Курстық жобаға тапсырма
1311000- «Темір жол көлігінің жедел техникалық байланыс құрылғыларын пайдалану» мамандығының 3 курс студенті
Ермеков Рауан Құрманұлы
Жобаның тақырыбы: «Телефондық желілердегі цифрлық АТС-ті коммутациялық жабдықтауды жобалау»
Берілген шамалар
Нұсқа №
|
Станция түрлері
|
Елді-мекен
|
09
|
Жарық станциясының вокзалы – Сандық АТС Panasonic KX-TDA100RU
Жарық станциясының ПТО бөлімі – Сандық IP-АТС Grandstream UCM6202
«8 дом» есімді ӘТЖК-нің бас объектісі – Гибридті сандық IP-АТС Yeastar MyPBX U100
|
Қарағанды облысы Шет ауданы С.Сейфуллин(Жарық) кенті
|
Курстық жобаны жоспарлау
Кіріспе
1.АТС-тің түрлері
2. Қолданылатын құрал-жабдықтардың сипаттамасы
3. Станция түрін және АТС-тің орнатылу аумағын таңдау
4.Қызмет ететін тізбектермен бағыттардын сипаттамасы.
5. Телефондық желілердегі цифрлық АТС-ті коммутациялық жабдықтаудың
құрылымдық сұлбасы .
6.Телефондық жүктемесімен станциялық құрылғынын көлемін есептеу.
7.Құрылғыларды орналастыру сұлбасы.
8.Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы .
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………………………
I Бөлім.АТС-тің түрлері………………………………………………………………………...
II Бөлім. Қолданылатын құрал жабдықтардың сипаттамасы………………………………..
III Бөлім.Станция түрін және АТС-тің орнатылу аумағын таңдау………………………….
IV Бөлім. Қызмет ететін тізбектермен бағыттардын сипаттамасы………………………….
V Бөлім. Телефондық желілердегі цифрлық АТС-ті коммутациялық жабдықтардың құрылымдық сұлбасы ………………………………………………………………………….
VI Бөлім. Телефондық жүктемесімен станциялық құрылғының көлемін есептеу…………
VII Бөлім. Құрылғыларды орналастыру сұлбасы…………………………………………….
VIII Бөлім. Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы ………………………………………
IX Бөлім. Қорытынды…………………………………………………………………………..
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………………….
КІРІСПЕ
XX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы байланыс жүйесі порменді дамыды. Телеграф және телефон сияқты едәуір ескі байланыс құралдары жетілдіріліп қана қойылған жоқ, сонымен қатар фототелеграф, радиохабар, телевидение, автоматты телефон станциялары, халықаралық байланыс және ғарыштық байланыс жүйелері күрт дами бастады. Бұрынырақ калааралық телефон байланысы бағандарға ілінген сымдар арқылы орындалатын. Сырткы ортаның әсері байланыстың тұрақтылығына кедергі келтіретін. Сондықтан байланыстың кабельді және радиорелелі желілері бойынша жүзеге асатын түрлері кеңінен колданыла бастады.
Еліміз егемендік алғаннан кейін, 1994 жылы телекоммуникацияға инвестиция тартып, заман талабына сай жаңа технологиялар енгізу қажеттігі туындады. Телекоммуникация саласында бірегей ұлттық саясат жасау қажет болды. Осы мақсатта “Қазақтелеком” Ұлттық акционерлік қоғамы құрылды. Еліміздің телекоммуникация саласының жоғары технологиялы сала ретінде қарқынды дамуының бастамасы осы шешім десек, артық айтқандық емес.
Ол кезде көптеген ірі облыс орталығында АТСК-7 және ПСК-2 координаталық стансасы, АТС-3, АТС-4 декадалық-жылжымалы стансалар пайдаланылатын. Қалалық телефон стансасында небәрі 20 мыңға жуық ғана нөмір болды.
Еліміздiң байланыс саласын қарқынды дамытуға қолайлы жағдайларды жасау мақсатында Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 1996 жылы «Қазақтелеком» ҰАК көптеген қызметтердi ұсыну құқығына, соның ішінде халықаралық және қалааралық байланыс қызметiне эксклюзивтiк лицензия берді. Қалааралық байланыстың сапасын әлемдік стандарт деңгейінде қамтамасыз ету үшiн 1996 жылдан бастап Қазақстан бойынша 10 мың шақырымға созылатын облыс орталықтарындағы қалааралық стансаларды байланыстыратын Ұлттық ақпараттық супермагистраль құрылысының жобасын салу жүзеге асырыла бастады.
«2010-2015 жылдарға арналған кеңжолақты желіні құрастыру» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар да көп болды. Мәселен, бағдарламаның мақсаты тұтынылатын КЖҚ трафигін өсіру ғана емес, интернет-ресурстарына кіру орташа жылдамдығы 2009 жылы 1 Мбит/с болса, 2015 жылға дейін 12 Мбит/с дейiн жеткізуді болжап отырмыз. Сонымен қатар, мыс желісі бойынша ADSL технологиясын дамыту жүктелімдерімен қатар GPON технологиясын да қоса дамытып, оптикалық желі арқылы 100 Мбит/с жылдамдықпен қосылуды қамтамасыз етуге ерекше мән беріледі.
Аса маңызды жобалардың бірі GPON оптикалық желісін ірі қалалық округтерінде тарту болып табылады. Мысал ретінде Байқоныр қаласына дәл осындай GPON оптикалық желісін таратуын қарастырсақ. Қазіргі кезде «Ситилан» ЖШҚ мекемелермен бірге франчайзинг талаптарымен қала тұрғындарына жоғары жылдамдықты интернет ұсынылады. Ресей тарапы клиенттердің пәтерлеріне дейінгі оптикалық желі құрылысы бойынша шығындарды және қызметтерді сатуды өзіне алды. ОТД OLT стансалық жабдығын орнатуы және күтім жасау жағын ұйымдастырды. Қазіргі кезде Байқоңыр қаласында 1400-ден аса абонент GPON технологиясына қосылды.
Әлемдік байланыс саласы даму алған сайын Қазақстанда дамушы мемлекет ретінде басқа мемлекеттерден қалыс қалмай ілесіп келуде. Мойындау қажет қалалық жерлерден алшақ орналасқан ауылдық жерлерде әліде байланыс саласы әлемдік деңгейдегі сияқты дамымаған. Бірақ сондада жылдар өткен сайын ауылдық жерлердегі байланыс салалары даму тенденсиясында келе жатыр. Дәл осындай қарқындағы даму болашақта Қазақстандағы байланысты барлық өңірлерінде жоғары сапалы болуына алып келе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |