Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу – қазақтың дәстүрлі таным – түсінігінде ертеден қалыптасқан үрдіс.Қазақтың қария сөздерінде , яғни, шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы танылып отырды. Қоғамның саяси – әлеуметтік , мәдени – рухани ахуалы ұдайы жеке тұлғалар болмысы арқылы көрініс табады. Содан да болуы керек , қазақтың дәстүрлі философиялық пайымдауында өмірді өзгертуден бұрын, алдымен, адам санасын шындауға көбірек мән беріледі.Дәл осы сияқты шежірелік дәстүрде де қоғам дамуының жалпы ахуалынан бұрын , алдымен адам туралы мағұлмат беру басты нысана болып отырады.
Дәріс, пікірталас сабақтары.
Қазақтың шежірелік зердесінде адам – тарихтың негізгі тұлғасы, ал адам сапасы – тарихтың қозғаушы күші. Әрбір адам әкесі мен шешесінің перзенті ғана емес , сонымен бірге этностың да бір бөлшегі. Яғни, шежірелік зердеде этнос тарихы жеке адамнан тыс қарастырылмайды , керісінше адам әулетінің өмірбаяны ретінде қарастырылады.
Сабақ
реті
|
Тақырыбы
|
Уақыты
|
Қысқаша мазмұны
|
1
|
Тұмар ханша (570-520)
|
|
Күнгей түркі - сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі.
|
2
|
Мыңзықұлы Еділ ( Аттила) қаған (410-453)
|
|
Батыстағы ғұн империясының аты аңызға айналған әйгілі билейшісі, адамзат тарихында өзіндік орны бар тарихи ірі тұлға.
|
3
|
Домалақ ана (VI-VII ғғ.)
|
|
Қазақстанның Қңтүстік өңірінің біраз бөлігін алып жатқан тайпалардан тараған ұрпақтың арғы атасы Бәйдібек батырдың үшінші әйелі.
|
4
|
Айша бибі ( XI-XII ғғ)
|
|
Қараханидтер негізін қалаушы Қараханның қалындығы, қазіргі Тараз қаласының жанындағы архитектуралық әсем ескрткіштің иесі.
|
5
|
Шыңғысұлы Жошы хан (1187-1227 жж)
|
|
Моңғол шапқыншылығынан кейін Қыпшақ даласында құрылған жаңа мемлекет - Жошы ұлысының негізін қалаушы .
|
6
|
Тілеуқабылұлы Өтейбойдақ(1388-1478 жж)
|
|
Қазақтың әйгілі шипагер ғалымы, елдің әлеуметтік – саяси өмірінде жүйрік тарихшысы.
|
7
|
Сәбитұлы Асанқайғы (XIV-XV ғғ)
|
|
Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асанқайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен дәулескер күйші де болған.
|
8
|
Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғасыр)
|
|
Аты аңызға айналған халық батыры.
Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде - Қара Қыпшақ.
|
9
|
Жәнібекұлы Қасым хан (1445-1518 жж)
|
|
Қазақтың ұлы хандарының бірі , Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның ортаншы баласы.
|
10
|
Жалайыр Қосымұлы Қадырғали (1530-1605 жж)
|
|
Орта ғасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы , атақты биі.
|
11
|
Сейтқұлұлы Жалаңтөс (1576-1656 жж)
|
|
Қазақтың әйгілі батыры, аса көрнекті қолбасшысы, Самарқанның әмірі.
|
12
|
Бұқар жырау (1668-1781 жж)
|
|
Қазақтың ұлы жырауы , 18 ғасырдағы жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.
|
13
|
Әскен( әжі) ұлы Әбілқайыр хан (1693-1748 жж)
|
|
Қазақтың Кіші жүзінің ханы, Аңырақай шайқасындағы қазақ қолының бас сардары , қазақ сұлтандарының кіші буыны – Үсектің ұрпағы.
|
14
|
Хангелдіұлы Райымбек (1705жылы туылған)
|
|
Жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақ батыры. Шыққан тегі Ұлы жүздің Албан тайпасының Әлжан руынан.
|
15
|
Уәлиұлы Абылай хан (1711-1781)
|
|
Қазақ халқының әйгілі ханы.Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы, төре.
|
16
|
Тайманұлы Исатай (1791-1839 жж)
|
|
1836-1838 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры.
|
17
|
Кенесары хан (1802-1847 жж)
|
|
Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт – азаттық күресінің әйгілі басшысы.
|
18
|
Аронұлы Сүйенбай (1815-1898 жж)
|
|
Қазақтың әйгілі ақыны , айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туған жері Алматы маңы , Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекені.
|
19
|
Уәлиханов Шоқан (1835-1865)
|
|
Қазақтың ұлы ғаламы; ориенталист, тарихшы, фольклоршы ,этногроф, географ, ағартушы, демократ.
|
20
|
Балуан Шолақ (1864-1916)
|
|
Қазақтың халық компазиторы , ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпаз , күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны.
|
21
|
Әлихан Бөкейханов (1870-1937 жж)
|
|
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері , ғұлама ғалым, ұлт – азаттық қозғалаысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы.
|
22
|
Мұңайтпасұлы Қажымұқан (1871-1948 жж)
|
|
Қазақтың әлемге әйгілі балуаны, классикалық күрестің асқан шебері. Шыққан тегі – Орта жүздің Қыпшақ тайпасының Алтыбас руынан.
|
23
|
Тынышбаев Мұхамеджан (1879-1937 жж)
|
|
Қоғам қайраткері , қазақтың тұңғыш теміржол инженері, тарихшы ғалым, Мемлекеттік Думаның депутаты, Қоқан автономиясының басшысы, Алашорда үкіметінің мүшесі.
|
24
|
Халел Досмұхамедұлы (1883-1937жж )
|
|
Аумалы – төкпелі заманда мұі мен зардың , айтыс пен тартыстың , өмір мен өлімнің бел ортасында жүрседе азаматтық тұлғасына дақ түсірмеген қазақ зиялыларының бірі, мамандығы дәрігер бола тұрсада , қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын.
|
25
|
Шоқайұлы Мұстафа (1886-1941 жж)
|
|
Отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы жүргізілген қоғамдық қозғалыс көсемдерінің бірі, Түркістан халықтары арасында тарихта тұңғыш рет демократиялық Еуропаның ортасында түркістандық саяси эмиграциялық қызметтің негізін қалаушы.
|
26
|
Қашаубаев Әміре (1888-1934 жж)
|
|
Қазақтың атақты әншісі. Туған жері – Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабы.
|
27
|
Рысқұлұлы Тұрар (1894-1938 жж)
|
|
Мемлекет және қоғам қайраткері , Әулие ата уезіндегі 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы және басшысы .
|
28
|
Сәтбаев Қаныш (1899-1964 жж)
|
|
Аса көрнекті қазақ геологы , қоғам қайраткері , Қазақ КСР Ғылым академиясынұйымдастырушысы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі , қазақтың меттологения мектебінің негізін қалаушы.
|
29
|
Марғұлан Әлкей ( 1904-1985 жж)
|
|
Қазақтың ғұлама ғалымы, Бүкілодақтық География қоғамының толық мүшесі, Қазақ КСР ғылым академиясының академигі , Қазақстанның ғылымға сіңірген қайраткері, профессор.
|
30
|
Момышұлы Бауыржан (1910-1982жж )
|
|
Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері , халық қаһарманы , қазақтыі көрнекті жазушысы.
|
31
|
Қонаев Дінмұхамед (1912-1993 жж)
|
|
Аса көрнекті мемлекетжәне қоғам қайраткері , үш мәрте Социалисттік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО , шет ел ордендері мен медальдерінің иегері.
|
32
|
Назарбаев Нұрсұлтан (1940 жылы туылған)
|
|
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті .
|
33-34
|
Қорытынды
|
|
|