Дәрумендер дегеніміз барлық тағам мен азық түлік өнімдерінде,жем шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекула органикалық заттар



Дата07.02.2022
өлшемі17,12 Kb.
#96631
түріҚұрамы
Байланысты:
ДӘРУМЕНДЕР
33146075

Дәрумендер дегеніміз барлық тағам мен азық түлік өнімдерінде,жем шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін , ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекула органикалық заттар . Дәрумен (латынша тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап,ғылымға дәрумен терминін енгізді. Тағамның құрамында дәрумен жеткіліксіз болса адам әртүрлі ауруға шалдығады. Жеміс-жидек,көкөніс,өсімдік шырыны,міне осының бәрі дәруменге бай. Тамақтанған кезде алдымен осы жеміс-жидектен бастаған дұрыс. Қай дәрумен қандай тамақта көп болады? Енді осы сұраққа жауап берейік.
А дәрумені сарғыш не қызыл түсті тағамдарда кездеседі. Олар сәбіз,қауын,қызанақ,балық майы,сиыр бауыры,жұмыртқа,сары май,ірімшік,рауғаш,қаймақ т.б Құрамында Адәрумені бар тағамдарды күн түспейтін қараңғы жерде . Оларды ыстықсақтайды сумен жумайды.
А дәумені көздің көру процесіне қатысады.Бұл дәруменнің өсіп-өну және зат алмасу үшін маңызы өте зор,бұл дәрумен адамның көру қабілеті үшін өте қажет. Сондай-ақ ол түнде көру қызметін де жақсартады. Егер ағзаға А дәрумені жетіспесе адам түстерді ажырата алмай қалады. А дәрумені-ол бойды өсіреді, имунитетті жақсартады. Соңғы деректерге қарағанда ағзаға бір тәулікте бұл дәрумен 1,5 мг керек екен. В1 дәрумені ашытқы,бауыр,сәбіз,сүт,саңырауқұлақ құрамында көп кездеседі. Күнделікті тағамда бұл дәрумен жеткіліксіз болса; жүйке жұмысы зақымданады,сондықтан тәулігіне 2-3 мг В1 дәрумені қажет. В2 дәрумені ашытқы,бауыр,жұмыртқа,сүт,ірімшік,қара,нан,ет,балық,көкөністерде кездеседі. Бұл дәрумен әр жасушаның өсіп-жетілуіне әсер етеді. Ол жетіспесе адам жүдеп,шаршап,ерні,өкшесі жарылып,көздің көруі нашарлап, жарыққа қарай алмай көзі жасаурайды. Терінің сыртқы қабаты түлегіш келеді. Салқын кезде және ыстықта адамағзасына оның қажеттілігіодан сайын арта түседі.Оның күнделікті мөлшерінің 2,5-3 мг болғаны абзал. Дәрумендердің В тобына бұл аталғандардан басқа В6, В12 түрлері де жатады. Олардың да өзіндік әсерлері бар В6 жетіспесе қан азайып, тамаққа тәбеті шаппай, ашуланшақ,ұйқышыл,кейде бет,мойын терісі қабынып,кейде қояншық ауыруына тап болады. Бұл дәрумен жануарлар мен өсімдіктерде өте көп. Әсіресе ашытқы, бидай, бауыр, ет, бүйрек, жұмыртқа, күріш жармасында кездеседі. Ересек адам оны күніне 1,5-2 мл шамасында керек етеді. В12 дәруменінің физикалық рөлі өте зор. Оның зат алмасуына, жүйке жүйесіне, қанның құрамына үлкен әсері бар. Бұл дәрумен аяғы ауыр әйелдерге және жемсау (зоб) ауыруына шалдыққан адамдарға өте пайдалы. Көбінде піскен ет, бауыр, бүйрек, жұмыртқа, сүттің құрамында көп болады. С дәрумені итмұрын, қарақат, пияз, қызанақ, картоп, капуста, алма, апельсин, бүлдірген, қарбыз, сәбіз, қияр,жүзім, алмұрт, асқабақ құрамында болады. Тағамда С дәрумені жеткіліксіз болса, адам қырқұлақ ауыруына шалдығады. Қырқұлақ дегеніміз тіс түбінің , қызыл иектің зақымдалуы. Сол сияқты қырқұлаққа шалдыққанда жүйке жүйесі нашарлайды. С дәрумені суда жылдам ериді, сондықтан тамақ құнының жоғалмай, дәруменнің азаймауы үшін дастарханға қояр алдында әзірлеу керек. С дәрумені итмұрында аса көп. Соған қарай кз айында көп жинап алып қысқа сақтауға болады Суға езіп, тұнбасын ішеді. Негізінде адамға тәулігіне 50-100 мг мөлшерінде С дәрумені қажет. Д дәрумені аяғы ауыр әйелдерге өте пайдалы. Ол жұмыртқа, сары май, қаймақ, сүт, саңырауқұлақ, балық майы құрамына енеді. Д дәрумені кальций мен фосфордың алмасуын реттеуге қажет. Оның ерекше қасиеті сыртқы ортада өзгере қоймайды. Е дәрумені қан ұюын реттеуге ақуыз алмасуына қан айналымына қатысады. Бұл дәрумен өсімдік өнімдерінде кездесе ді: күнбағыс, бүрген, зәйтүн, зығыр, жүгері және тағыда басқа майларда бар. Аз мөлшерде етте, бүйректе,сүт пен жұмыртқада болады. Міне аталған дәрумендердің бәрі ағзаға үлкен әсер ететінін білдік. Олар денеде бір-бірімен тығыз байланыста. Біреуі жетіспесе, екіншісі орнын басуы да ықтимал. Қазір бірнеше дәрумендер қосылған поливитаминдер препараты өте танымал. Оны көктем,қыс кезінде пайдаланған дұрыс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет