жүйелігіне түзетулерді енгізуге мүмкіншілік беретін ауыспалы егістің қасиетіне ие болу оның икемділігі деп аталады.
Айналым мерзімдері ұзақ және биологиясы ұқсас дақылдардан құрастырылған ауыспалы егістердің икемділігі жоғары болады.
Дақылдардың кезектестіру қажеттілігі әр түрлі себептерге байланысты. Олардың ішінде ерекше орынды қоректік заттарды тиімді пайдалану және топырақтағы қарашірік балансын реттеу алып отыр.
Ауыл шаруашылық дақылдар қажетгілігі, сонымен қатар топырақтан қоректік заттарды сіңіру қабілеттері өзгеше болады. Топырақтаң шығыдайтын әр түрлі дақылдардың, қоректік заттардың мөлшері олардың өнімділігіне жеке химиялық құрамына байланысты болады. Егіншілік тәжірибесінде қандай болсын өсімдіктің өсіру топырақтағы заттардың (оларды сырттан енгізбей) азаюына байланысты, Топырақтағы қоректік элементтердің азаюы өсімдіктің түріне байланысты. Бұдан басқа қоректік элементтерді пайдалануға қатынасы бойынша өсімдіктер таңдаулы қасиеттерге.
Астық дақылдар топырақты біршама азот және фосфор, картоп калиймен кедейлетеді. Тамыр жүйесінің әр түрлі қабатта орналасуы қоректік заттарды топырақтын әр түлрі қабаттардан пайдалануына себепші болады.
Негізгі ауылшаруашылық дақылдарының алғы егістері. В.Г.Ротмистров барлық ауыл шаруашылық дақылдарды тамырлардың бойлау тереңдігі бойынша үш топқа бөлді: таяз орналасқан тамыр жүйесі — картоп, зығыр, қарақұмық, ас бұршақ, тары, орташа терендікте орналасқан тамырлары - қара бидай, бидай, арпа, сиыр жоңышқа, терең бойлайтын тамыр жүйеісі - әр түрлі өсімдіктер қиын еритін қосылыстардан қоректік заттарды әр түрлі сіңіру қабілеттеріне ие болады.
Қарақұмық тамыр іріндерінің жоғары ерітетін қабілетіне байланысты қиын еритін қосылыстардан пайдаланып, басқа одан кейін өсірілетін дақылдарға жеңіл сіңетін түрде қалдырады.
Ауыл шаруашылық дақылдарының тамыр жүйесінің құрылысындағы айырмашылығы топырақ ылғалдылығының пайдаланғанда байқалады. Қуатты тамыр жүйесі бар өсімдіктер (жүгері, күнбағыс, қант қызылшасы, жоңышқа ылғалды төменгі қабаттардан пайдаланады, ал басқа өсімдіктер ылғалды топырақтың жоғарғы қабаттарынан жұмсайды.
Әр түрлі өсімдіктер құрғақ заттардың қалыптасуына судың әр түрлі мөлшерін жұмсайды. Қант, жүгері, күнбағыс, көпжылдық шөптер тары, арпа сияқты өсімдіктерге қарағанда суды көбірек жұмсайды және топырақты күштірек құрғатады. Сондықтан ауыспалы егісте әр түрлі дақылдарды алмастырып қоректік заттарды және топырақ ылғалын тиімді пайдалануға мүмкіншілік туады.
Танапата дақылдардың алмасуы топырақтың физикалық жағдайын, әсіресе оның құрылымы мен тығыздығын жақсарту қажет.
Бір жылдық дақылдарды қарқынды өндеулер мен қайталама өсіру топырақтың тым борпылдақ болуына, ал бұл топырақ құрылымының нашарлауына келтіреді. Құрғақ дала, дала және аймақтарының жағдайында жел эрозиясының қауптілігі байқалады. Көпжылдық шөптер және басқа дақылдар қалың қыртысты (шымды) құрады, топырақ құрылымын жақсартады, төзімді агрегаттардың санын көбейтеді, су және жел эрозиясынан қорғайды.
Топырақ құрылымының қалыптасуынын өсері өтетін дәрежесі бойынша дала дақылдарын мынадай ретпен орналастыруға болады: көп жылдық бұршақ-дәнді шөп қоспалары, көпжылдық бұршақ шөптер, бір жылдық бұршақ-дәнді шоп қоспалары, күздік дәнді дақылдар, жүгері, жаздық денділер, астық бүршақтылар, зығыр, картоп және тамыржемістілер.
Ауыспалы егіс дақылдарының орналасуының биологиялық себептері өсімдіктерді зиянкестер және арамшөптерден қорғаута, арамшөптердің зиянды әсеріне, сонымен қатар топырақта улы заттардың жинауынан қорғайтын қажеттілігіне тығыз байланысты.
Жоғарыда айтылғандай, арамшөптердің белгілі түрлері кейбір дақылдарға бейімделген. Осындайда аурулар мен зиянкестер туралы айтуға болады. Сондықтан дақылдарды алмаспай өсіруі арнаулы энто және фитофактардың санының, белгілі бір арамшөптердің көбеюіне, тамырлардың бөліп шығаратын зиянды заттардың жинаулын, микроорганизмдердің тіршіліктерінің пайда болған заттардың кобеюін дақылдарды дұрыс алмастыру арқылы шешуге болады.
Ауыспалы егістің тәсімін жасау және танаптарда дақылдардың кезектесуін дұрыс ұымдастыру үшін алғы дақылдардың сапалық қасиеттерін білудің маңызы өте зор.
Алғы дақылдарды бағалағанда бірнеше талаптарды ескереді:
1. Келесі дақылды себер алдында тамыр өсетін топырақ қабатындағы өнімді ылғалдың мөлшері.
2.Топырақта өсімдікгерге сіңімді түрде қореқтік заттардың болуы.
3.Ауыспалы егісте өсіретін дақылға зиян келтіретін аурулардың және зиянкестердің жоқтылығы.
танаптық жұмыстарды жүргізу үшін вегетация кезеңінің ұзақтығының жеткіліктілігі.
Ауыспалы егістердің тәсімін кұру принциптері және оларды жіктеу.
Ауыспалы егістерді құрастырған кезде өрбір дақылға барынша қолайлы жағдай жасап, сыртқы ортаның қолайсыз әсерін азайту керек. Әрбір дақылдың биологиялық ерекшеліктері, олардың тіршілік факторларына қатынасы, топырақтың физикалық және химиялық қасиеттеріне, су және қоректік режимдеріне, танаптардың ластануына, сонымен қатар микроорганизмдердің тіршілігіне әсері анықталады. Ауыспалы егістің тәсімін құрастырғанда топырақ құнарлығын тиімді пайдалану кажетілігін ескеру керек.
Осыдан кейін дақылдардың егіс алқабының үлестік салмағы мен егістік алқабының ауданы есептеліп, 3-бағанға (графа) жазылады
1-25; 3-15; 4-10; 6-25; 17-25;
1-Бидай; 25-танапта қанша процент егілгені;
Ауыспалы егістің ауданы-1280га(1-25; 3-15; 4-10; 6-25; 17-25;)
1280*0,01*25=320; 1280*40/100=320;
Мысалы: Жалпы ауданы – 1280га, жаздық жұмсақ бидайдың Үлес салмағы (егілетін проценті) -25%.
Кесте 1-– Егістікті пайдалану құрылымы
№
|
Дақыл
|
Үлес салмағы,%
|
Ауданы,га
|
1
|
Жаздық жұмсақ бидай
|
25%
|
320
|
2
|
Тары
|
15%
|
192
|
3
|
Арпа
|
10%
|
128
|
4
|
Қарақұмық
|
25%
|
320
|
5
|
Түйежоңышқа
|
25%
|
320
|
|
Барлығы
|
100%
|
1280
|
Егістіктің орташа мөлшерін анықтау үшін биологиясы және агротехникасы ұқсас дақылдарды бөліп аламыз, олардың ауыспалы егіс алаңынан пайызбен үлес салмағын есептейміз. Мысалы, күздік дәнді, жаздық дәнді дақылдар, отамалы дақылдар және т.б. топтары (2-кесте).
Кесте 2 – Дақылдарды топтастыру және олардың үлес салмағы ауыспалы егіс алаңынан % - бен
Дақыл топтары
|
Ауданы, га
|
Үлес салмағы,%
|
Жаздық дәнді дақылдар
|
960
|
75,0
|
Көпжылдық шөптер
|
320
|
25,0
|
Барлығы
|
1280
|
100,0
|
Ауыспалы егіс танабын қалыптастыру үшін танаптың орташа көлеміне дақылдар ең көп орналасқан танап алынады
Кесте3 – Танаптарды қалыптастыру
№
|
Дақыл
|
Ауданы,га
|
1
|
Жаздық жұмсақ бидай
|
320
|
2
|
Тары+ Арпа
|
320
|
3
|
Қарақұмық
|
320
|
4
|
Түйежоңышқа
|
320
|
5
|
Барлығы
|
1280
|
4.АУЫСПАЛЫ ЕГІСКЕ КӨШУ ЖОСПАРЫН ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ РОТАЦИЯЛЫҚ КЕСТЕ
Ауыспалы егіс тәсіліне сәйкес, дақылдар мен сүрі жердің кезектесуінің толық циклі өтетін кезеңді айналым (ротация) деп атайды. Оның ұзақтығы әдетте ауыспалы егістегі танаптар санына тең. Ауыспалы егістің тыс танабы деп дақылдардың кезектесуінен уақытша шығарылып және бірнеше жыл бойы бір дақыл ретінде өсірілетін танапты айтады. Тыс танапта көбінесе көпжылдық шөптер, жүгері өсіріледі. Алғы дақыл деп осы танапта өткен жылы болған дақылды немесе сүрі жерді атайды, яғни ауыспалы егістегі әрбір дақыл немесе сүрі жер өзінен кейінгі дақыл үшін алғы дақыл болып табылады Ауыспалы егістің жақсы алғы егіспен басталып, келесі жақсы алғы егістің алдында аяқталатын бөлігі ауыспалы егістің буыны деп аталады.Дақылдарды егіп-өсіруден белгілі бір уақытқа дейін босатылған және арамшөптерден таза қалпында ұсатылатын танапты пар деп атаймыз. Егіншіліктегі топырақтың тыңаюында болатын уақыты біртіндеп екі жылға дейін қысқартылғаннан соң, пар өңдеудің қажеттілігі пайда болды. Мұндай жағдайда тыңайған жер арамшөптерінің жойылуын, қоректік заттардың жинақталуын толық қамтамасыз ете алмайды. Егер танапты екі жыл бойы өңдеуден өткізіп тұрсақ, әрине, мұндай міндетті орындауға болар еді. Тыңайған жердің осыған өту сатысы, яғни бір жылдық, пардың екі жылдық парға ауысуын немесе оны қайта парлау деп атайды.Өңдеу жұмысын жетілдірген сайын, парлауды бір жылдың ішінде аяқтайтын болды. Парды енгізумен егіншілікті тыңайту жүйесі – дәнді-парлы жүйесіне айналды, оның негізі – екі танапты ауыспалы егіс – пар-күздік бидайдан тұрады. Күздік бидайдан кейін топырақты жаздық дәнді дақылдардан өнім алу үшін өңдеуге мүмкіндік болады, сөйтіп жетілдірілген формаға – дәнді үш танапқа (пар, күздік дақылдар, жаздық дақылдар) ауысу осылай басталып еді. Бұл көптеген елдерді қамтып және жүздеген жылдар бойы сақталып келді. Ауыспалы егісті игеру үшін оған әдетте, 2–3 жыл қажет. Дақылдардың танаптар бойынша орналасуы жасалған сызбаға сай келетін болып, тыңайтудың, дақылдардың кезеңі сақталса, ауыспалы егіс игерілді деп есептеледі. Масақты дақылдар түріне қарай алғы дақыл ретінде әртүрлі бағаланады. Күздік бидай-жаздық бидай, арпа үшін көптеген отамалы дақылдар жақсы алғы дақыл болып есептеледі. Себебі олар арашөптермен жақсы күресе алады, танапты ерте босатады. Жаздық бидаймен арпа – орташа алғы дақыл болып есептеледі. Бұлардың ішінде нашары – тары. Тары өте жай өседі де, өсіп-дамуы жайынан арамшөптерден кейін қалып қояды. Тарыдан кейін танаптарда арамшөптер көп болады.Жаздық дақылдардың онша айтарлықтай алғы дақыл болып есептелмейтін тағы бір себебі бар, олар топырақтағы жеңіл сіңірілетін қоректік заттарды едеуір мөлшерде пайдаланады. Сондықтан олар көбіне, ауыспалы егістің ең соңғы танабына себіледі де, бұл дақылдардан кейін танаптар көбіне, парға қолданылады. (4кесте).
Кесте 4 – Танаптық ауыспалы егісті игеру жоспары
Ауыспалы егіске көшу жоспарын жасауға арналған қосымша бағандар
танап№
|
Ауыспалы егіс игеру барысындағы дақылдар нақты орналастыру
|
Арамшөптердің түрлік құрамы-ластану дәрежесі
баллмен
|
Игеру кезеңінде
|
Үш жыл бұрын
|
Екі жыл бұрын
|
Бір жыл бұрын
|
|
1-ші жыл
|
1
|
Жаздық бидай
|
Жаздық бидай
|
Арпа+ Тары
|
Далалы сары қалуен-3
|
Қарақұмық
|
2
|
Түйежоңышқа
|
Түйежоңышқа
|
Жаздық бидай
|
Көк итқонақ–3,
Егістік қалуен-1
|
Жаздық бидай
|
3
|
Арпа+ Тары
|
Қарақұмық
|
Түйежоңышқа
|
Қарасұлы - 2
|
Түйежоңышқа
|
4
|
Қарақұмық
|
Жаздық бидай
|
Жаздық бидай
|
Курай - 2
|
Арпа+ Тары
|
Игеру кезеңінде
|
2-ші жыл
|
3-ші жыл
|
4-ші жыл т.с.с
|
Ротациялық кесте — бұл дақылдар мен сүрі жердің жылдар және танаптар бойынша ауыспалы егіс тәсіміне сәйкес орналасуы. Кестенің сол жағында вертикаль бойы таптардын нөмірі жазылған, үстіңгі жағында көлденең бағытта ротациянын жылдары келтірілген. Бұл мысалда ауыспалы егістің толық және толық емес ротациясы. Көл жылдық шөптердің шыкпа танаптарын төрт жыл пайдаланған толық ротацияның ұзақтығы жиырма жыл, ал шықпа танабы жоқ толық емес ротацияның ұзақтығы төрт жыл болады. Мұны жасағанда ауыспалы егісті игеру бірінші жыл деп алынады. Одан әрі рет -ретімей ауыспалы егістің барлық дақылдарын, бірінші танабынан бастап, кезегімен жазадыТнаптық және жемшөптік ауыспалы егіске көшу жоспарларын жасағаннан кейін ротациялық кестелер жасалады, олар ауыспалы егісті игергеннен кейін дақылдарды танаптар бойынша кезектестіру тәртібін айқындайды (6-кесте).
Кесте 5 – Танаптық ауыспалы егістің ротациялық кестесі
Танап №
|
Игерудің соңғы жылы
|
2-ші жыл
|
3-ші жыл
|
4-ші жыл
|
Екінші ротация
|
2
|
Жаздық бидай
|
Жаздық бидай
|
Қарақұмық
|
Жаздық бидай
|
Арпа+ Тары
|
5
|
Түйежоңышқа
|
Түйежоңышқа
|
Түйежоңышқа
|
Түйежоңышқа
|
Жаздық бидай
|
3
|
Қарақұмық
|
Жаздық бидай
|
Жаздық бидай
|
Арпа+ Тары
|
Қарақұмық
|
4
|
Арпа+ Тары
|
Қарақұмық
|
Жаздық бидай
|
Түйежоңышқа
|
Түйежоңышқа
|
5.Ауыспалы егіс танаптарының ластану картасы
Арамшөптерді есепке алу.Егістіктегі арам шөптердің түрлерін және жалпы санын білмей тұрып оларды жою үшін агротехникалық және басқа шараларды тиімді түрде жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан танаптардағы арам шөптерді еспке алу керек.Вегетация кезінде арам шөптерді есепке алудың көзбен мөлшерлеу, сандық, таразылық- өлшемдік әдістері бар.Солардың ішінде шаруашылық жағдайында жүргізілуі ең оңай, әрі кең тараған түрі академик А.И.Мальцев ұсынған көзбен мөлшерлеу әдісі. Бұл әдіс бойынша танаптардағы арам шөптер деңгейі 4 балдық жүйемен бағаланады.Танапты қиғаш бағытта жүріп өткенде арам шөптер бірен-саран болса, онда бұл 1балл, ал олар танаптағы барлық өсімдіктердің төрттен бірінен артық болмаса-2 балл болып есептеледі. Арам шөптер көп, бірақ мәдени өсімдіктерден басым болса, онда 4 баллға тең болады.Осы жүргізілген есептің деректері бойынша танаптың арам шөптермен ластану картасы жасалынады. Осы картаны пайдаланып арам шөптерді жою үшін агротехникалық, химиялық, биологиялық, интеграциялық шаралар белгіленіп, олар іс жүзіне асырылады.
Ал арам шөптерді есепке алудың таразылық-өлшемдік және басқа тәсілдері ғылыми-зерттеу мекемелерінде кеңінен қолданылады.
Аз жылдық қосжарнақты
|
Сары түс немесе нүкте
|
Қөп жылдық даражарнақты
|
көк түсті немесе тұтас көкжиек -
сызықтары
|
Қөпжылдық қосжарнақты
|
жасыл түс немесе бұрыш қатары,
жоғарыдан төмен қаратылған
|
Тамыр сабақтылар
|
көлденең
|
Атпатамырлар
|
қызыл түс немесе тік қиылысатын сызықтар
|
6.АУЫСПАЛЫ ЕГІСТЕ ТОПЫРАҚТЫ ӨҢДЕУ ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕУ
Топырақ өңдеу мақсаты. Егілген дақылға қолайлы жағдай жасау үшін машиналар мен құрал-саймандардың жұмыс органдары арқылы топыраққа тікелей механикалық әсер етуді өңдеу дейміз.
Егінжайда сапалы өңделген топырақта дақылдардың өсіп-дамуына қажетті жағдайдың бәрі жасалады. Топырақты өңдеу арқылы жарамды құндылықты тиімді құндылыққа айналдырады.
Топырақты өңдегенде құрылымы жұтаң тартқан үстіңгі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры анағұрлым мол төменгі қабат ауысып түседі. Мұндай жағдайда аэробты микрооргонизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Сонымен топырақты өңдеу арқылы оның құнарлы қабатына ылғал, ауа және қажетті қоректік заттардың қорын молайтуға болады.
Топырақ өңдеудің алдына мынадай негізгі міндеттер қойылады:
ауыл шаруашылық дақылдарын қолайлы факторлармен(су, ауа, жылу, қоректік заттар) қамтамасыз ету үшін топырақтың өңделетін қабатында оптимальды түйіршіктер, қолайлы құрылым дайындау.
Арам шөптерді жою немесе басып тастау
Егінжай топырағына өсімдіктер мен жәндіктер қалдықтарын, органикалық, минералдық тыңайтқыштарды, химиялық мелиоранттарды, улы химикаттарды еңгізу.
Жауын-шашын аз түсетін аймақтарда ылғалды жинап, оны сақтау, ал ылғалы мол аймақтарда керісінше жағдайда егінжай топырағынан артық ылғалды құрғату.
Топырақ қабатындағы микробиологиялық жұмыстарға қарқынды әсер ету арқылы қоректік заттарды жинау, сақтау және сіңіруін жақсарту.
Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауру қоздырғыштарын жою, немесе басып тастау.
Қолайлы тереңдікке мәдени дақылдардың тұқымдарын себу үшін жағдай жасау.
Топырақтың беткі қабатының су эрозиясы мен дефляцияға тұрақтылығын арттыру үшін қолайлы шара қолдану.
Шымтопырақты, тың, тыңайтылған егінжайдағы, болмаса қыртысты топырақта өскен көпжылдық шөптер тамыр жүйесінің тіршілігін жою.
Топырақты негізгі өңдеу тәсілдері
Жер жырту-топырақты өңдеу негізгі өңдеудің басты тәсілі. Ол топырақ өңдеудің ең ертеден келе жатқан тәсілдерінің бірі болып есептеледі. Жерді жыртқанда беткі қыртысы аударылып астына түседі. Егер қыртыс 180 градус аударылса, оның кадаты аудару деп атайды, ал қыртыстар біріне-бірі 45 градус сүйеніп, аударылуы 135 градус болса онда қыртысты айыру дейд. Жерді плугпен жыртады. Олар қайырмаларының түрлеріне қарай витті цилиндірлі, жартылай витті және мәдени болып төртке бөлінеді. Топырақтың қыртысының жақсы аударылуы, қопсуы, плугтың қайырмасының түрі цилиндір тәрізді болса, қайырмаларының түрлеріне байланысты. Мысалы плугтің қайырмасының түрі цилиндір тәрізді болса топырақ жақсы үгіліп арласқанмен нашар аударылады. Жартылай витті плугпен жерді жыртқанда топырақ жақсы үгітіледі, бірақ нашар аударылады, ал витті қайырмалы пулгпен жер жыртқанда керісінше топырақ жақсы аударылып нашар үгітіледі. Жерді жырту үшін көп корпуты әр түрлі маркалы пулгтар аспалы ПЛН-3-35, ПЛН-5-35, жартыоас аспалы ПЛН-6-35, ПТК-7-35, ПТК-9-35, топырақ тереңдеткіші, аспалы ПН-4-35А, жартылай аспалы ПЛП-6-35-7, тілкемелі П-3-300, П-5-35-П, ойық корпута, аспалы ПВН-4-35, ПВН-4-35 жартылас аспалы ПЛП-6-35-6 тіркемелі П-3-30К, ПВ-5-35 қолданылады. Ауыл шаруашылығында жер жыртудің үш тәсілі қолданылады: загонды фигуралап және тегістеп жырту осылардың ішінде ең көп тараған загонды тәсіл.
Өсімдіктің тамырлар жүйесі осы топырақ ұлтанына дейін барып, бүгіліп қайырылып қалады, ал тамыр жүйелері әлсіз болып, мол өнім алуды тежейді. Жыртылған танапта топырақ ұлтаны пайда болмас үшін жылма-жыл әр түрлі тереңдікте жыртып, немесе топырақ тереңдеткішті пайдаланған дұрыс.
Тамыр жүйелері 35-40см тереңдікке жететін мысалы қант қызылшасын, мақтаны, жүгеріні т.б техникалық тақылдарды егетін топырақты өңдегенде кең алымды корпусы бар плугтар қолданылады.
Топырақты сыдыра жырту. Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты республиканың далалық солтістік, батыс, орталық және оңтүстік облыстарының аудандарында жер эрозиясы кең етек алды.Міне сондықтан осы кеселді тоқтатуға бағытталған жараларды қолдану керек болды.
Осыған орай Бүкілодақтық астық ғылыми зертеу институты жер өңдеудің топырақ технологиясын ойлап таптты.Оның негізгі топырақтың бетінде аңызды сақтау. Сақталған аңыз ылғал жинаумен қатар желдің күшін азайтын топырақ ұнтағының ұшып кетуіне кедергі жасайды. Топырақ бетінде аңыз сақтау үшін өндіріске жазық табанды культиватор-сыдыра жыртқыштары өнгізілді. Ол үшін жерді негізгі өңдегенде топырақты 30-35см тереңдікте дейін қопсытады.Қазіргі кезде КПГ-250, КПГ-2-150, КПШ-9, КПШ-5 жазық табанды культиватор сыдыра жыртқыштары кеңінен қолданылады.
Топырақтың беткі тәсілберін өңдеу тәсілдері. Топырақтың беткі қыртысын өңдеу тәсілдеріне сыдыра жырту, культивациялау, тырталау, катоктау, малалау және басқалар жатады.
Сыдыра жырту. Сыдыра жыртуды сыдыра жыртқыштарды арқылы жүзеге асырылады.Сыдыра жыртқыш топырақты босатып, топырақ қабатын болмашы ғана аудара жыртады. Бұл құрал арамшөпті отайды, жыртылған топырақтың қабатында ылғалды сақтайды. Сыдыра жыртқыш дискілі және түренді болады. Дискілі сыдыра жыртқыштардың жартылай аспалы және тіркемелі түрі бар. Дискілі сыдыра жыртқыштардың алым кеңдігі 5-20, өңдеу дереңдігі 10см қимыл бұрышы 15-35 градус.
Жердің беткі қабатын өңдеу тәсілдері
Культивациялау. Жер өңдеудегі жыртудан кейінгі көп қолданылатын тәсілі. Культивациялау кезінде топырақ қопсытылады, араластырылады және арамшөптер қырқылады. Сонымен қатар өсімдіктерді түптеуге болады. Культивацтиялаудың екі түрі болады: тегіс және қатар аралықты культивациялау. Тегіс культивациялау өсімдіктер жоқ жерлерде, яғни егін себер алдында, таза парларда жүзгізіледі. Ал қатар аралық культивациялау отамалы дақылдарды күтіп баптағанда жүзеге асырылады. Қатар аралықты өңдегенде өсімдік қатарлары қасында өңделмейтін алаңшалар-өсімдік тамырларын қырқылудан сақтайтын аймағын қалып отырады. Осы өсімдік тамырларын сақтау аймағындағы арамшөптерді отау үшін жеңіл түптеу жүргізіледі.
Топырақты культивациялау үшін әр түрлі культиваторлар қолданылады. Олар КПС-4, КРН-4.2, КРН-5.6, КОН-4.2, КПП-2,2, КШН-3.6 және басқа культиватор жатады. Культивациялау тереңдігі 5-6см-ден 10-12см-ге, ал кейде 20см-ге дейін.
Тырмалау. Тырмалау тәсілі жұмыс органдары әр түрлі формада болатын шанышпалы, ойық қуысты дискі құралдарымен атқырылады. Тісті және шанышпалы тырмалар топырақты қопсытып және тегістейді. Өңдеу тереңдігі 3-4-тең 5-6см-ге дейін болады. Тісті тырмалармен тек жыртылған аңыз сабақтары мен өсімдік қалдықтарынан тазартылған топырақ өңделеді және бұл түренді құралдар комплексіне енеді. Салмағына қарай ауыр, орташа және жеңіл тырмалар болып бөлінеді. Егер біс тіске түсетін салмақ 2-3кг болса, бұл ауыр, ал салмағы 1-2кг болса, онда орташа, массасы 0.5-1.5кг шамасында болса – жеңіл тырмаға жатады.
Өсімдік көгі өніп шыққан топырақты қопсытуға батарея бұрышын 0 градус етіп қояды. Топырақ қабатын жазық тілгішпен өңдеу жүйесінде шанышпалы тырма таптырмайтын құрал болып есептеледі.
Бау-бақшаны және батпақты жерлерді өңдейдін арнаулы тамырлар бар. Сүдүгер жыртылған жердегі ірі кесектерді ұсатып өңдеуге, көп жылдық шөп егілген алқаптың айдалған қыртысын реттеуге, аңызды сыдыра жыртуға жеңіл тырмалар твң және тыңайған жердің топырағын жыртқанға дейін және одан кейін, шымды танаптарды шабындық пен жайылым алқаптарының бетін өңдеуге пайдаланылады. Өңдеу тереңдігі 20см-ге дейін болады.
Тырмадағы дискілі батареяның сыдыра жыртқыштан айырмашылығы қозғалу бағытына қарай 0-21 градус бұрышпен екі қатардан орнатылады.
Катоктау. Бұл топырақтың жоғарғы қабатының нығыздалуын, тегістелуін қамтамассыз етеді. Сонымен қатар, бір мезгілде тоң кесектерді ұсақтау, топырақтың зиянды қабыршағын бұзуды жарым-жартылай қопсыту жұмысы да жүзеге асырылады. Бұл жұмысты атқаруда бұдырлы сақиналы ЗККШ-6 катогымен ЗКВГ-1.4 және СКГ-2 су құйылатын катоктар қолданылады.
Бұдырлы сақиналы катоктар топырақты аз шаңдатады, құрылыс ерекшелігінің арқасында, олар таптап өткен жерде, топырақтың үстінгі қабаты түйіршікті болады. Катоктау ерте көктемде арамшөптердің, әсіресе қара сұлының тез көтерілуі үшін қажет.
Егін себілгеннен кейін катоктау сіңірілген тұқымның топырақпен жанасуын жақсартады, дәнді дақылдардың егістік өнгіштігінің 10-15 процент арттырылады. Егін себілгеннен кейінгі катоктаудың су режіміне ықпалы шамалы.
Сор және сортаңдау топырақты ылғалданған күйінде катоктау тіпті зиянды, өйткені, бұл топырақ бетінде қатты қабршақ пайда болуына мүмкіндік жасайды.Мұндай топырақта егін себілгеннен кейін катоктауда тиімсіз, дәнді дақылдардың өнімін төмендетеді. Сол себептен мұндай топырақтарды катоктауды тұқым себер алдында жүргізген жөн. Тұқым себілген жерді катоктаған соң, онда арамшөптер қауырт қаулай жығады.
Кесте 6 – Ауыспалы егісте топырақты өңдеу жүйесі.
Егістік №жәнедақыл
|
Топырақтыөңдеутәсілдері
|
Орындалатынтәсілдердіңмақсаты мен міндеті
|
Өңдеутереңдігі (см); гербицид мөлшері ( л/га, кг /га1
га ә.з.)
|
Құралдар, агрегаттар, машиналар
|
Агротехникалық жұмыстарды жүргізу мерзімдері
|
Жаздық бидай
|
Ерте көктем
тырмалау
|
Ерте көктемдегі топырақты өңдеу
|
Тереңдігі
3-4 см
|
Morris Field
PRO»
|
Топырақтың
физикалық пісу
кезеңі,2 ізбен
|
Арпа
|
Егінді егу алдындағы культивация
|
Топырақты қопсытуға, арамшөптердің тамырын кесуге және алаңның бетін тегістеуге арналған
|
Тереңдігі
5-15см
|
КПС-4
|
|
Тары
|
Жерді сыдыра жырту
|
Ерте көктемдегі топырақты өңдеу
|
Тереңдігі
4-7см
|
ДТ-75М
|
|
Қарақұмық
|
|
Ерте көктемдегі топырақты өңдеу
|
Тереңдігі
10-12 см
|
ПТК-9-35
|
|
Түйежоңышқа
|
Ерте көктемде тырмалау
|
Ерте көктемдегі топырақты өңдеу
|
Тереңдігі
5-7см
|
ЛДГ-10М
|
|
7. АРАМШӨПТЕРМЕН КҮРЕС ШАРАЛАРЫН ЖОСПАРЛАУ
Алдын ала жүргізілетін сақтандыру шараларының басты мақсаты – арам шөптердің тұқымдары мен вегетативтік көбею органдарының таралу жолдарына тосқауыл қою.
Кейбір арам шөптердің тұқымдары желкенді болады, солардың көмегімен олар басқрындааа жақтан желмен ұшып келеді. Сондықтан танаптардың шекараларында, жол жиектерінде, егістікті қорғау үшін отырғызылған ағаштардың арасында және басқа жерлерде өсіп тұрған арам шөптерді гүлдегенше жою керек.
Суармалы жерлерде арам шөптердің тұқымдары су арқылы тарайды. Мысалы, мақта егісін вегетация бойы алты рт суарғанда (7560 текше метр су) әр гектарға шаққанда 587,6 мың дана арам шөп тұқымы ағып келед екен. Арам шөптер тұқымдарының бұл таралу жолын бөгеу үшін су жүретін каналдардың табаны мен қабырғаларын бетондау, немесе науа арқылы суару, каналдан су танапқа шығатын жерлерге сол тұқымдарды тосатын сүзекі торлар қою, каналдардың жағасында өсіп тұрған арам шөптерді гүлдегенге дейін жою шараларын жүргізеді.
Орақ кезінде көптеген арам шөптің тұқымы егінмен бірге жиналып, астықты ластайды.
Көң және басқа органикалық тыңайтқыштарды қолданғанда олармен бірге танапқа едәуір мөлшерде арам шөптердің тұқымы да сіңіріледі. Э.Корсмонның (Норвегия) жүргізген зерттеулеріне қарағанда бір га жерге 60тонна шошқаның жас қиы шашылған кезде онымен бірге 1,4 млн арам шөп тұқымы, ал осы қиды ұзақ бұқтырып , көңге айналдырып қолданғанда небәрі 0,5 млн түйір арам шөп тұқымы егістікке түсетін болса керек. Демек, мал қиын үйіп әбден шірітіп, көңге айналдырып барып органикалық тыңайтқыш ретінде қолданған дұрыс.
Кейбір аса қауіпті арам шөптерге қарсы мемлекет көлемінде карантиндік шаралар жүзеге асырылуы керек.
Сыртқы карантин қызметінің негізгі міндеті – осы аты аталған арам шөптер тұқымдарының біздің елімізде таралмауын қадағалау.
Ішкі карантиндік арам шөптерге жусан жапырақты , үш бөлімді және көп жылдық ойран шөптер, қызғылт кекіре, дала арамсояуының барлық түрлері, үшгүлді алқа және т.б. жатады.
Арам шөптерді олардың топырақтағы тұқымдары мен вегетативтік көбею органдарын жою механикалық және химиялық әдіспен жүзеге асырылады.
Механикалық әдіс.Біріншіден, өсіп шыққан арам шөптерді әр түрлі топырақ өндегіш машиналар мен құралдарды қолдана отырып, механикалық түрде жояды. Екіншіден, бұл а.ш дақылдарынан босаған танаптағы арам
Атпа тамырларды әлсірету әдісі-егістік қалуен, қызғылт қалуен, дала шырмауығы, қызғылт кекіре және т.б. атпа тамырлы арам шөптердің жер бетіндегі дегеліктерінен бірнеше рет топырақ өңдеу құралдарымен орады. Бұл шара арам шөптер бүршіктерінің тез оянып, жас бұтақшалардың көктеп шығуын қамтамасыз етеді. Әрбір жаңа шыққан бұтақшаларға атпа тамырларда жиналған қоректік заттар қоры жұмсалады. Ақыр аяғында арамшөптер әлсіреп, соның салдарынан бірте — бірте жойылып бітеді.
Көген тамырлады тұншықтыру әдісі. Бұл әдіс жатаған бидайы, ажырық, қырықбуын сияқты арамшөптердің көген тамырлардың боразданың түбіне тереңге сіңіру арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін топырақты көген амырлардың негізгі массасы жатқан 10 -12 см тереңдікте дискілі құралдарымен тоғыспалы бағытта өңдейді.
Көген тамырларды тарап алу әдісі. Жатаған бидайық, ажырық, жауқияқ сияқты арамшөптердің жер бетіне жақын орналасқан мықты, сондықтан үзілуі қиын көген тамырларын құрту үшін қолданылады. Ол үшін серіппелі жұмыс органы бар культиваторлармен танатты екі бағытта – ұзынынан және кесе – көлденең бірнеше мәрте жүргізіп, ондағы көген тамырлады жер бетіне шығарады , содан кейін оларды жинап, жағып жібереді.
Көген тамырлады кептіру әдісі. Қуаңшылықты далалық аймақтарда пар өңдеу немесе ерте сүдігер жырту кезінде арамшөптердің көген тамырлары жердің үстіңгі қабатына жақындатылады. Сол жерде олар 15-20 күннен кейін қурайды. содан кейін оларды жерге айдап тастауға болады.
Көген тамырларды үсіту әдісі. Қысы қатты, қары аз аймақтарда қолданылады. Күзде жер терең жыртылған соң қыста қалың тоң қатады да, ондағы көген тамырлар үсиді. Көктемде оларды жинап алып өртейді.
Арамшөптерді биологиялық әдіспен жою. Қоршаған ортаны әр түрлі препараттармен ластамай табиғатты қорғау үшін қолданылады.
Мәдени өсімдіктердің ерекшелігі мен арам шөптердің түрлеріне байланысты биологиялық әдістің әр түрлі әдісі қолданылады. Олардың ішіндегі бастылары мыналар;
Насекомдар мен жұмыр құрттарды қолдану. Мысалы, қызыл кекіреге қарсы кекіре жұмыр құртын, арамсояуға-бізтұмсықты, қалуенге-жапырақ кеміруші қоңыздың личинкасын қолданады. Күнбағыс сұңғыласына қарсы фитомиза шіркейін қолдану-оның тұқымының өнімін 70 процентке дейін кемітеді. Жусан жапырақты ойран шөпке қарсы ойран шөп көбелегін қолданады.
Арам шөптердің вегетативтік және генеративтік органдарын зақымдау мақсатымен фитопатогендік микроорганизмдерді қолданады. Мысалы, альтернария саңырауқұлағының споралары дала арамсояуының сабағына түссе тез өсіп, көбейіп аталған паразиттік арам шөпті екі аптаның ішінде жойып жібереді. Қызыл кекіреге қарсы кекіре тот ауруын пайдаланады.
Қорыта айтқанда, арам шөптермен биологиялық әдіс арқылы күресу- болашағы зор шаралардың бірі.
Арам шөптермен химиялық шаралар арқылы күресу. Егістіктегі арам шөптер химиялық препараттар – гербицицдтердің көмегімен жойылады. Осы күні арам шөптерге қарсы қолданылатынгербицидтердің түрі өте көп.
Гербицидтер арам шөптерге тигізетін әсері бойынша жаппай және талғамды әсерлі болып екі топқа бөлінеді.
Жаппай әсерлі гербицидтер барлық өсімдіктерді жояды. Сондықтан олар егістіктен тыс жеолердегі –жолдың жиегіндегі, каналдардың жағасындағы және басқа учаскелердегі арам шөптерді құрту үшін қолданылады. Бұған натрийдің үш хлорацетаты, тордон 22К, далапон және басқалары жатады.
Талғамды әсерлі гербицидтер тек арам шөптерді ғана жойып , мәдени өсімдіктерге зиян келтірмейді.бұған 2,4-Д, 2М-4Х, 2,4-ДМ, 2М-4ХМ,2М-4ХП,атразин, симазин, пирамин,т.б.
Қоршаған ортаны қорғау шаралары. Гербицидтер ауамен жіне сумен қоршаған ортаға зиян кетіреді.Сондықтан топырақты , ауаны, су құбырларын, азық-түлікті, мал азықтық өнімдерді, ара, құс, жануарлар мен өсімдіктерді улы химикаттардан сақтау қажет. Сонымен қатар гербицидтердің қолдану әдістерін , мерзімі мен мөлшерін және қолдану техникасын дәл анықтай білу керек.
Кесте 7 –Егістікке химиялық өңдеу үшін гербицидтер қажеттілігін есептеу
Гербицидтер
|
Дақыл
|
Өңделетін аудан
( га)
|
Гербицида мөлшері (кг/га)
|
Ә.з. бойынша дақылға арналған гербицидтің шығыны (кг)
|
Гербицид құрамындағы ә.з. (%)
|
Гербицидтіңдақылғақажеттілігі ( кг)
|
Барлықдақылдарғагербицидтіңжалпышығыны
(кг)
|
Авадекс
|
Жаздық бидай
|
320
|
1.0.-1,5 кг/га
|
300-400 л/га
|
|
1-1,5кг/га
|
320-480кг
|
2,4-ДА
|
Арпа
|
128
|
0,8-1,0 кг/га
|
100-150 л/га
|
|
0,8-1,0 кг/га
|
102,8-128кг
|
Аксиал-50
|
Тары
|
192
|
0,9-1,0л/га
|
|
|
0,9-1,0л/га
|
172,9-192л\га
|
2,4-Д (ДМА-6), сулы ерітінді
|
Қарақұмық
|
320
|
0,5-0,7л/га
|
|
|
0,5-0,7л/га
|
160-224л\га
|
ПРИМА, СЭ
|
Түйежоңышқа
|
320
|
0,4-0,6л\га
|
200-400 л / га
|
|
0,4-0,6л\га
|
128-192л\га
|
Кесте 8 –Гербицидтермен жұмыс істеу кезінде еңбекті
қорғаужөніндегііс-шаралар
Жұмыс түрі
|
Еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралар
|
Гербицидтерді тасмалдау жұмысы кезінде
|
Гербицидтерді тасымалдауға арналған көліктер жақсы күйде және тазалануы керек. Азық-түлік өнімдері мен басқа да тауарларды, сондай-ақ жолаушыларды гербицидтермен бірге тасымалдауға тыйым салынады.
|
Гербицидтермен жұмыс істеу кезінде
|
Оларды тазарту аймағынан тыс жерге төгіп алмау немесе шашырамау туралы абай болу керек.
|
Гербицидтермен жұмыс істеу кезінде
|
Көзді, бетті, қолды гербицидтердің әсерінен қорғау үшін жеке қорғаныс құралдарын, соның ішінде қауіпсіздік көзілдірігін, резеңке қолғапты және т.б. пайдалану керек.
|
Гербицидтермен жұмыс аяқталғаннан кейін
|
Гербицидтермен жұмыс аяқталғаннан кейін қорғаныс киімдері мен басқа да жеке қорғаныс құралдарын алып тастау керек, оларды тәртіпке келтіріп, мұқият тазалап, арнайы белгіленген жерге сақтау керек.
|
Гербицидтермен жұмыс барысында улану жағдайы болса
|
Жазатайым оқиға, улану, кенеттен ауырған жағдайда зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету керек, дәрігерді шақыру немесе зардап шегушіні дәрігерге жеткізуге көмектесу керек, содан кейін басшыны не болғандығы туралы хабардар ету керек.
|
|
|
|
|
Кесте 9 – Ауыспалы егіс танабындағы арамшөптермен күрес шаралары.
Ауыспалы егістегі дақыл
|
Арамшөптің атауы, ластану балы
|
Агротехникалық
|
Химиялық
|
Өңдеу шарасы, құралдың маркасы, тереңдігі, см
|
Мерзімі
|
Гербицидті қолдану мерзімі мен тәсілі
|
Мөлшері, жұмыс сұйықтығының шығыны, л / га
|
Бүріккіштің маркасы
|
Қолдану шарттары.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Жаздық бидай
|
Кәдімгі қара сұлы, 3б.
|
Ерте көктем
Тырмалау
4-6 см
БМШ-20.
Егінді егу алдындағы культивация
8-10 см ОП-12
|
25. IV
15-25. V
|
Авадекс
300-400 л/га
|
1.0.-1,5 кг/га
|
ОП-2000
ОП-3200
|
Дереу топыраққа дереу енгізу
|
Арпа
|
Далалық шырмауық, 2б.
|
Күзгі терең қопсыту .ПГ-3-5
20-22 см
Егінді егу алдындағы культивация
ОП-8, 8-10 см
|
Қыркүйек
|
2,4-ДА
Егістіктібүрку
10-30.VI
|
0,8-1,0 кг/га
100-150 л/га
|
ОП-2000
ОПШ-15
|
12 –22
4 м/сек
|
Тары
|
Қарабас-2б
|
Күзгі терең қопсыту
15-25см
ЛДГ-15А
ЛДГ-10А
Егінді егу алдындағы культивация
ОП-8, 8-15 см
|
Маусым
тамыз
|
Аксиал-50
|
0,9-1,0л/га
|
ОП-2000
|
Дереу
топыраққа енгізу
|
Қарақұмық
|
Татар қарақұмығы
|
Егінді егу алдындағы культивация
КПШ-9
10-12СМ
|
Ерте көктемде
|
2,4-Д (ДМА-6), сулы ерітінді
|
0,5-0,7л/га
|
ОП-3200
|
Дақылдардың түптеу кезеңінде бүрку
|
Түйежоңышқа
|
Егістік шырмауық
|
Ерте көктемде тырмалау
ЛДГ-10М
|
Ерте көктемде
|
ПРИМА, СЭ
200-400 л / га
|
0,4-0,6л\га
|
ОП-2000
ОП-3200
|
Ерте өсу фазасында бүрку
|
8. Ауыспалы егісті бағалау
Жұмыстың келесі кезеңі ауыспалы егісті бағалау болып табылады. Бірыңғай көрсеткіш бойынша әр түрлі мамандықтағы ауыспалы егістерді салыстыру қате тұжырымдарға әкелуі мүмкін. Мәселен, дәнді және жемшөптік бірліктер бойынша ғана өсірілетін ауыспалы егісті бағалау бір дақылдар егістігінің қысқаруына және жемдік бірліктердің неғұрлым жоғары шығуын қамтамасыз ететін дақылдарға арналған танаптың кеңеюіне алып келуі мүмкін. Мұндай ауыспалы егістер астықтың табиғи және экономикалық көріністерде шығуы бойынша да, сондай-ақ ауыспалы егіс алаңының 1 гектарынан жемшөп бірліктерінде да бағалануы тиіс. Сондықтан, көрсеткіштерді таңдау кезінде қандай да бір ауыспалы егістің тиімділігін анықтау үшін дақылдардың құрамына назар аудару қажет.
Ауыспалы егісті салыстырмалы бағалау кезінде әр түрлі дақылдардың топырақтың құнарлылығына, олардың топырақ қорғау рөліне әсерін ескеру қажет.
Сонымен қатар, экономикалық көрсеткіштерді пайдаланады: қаражат пен еңбек шығындары, өнімнің өзіндік құны, таза табыс және рентабельділік.
Ауыспалы егістерді салыстырмалы бағалауды қоса берілген 4 және 5 нысан бойынша жүргізу ыңғайлы.
Кесте 9 –Әр түрлі ауыспалы егістердің өнімділігі
Ауыспалы егістегі дақыл
және ауданы, га
|
Өнімділігі, ц / га
|
Ауыспалы егіс танабындағы өнімнің ц / га-на
|
ц/га
|
азықтық өлшем бірлігі
|
Қорытылатын протеин
|
Негізгі өнім
|
Қосалқы
|
Негізгі өнім
|
Қосалқы
|
Негізгі өнім
|
Қосалқы
|
Жаздық бидай-320га
|
|
|
|
|
|
|
|
Арпа-128га
|
|
|
|
|
|
|
|
Тары -192га
|
|
|
|
|
|
|
|
Қарақұмық-320га
|
|
|
|
|
|
|
|
Түйежоңышқа-320га
|
|
|
|
|
|
|
|
100 га алынған өнім:дән ц азықтық өлшем бірлігі ц
Кесте 10 – Жаңа ауыспалы егіс өнімінің құнын есептеу
Ауыспалы егістегі дақыл
|
Нарықтық бағалар
1 т
өнімге, теңге
|
Жалпыжинау, т
|
Жалпықұныөнім(мың.теңге )
|
|
|
Негізгі өнім
|
Қосалқы
|
Негізгі өнім
|
Қосалқы
|
Негізгі өнім
|
Қосалқы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер
Əрінов Қ.К., Апушев А.Қ., Арыстанғұлов С.С. ж.б. Өсімдік шаруашылығы.- Алматы: «Дəуір», 2011.- 632 б.
Тұрарбеков А.Т., А.В.Иванников Солтұстік Қазақстаңңың егіншілігі. Алматы: Қайнар, 1990.
Карипов Р. Х., Жумагулов И.И., Амралин А.У. Егіншілік практикумы. Астана: 2004
Ахметов К.А., Шрамко Н.В., Вольская Н.А. Егіншіліктегі топырақ қорғау ауыспалы егісі. Алматы: Қайнар. 1988.
Можаев Н.И., Аринов К.К. және т.б. Өсімдік шаруашылығы. Оқулық, 1993
Лузько А.Т. Практикум по земледелию Часть 1,2,3. Кокшетау: 2008 г.
Мемешов С.К. Топырақтану негіздері
Достарыңызбен бөлісу: |