№ 15 лекция.
Қ. Қайсенов шығармасындағы өзгешелік - оқиғаның нақтылығы мен дәлдігі, нанымдылығы екендігі.
Жоспары:
1. Қ. Қайсенов өмірі.
2. Қ.Қайсенов шығармаларындағы интернационализм.
Пайдаланылған әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалар., Алматы-1979 ж
2. Ж. Аймауытов. Шығармалар Алмати., 1989 ж
3. Ш. Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті., Алматы 1974 ж
4. Ш. Ахметов. Қазақ совет балалар әдебиеті., Алматы 1976 ж
5. А. Байтұрсынов. Шығармалар., Алматы 1989 ж
6. Қ. Жұмалиев. Әдебиет теориясы., Алматы 1963 ж
7. З. Қабдуллов. Сөз өнері.,Алматы 1992 ж
б) қосымша:
8. Қазақ совет балалар жазушылары.,Алматы 1987 ж
9. Ә. Қоңыратбаев. Қазақ әдебиетінің тарихы., Алматы 1994 ж
10. М. Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті., Алматы 1974 ж
Лекцияның мәтіні:
1.Қасым Қайсенов 1918 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ аулында туды. 1934 жылы орталау мектепті, ал 1938 жылы Өскемендегі саяси-ағарту техникумын бітірді. 1938 жылдан баста осы жерде саяси азарту қызметкерлерінің республикалық курсын басқарды. 1939 жылдан 1940 жылға дейін Повладар облыстық оқу бөлімінің инспекторы болды. 1940-41 жылдары әскери мектепте оқыды. Ұлы отан соғысы кезінде Украина мен Закарпатьеде неміс басшылығына қарсы шайқасқан партизан отрядының бір інде болды.
1945 жылы Армия қатарынан қайтқаннан кейін Жоғағы Президиумның аппаратында референт болып істеді.
1946 жылы Орталық камитет жанындағы курсті бітіреді және 1949 жылға дейін Жамбылдағы еңбекшілер депутаттары Жуалы, содан кейін Свердлов аудандық атқару комітеті предцедателінің орынбасары болды.
1949-50 жылдары жеңіл өнеркәсіп министрлігінде інспектор және «Қазақ елі» журналы баспасының редакторы болып істеді.
1951 жылдан 1953 жылға дейін Орталық комитет жанындағы екі жылдық партия мектеб інде аудармашылық бөлімінде оқыды. Алғаш «Жазушы» баспасында, қазіргі кезде «Қайнар» баспасында қызмет істейді.
Ұлы отан соғысы майдандарындағы жауынгерлік еңбегі үшін «Богдан Хмельницкий», «Бір інші дәрежелі отан соғысы» ордендерімен, медальдармен наградтады.
Соғыстан кейін өзімен бірге болған партизандардың жауынгерлік өмірі, істері туралы «Жас партизандар», «Жау тылындағы бала» деп. Аталатын т.б. кітаптар жазды. Соның бірі- «Партизан соқпағымен» деген кірап.
Мунда Украина партизандарымен астыртын жұмыс істеген патриоттар жайында, фашист басқыншыларымен шайқаста олардың көрсеткен ерлігі мен табандылығы жөнінде баяндалды. Повестің геройлары- Сидор Артемьевич Ковпак және басқа да аңызға айналған партизан дар. Сон дай-ақ бұрынғы партизандардың бейбітшілік жылдардағы өміріне, олардың туысқандық және шын жүрекпен достарша кездесулеріне повестің көптеген жылы лебізді, тебірентерлік бестері арналған.
«…Қ.Қайсенов бастаған партизан отряды салат 19-да шайқас сапарына шықты. Лагерьдің тұп-тура іргесіне жетіп, бекініп тұтқындармен байланыс жасады. Жағдаймен қате танысқан Қайсенов жауынгерлік тапсырманы орындаудың оңайлы тәсілін таба білді де, іске әуелгі айтылғанджай 23-те емес, содан ерте, салат 21-де кірісуді жөн көрді. Партизандардың бір тобі тұтқындарша, венгер солдаттарынша киіндіріліп қойылғанды.
Сөйтіп, отряд лагерьге бет алды. Оларды көрген күзетшілер жаңадан тұтқында әкеліне жатыр екен деп. Қалғаны сөзсіз еді. Солайша қапысын тапчан партизан дар күзетшілерге ажал оғын сеуіп-сеуіп жіберді. Мылтықтарына жармасып үлгірген жау бірлі жаром ғана болды. Партизан дар фашистердің солдат офицерлерін тұтқынға алды. Лагерьдегі тұтқындар босатылды, олардың көпшілігі қолдарына қару алып, партизандар сапына қосылды... »
Бұл Қасым Қайсенов отрядының «Белая Таня» дегшен концлагерьдегі 700 адамды фашистердің қанды шеңгелінен босатып алғандағы ерлігі екен. өнегелі адамдардың өмірі де қызық қой, Андрей Антонович Гречко өзінің соншалық жұмыс басты болуына қарамастан Қасым Қайсеновтің үйіне Москвадан телефон соғып, 1975 жылғы жаңа жылмен құттықтады.
2. Отан соғысы жылдары қазақ балалар әдебиетіне бұрын – соңды айтылмай келген жаңа бір соны тақырып енді, ол – жау тылындағы партизандар қимылы. Бұл тақырыпты әдебиетімізге енгізгендердің біреуі кейіннен партизандар қатарында болған Қасым Қайсенов еді. Соғыс жылдарында қойын дәптеріне күнделік ретінде жазып жүріп «Ажал аузында» деген очерк жинағын шығарады. Кейіннен «Жау тылындағы бала» атты көлемді повест жазды. Мұның өзі түгелімен балаларға арналған.
Жазушы бұл шығармаларында партизандардың ерлік істерін суреттеуде жас оқушыларына мейлінше түсінікті болуы үшін олардың ерлік өмірінен қызық оқиғалар тізбегін нанымды суреттейді. Алдымен, оқиғаның барлық желісі бастан – аяқ жазушының өз атынан баяндалады. Өйткені жазушының өзі де очерктегі негізгі кейіпкерлердің бірі.
Балалар әдебиеті кітаптарының ең үлкен ерекшеліктерінің бірі – көрнекілік пен көркемдік екені мәлім. Қасым Қайсеновтің кітабындағы көрнекілік балалар түгіл, үлкендерді де қызықтырады. Қасымның сөйлем құрауынан Сәбит Мұқановтың стиліне ұқсастық байқалады. Айтайын деген ойын еркін де айқын пайымдайды. Қайсенов шығармаларының оқушысына әсерлі болатын тағы бір себебі – оқиғаның желісі мен оған қатысушылардың ішкі дүниесін, күйінішін бурдей дамытуында. Кейіпкерлердің іс - әрекеттері, қимыл күрестері майдан өміріне сәйкес табиғи түрде суреттелген. Майдан көріністерінің ұсақ – түйектеріне дейін тайға таңба басқандай айқын, әсерлі суреттеген.Шығарманың композициясына арап аңғаратын тағы бір жай – оның адамды еркіндікке, азаттыққа, әділеттілік бағытына шақыратын, соған үндейтін объективтік мәні.
Бұдан шығатын қорытынды: Қайсенов шығармаларындағы жалпы бағыт – оқушысын әрқашан интернационалдық бірлікке, тату – тәтті ынтымаққа, интернационалдық идеяға, эстетикалық мұратқа баулып отыруды көздейді. Оның шығармаларындағы кейіпкерлер бір ұлттың ғана өкілі емес және барлығының мақсаты – біреу – ақ: қалай да фашизмнің күлін көкке ұшырып, бейбіт өмір орнату. Халықтар достығының және интернационализмнің идеяларын насихаттауда Қасым шығармаларының балалар әдебиетінен алатын орны осындай ерекше. Осындай жетістіктерімен қатар автордың шығармаларында кемшіліктер де бар. Бірінші, тек барлауда жүрген шайқастары ғана әңгіме болады. Екінші, оқиға шайқастарының қай кезде, қай жылдары, жылдың қай тәулігінде болып жатқандары да айтылмайды.
Қорыта айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ балалар әдебиетінің көтерген күрделі проблемасы – Отан соғысы зардаптары салджарыынан өздерінің балалық, жастық шағын жоғалтқан балалардың тағдыры жайлы болды. Бұл тақырып негізінен үш жүйеде өріс алды.
Біріншіден, жау тылында қалып, партизандармен бірге жүріп, Оат үшін алысқан, ер лік көрсеткен, көп қасірет шеккен жас өспірімдер мен балалар ерлігі, олвардың тағдыры сөз болады.
Екіншіден, Ұлы Отан соғысында ағалары қатарында жүріп, неміс басқыншыларына өлтіре соққы берген Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Баубек Бұлқышев сияқты аяулы жастардың ерлігі жайындағы туындылар өріс алды.
Үшіншіден, майданды қарумен, жылы киіммен, азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұрған тылдағы ата-аналар мен балаларға еді. Осындай үш жүйеде өріс алған қазақ балалар әдебиетінің негіді «Барлығы майдан үшін» деген идеяға, ұранға құрылған. Онда бастан аяқ Отан үшін алысқан патриоттардың ер лік істері, интерноцияналдық бірлік, ынтымағы сөз болады. Бұл тұстағы қазақ балалар әдебиетінде әскери патриоттық және интернационалдық мұраттарға тәрбиелеу міндеттері қойылды.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
Достарыңызбен бөлісу: |