1.3 Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын қалыптастырудың құқықтық негіздері
Адамдардың объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық коғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам және т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның баска түрлері тез құрылып, тез арада тарап жатады. Олардың өмірі, іс-әрекетінің шеңбері кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.
Азаматтық қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Осы катынасқа қатысушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін автономиялы даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліссіз болмайды, уақыты шектелмейді, аумақтық - аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық аумағын, халқын біріктіреді.
Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайтын нормативтік-құқықтық акт болып табылады. Оған дәлел ата заңымызда көрсетіліп жазылған баптар құқықтық негізді құрайды. Мысалы меншік тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті; адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандылықты және тағы баска жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялык, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүлде - мақсаты.
Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдык бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизімін белгілейді.
Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардын күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, керінісін үдетеді немесе баяулата алады.
Азаматтық қоғам — адамзат дамуының нәтижесі, өркениет өнімі. Қоғамтанушы ғалымдар "азаматтық коғам" терминінің шығуын Көне Рим дәуіріне апарып тірейді. Өйткені, римдіктер әлемнің тең жартысын жаулап алып, өз азаматтарына жақсы өмір, қолайлы жағдай жасады. Алайда, Рим империясының құрамында халықтардың бәрі бірдей рим азаматтары болмады, қоғам патрицийлерге, плебейлерге және құлдарға бөлінді. Бірінші топтағылар азаматтық қоғамның жалпыға бірдей құқықтарын, еркіндігін, тәуелсіздігін, жеке меншік игіліктерін пайдаланса, плебейліктер мен құлдарға мұндай мүмкіндіктер берілмеген болатын.
Тегінде азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы адамзаттың, мемлекеттің және құқық тарихының негізгі кезеңі болып есептеледі. Бөлімшеде "Азаматтық қоғам" ұғымы қайдан пайда болған? - деген сауалға жауап беру үшін, диссертант әрбір тарихи дәуірдегі атақты ойшылдардың еңбектеріне шолу жасайды.
Мұнда, азаматтық қоғамның кейбір элементтері көне дәуірдің бірнеше елдерінде /Греция, Рим және т.б./ кездесетіні, бұл мемлекеттерде колөнердің, сауданың дамуы, римнің жекеше құқығы сиякты институттары қолданылатыны, азаматтық қоғамның өзінің қалыптасу жолында ақшалай-заттай өндірісті дүниеге әкелгендігі, Еуропа мен Америка құрлығының бірқатар елдеріндегі азаматтық қоғамның қалыптасу үрдісі баяндалады. Алайда, кейбір ойшыл-ғалымдардың пікірлері бойынша, ерте дүние ойшылдарының философиялық көзқарасы ретінде "азаматтық қоғам" Аристотель атымен байланыстырылатыны, атақты ойшыл мемлекетті айқындау алдында ең алдымен азамат туралы түсінікті ашатыны, өйткені мемлекет -азаматтардың, азаматтық ұйымның жиынтығы болып табылатыны аталады. Осыған орай Аристотельдің пайымдауынша "мемлекет" және "азаматтық қоғам" - синонимді ұқсас мағынага ие болатыны айтылады.
И. Канттың «Мәңгілік өмірге жол» "Путь к вечному миру" или "К вечному миру» атты еңбегін оқу барысында азаматтық қоғам және демократиялық құқықтық мемлекет ұғымдарымен кездесесің және сол кездегі әлемдегі болып жаткан тарихи кезендерге көз жүгіртесің. И. Канттың тұжырымдамаларына сүйенетін болсақ сол кезде аңсаған құқықтық мемлекетті қалыптастыруға болатын жолдарын көз алдыңа елестете аласың. И. Кант "мәңгілік өмірге" жету үшін кажетті жолдар жобасы бойынша, алыс-жақын болашақта тек кана құқықтық негізде дербес, тәуелсіз федеративті нысанда қалыптасқан республикалық типте дамыған мемлекеттер жете алады деп жазған.
И. Кант құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамдағы үстемдігін қалыптастыру деп түсіндірді.
Ұлы Георг Вильгельм Фридрих Гегельде жаңа кезеңде қоғам ұғымына көп көңіл бөлген. Соның бірінде "Азаматтық қоғам" ұғымы Гегельдің "Құқық философиясы" атты еңбегінде мынадай анықтама берілген: "Азаматтық қоғам тек қазіргі кезде қалыптасқан, және оның бастапкы идеясы болып олардың құқықтары болып табылады". Гегельдің ойынша азаматтық қоғам жеке мемлекеттің, діннің, отбасының, моральдық т.б. талаптырын іске асырудың жүйесі. «Азаматтық қоғамда әр адам өз мүддесін көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра алмайды», - деген Гегель. К. Маркстің пікірі - бір саяси жүйені алып мазмұнына карасаң, ол азаматтық қоғамның сан қырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады.
Шынында да азаматтық қоғамның бастапқы қаруы болып адамның құқықтары мен бостандықтарының қорғалынуы болып табылады. Екінші орында ғана мемлекет тарапына жасалынатын әрекеттер жатқызылады. Бірақта мемлекет те, қоғам да бір-бірінен алшақ болмауы тиіс деп айтамыз. Әйтпесе анархиялық құлдыраушылық сипаттағы мемлекетке жетіп қалуымыз ықтимал. Сол себепті мемелекеттің механизмін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар азаматтық қоғамды коғам ретінде көркемдеуі үшін нормативтік-құқықтық актілер базасымен толыққанды түрде қамтамасыз ету керек, ал ол үшін халықтың әлеуметтік, экономикалық, саяси және т.б. қажеттіліктерін ескеру міндетті.
Азаматтық қоғамды жеке тұлғалардың экономикалық, құқықтық және басқа да қарым қатынастар арқылы байланысу жүйесі ретінде түсіну бірталай ойшылдардың, солардың ішінде Маркс пен Энгельстің еңбектерінде жарық көрді. Олардың шығармаларында меншік түрлерінің өзгеруі мен еңбектің бөлінуіне негізделген мемлекет пен қоғамның ара қатынасының динамикасы көрсетілген.
Азаматтық қоғам институттарын дамытудың кұқықтық негіздері
Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы бірнеше ғасырларды қамтиды. Бұл процесс әлі күнге дейін аяқталған жоқ.
Осы жоғарыда айтылып кеткен ойшыл-ғалымдардың азаматтық қоғам туралы ой-пікірлері сан-алуан болғандығын ашып көрсетіп шығу, көптеген мүмкіндіктерге әкеліп соқтырады.
Біз өткен ғасырдағы ірі ғылымдардың пікірін келтіріп отырған себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму процессінің алдына қойған талабы болғандығын ашып көрсету. Сол себепті Кант, Гегель мен Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп, құнды теориялық ғылыми мұра қалдырып кетті.
Азаматтық қоғамның құрылымы қоғамдағы өзінің табиғи мүдде - мақсаттарына сәйкес ұрушы, реттеп, басқарушы - адам. Адам қоғам құрылымының негізгі элементі - діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары, еңбек ұжымдары, саяси партиялары, мемлекет, олардың арақатынастары - азаматтық қоғамның элементтері.
Азаматтық қоғам институттарын дамытудың кұқықтық негіздерін айкындау бүгінгі заман талабы болып есептеледі. Себебі, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін ең алдымен жоғарғы деңгейде қабылданған заңдар жүйесі толыққанды болуы тиіс, сонымен қатар мемлекеттің азаматтары өздерін құқықтық саналы мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруы керек, тек сонда ғана алдымызға қойған мақсатқа жетуге болады.
Азаматтық қоғамды құрайтын институттардың құқықтық негіздерін зерттеу үшін, ең алдымен сол қоғамды құрайтын тұлға мен азаматтың орнын белгілеп алған жөн. Жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын сипаттайтын өзіндік құқықтары - қауіпсіздік, еркін өмір сүру, бәсекелестікпен азаматтық қызмет етуге, отбасы құпиясын сақтауға, ар-намысы мен ар-ожданын қорғауға, жеке меншікке қол сұғылмауын талап етуге, сейлесу тілін таңдап, оны қолдануға, еңбек ету бостандығына, тұрғын үйге қол сұқпауға, мұрагерлікке, кәсіпкерлік қызмет бостандығы мен тағы басқа мемлекетте қажет болып танылатын және бржытпай орындалып жүрген заңдық күші бар нормативтік-құқықтық кұжаттарда белгіленген құқықтарға ие болады және бұлар заңда көрсетілген міндеттерге де ие болады.
Азаматтық қоғамның бір атрибутының бірі -дамыған қоғамның үшінші секторы болып табылады. Үшінші сектордың әр түрлі мүдделерін білдіретін құрылымдарға үкіметтік емес ұйымдар жатады.
Азаматтық қоғамның басты институттарының бірі болып табылатын қоғамдык-саяси партиялар мен бірлестіктердің, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі мемлекет тарапынан құқықтық нормалардың жүйесін құрайтын нормативтік-құқықтық актілермен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасында дербес мемлекеттілікті қалыптастыру барысында аталған азаматтық қоғам институттарының қызметтерін құқықтық негізде реттейтін бірнеше заңдар қабылданды. Мәселен, 1996 жылғы 31 мамырда қабылданған "Қоғамдык бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңы, 2001 жылғы 16 қаңтарда қабылданған "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазакстан Республикасының заңы, 2002 жылғы 15 шілдеде қабылданған "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңы және т.б.
Қазіргі кезеңде елімізде үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттің қолдауынсыз өмір сүруі өте қиын. Мысалы: Үкіметтік емес ұйымдардың көш басшыларының арасында сұрау салу барысында олардың 24 пайызы грант берушілерсіз ұйымдардың өмір сүре алмайтындығын айткан болса, ал 40 пайызы грантсыз өмір сүру олардың ұйымдары үшін қиынға соғатындығын мойындаған болатын[4].
Қазіргі кезенде елімізде азаматтық коғамды жетілдіру ісі дамыған елдердің бұл саладагы оң тәжірибесіне арқа сүйей отыра, азаматтық қоғамды қалыптастырудың өзіндік бағытын айқындауы қажет.
Азаматтық қоғамды қалыптастыру ісінде үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін көтеруде және олардың қоғамдағы ықпалын арттыруда өкілетті органдардың мемлекеттік билік ісінде шешуші рөл айқындауға баса көңіл бөлу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |