Жоспары: 1. Сәуірбек Бақбергенов өмірі жайлы. 2. «Бозторғай» повесіндегі Кенен образы. 3. «Дина» повесі. Пайдаланылған әдебиеттер: а) негізгі: 1. Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалар., Алматы-1979 ж
2. Ж. Аймауытов. Шығармалар Алмати., 1989 ж
3. Ш. Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті., Алматы 1974 ж
4. Ш. Ахметов. Қазақ совет балалар әдебиеті., Алматы 1976 ж
5. А. Байтұрсынов. Шығармалар., Алматы 1989 ж
6. Қ. Жұмалиев. Әдебиет теориясы., Алматы 1963 ж
7. З. Қабдуллов. Сөз өнері.,Алматы 1992 ж
б) қосымша: 8. Қазақ совет балалар жазушылары.,Алматы 1987 ж
9. Ә. Қоңыратбаев. Қазақ әдебиетінің тарихы., Алматы 1994 ж
10. М. Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті., Алматы 1974 ж
Лекцияның мәтіні: 1. Өнегелі адамдар образын жасаған жауынгер жазушы Сәуірбек Бақбергенов өзінің өмірбаянын былай бастайды:
“ Жас оқушылар өте әуесқой халық, жазушылармен кездескенде олар ең алдымен:
Сіз қалай жазушы болдыңыз? – деп сұрайды. Атап айтсақ, бұл өте қиын сұрақ. Қиындылығы сол, оған бір – екі сөзбен жауап беру қиын, өйткені жазушы әдебиетке түрлі жолмен келеді ғой. Мен әдетте былай жауап беремін.
Мен жазушы болмаған болар едім, өйткені балалар үйінде болғанна кейін теміржолшы болғым келген еді. Түркістан теміржол училищесінде оқыдым. Ал содан кейін педагогикалық училищеге түстім, кейін оқытушылар институтын бітірдім. Бірақ теміржолшы да, оқытушы да болмадым, мен солдат болдым.
Соғыс басталды. Оның алғашқы күндерінен бастап ұрысқа қатыстым. Майданнан қайтқаннан кейін менің өзімнің майдандас достарым туралы, басымнан өткеннің бәрі жайында жұртқа айтқым келді. Сөйтіп мен журналист болдым. Республикалық “Социалистік Қазақстан” газетінде істедім. Очерктер, әңгімелер жаздым.
1945 жылы мен батыр атағын алған Талғат Бигелдиновпен кездестім. Мен осы даңқты ұшқыш туралы оқушыларға айтып бергім келді. Бірінші повесімді ұзақ жаздым, әрі қиынға түсті. Жазушы болу оңайға түсе қоймайтынын бірінші рет бастан өткеруге тура келді. Естен кетпес Талғатпен алғашқы жолыққаннан кейін бес жылдан соң менің ол туралы бірінші кітабым шықты.
Бұдан кейін менің әңгімелерімнің, повестерім мен очерктерімнің бірқатар жинақтары шықты. Бұлардың ішінде жастар мен балаларға арналған шығармаларым да бар. Бұларда Талғат Бигелдинов, Кенен Әзірбаев, Роза Бағланова, Шоқан Уәлиханов, Дина Нұрпейісова сияқты тамаша адамдарымыздың өмірі баяндалады. Мен 1920 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкесі, Шымкент облысы, Созақ ауданында тудым, Жазушылар одағында істедім, - дейді ол.
Өнегелі адамдар образын жасау үшін жазушылық талантпен бірге ең алдымен саясатқа жетік білім, асқан мәдениеттілік керек. Кешегі жауынгер, бүгінгі жазушы Сәуірбекте осы қасиеттің бәрі де бар. Өнегелі адамдар жайлы жазған оның повестері балалардың да, үлкен кісілердің де ұнатып, сүйіп оқитын шығармаларына айналып кеткен.
“ Жас дос! Біздің еске тұтып, мақтан ететін жайларымыз көп. Әкелеріміз бен ағаларымыз бізге ерліктің ісіне берілгендіктің үлгісін көрсетті. Олардың даңқты істерін неғұрлым жақсы білсек, бүгінгі бақытты өмірдің солардың төккен қанымен орнағанын соғұрлым түсінеміз.
Әкелердің ерліктерін әрдайым есте сақтап, лайықты түрде жалғастырушылар – біздер. Әкелер жүріп өткен жерлерге жорықтар жасайық. Ұмыт қалған есімдерді қайта еске түсірейік. Оларға ескерткіш орнатайық” жақсы айтылған әдемі өнегелі сөз.
Сәуірбек Бақбергеновтың “Талғат”, “Дина”, “Бозторғай”, “Қоян көзге құлаған жұлдыз” деген повестеріндегі басты кейіпкерлердің біреуі асқан күйші, халық ақыны, халық композиторы болса, енді бірі ел қорғаны даңқты батыр, төртіншісі бүкіл елге атағы жайылған саяхатшы ғалым.
Халқымыз қадірлеген және тарихта елеулі орны бар замынымыздың көрнекті адамдары жайлы жазылған тарихи - биографиялық шығармалары көбіне балалар әдебиетінің түбегейлі мұрасы. Өйткені тарихта болған атақты адамдардың өмірін айту – ойдан алынған кейіпкерлерге қарағанда әлдеқайда ұғымды, әсерлі келеді.
Отан соғысы аяқталғанмен, оның зардабы мен зары тез аяқталған жоқ. Жалғызынан айырылған ана зары құлақтан әлі де кетер емес. Ұмытылмас күндер көп – ақ. Ер өлсе де артында қалған елі ер есімін ешқашан да ұмытпайды. Ол ұзақ жылдар бойына жырлана береді, айтыла береді. Ерлер есімі біздің есімізде мәңгілік сақталады, тарихқа айналады. Сондықтан да ерлер есімін, ерлердің ерлік істерін, өнегелі адамдардың ел құрметіне бөленген даңқты атақтарын ұрпақтарымызға, жас сәбилерге үлгі етеміз.
“Даңқ атаулы қатаң тәртіпті тарап етеді, жауынгер жауға ғана жауынгер емес, еңбекке де жауынгер... Егер сен беделді адам екенсің сол беделіңді алдымен өзің қадірлей біл.Солардың қатарында тұруды, солардай болуды арман етуге тиіспіз. Бұл әсіресе жас өспірімдер үшін ауадай қажет.