Курстық жұмыстың өзектілігі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» - деуінің мәні ерекше.[1]
Азаматтық қоғам — мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік — экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтык құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді.
Азаматтық қоғам — мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз - дербестікте дамыту.
Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның барлық даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан (оның айғағы - онда "Азаматтық қоғам" бөлімінің әдейі болмауы) әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайды. Оған: тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті (6-бап-тың 1-тармағы); адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенің (П-бөлім); отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын (27-бап); идеологиялық және саяси әр алуандылықты (5-бап) және тағы басқа жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.[2]
«ҚР - сы құқықтық мемлекет болып қалыптасуына байланысты ”құқықты” пән ретінде оқу процесіне енгізу мәселесі де туды. Жалпыға бірдей құқықтық білім беру ісіне көшу, өскелең ұрпақты құқықтық рухта тәрбиелеуде оқу ұжымының рөлін күшейтуге объективтік мүмкіндік тудырады. Сол себепті құқыққа ерекше мән беру әрбір педагогикалық ұжымның көкейтесті мәселесіне айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |